«Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі»
«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті»
«Су, жер және орман ресурстары» факультеті
«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Тат саңырауқұлағының биологиясы мен ерекшеліктері
Орындаған: ЛР -20-03К тобының студенті Кулмаганбетов Абзал
Қабылдаған: Мамбаева Алтынай
Алматы 2022
ЖОСПАР
КІРІСПЕ............................................................................................................. 3
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
|
1 Тат саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама...................................................4
2 Тат саңырауқұлақтарының әсер етуі мен өмір цикілі................................6
3 Тат саңырауқұлақтарынан туындайтын аурулармен күресу шаралары......8
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................11
|
|
|
КІРІСПЕ
Тат Саңырауқұлақтары (Uredіnales) – базидиялы саңырауқұлақтардың бір қатары. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде “тат ауруы” деп аталатын ауру тудыратын облигатты паразиттер. Тат Саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған, дүние жүзінде 126 туысқа жататын 6 мыңға жуық түрі белгілі.Қазақстанда 400-дей түрі анықталған. Мицелийлері көп жасушалы, иелік өсімдіктер ұлпасының жасуша аралықтарына таралады да жасуша ішіне гаусториялармен (паразит саңырауқұлақтардың тұрақты иесінің өніп кететін өскіндері) еніп, қажетті қоректік заттарын сору арқылы алады. Мицелийлері мен споралары қызыл сары таттың түсіне ұқсайтын пигмент сіңген май тамшыларынан тұрады (аты осыған байланысты қойылған).
Тат Саңырауқұлақтарының өзіне тән ерекшелігі – толық циклды онтогенезі 5 сатыдан тұрады. Олар: пикноспоролар түзетін пикнида (саңырауқұлақ жіптармақтарымен тығыз торланған ерекше қабықшалы конидиялы тобы); эциоспоралар түзетін эцидидий (Тат Саңырауқұлақтарындағы спора орналасатын орын); Тат Саңырауқұлақтарының бір жасушалы (жаздық) споралары – уредоспоралар; Тат Саңырауқұлақтарының қысқы демалыс кезіндегі спорасы – телейтоспоралар; базидиоспоралар түзетін гаплоидты базидияспоралар. Бұлардың алғашқы екі сатысы аралық өсімдіктерде, қалған үш сатысы негізгі өсімдіктерде өтеді. Екі ядроның қосылып, диплоидты ядро телейтоспораларда түзіледі; ал редукц. бөлінуі жас базидияларда жүреді. Даму циклі әр түрлі иеде өтетін саңырауқұлақтарға – кронарциум, т.б.; ал тек бір өсімдікте өтетін саңырауқұлақтарға – трифрагмиум, фрагмидиум, т.б. жатады. Кейбір туыстың өкілдерінде (пукциния, уромицесс) даму циклінде әр түрлі иеде және бір иеде болуы мүмкін. Тат Саңырауқұлақтарының ішінде толық емес даму циклі бар түрлер де кездеседі.
Мысалы: гимноспорангиум (Gymnosporangіum) туысына жататын түрлерде эцидия алмұртта, ал телейтоспоралар аршада түзілсе, уредоспоралар мүлдем болмайды. Тат Саңырауқұлақтары алуан түрлі өсімдіктерді (ашық және жабық тұқымды өсімдіктер, қырыққұлақтар) зақымдайды, әсіресе бидайға, қарабидайға, табиғи мал азықтық өсімдіктерге үлкен зиян тигізеді. Жауын-шашын көп болған жылдары тез көбейіп, астықтың өнімі мен сапасын күрт төмендетеді. Күрес шаралары: тат ауруымен ауырған өсімдікті қырқып тастау; агротех. шараларды толық және уақытында жүргізу; тат ауруына берік сорттарды өндіріске енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |