Сабақ тақырыбы: Суды пайдалану мен тұтыну мөлшері



бет1/3
Дата01.11.2022
өлшемі0.98 Mb.
#463736
түріСабақ
  1   2   3
537234.pptx


Сабақ тақырыбы: Суды пайдалану мен тұтыну мөлшері
Оқу мақсаты:
Судың ластану деңгейі, суды тұтыну мөлшері ұғымдары. Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, күнделікті өмірде суды пайдалану
Жетістік критерийі
Білу және түсіну; Судың ластануы және суды тұтыну мөлшері ұғымына анықтама береді, ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте, күнделікті өмірде суды пайдалану қағидаларын біледі
Бағалау; Суды тұтыну жолдарын тәжірибе арқылы (өздерінің тұтынуы бойынша) дәлелдей алады
Талдау; Көрсетілген кесте бойынша суды тұтыну мөлшерін басқа елдермен салыстыра алады
Қолдану; Суды ластайтын басты компоненттерді жаза алады. Жеке елдердегі күнделікті өмірде суды пайдалану ерекшеліктерін салыстыра отырып сипаттайды
1. Су қоры ұғымы;
2. Табиғатта су қайда таралған?
3. Тұщы су қорларының таралған аймақтары?
4. Адам күнделікті қандай мөлшерде суды пайдаланады?
5. Тұщы суды ең көп пайдаланатын шаруашылық салалары?
6. Күнделікті адам суды қай мақсатта көп пайдаланады?
7. Әлем елдері сумен қалай қамтамасыз етілген?
8. Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда суды қалай пайдаланады?
ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. 
Су адам өмірінде...
Судың қызметтері:
- Ағзаның температурасын реттейді;
- Демалғанда ауаны ылғалдандырады ;
- Ағзаның барлық жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді;
- Өмірлік маңызы бар мүшелерді қорғайды және белсендендіреді;
- Тағамды энергияға айналдыруға көмектеседі;
- Мүшелердің қоректік заттарды сіңіруіне көмектеседі;
- Ағзадағы қалдықтарды шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет