Шыңғыстай орта мектебі КММ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев»
Орындаған: Қайрды Айым
Шыңғыстай орта мектебі, 2024 ж.
Мазмұны
Кіріспе
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
1. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
М.Мақатаев
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен. Мұқағалиден кейін бір қыз, үш ұл дүниеге келеді. Осылардың ішінде бір ұл мен қыз сәби күнінде шетінейді.
Мұқағалидің әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы болып жүріп, кейін отандастарымен бірге майданға аттанады. Ал анасы Нағиманға ақын аса жақын болмаған. Оны жеңге есебінде көрген. Бұл отбасындағы тұңғыш ұлдың ата-әже қолында өсуімен байланысты болса керек. Өзінен кейінгі інілері Тоқтарбай мен Көрпешке ерекше қамқор болып, ерте есейеді.
Мұқағали жастайынан әдеби шығармаларды сүйіп оқып, 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Қазақ классиктерінен бөлек, Есенин, Пушкин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Драйзер, Байрон, Бальзак, Шекспир және Лондонды сүйіп оқиды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатта білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, шет тілдер институтында, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды. 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ бұл оқуын да соңына дейін тәмамдамай, бір жылдан кейін елге оралады. Өзінің айтуынша, бұған балаларына деген сағынышы мен оқу бағдарламасына көңілінің толмауы себеп болған.
Университет қабырғасында білім алмауды жөн көрген ақын ауылдық кеңес хатшысы, туған ауылында орыс тілі пәнінің мұғалімі, аудандық газет тілшісі қызметін атқарады. Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1950 жылдан бастап жарық көре бастайды. Кейін өзінің шығармашылық қарым-қабілетіне үлкен сенім артып, 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударады. Алып шаһарға келген соң "Қазақ" радиосында диктор, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, "Жұлдыз", "Мәдениет және тұрмыс" журналында мәдени қызметкер болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, жазушылар одағының поэзия бөлімінде кеңесші қызметін атқарады. Алматыда қаржылай қиындықтарға тап болғанына қарамастан, осылайша ақын әрдайым қара өлеңге деген махаббат отын тұтатып отырды.
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Дәлірек ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала — Әкітай" өлеңдері 1949 жылы "Советтік шекара" газетінде басылып шықты. Бұдан кейін 1951 жылы "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді. Мұқағали Мақатаев поэма мен поэзиядан бөлек, аударма да жасаған.
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген
Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихы зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін - өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екені уақыт сынынан өткен тарихи шындық. Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық барының ел алдындағы азаматтық борышын адал арындауының ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Сөйтіп, ерлік дастанында елдің нағыз халықтың мақтанышы марапатталып, оның жас ұрпақтың өмірінде жалғасын табуын діттеген арман – тілегін айдай әлемге айғақтап тұр. Бір сөзбен тұжырымдар болсақ, аталмыш поэма – дәуірлік шығарма. Мақатаев жоңғар шапқыншылығы жөніндегі шығармасында қазақ қауымын осы тарихи шайқас – қилы кезеңнің жаңа қырын ашты.
Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.
Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.
Қазақ халқының бір ғана Абай болса, Мұқағалиы да жалғыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9 ақпан/
2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М.М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз
3. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қаз мұғалімі 1998-2 наурыз
4. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қазақ елі 1998-6 наурыз
5. М.Мақатаев «Ажал алдында тұрғандаймын» Ақиық ақын Мақатаевтың 1874 жылы ҚКОП Оп.Ком 1 – хатшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты. Егемен Қазақстан 1998 -30 қаңтар.
Достарыңызбен бөлісу: |