Реферат Қазақтың ұлттық киімдері



Дата27.03.2024
өлшемі291.47 Kb.
#496641
түріРеферат
Реферат



Реферат

Қазақтың ұлттық киімдері.


Орындаған: Сеитхан А.


Группа: ФӨТҚБ-04-22
Шымкент 2024

Ұлттық киім – бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. 

Бас киім
Сәукеле – қазақтың дәстүрлі киімінде ерекше орын алатын ерекше, ерекше бас киім. Сүкелені қазақ келіндері киетін, ол қалыңдықтың ең қымбат әрі әдемі элементі болған.Сукеле конус тәрізді, інжу, маржан, көгілдір, асыл тастар және ұсақ тиындармен безендірілген. Биіктігі жетпіс сантиметрдей болған сәукеленің басында бір шоғыр үкі қауырсындары болды. Сүкеле арнайы жақтау бүйір кулондарымен толықтырылды, олар ұзын және белге және төменге дейін жетеді.
Үйлену тойынан кейін үйленген әйелдің киімін алтын өрнектермен кестеленген касаба қалпақ толықтырды. Әйел тұңғышын босана салысымен ақ кимешек кие бастады.
Ер адамдарда «қалпақ» деп аталатын киіз қалпақ, сондай-ақ «тақия» атты фуражка кию дәстүрі болған. Суық мезгілде ерлер мен әйелдер бөрік терісінен бас киім немесе тымақ қой терісінен бас киім киеді.




Ер киімі
Қазақтың ерлер киімі көйлек пен шалбар, үстіне шапан (шапан), басына бас киім (қыста – тымақ, жазда – қалпақ) киетін. Сонымен бірге шапан ер-азаматтың мәртебесін көрсететін ер киімнің маңызды элементтерінің бірі саналған. Шапандардың қалыңдығы мен түсі әртүрлі болуы мүмкін.
Әйелдер киімі
Әйелдердің дәстүрлі костюміне кең көйлек, үстіне камзол немесе шапан киетін. Негізінен әйелдер киімі чинттен, жібектен, барқыттан тігілген. Жұқа киіз де қолданылған. Суық мезгілде әйелдер түлкі немесе қозы терісін киген.
Қазақтың киімдерін әшекейлеуде, сондай-ақ моншақтармен, киізбен, күміс тақталармен, әртүрлі жолақтармен безендіруде кесте өте белсенді қолданылды.
Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол — жорлар бар.

Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей-бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Қазақтың көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнекті сақтай отырып, қазіргі уақытқа ыңғайланған сан-алуан киімдер мен әшекейлерді гардеробымыздан кездестіруге болады.

Киім-кешектер әрбір маңызды оқиға мен жағдайларға байланысты бөлінген. Мәселен, ер азаматтар жауға аттанғанда киген сауыттары соғысуға ыңғайлы, әрі қауіп-қатерден сақтануға қолайлы болған. Ал, әйелдердің негізгі киімдері – кимешек, көйлек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кебіс-мәсі. Әшекейлер де төрт топқа бөлінген. Олар — жас қыздарға, келіншектерге, орта жастағы әйелдерге, сонымен бірге бәйбішелерге арналған бұйымдар. Расында да, әлемдегі небір озық өнер туындыларын сарапқа салсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, философиялық көзқарасы, айтар ойы, барлық жерде ою-өрнектермен сипатталған.


Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы он жылдықта ұлттық киімдер тек той-думан мен Наурыз мерекесінде ғана киіле бастады. Осыған дейін тақияны көбінде ер кісілердің бас киімі ретінде қабылдадық. Кәжекей мен бешпентті де теледидардан ғана көріп жүрдік. Дегенмен, қазіргі таңда кәжекей мен бешпентті апаларымыз күнделікті киіп жүргенін жиі байқаймыз. Сол секілді үкілі және зергерлік бұйымдармен әрленген ашық түсті тақиялар бойжеткендеріміздің көркіне көрік қосып, жастар арасында трендке айналды. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 1- курс студенті Балауса Абубакир ұлттық киім адамның бойына рухани сенімділік ұялатады деп санайды.
–Тақия – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық бас киімі. Заман өзгерсе де, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы, ұлттық киімі бүгінге дейін қолданыстан түскен емес. Қазіргі жас буын тақия мен кәжекейді талғамына сай сәйкестендіріп киіп жатыр. Мұны жастардың жаңа стилі деп айтуға да болады. Өзіме тақия киген ұнайды. Өйткені, тақия кез келген киімге көрік қосады. Шалбар, кең етекті көйлек немесе белдемшемен жақсы үйлеседі. Мұндай ұлттық киімдер ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттырып, адамға сенімділік сыйлайды.
–Ұлттық киім – түркі халықтары үшін маңызды орынға ие. Орта Азияны мекен еткен әр халықтың өзіндік киім кию үрдісі бар. Басындағы тақиясынан аяғындағы мәсісіне дейін ерекшеленіп тұрады. Қазақтың ұлттық киімі жайлы көптеген ғалымдар өз зерттеуін жасаған. Өзбекәлі Жәнібековтың «Ұлттық киімнің табиғаты» деген мақаласында құнды деректер айтылған болатын. Онда көбіне ерлердің жас ерекшеліктеріне қарай киген киімі мен шапанның түрлерін талдап шыққан. Оңтүстіктің тумасы Ғани Иляевтың да бұл бағытта қалдырған қолтаңбасы ерекше. Осындай қоғам қайраткерлері тек сол дәуірдегі қоғамды ағартумен ғана танылмаған. Олардың ұлттық құндылығымызды дәріптеудегі еңбегі де ерен. 
Белгілі зерттеуші Зейнолла Сәніктің еңбектерінде әрбір өрнектің астарында құпия белгі жатқаны айтылады. Мәселен, айбалта – күш-қайраттың, торсық – тоқтықтың, әртүрлі аң – таулы өңірдің, ағынды су – егісті аймақтың, қарға тұяқ – қыстың, мал – жайлаудың, жарқанат, жұлдыз арадағы құпия белгілерді білдірген.
Дәулетхан Болысбаев бүгінгі таңда текеметке салынатын оюларды тақия мен шапанға тігіліп жатқаны жайында пікірін білдірді.
–Бүгінгі тігіншілік қабілеті бар қыз-келіншектер қазақтың ою-өрнегін шатастырып, оңды-солды қолдануда. Текеметке басылатын оюды шапанға, қалыңдықтың сәукелесіне, одан қалса тақияға да салады. Бұл жәй ғана қателік емес, ұлттық болмысымызды ұмытуды білдіреді. Сондықтан, дәстүр мен салтымызды үйрету – мектептен басталуы тиіс. Бұрын «бейнелеу өнері» деген пән болатын. Ол қысқарды. Мұнан кейін «визуалды өнер, графика және жобалау» деп өзгерді. Осы пәнді ұлттық өнер, салт-дәстүрмен байланыстыратын болсақ, қазіргідей шатасу мәселесінен арылар едік, — дейді ғалым.
Бүгінде халықтың ұлттық киімге деген сұранысын зерттеу үшін қаладағы «Авто-нұр» базарына барып, сатушылармен тілдестік. Өзін Алмагүл деп таныстырған сатушы ұлттық киім сәнге айналғанын айтты.
–Бүгінде ұлттық киімдер ерекше дәріптеліп жүр. Бұрын саудамыз тек Наурыз мерекесінде ғана қызатын. Қазір жасы да, жасамысы да шапан мен камзолды жарыса киеді. Көбіне шапандарды танымал кісілерге ізет ретінде иығына жауып жатады. Бұл да болса, ұлттық киімге деген құрмет деп білемін. Базарда шапанның бағасы 3,5 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін барады. Сапасына қарай бағасы да түрлі-түрлі. Мен Алматы мен Ақтау қаласында тігілген ұлттық киімдерді, яғни отандық өнімдерді саудалаймын, — дейді саудагер.
Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар. Сондықтан, еліміздің жастары сәнді және әдемі киінсе, олардың өмір сүру сапасы да жақсарып, ұлттық құндылығымыз да ұлықтала бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет