Қорытынды
Суару- топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілетін жұмыс. Дақылдардың вегетациясы кезіндегі суару саны және суармалау нормалары белгіленіп жүргізіледі. Суару әдістеріне топыраққа суды жайып жіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіп суармалау әдістері Халық шаруашылығының талаптарына сай жылылықпен күннің жарығына бай Орта Азия және Кавказдың ар жағындағы республикаларда жер суарудың ең басты міндеті болып аса бағалы техникалық және дәнді дақылдардан мол өнім алу болып саналады: мақта, жүгері, кенеп, темекі, жеміс. Ал Қазақстан, Қырым, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Украина және Сібір мен Поволжье далаңқы аудандарында суармалы жерлерде суаруды өте қажет ететін дақылдар өсіріледі; күріш, бидай, жүгері, қант қызылшасы, көк өніс, картоп, жүзім және т.б. Орталық қара топырақты алкапта негізінен суару жұмыстары көк өніс, жүгері, қант қызылшасы және мал азығы дақылдарын суару үшін жүргізіледі.
Егісті суарудың өте пайдалы екендігін толығагаг дәлелдеді. Мақтаны, кенепті, төмекіні, күрішті, жүгеріні, бедені, қант қызылшасын суаруды ұйымдастыруға жұмсалған күрделі қаржының орны 3...5 жыл ішінде қайтарылады.
Мысалы, 1960 жылы Мырзашөлде жаңадан 6 совхозы құрылып, оны ұйымдастыру үшін үш жылда мемлекет тарапынан 16,2 млн сом қаржы жұмсалған болатын. Осы мерзім ішінде совхозда өсірілген мақтамен одан өндірілген басқа да материалдары ақшаға айналдырудың арқасында 46 млн сом табыс түскен.
Қазіргі уақытта суармалы жайылымдарды ұйымдастырудың өте тиімді екендігін Литва және Украйна республикаларымен Қазақстанның және Ресейдің көптеген шаруашылықтарының көрсеткіштері толығынан дәлелдеп отыр.
Пайдаланылған әдебиет.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Интернет желісі Google
https://stud.kz › show
Достарыңызбен бөлісу: |