Реферат Тақырыбы: Баскетбол ойыны Орындаған : Мәмле Ә. Ә Тексерген: Ысқақов М. А орал-2011 Жоспар



бет6/6
Дата15.12.2023
өлшемі34.49 Kb.
#486613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-6641

Қорытынды
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Спорттың ойындардың бір түрі - баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Осы ойын түрінен бүгінде құрлық және әлем біріншілігі өткізіліп тұрады. Халықаралық федерациясы жұмыс істейді.\
Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Осындай ойын барысында, нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болсын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, допты торға түсіру, болмаса допты әріптесіңе дәл бере білу, допты алып жүргенде қарсыласын алдап өту, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бірі.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005

  2. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.

  3. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.

  4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.

  5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.

  6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.

  7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.

  8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.

  9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.

  10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет