Есімдік
Сөздерді топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып табылады.
Есімдік – заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.
А. Ысқақов
Есімдік - лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синнтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз тым табы. Есімдіктер мағынасы тым жалпы сөздер.
Қазақ грамматикасы
Есімдіктер – сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, санын, сынын атап көрсетпегендіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын сөздермен байланысты айқындалады.
Ә. Төлеуов
Лексика-семантикалық сипаты
Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық принцип басшылыққа алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына көптеген өзгешелік ерекшеліктерімен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын сөз мағыналары болып келеді. Бірақ есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі принципі олардың лексика-семантикалық белгісі дегенде, есімдіктердің өзіндік кейбір грамматикалық ерекшеліктерін сырт қалдыруға болмайды.
Есімдіктер мағынасы жағынан тым жалпы сөздер.
Есімдіктер сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. М.: мен, сен, ол, кім?не?өзі, бәрі, біреу, ештеңе.
Өзіндік белгісі – олардың әрқашан субъектімен байланысты болуы. Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиетіне қатынасын көрсетуші сөздер болып табылады. Бұл қатынастар тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік т.б.болып табылады.
Морфологиялық ерекшеліктері
Есімдіктердің заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына сақтау қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады. Есімдіктер түгел алғашқы жалпы сөздер болып табылады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. М.: мен, сен жіктеу есімдіктерінен бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім?не?қай?сұрау е сімдіктерін алайық.
Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінеді.
Мен, сен, кім?не?заттық ұғымдағы сөздер заттық атаулар, бұл, сол, қай?заттық белгісі ұғымындағы сөздер – белгі атаулары болып шығады.
Мағыналық жіктер тарапынан заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, заттың белгілі ұғымындағы сөздер – атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді. Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады.
Есімдіктерді өзге сөз таптарынан бөліп, жеке даралап тұратын морфологиялық ерекше белгісі – есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі бір формалар немесе өзгеру тәсілдерінің жоқтығы.
Ерекшелігі: - Есімдіктердің көптелу және септелу жүйелерінде. Көптік мағынаны білдіруші з морфемасы(біз, сіз) және жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалатын барыс септігінде пайда болатын н дыбысы жатады. Бірен-саран қосымшалар арқылы жасалған кейбір көне сөздер жасалмайды(Қазақ акдемиялық грамматикасы).
Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болған. Біреу сөзі бір және –еу қосымшасынан құралған.
Әр есімдігі «һәр» деген парсы сөзінен пайда болған.
Әлде есімдігі араб тілінде іллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған.
Пәлен есімдігі араб тілінен енген.
Бірдеңе(немесе бір-деңе), бір-неше, кей-бір, кейбіреу –кей –біреу, әлде-қай, әлдеқайда, әлде-қашан, әлде-қалай, әр-кім, әр-не, әр-қайсы.
-
Түрік тілдерінің лексикасында араб-парсы тілдерінің тікелей қарым-қатынасының нәтижесінде ауысып келген сөздер жиі кездеседі. Осындай сөздердің бірі – парсы тілінен ауысқан «еш» сөзі. Еш парсы тілінде анықтау(определ.) есімдіктері қатарында аталады. Бірақ онда еш сөзінің болымсыз мәнді есімдік екендігі арнайы түрде ескертіледі. М.: Н. Берензин құрастырған «Парсы тілінің грамматикасында» анықтау есімдіктері тобында аталған.
Бұдан, ең алдымен, еш сөзі парсы тілінің өзінде болымсыз мәнде қолданылатын есімдік екенін көреміз. Осы болымсыз мәнді еш сөзі қазақ тіліне ауысқанда да сол ежелгі болымсыз қалпын сақтап, тек ғана жеке айтылу емес, соеымен бірге ешбір, ешқандай сияқты аттрибутивтік болымсыз есімдіктің жасалуына себепкер болды.
-
Түк сөзі адамның, малдың т.б.тірі жәндіктердің тәніне, денесіне шығатын өте нәзік уақ қылшықтар, жүндер дегенді білдіруші «түк» сөзінен пайда болған. «Түк» - өзге түрік тілдерінде де осы мәнде қолданылатын сөз. М.: қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдеріндегі түк; тува тіліндегі дук, татар тіліндегі төк т.б.
-
Дым сөзі не құрғақ деп айтуға, не су деп айтуға келмейтіндей болып, белгілі бір заттың болар болмас қана сулану дәрежесіне түсудің атауы «дым» (дымқыл) сөзінен пайда болды. «Дым» өзге түрік тілдерінде де осы «влага, сырость» мәнінде қолданылады. М.: Башқыр, татар, қарақалпақ тілдеріндегі дым; түркімен тіліндегі кем; ұйғыр тіліндегі нэм; қырғыз тіліндегі ным-ым т.б.
Міне осы түк пен дым сөздері сөйлеу қажеттігіне сай қолданылу ретіне қарай, өзіне тән реалдық мағыналарын осалдату негізінде есімдік сөздер мағынасына ие болады. Былайша айтқанда, түк пен дым сөздері өзінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылып, тиянақсыз жалпылық мағынадағы ешнәрсе, ештеңе, дәнеңе сияқты болымсыз есімдіктер дәрежесіне ауысып, солармен мәндес қалыпқа түскен.
-
Дәнеңе сөзі де және неңе тұлғаларынан құралған мұндай неңе сөзі туралы сілтеу, сұрау есімдіктерінің тұсында айтылады. Ал де тұлғасының пайда болуы туралы мынаны айтуға болар еді. Біріншіден, дә- тұлғасы туыстық атаулар қатарында қолданылатын атадан-атаға ауысып, үрім-бұтақты қуалай келе жатқан «немене»(не-мене) сөзіндегі не тұлғасымен ұштасуға болатын сияқты. М.: ата қуып санағанда егер әкеден төмен қарай түсетін болсақ: 1) әке өзі болады да, 2) өз баласы өзіне бала болады, 3) баласының баласы немере болады, 4) немеренің баласы шөбере болады, 5) шөберенің баласы немене болады. Немене деген енді әкеге дәнеңе де емес, оның жақындығы ткыстығы болмашы ғана жоқ есебінде. «Әкеге» түк те емес, ешкім де емес деген сөз.
Демек, «немене» сөзіндегі не қосымшасын «дәнеңе» сөзіндегі де қосымшасымен тектес, негіздес, соның бір варианты деуге болады. Екіншіден, бұл де- тұлғасын, немене сөзіндегі не- тұлғасын еске ала отырып, чуваш тіліндегі болымсыз есімдіктер тудырушы ни қосымшасымен ұштастыруға болады. Чуваш тілінде болымсыз есімдіктер тек ни (частица) арқылы ғана жасалады. М.: нимен – ни что, никам –никто, нименлә - никакой, никамен – ничей т.б. Осындағы ни- қосымшасы түп негізінде қазақ тіліндегі де, не қосымшаларымен тектес, бірақ әр тілдің өз ерекшеліктеріне байланысты айтылу жүйелерінің өзгеше болып келетіндігінен дыбыстық алмасуға(д>н немесе н>д, и>е немесе е>и) ұшыраған тұлға болу керек.
Мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен –мын, -мін, -сың, -сін сияқты жіктік жалғаулары және –м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз жіктеу есімдіктерінен –мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік сыпайылық мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары.
Есімдіктер – түгелдерлік туынды сөздер. Олардың қайсы бірі біріккен сөздер болса, кейбірі қосымшалар арқылы жасалынған. Есімдіктерді қалыптасу процесіне қарай ежелгі есімдіктер және бертінде пайда болған есімдіктер деп күрделі екі топқа бөлінеді. А)–н, -м, -з элементтері арқылы жасалған мен, сен, ол (<он//ан), біз (<бі - сі), сіз(<сі-сі), қай (<қан), кім(<кі-м) сияқты және –дә элементі арқылы жасалған дәнеңе (<дә-неңе< дым-неңе) сияқты сөздер; Б) байырғы сілтеу мәнді тұлғаларының бірігуі арқылы жасалынған бұл (<б-ол), міне(<мін-е), мына(<мын-а), әне(<ән-е), ана(<ан-а), осы(<ош-бу); сол(-<ош-ол), қане(<қан-е) сияқты көне тұлғалы сөздер жатады. Екінші топқа жататын сөздер іштей екі саладан құралады.
-
Лексикалық тәсіл арқылы пайда болған сөздер. Бұған: а)өзге сөз таптарынан ауысқан бар, бүкіл, бір, біреу, түк, дым сияқты есімдіктер; ә)басқа тілдерден ауысқан күллі, таман, әлде, әр, еш сияқты сөздер жатады.
-
Грамматикалық тәсіл арқылы пайда болған есімдіктер: а)мынау(<мына-у), анау(<ана-у); ә)осынау(<осы-анау), сонау(<сол-анау), қайсы(<қай-сол) сияқты сөздер; б) әр қилы қосымшалар арқылы жасалған бәрі, барлық, барша, қанша?неше?қандай?т.б.сөздер; в) сөз тіркестерінен пайда болған бір де, бірде-бір сияқты сөздер жатады.
-
Жіктеу есімдіктері тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды сөздер. М.: мен(<ме-н), сен(<се-н), ол(<о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, -се-, -о- және –н дыбыстан құрылатындығына ешбір ғалым шек келтірмейді.
-
Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз сөздері де бі-, сі- және –з морфемасынан құралады.
Немене?сөзі неше (<не-ме) және не деген тұлғалардан құралған. Бар есімдігі түркологтардың айтуы бойынша, лексикалық тәсіл арқылы «бар» сөзінен пайда болған(бар «жоқ» дегендегі).
Бәрі деген жалпылау есімдігі бар есімдігіне үшінші жақ тәуелдік жалғауын –(-і) үстемелеу арқылы пайда болған.
Барлық есімдігі бар сөзіне –лық жұрнағын қосып айту арқылы жасаған. Барлық есімдігін «бар» әр тарап сөздерінің субстантивтенген «барлық» түрімен шатастыруға болмайды («Барлық жақсы ғой, жоқтық жаман» деген сияқты) шатастыруға болмайды.
Барша сөзі бар және –ша аффиксінен құралған. Баршасы деген есімдігі барша және –сы үшінші жақ тәуелдік жалғауынан құралған.
Бүкіл есімдігі – түркологтардың айтуынша, «біт» (бітіру,біту) етістігінің негізгі мағынасынан алшақтай қолдану негізінде, лексикалық жолмен пайда болған сөз.
Күллі сөзі араб тілінен ауысқан.
Таман сөзі араб тілінен ауысқан.
Синтаксистік қызметі
Есімдіктердің синтаксистік қызметі олардың тым жалпы түрде берілетін мағынаның негізінде субстантивтік және атрибутивтік болып келуіне байланысты. Есімдік сөздер осы негізгі екі саланың қай бөліміне жататынына қарай, синтаксистік қызметі соған байланысты. М.: субстантивтік есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесі бола алатын болса, атрибутивтік есімдіктер анықтауыштық бейім. Есімдіктер сөздердің жалпы синтаксистік бір ерекшелігі – есімдіктердің өзіне бағыныңқы сөздері болмайды. Яғни, есімдіктер сөйлемде қолданылғанда, ешқашан өзіне тән анықтауыш немесе пысықтауыш мүшелерді қажет етпейді.
Есімдіктің мағыналық түрлері
1. Жіктеу есімдігі
Әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер.
Ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол оқудың жайын сұрады. Ал егер заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа, т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады: Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер.
Жекеше түрде
Мен- сөйлеушіні көрсетуші
Сен, сіз- тыңдаушыны көрсетуші
Ол- бөгде кісіні көрсетуші сөздер
Көпше түрде
Біз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетуші
Сендер, сіздер- сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші
Олар- бөгде топты көрсетуші сөздер
Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды қабылдай алады.
Атау мен
Ілік менің
Барыс маған
Табыс мені
Жатыс менде
Шығыс менен
Көмектес менімен
2.Сілтеу есімдігі
Аралық қатынастарды көрсетеді.
Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді.
Бұл
|
-
|
Ол
|
Міне
|
Әні
|
-
|
Мына
|
Ана
|
Сона
|
Мынау
|
Анау
|
Сонау
|
(Осы)
|
Осынау
|
(Сонау)
|
Осы
|
-
|
Сол
|
-
|
-
|
Түу (түнеу), тонау
|
Сөз таптарының орнына қолданыла алады:
-
Зат есім: 80-жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп кетіп жүрген.
-
Сын есім: Кіші үйдің бозінгені бүгін тағы өлді.
-
Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.
-
Есімдік сөздер: Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
-
Етістік: Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған боыс пәтеріне қайтты. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты
-
ойнақтан ол үй енді таза болды.
Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктер
|
Өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктер
|
Бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол
|
Міне, әне, сона, сонау, түу
|
Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады.
Міне
Әне
Осынау + Тәуелдік жалғауы
Сонау
Түу
Міне
Мынау
Әне
Анау Септелмейді
Осынау
Сонау
Түу
Көптік жалғауын қабылдайды:
Бұл- бұлар
Ол- олар
Мына- мыналар
Ана- аналар
Осы- осылар
Сол- солар
3. Сұрау есімдіктері
Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т.б. білдіретін сөздер.
Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай? Қалай? Қайда? Қайдан? Қашан? Қанша? Неше? Нешінші? Қаншасы?
Бірыңғай морфологиялық түрленуі не синтаксистік қызметі жоқ.
Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері ғана тәуелденеді.
Жіктік жалғаулары тек кім? қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.
Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері септеледі.
Көптік жалғауы кім? не? қайсы? неше? есімдіктеріне жалғанады.
4. Өздік есімдіктері
Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.
Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.
Тәуелдік жалғауының –нікі, -дікі формасы жалғанып қолданылады.
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы: өзіммін, өзімсің, өзімсіздер
Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады.
Атау өзім
Ілік өзімнің
Барыс өзіме
Табыс өзімді
Жатыс өзімде
Шығыс өзімнен
Көмектес өзіммен
5. Жалпылау есімдіктері
-
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.
-
Бәрі есімдігі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді. Басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.
-
Белгісіздік есімдіктері
Заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, тұспалдап қана көрсететін, яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, белгісіз мәнде айтылатын есімдік түрі.
Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға бөлінеді:
-
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бір, біреу, кей, әр, әлде.
-
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім, әлдеқайда, әркім, әрқайсы.
Өзге сөз таптарының қызметін атқарулары
-
Сын есім: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары, бір биі болады.
-
Зат есім: біреу, әлдене, әлдекім, кейбіреу, әркім, әрнәрсе, әрнеңе. Сыртта біреу жүргендей көрінді.
-
Сан есім: бірнеше, әлденеше. Бірнеше жоба көрсетілді.
-
Үстеу: әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай. Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.
-
Біреу, бірнеше, бір, кей, кейбір есімдіктері тек ортақ тәуелдеу түрінде тәуелдік жалғауларын қабылдайды.
-
Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.
-
Көптік жалғаулары бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім, әрнеңе, кейбіреу есімдіктеріне жалғанады.
-
Бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, әлденеше, әрбір есімдіктері тәуелденіп барып септік жалғауларын қабылдайды.
7. Болымсыздық есімдіктері
-
Жалпы болымды мағыналарға қарама-қарсы болымсыздық мағыналарда қолданылады.
-
Еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешбір, ешқайсы, ешқашан, бір де, бір де бір, дәнеңе.
Болымсыздық есімдіктерінің жасалу тәсілдері
Лексикалық тәсіл
|
Морфологиялық тәсіл
|
Синтаксистік тәсіл
|
Түк, дым, еш. Ақсақалдар жиылып, бір-екі рет бас қосса да, дым бітіре алмады.
|
Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқашан, дәнеңе. Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды.
|
Бір де, бір де бір. Ертеңгі ататын таңның бүгінгі батқан күннен бір де бір айырмашылығы жоқ.
|
-
Болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары ештеңе, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне тәуелдік жалғауларымен бірге жүріп жалғанады: ештеңелері, түктері.
-
Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрде тәуелденеді. Ешбір, бір де бір есімдіктері көпше түрінде тәуелденеді.
-
Болымсыздық есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрінде септік жалғауларының барлық формаларын қабылдайды, көпше түрінде септелмейді. Тәуелденген түрінде жекеше, көпше түрінде септеледі. Мысалы: Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ.
-
Атрибутивтік ешбір, ешқайсы, ешқандай, бір де бір есімдіктері жай түрінде септелмейді. Ал тәуелденген кезде жекеше түрінде 2-3- жақтарда септеледі. Мысалы: ешбірің, ешбіріңнің, ешбіріңе, т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |