Избасаров Кайрат Булатович
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
сот төрелігі институтының магистранты
СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстан Республикасының атынан шығарылатын сот үкімі – әділ соттың негізгі және маңызды актісі, қылмыстық іс бойынша әділ соттың алдындағы міндеттерді жүзеге асыру құралы. Үкім арқылы белгілі бір іс шешіліп ғана қоймайды, сонымен қатар, заңдық бекітіліп, құқық бұзылушылықты жоюға әрекет жасайды және азаматтарды саналы құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді. Сотпен шығарылатан осы процессуалдық актіде мемлекеттің көзқарасы іс әрекетке және оны жасаған тұлғаларға қатынасы сипатталады, сотталушының тұлғасына және қоғамдық қауіпті іс-әрекетке мемлекеттің атынан қоғамдық саяси, құқықтық және моральдік баға беріледі.
Қылмысты саралау процесі іс-әрекеттің күрделі логикалық заңына бағынатын және қылмыстық іс қозғау процесінің барлық кезеңдерінде орын алатын саралау көрінісі. Қылмысты саралау процесін сатыларына байланысты үш кезеңге бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, белгілі іс-әрекеттің мән жайын фактіге негіздеп, қылмыстың құрамының объективтік және субъективтік, объектісін және субъектісін талдау қажет және осы айтылған қылмыс құрамының элменеттерін құрайтын белгілердің жиынтығын айқындау қажет. Екіншіден, қоғамға қауіпті жасалған іс-әрекеттің қылмыстық кодекстің нормаларына негізделуін анықтау қажет. Үшіншіден, құқыққа қайшы және қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіптілігінің мөлшерін және қылмыс құрамының белгілерінің ұқсастығын анықтауымыз керек. [1]
Саралау процесі ғылым саласында және тәжірибе тұрғысында да бастапқы негізден қорытынды негізге ауысып отырады.
Бастапқы негіз дегеніміз – ғылым саласынан көрініс табатын іс-әрекеттің белгілерінен қорытындылап талдау жасау арқылы қылмыстық құқықтық нормамен дәлме-дәл сәйкестендіру болып табылады.
Қорытынды негіз дегеніміз – қылмысты саралаудың өзі, ең соңғы кезеңі, яғни қылмыскердің іс-әрекетін бағалап жаза мөлшерін тағайындап, үкім шығару. Бастапқы негіз бен қорытынды негіз логикалық аспектіде жүзеге асырылуы маңызды орынға ие. Қылмысты саралау процесі – қылмыстық іс жүргізу кезеңінің барлық сатысында қолданылады. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмысты саралау қылмыстық іс қозғаудан бастап соттың үкім шығарғанына дейін жүргізілетін әрекеттер болып табылады. Қылмысты саралаудың маңызы логикалық процестің қорытындысымен жинақталатын әрекеттер. Қылмысты саралаудың ұқсастық, яғни құқық бұзушылық (азаматтық, әкімшілік, тәртіптік) құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Қылмысты саралаудың қылмысты іс жүргізудегі қорытынды негізгі қоғамға қауіпті іс әрекеттерді қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміне кейбір жайдайларды Жалпы бөліміне сілтеме жасауы болып табылады. Қарастырып отырған тақырыбымызға тікелей қатысы бар қылмыстық іс жүргізудің негізгі бөлімі болып саналатын қылмыстық іс қозғау сатысын сипаттауға тырысайық. Қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы, қылмыстық іс қозғауды бастау үшін ең алдымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабында көрсетілген қылмыстық іс жүргізу себептерінің бірі болуы қажет. Яғни, қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары; [ҚІЖК 178-бап]
2) кінәсін мойындап келу; [ҚІЖК 179-бап]
3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару қызметін атқарып отырған адамның хабарламасы; [ҚІЖК 180-бап]
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; [ҚІЖК 181-бап]
5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы. [ҚІЖК 182-бап]
Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Қылмыстық іс қозғаудың себептері ҚР ҚІЖК 183-185 баптарында берілген танымдық жағдайларды ескеретін қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысының негізі болып табылады. Сөйтіп, қылмыстық іс қозғау себептерінің болуы, іс жүргізудің осы сатысын жүргізуге заңды негіз бар екенін де көрсетеді. Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы болғандықтан, ол қылмыстық іс бойынша міндетті түрде болуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу кезіндегі қылмыстық іс қозғау тәртібі [ҚІЖК 186-бап], яғни жоғарыда көрсетілген себептер мен негіздер болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты қозғалып отырғаны, белгілер бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұрын былайғы бағыты көрсетіледі. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оғын қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтары мен міндеттері түсіндіріле отырып хабарланады. Егер қылмыс жасаудан шеккен адам белгілі болса, қылмыстық іс қозғаумен бір уақытта ол жәбірленуші деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бірге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады. Қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға және арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге құқықтары мен қаулыға шағымдан туралы түсіндірілуге тиіс [ҚІЖК 187-бабы]. Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннын кейінгі іс әрекеті [ҚІЖК 189-бап] прокурор істі алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу үшін тергеушіге немесе анықтау органына жібереді, тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге кіріседі, алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу іс-әрекеттерін орындағаннан кейін істі алдын ала тергеу ісін жүргізуге жібереді. Ал ҚІЖК 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді. Прокурор қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып: біріншіден, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға; екіншіден, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғауға; үшіншіден, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс бойынша тергеу іс-әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы [ҚІЖК 190-бап]. [2]
Қазіргі қылмыстық іс жүргізу туралы заң әдебиеттерінде қылмыстық іс қозғау сатысының қылмыстық іс жүргізудің дербес және бастапқы сатысы екендігіне ешкім дау айтпайды. Алайда оның аралық шегі әлі де болса нақты анықталған жоқ, тіпті жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметінде оның бастапқы кезеңі төңірегінде кері ағарлықтар байқалады. Мұндай ұйғарымдарда сөз жоқ, егер ҚР ҚІЖК 184- бабының негізінде жүзеге асырылатын жұмыс қылмыстық іс жүргізудің шеңберінен шығып кететін жағдайда қылмыстық іс қозғау сатысында қандай процесуалдық емес әрекет жасалады деген сұрақ туындайды. [3]
Сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселен шешеді. Судья келіп түскен іс бойынша: басты сот талқылауын тағайындау туралы, істі қосымша тергеуге қайтару туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, істі сотталуы бойынша жіберу туралы, істі тоқтату туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап, бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс [ҚІЖК 299-бап]. ҚІЖК 368- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасы атынан үкім шығарады. ҚІЖК 369- бабына сәйкес, шығарылған үкім заңды және негізді болуға тиіс, егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлеледемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады. Қылмысты дұрыс саралаудың ең маңызды орны қылмысты іс жүргізу сатысының ең соңғы кезеңі сот үкімінде айқын көрінеді. Өйткені сотталушыға жаза мөлшерін тағайындауда қылмысты саралаудың атқартын рөлі ерекше. Сот үкім шығару кезінде төмендегідей мәселелерді шешеді: жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме, бұл әрекет қылмыс болып таныла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы), соталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме; сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәл ме; оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма; сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе; сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс; жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға не қылмыстық жазаны өтеуді Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексі 72- бабында және 74- бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздер бар ма; бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен режимдегсінде жазасын өтуге тиіс; азаматтық талап арыз қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма; азаматтық талап арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек; заттай дәлелдемелерді не істеу керек, т.б. мәселелер көзделген [ҚІЖК 371-бап]. Сонымен қатар ҚІЖК 434, 446, 459, 476 т.б. баптары қылмысты саралауда ерекше көрініс табады. Қылмысты саралауда қылмысты іс жүргізу заңын дұрыс қолданбау қылмыскерге қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және қоғамда қауіпті құқыққа қайшы іс-әрекеттің сипатын белгілеуде, жаза мөлшерін анықтауда кері әсер етеді. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау [ҚІЖК 436- бабында көрсетілген] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің қолдануға тиіс болған бабынан басқасын немесе бөлігін (тармағын) қолданса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабының санкциясымен көзделген жаза мен салыстырғанда неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау жолсыздықтары болып табылады. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заң тұрғысынан баға дұрыс берілмеген деп танып, аппеляциялық сатыдағы сот қылмыстық сыныбын неғұрлым жеңіл қылмыстық жауаптылықта қарастыратын қылмыстық заңның бабына өзгертуге құқылы. Аппеляциялық сатыдағы сот бұл негіздер бойынша айыптаушы және жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым (наразылық) берген жағдайда, бірақ тағылған айып шегінде ғана қаралған істің нәтиежелі бойынша неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқылы. [3, 4]
Сонымен қорыта келе, қылмысты саралаудың қылмыстық іс жүргізу сатысында атқаратын рөлі маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы, //www.adilet.zan.kz, 02.02.2011 жылғы өзгертулер мен толықтырылуларымен.
2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, //www.adilet.zan.kz, 17.01.2014 жылғы өзгертулер мен толықтырылуларымен.
3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсіндірме//М.Ч.Когамов, Алматы 2008 ж., 208.-235 б.
4. «Сот үкімі туралы» 2002 жылғы 15 тамыздағы N19 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы//www.adilet.zan.kz.
Приложение
Регистрационная форма
Фамилия, имя, отчество
|
Избасаров Кайрат Булатович
|
Страна
|
Казахстан
|
Место работы
|
Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан
|
Должность, ученая степень,
|
|
Телефон/факс
|
87012509660
|
Е-mail
|
izb.kayrat@mail.ru
|
Название доклада
|
Сот үкімін шығару кезіндегі қылмысты саралау кезеңдері
|
Форма участия в конференции
|
Очное
|
Достарыңызбен бөлісу: |