Реферат Тақырыбы: Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу



Дата16.04.2024
өлшемі46.77 Kb.
#498929
түріРеферат
Алиманова Алида^J Реферат^J 11 Практика^J Саясаттпну


Alikhan Bokeikhan University

Реферат


Тақырыбы: Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу.

Орыңдаған : Алиманова Алида


Группа : БТ-301
Қабылдаған: Әділ Мархаба
Семей 2023-2024
Жоспар :
1.Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. 2.Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы.
3.Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері.
4.Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері.
5.Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.

Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955 жылы Г.Ал монд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы соны ойлар ұсынды. Осы мақаласында мәдениеттің мазмұнын ашуға алғаш рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізгі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г.Алмонд, С.Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л.Пай, Р.Такер, С.Липсет, Е.Шейх және басқаларын зерттеу жұмыстарында қамтылған. 
Қазіргі кезде батыс әдебиетінде осы құбылыстың мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Саяси мәдениеттің анықтамасының сонша көп болуы мәдениеттің және саясаттың қызметінің де көптігінен болуы мүмкін. 
Саяси мәдениет қоғамды қалыптастыру және дамудың ерекше саласын игерген. Мұндай сала саяси қатынастар болып саналады, яғни қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, жаңаруы мен қызмет етуі процесіндегі әлеуметтік субъектілер (индивидтер, топтар, таптар, қауымдар) арасындағы қатынастар. Бұл қоғамдық өмірдің саяси саласын сипаттайды және «саяси өмір мәдениеті» деген түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға негіз болады.
Батыс саясаткерлері Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963) атты кітабында саяси мәдениеттің классификациясын жасады. Мұнда саяси мәдениеттің «таза» үш тұрпатын көрсетеді. Саяси мәдениеттің мән-мағынасы толық ашу үшін оның негізгі компоненттерін атап өту жеткіліксіз болар еді. Сондықтан саяси мәдениеттің бөлінбейтін бөліктерінің әрқайсысын жан-жақты талдап, саяси мәдениеттің мазмұнын ашатын, оны қалыптастыруға ықпал ететін бөлігі-саяси сана болып табылады.
Саяси сана-ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың, қауымдардың) саясат саласын ұғынуы, жете түсінуі. Ол бірін-бірі толықтырып отыратын екі міндетті атқарады: танымдық (саясат жайлы білім алу және оны байыту) және регулятивтік (әлеуметтік субъектілердің саяси маңызды мінез-құлқына әсер ету).
Саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен-өмір сүріп отырған саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады. Осы мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқарады. Оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік- функцияларын атап айту керек. Бұл топтама белгілі дәрежеде шартты, себебі нақтылы өмірде олар аралас жүреді, ал кейде бір бірімен бірігіп кетеді.
Реттеушілік қызмет - бұл саяси мәдениеттің адам мінез-құлқына әсері, олардың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерін бағамдау т.б.
Тәрбиелік қызметі - бұл саяси білімдерді игеру жеке адам интелектуалды дамуына, дүние танымның кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына, қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгі тұрғының қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады.
Интегративтік-біріктірушілік қызметі - саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады: Саяси мәдениетті қоғамның барлық топтары мен әлеуметтік топтарына өндіру өлшем жүйесінің кең әлеуметтік базасын жасау, қоғамның көпшілігімен өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдауды қамтамасыз ету арқылы оларды біріктіру мақсатына қызмет етеді.
Коммунативтік (қарым-қатынас) қызметі - өмірде үстемдік алған саяси сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сіңдіру.


Пайдалыңған әдебиеттер :

  1. «Саяси түсіндірме сөздік». – Алматы

  2. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет