Тақырыбы: Эмоция және сезім Бүгінгі өтетін «Эмоция және сезім» тақырыбы бойынша қарастыратын сұрақтарымыз мынадай: Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері Күрделі эмоциялар Жоғары сезімдер 1



бет1/6
Дата25.09.2022
өлшемі103 Kb.
#461308
  1   2   3   4   5   6
Эмоция мен сезім 4 лекция


Тақырыбы: Эмоция және сезім

Бүгінгі өтетін « Эмоция және сезім » тақырыбы бойынша қарастыратын сұрақтарымыз мынадай:





    1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік

    2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері

    3. Күрделі эмоциялар

    4. Жоғары сезімдер



1) Адам қабылдағанына ( көргеніне, естігеніне ), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайға тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын- қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты.Жұмыс мемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процесіндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Эмоция- адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Адамның көңіл- күйін пнеймограф аспабымен зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет