Реферат тақырып: М.Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия



бет3/4
Дата04.04.2024
өлшемі65.52 Kb.
#497697
түріРеферат
1   2   3   4
Нурмуханова Торгын СРС

Махамбет өлеңінің өзгеше өріс-өрімін ашқан бір түр- осы Исатайға арнаулар екендігі даусыз. Қазақ әдебиеті тарихында ежелден жасаған арнау жанры көркемдіктің жаңа сапасына өткен.
Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық поэзиямен арақатысында ажыратып айтар көп мәселе бар. Ол өлеңдегі дәстүрлі сипатқа және сол дәстүрлі фондағы ендігі өлеңнің өзгеше жаратылысына да қатысты қисандар. Сол тұрғыда Қ. Жұмалиевтің Махамбеттің «Ұлы арман» толғауына тоқталуында Махамбеттің жыраулық поэзия, дәстүрмен туыстық, өзгешелігін таныту, Исатайға арнауларын ашқандай, айқын.
Қ. Жұмалиев Махамбет өлеңінің астарына стиль мен жанрдың табиғатынан таратып баға берудің үлгісі арқылы қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ поэзиясын теориялық негіздеудің үрдісін қалыптастырды.
Махамбет поэзиясын зерттеуде Қ. Жұмалиев әдеби процестегі реализм, романтизм мәселелерін жалпы ағым, бағыт, әдіс, стиль, жанр жөндерін айғақтаудың негізгі ұстанымдарын орнықтырып, саралады. Әдеби мұраны танып, бағалаудың ғылыми негізін өрістетіп, байытты. Көркемдікті ашудың кілті саяси баға емес, көркемдікті туғызған шеберлікте жатқанын көрсетті.
Ескі атам заманғы феодалдык, ру қурылысынын калпы калмак казак халкынын ішінде үкімет тізгінін қолында устаган билеуші, ен- бекші букара халыкты езуші топтар болды. Бұл: хандар, оның әкімін жургізіп отыратын билер, булардың ісін мадақтап, колдап отырушы кожа, молдалар, жер мен су, мал-мүлік иелері ірі байлар еді. Мінсіз қоғамның сол кездегі жоғарғы билеуші, қанаушы топтарының рақымсыз езуіне құралды күш пен кекті наразылык көрсеткен шаруа бұқарасынын куресі осы көтеріліс аркылы көрінді. Екінші сөзбен айтканда билерге карсы шыккан бұл козғалыс, ішкі тап кайышылықтарын оп-оңай шешуге болмайтындығын, оларды тек қана құралды күш арқылы шешуге болатындығын ашты. Бұл айбынды күрес үстінде халыктын да, оны бастаган көсемдерінің де сана-сезімі бурынгыдан анагурлым күшейе түсті. Ол кездегі шаруалар көтерілісінің қайсысын алсак та стихиялык (стихийно) жолмен туды. Сол сияқты Исатай бастаған кетеріліс те хан мен бектерге карсы койган негізгі талаптары мен ұлы максаттарын айқын көрсететін дәл сызылган программасы жоқ, кездеген нысанага тура сілтейтін сара жолы көмескі қозғалыс болды.[4;2]
Махамбет-суырып салма төкпе ақын.Өлеңдері ауызша тарап келген.Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да,түр өзгешілігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке бір табан жақын тұр. Ақын өлеңдері баспа бетін кейін көрді.Кейбір өлеңдері ХХ ғасыр басында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді.1908 жылы Қазанда басылып шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы өлең «Борайда-борай қар жауса»деп басталады. «Беріш батырының сұлтанға айтқаны» деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы жинақта біріктіріліп беріледі. [1;465]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет