Реферат Тақырыбы: Оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру үшін психологиялық диагностиканың әдістерін қолдану



бет1/3
Дата26.05.2022
өлшемі33.67 Kb.
#458670
түріРеферат
  1   2   3
эссе 12 апта



Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Реферат
Тақырыбы: Оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру үшін психологиялық диагностиканың әдістерін қолдану.

Қабылдаған:Абишева Лаззат
Орындаған:Жарылқасын Рабиға
Тобы:1508-10

Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Психологиялық диагностикалық әдістер.

    2. Диагностикалық әдістерді қолдану.

  3. Қорытынды


Кіріспе
Тәрбие үдерісі– бұл тұлғаның тәрбиелілік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика – оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Сапалы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шаралар өткізіледі: біртұтас тәрбие және оқу үдерісін құру және ұйымдастыру; мониторинг, нәтижелерді бағалау; педагогикалық қызмет профилактикасы және түзету. Заманауи педагогикалық іс-тәжірибеде оқушылар тәрбие, өзіндік тәрбие мен өзіндік даму субъектісі болып табылады. Әрбір педагог-тәрбиеші өзін-өзі тану және рефлексия әдістерін меңгеріп қана қоймай, оқушыларды өзіндік «мен» бағдарламасын құрастыруға, өзін-өзі реттеу машықтарын дамытуға машықтандырады және оларды өзін өзі талдау және өзін өзі жетілдіру үдерісіне тартады. Мұғалімге алдына мақсаттар қоя білетін және қойған мақсаттарына жете білетін білімді әрі толерантты тұлғаны тәрбиелеу және оның жағымды өмірлік ұстанымын қалыптастыру міндеті қойылады. ТҮ ең алдымен тұлғаның жеке қасиеттерінің даму диагностикасы мен тәрбиелеу нәтижелеріне сүйенуі тиіс. Жұмыс нәтижелерін бағалау мақсатында ТҮ тиімділігі мен тұлғаның тәрбиелелік деңгейін зерттеу педагогтің уақытында өзгертулер енгізуіне мүмкіндік береді. Педагогикалық мониторинг – бұл тек тәрбиелеу мақсаттары мен нәтижелерінің сәйкестігін бақылау ғана емес, сонымен қатар нәтиже мен мақсат арасындағы нормалар мен стандарттардан ауытқушы кемшіліктерді анықтаушы. Бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз етуші кері байланыс. Мониторинг – үздіксіз үдеріс, ол оқу жылының басына дейін құрастырылуы тиіс. Сондықтан директордың орынбасарлары, сынып жетекшілері мен тәрбиешілер үшін диагностика мен мониторинг аса жауапты әрі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Тәрбие жұмысы мақсаттары мен нәтижелерінің сәйкестігі бақылануы тиіс.

Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау
Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет