Советұлы Айбек Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері. Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым
белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «Әдіс - мақсаиқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет» деген анықтама береді.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым- қатынасының тәсіл амалдары- деген деп пікір айтылады.
Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері- мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім , тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдіске»- қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет».
Олай болса оқыту әдістері- оқытудың мақсат міндеттеріне са оның мазмұны оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірбелік әрекетін ұйымдастыру да өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әркетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына –оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар,
сөздіктер, есептер жинағы т.б.
Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фото
суреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық- географиялық карталар т.б.
Техникалық құраладар- үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейді: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неқұрлым көп білуге тырыса, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнініде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті».
Сондықтан, әр бір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалан оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылық пен жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тианақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдырының бір- тұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б. ) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педогогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі
бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер):
-түсіндірмелі хабарлау әдісі;
-репродуктивтік әдіс;
- проблемалақ баяндау әдісі;
-эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А Данилов, Б.П.Есипов, Т.А. Ильина):
-жаңа білім беру әдісі;
-біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
-техникалық құралдар мен жұмыс істеу әдісі;
-өзіндік жұмыс істеу әдісі;
-проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
-оқу танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыу;
- оқытудағы бақылау және өзін өзі бақылау әдәстері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):
-ауызша баяндау әдісі;
-есеп шығару әдісі;
-өнер құралдарын пайдалану әдісі;
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В. Оконь):
-жаңа білімді игеру әдісі;
-өзіндік білім әдісі ;
-проблемалық әдіс;
-практикалық әдіс;
-көркем әдебиетпен өнер құралдарын пайдалану әдісі.