Реферат тақырыбы: Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар Темірбетон конструкциялары


Темірбетонның артықшылықтары мен кемшіліктері



бет3/6
Дата17.10.2023
өлшемі35.54 Kb.
#480894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
СТР-21-3 Хамит Е.

1.2.Темірбетонның артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:


-механикалық қасиеттерінің жоғарылығы. Темірбетонның беріктігі мен сыртқы күш салмақтарды қабылдау қабілеті, яғни статикалық және динамикалық күш салмақтарға қарсыласуы жоғары.
-ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіндігі. Дырыс бетондалған әрі қажетті шарттар сақталған жағдайда темірбетонның беріктігі уақыт өткен сайын жоғарылай түседі.
-отқа төзімділігі жоғары. Бетон арматураны тез қызудан сенімді қорғап тұрғандықтан, өрт кездерінде олардың отқа төзімділк дәрежесі жеткілікті.
Егер үйлер мен ғимараттарды құрастырмалы темірбетоннан ұрғызса, онда тұтас темірбетонның кемшіліктерін азайтуға болады. Құрастырмалы темірбетонның мәні-алдын-ала зауыттарда дайындалған ірі өлшемді элементтерден тікелей құрылыс алаңында үйлер мен ғимараттарды тұрғызуда.
Ауыр және динамикалық күш салмақтар әсер ететін, зілзалалығы жоғары аудандарда салынатын үйлер мен ғимараттарды, жылу және гидростанцияларды, тоңазытқыштарды салуда құрастырмалы тұтас темірбетон кеңінен пайдаланады [4].
Құрастырмалы-тұтас темірбетон деп күш салмақтардың әсеріне құрастырмалы және тұтас темірбетон бірлесіп жұмыс істейтін құрылыс материалын айтады. Құрастырмалы темірбетон сонымен бірге тұтас темірбетон үшін қалып есебінде қолданылуы да мүмкін. Құрастырмалы тұтас темірбетон элементтері үйлер мен ғимараттар құрылыстарын тиімді әдістермен тұрғызуға мүмкіндік берсе, ал тұтас темірбетон қажетті кеңістіктік қатаңдыққа қол жеткізуге, яғни соның нәтижесінде болат пен бетонның шығынын толық құрастырмалы үйлер мен ғимараттарға қарағанда азайтуға мүмкіндік туғызады.
Күш салмақтарына төзімділігі жоғары. Темірбетонның тұтастығы мен жоғары қатаңдығы оны төзімді материалдар қатарына қосады.
-құрылыс жұмыстарының жылдамдығы жоғары, себебі металл конструкцияларға қарағанда құрастыру жіктерінің саны темірбетон конструкцияларына өте аз.
-пайдалану кезеңіндегі шығындарының аздығы. Құрылыс жұмыстарының сапасы жоғары болғанда және дұрыс пайдаланғанда темірбетон конструкциялары ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеуді қажет етпейді.
- бетон қоспасының жылжымалылығы темірбетонға кез-келген пішін беруге мүмкіндік туғызады, сондықтан архитектуралық, эстетикалық, конструкциялық және басқа да талаптарды қанағаттандыруға болады.
Кемшіліктері:
- темірбетонның өте үлкен шамадағы меншіктік салмағы, ол темірбетон конструкцияларының экономикалық тиімділігін азайтады.
- жоғары жылжу және дыбыс өткізгіштігі. Темірбетонның мұндай қолайсыз кемшіліктерін азайту үшін қабырғалар мен жабындардың күрделенген конструкцияларын және қымбат тұратын, әрі көп еңбекті талап ететін жылу ждыбыс өткізбейтін материалдарды қолдануға тура келеді.
- жарықшақтардың пайда боолу қаупі. Жарықшақтар темірбетонның тұтастығын бұзады, сол себептен оның қатаңдығы мен беріктігі төмендейді. Жарықшақтар арқылы сіңген ылғал арматураның тотығыға ұшырауына және конструкцияның қирауына әкеліп соғуы мүмкін.
- мамандығы жоғары жұмысшылар мен қатаң техникалық бақылауды қажет етуі, себебі бетондалғаннан кейін арматураның орналасу жағдайын өзгерту және бетонның беріктігін тексеру өте қиын.
- темірбетон конструкцияларын нығайтудың, қайта конструкциялаудың қиындығы. Темірбетон конструкцияларын қалпына келтіру жұмыстарының күрделілігі көп қаражатты және уақытты талап етеді [2].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет