2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ЕСЕП
Облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу.
2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2006 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын, мемлекеттік тілді ендіру, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу, мұрағат құжаттары мен басылымдарын жариялау бойынша іс шаралар жоспарын; Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпараттар және спорт министрлігінің Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды орындауға бағытталды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының жұмысындағы жетекші рольді ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру және жақсарту, басқарма ішінде және әкімдікпен электрондық құжат айналымын жасау, басқарманың және облыс мемлекеттік мұрағатының электрондық қызмет тізбесін қалыптастыру бойынша іс шаралар алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №183 «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомствалық мұрағаттардың Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысын практикалық түрде іске асыру жалғасын табуда. 2006 жылға 3 млн. 900 мың теңге сомасына құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу туралы келісім шарттар жасалды.
2006 жылдың жоспарымен қарастырылған тілдердің қызмет етуі және дамуы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс шаралар жүргізілуде, мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізудің жоспар-графигі орындалуда, мемлекеттік тілді үйрену және құжаттарды аудару жалғасуда.
«2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» іске асыру аясындағы облыстағы мұрағат қызметінің осы замандағы жағдайы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қарауына 2006 жылға арналған міндеттер турылы анықтама әзірленеді.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппараты және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет аясында облыс мұрағаттар басқармасының ішкі саясат саласындағы іс-әрекеті жоспары, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу бойынша іс шаралар жоспары жасалды, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында «электрондық басқару» құру бағдарламасы жасалды, мұрағаттар басқармасындағы электрондық құжат айналымы жүйесін ендіру бойынша іс шаралар атқарылды. Шығыс Қазақстан облысы Әкімі В.В. Храпуновтың облыстың «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы Негізгі бағыттар мен идеологиялық жұмыстың міндеттері» идеологиялық активіндегі сөзіне бейне түсірілім жасалды.
Семей қаласының ғылыми қауымы және жергілікті теле арналары қатысқан 1932-1933 жылдардағы аштық және оның Шығыс Қазақстанның жергілікті тұрғындары үшін зардабы жайлы «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Облыс мұрағат мекемелерінің басшылары қатысқан облыстық мәжіліс болып өтті, онда төмендегі сұрақтар қаралды: «2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазқастан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» орындау қорытындысы туралы, 2005 жылға арналған облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы және 2006 жылға міндеттері туралы, 2001-2005 жылдарға арналған ШҚО мемлекеттік мұрағаттарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болашақ жоспарды орындау қорытындысы туралы, басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы, 1998-2005 жылдарға арналған Республикалық жарияланымдар жоспарын орындау қорытындысы және 2006-2008 жылдарға арналған міндеттер туралы, 2006 жылы «Архивный фонд» бағдарламалық кешені мәліметтер базасын енгізу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына тексеру жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүргізілді.
Қазақстан Республикасының ақпараттар және мұрағаттар комиетіне 2007-2009 жылға Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныстар, Қазақстан Республикасы Конституциясының өмірде іске асуын бейнелейтін ШҚО мемлекеттік мұрағаттары мен облыс ЖТҚО-да анықталған және Комитет ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихы» көрмесі үшін құжаттар тізбесі, «Алаш-Орда партиясы» тақырыбы бойынша ШҚО ЖТҚО-да анықталған құжаттар тізбесі, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттарының жариялау әрекеті жағдайы туралы сауалнама жіберілді.
2006 жылдың 1 тоқсанында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ШҚО ЖТҚО СТӘК-ның 5 мәжілісі болып өтті. 5129 с.б. басқарма құжаттамаларының, 1994 с.б. жеке құрам бойынша, 12 ес.б. (1 с.б.) бейнеқұжаттардың, 47 с.б. ҒТҚ, 50 с.б. жеке бас текті құжатардың, 609 с.б. ерекше бағалы құжаттардың тізімдемелері бекітілді; жеке құрам бойынша 44 істі қайта өңдеу қорытындысы, басқарма құжаттамаларының 799 с.б. және жеке құрам бойынша 10 с.б. жетілдіру қортындысы бекітілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» ШҚ облыстық филиалының, «Талдау және болжау орталығы» ҚМКК, ШҚО ішкі саясат департаментінің, ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, «Геофизикалық зерттеулер институты» МКД, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Семейцемент» АҚ, Семей қаласының АХАЖ бөлімінің 9 істер номенклатурасы қаралып, мақұлданды. ШҚОММ Зырян филиалындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқару бойынша нұсқау, жасақтау көздерінің қосымша тізімі, «Ел тағдыры оның тағдырына ықпал етті», «Өмір жолы» көрмелерінің тақырыптық-экспозициондық жоспары сияқты әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының дирекция мәжілістерінде 2005 жылғы жұмыс қорытындысы, 2006 жылға арналған міндеттер, болашақ жоспарды орындау қорытындылары, 2001-2005 жылдардағы облыстағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасы және 2007-2009 жылдарға арналған мұрағат ісі және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныс жөнінде сұрақтар қарастырылды.
ҚР үшін тарихи құндылығы бар шет елдердің мұрағат және ғылыми мекемелерінен ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты Ресей Федерациясының Тюмень облыстық мемлекеттік мұрағатының Тобольск филиалына іс сапар жасады.
Облыс мұрағаттар басқармасы бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты директоры, басқарма қызметкерлері мен облыс мұрағатшылары Алматы, Семей, Тобольск, Шемонаиха, Риддер, Зыряновск, Зайсан қалаларына, Молодежное, Қарауыл, Күршім ауылдарына іссапар жасады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
2006 жылдың І тоқсанында 2001-2005 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ жоспарын орындаудың қорытындысы шығарылды және осы іспеттес 2006-2008 жылдарға арналған жоспар жасалды. ЕӨД бойынша бұйрықтар жаңартылып, объектілерде азаматтық қорғаныс бойынша құрылымдар жасалды.
Облыс мемлекеттік мұрағатының Крылов көшесіндегі ғимаратында шатыр ауыстырылды, мұрағат қоймаларынан электражыратқыштары шығарылды, электр жарықтары мен лампаларына қорғаныш шынылар орнатылды; облыс ЖТҚО-да кейбір кабинеттер мен ғимараттың артқы фасадының кіреберісіне жөндеу жүргізілді. Сумен, жылумен, электрмен қамту жүйесінің жұмысына үнемі бақылау жасалып тұрды. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын жасау үшін мұрағат қоймаларында желдету және дымқылдап сүртіп алу жолдарымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша ісшаралар атқарылды, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау алдында бейімдеу, мұрағат қоймаларына дезинфекция, дезинсекция (арнайы қызметтер көмегімен) жұмыстары жүргізілді. 36728 с.б. шаңнан тазартылды.
Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында облыс мұрағат қоймалары қағаз негіздегі құжаттардың 6872 бетін қайта қалпына келтірді, 956 с.б. қайта қалпына келтіруден соң тігілді. Барлығы 4977 с.б. тігілді, бұның құрамында істер тізімдемелерімен бірге, газет тігінділері бар; тізімдеменің 117 беті хатталды.
10354 с.б. картондалды, қолдан 844 қорап әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 345 с.б. қайта картондады; 70 ескірген көрсеткілер ауыстырылып, 941 қорап қайта шифрленді, 1189 бума құрастырылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты өшуге айналған мәтіндердің 134 бетін қалпына келтірілді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында ЕБҚ анықтау мақсатында «Өскемен педагогикалық училищесі», «Саулет» өндірістік-акционерлік концерні», «Ет өнеркәсібінің ШҚ өндірістік бірлестігі» және т.б. қорлардан 3558 с.б. қаралды (3025 іс бет бойынша және 533 іс атау бойынша). 205 ерекше бағалы құжат анықталды және тізімдемеленді. Жарма филиалы 404 ЕБҚ анықтады және тізімдемеледі. Барлығы 609 ЕБҚ құжатқа тізімдеме жасалды. Лениногор филиалы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында Лениногор қалалық кеңесінің 472 с.б. қарап шықты.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ЕБҚ-дың сақтандыру қорларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастырды, ШҚ облыстық статистикалық басқармасының және жоспарлау комиссиясының 4 с.б. – 510 бет – 1783 Мб лазерлі табаққа көшірілді.
Жоспарлы тәртіпте құжаттар мен істерді түгендеу және физикалық жағдайын тексеру жүргізілді – 52087 с.б. тексерілді. 2005 жылы пайдалануда болған 10201 с.б. және 3972 істің ішінара санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, есеп және құжаттардың физикалық жағдайы туралы карточка толтырылды. 82 қорға есептік құжаттарды тексеру жүргізілді.
Сұраныстарды орындау үшін, оқу залында жұмыс істеу үшін, тізімдемені қайта өңдеу үшін, ҒАА жетілдіру үшін, ЕБҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан 111230 с.б., 10589 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 89 іс берді. Істерді мемлекеттік сақтауға қабылдауда 737 с.б. қайта шифрленді.
Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттарды анықтау, сұраныстарды орындау барысында 2769 беттің көшірмесі жасалып, Белослюдовтың жеке бас текті қорынан ескі Семей қаласының көрінісі – 117 фото сканерленді.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2005 жылы болған қорлар құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер (оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттары бар қорлар), 01.01.2006 жыл жағдайындағы облыс мұрағат қорының паспортын жасады. Облыс мемлекеттік мұрағаттарында 119 жаңа қор беті, 51 парақ-жалғасы, 10 форманың 44 карточкасы жасалды, түскен құжаттарды есепке алу кітабына 45 қор, тізімдемелер тізіліміне 42 жаңа тізімдеме, топографиялық көрсеткіге 89 карточка жасалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомствалық мұрағаттарға және мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
2006 жылдың І тоқсанында облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының 4692 с.б., ҒТҚ 260 с.б., жеке құрам бойынша 4862 істі мемлекеттік сақтауға қабылдады.
Облыс мемлекеттік мұрағаты бірінші тоқсанда 4058 тұрақты сақтау істерін, 3638 жеке құрам істерін тәртіпке келтірді. Оның ішінде 1727 с.б. басқарма құжаттамалары және жеке құрам бойынша 1627 іс ақылы қызмет есебінен тәртіпке келтірілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттар сайлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының, ШҚО Көкпекті ауданы Әкімінің экспериментальді сайлауы бойынша, шығып кеткендер орнына қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау комиссияларының құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүргізді, құжаттар ғылыми-техникалық өңдеуге және мемлекеттік сақтауға қабылдау үшін іріктелді.
ШҚ қоғамдық бірлестіктер одағымен, ШҚ облыстық мәдениет, денсаулық сақтау, құрылыс, орман шаруашылығы салалары, Курчатов қаласының телекоммуникация түйіні қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы 11 келісім шарт жасалды.
Облыс мұрағатшылары істер номенклатурасын, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқау, фирмалық бланк, құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жасау бойынша төмендегідей 201 ұйымның құжаттама басқару қызметтері мен ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (олардың 25 ұйымға бару арқылы): ШҚО қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиетет, ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқармасы, ШҚ облыстық соты, Семей және Курчатов қалалық соттары, Өскемен қаласының қала құрылысы бөлімі, ғылыми-техникалық кітапхана, Семей заң институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, политехникалық колледж және т.б. Есепті кезеңде келесі ұйымдар үшін 23 істер номенклатурасы жасалды: ШҚО бойынша мемлекеттік бақылау және төтенше жағдайлар саласындағы қадағалау басқармасы, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы, «Талдау және болжау орталығы» ҚКМК, ШҚО ішкі саясат департаменті, Курчатов қалалық соты, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығы» ММ, балалар үйлері және мектептер және т.б.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 155 істер номенклатурасы келісілді, олардың 29 – құпия іс жүргізу бойынша, 3 – «ДСП» (қызметте пайдалану үшін) белгісімен, 33 - мемлекеттік және орыс тілдерінде, 1 – «Қазақстанның халық Банкі» АҚ-ның аудандық филиалдарының тұрпатты номенклатурасы. Келесі 5 ұйымда Сараптау комиссиясы құрылып, олар туралы және ведомствалық мұрағаттар туралы ережелер жасалды: Шығыс Қазақстан облыстық, Өскемен, Курчатов қалалық соттары, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД. Келесі 13 мекеменің ұйымдастыру-өкімдік бланкілері келісілді: Өскемен қаласының кәсіпкершілік бөлімі, білім беру бөлімі, дене тәрбиесі мен спорт бөлімі, Меновное ауылдық округінің Әкімі, «Шығыс Қазақстаан облыстық сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» ҚМКК, Ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ОВ-156/15, ОВ-156/14 мекемелері және басқалар.
2006 жылдың І тоқсанында облыс мемлекеттік мұрағаты облыс соттарын құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін – құжаттандыру, құжаттаманы басқару, қалыптастыру тәртібі, сот құжаттарын іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік сақтауға беру бойынша, облыс қылмыстық-атқару органдарының құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін - істер номенклатурасын жасау және жұмыс барысына енгізу, қалыптастыру тәртібі, құжаттарды ведомствалық және оперативті сақтау сұрақтары бойынша семинарлар өткізді.
ШҚОММ Аягөз филиалы бірінші тоқсанда Аягөз аудандық сотына, Аягөз ауданының салық комитетіне құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу және құжаттардың уақытша сақталуы кезеңінде сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тақырыптық тексеру жүргізді. Жеке қор ұстаушылармен жұмыс жоспары аясында география ғылымдарының докторы, ШҚМУ оқытушысы А.В. Егоринаның ғылыми еңбектері, авторлық рефераттары, диплом жұмысының қолжазбасы, Өскемен қаласын кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеу бойынша құжаттар, әдістемелік құралдар және т.б. құжаттырымен облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Социалистік Еңбек Ері, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бұрынғы қызметкері А.Е. Калиев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты туралы материалдар жинағын, жазушы Н. Наволокиннің «Электролизник Ауталиф Калиев» (1986 ж.) кітапшасын, өзінің сайлау алдындағы материалдарын берді. Ақын М. Тыцких өзінің «Рудный Алтай» газетіне жарияланған тақпақтарын мемлекеттік сақтауға берді. Жазушы-өлкетанушы және Риддер қаласндағы «Радио-Максат» ЖШС-нің бұрынғы редакторы Ю.С. Манаков ШҚОММ Лениногор филиалына өзінің жеке мұрағатын берді. Зырян филиалы ақын-өлкетанушы В.С. Молостовтың құжаттар жинағын жинақтауды жалғастыруда, оның «Отгремев, закончились бои ...» кітабы қабылданды, жазушы-натуралист А.Г. Лухтановтан 155 құжат, 1251 фотоқұжат, 14 кітап қабылданды. Жарма филиалы Шар қаласы мен Жарма ауданының құрметті тұрғыны К. Рахимбаевтың, ҰОС қатысушы А. Уразбековтың жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстарды бастаса, Зайсан филиалы соғыс ардагерлерімен жұмысты жалғастыруда.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты келесі материалдарға бейнетүсірілім жасады: «Нива» журналының бас редакторы В.Р. Гундаревпен кездесу, жазушы-жерлес Е.Н. Пермитиннің туғанына 110 жыл толуына арналған және Лениногор каскадының бұрынғы директоры, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген энергетигі И.В. Бердустың 100 жылдығына арналған «Ертіс жеріндегі із» кеші, Шығыс Қазақстан облысының сәулет және монументальді ескерткіштері жинағының тұсаукесері, мұрағат басшыларының облыстық мәжілісі, әуесқой суретші В. Шипиловтың «УМЗ» (Үлбі металлургия зауыты) ААҚ мұражайындағы суреттер көрмесі.
Жергілікті телерадиокомпаниялармен келісімге сәйкес облыс мемлекеттік мұрағаты «Біздің Президент», «Көзкөргендер», «Тұлға» фильмдері, Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі туралы репортаж сақтауға қабылданды.
Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану.
2006 жылдың І тоқсанында облыс ЖТҚО Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі К.С. Сәкиеваның, педагогикалық училищенің директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері А.Т. Бекбаевтың жеке бас текті қорларын тізімдемеледі; облыс мемлекеттік мұрағаты филология ғылымдарынң кандидаты, тілтанушы-тюрколог, Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, С. Аманжоловтың, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі Е.К. Турлыбаевтың жеке қорларын тізімдемелеуді жалғастырса, КСРО Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, Қазақ ССР халыққа білім беру үздігі, Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың жеке бас текті қорын тізімдемелеуді бастады. Зырян филиалы жазушы-натуралист, өлкетанушы А.Г. Лухтановтың жеке бас текті қорының 101 с.б. тізімдемеледі. Барлығы облыс мемлекеттік мұрағаттары жеке бас текті 286 с.б. тізімдемеледі.
Облыс ЖТҚО Ертіс өзені арқылы көпір құрылысын жүргізу бойынша дирекцияның ғылыми-техникалық құжаттарының 47 с.б. тізімдеме жасады. Зырян филиалы бейне құжаттардың 1 с.б. (12 есеп бірлігі) тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағатында Зайсан ауданы (230 с.б.) мен Зырян қаласының (500 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорына және Шемонаиха аудандық мемлекеттік мұрағаты жеке құрам бойынша 44 іске қайта өңдеу жасады. Жарма филиалы Көкпекті аудандық Большевик ауылдық Кеңесінің тұрақты сақтау істерінің (255 с.б.) тізімдемесіне жетілдіру жүргізді, Зырян филиалы Парыгино ауылдық Кеңесі мен оның атқару комитетінің (544 с.б.) басқарма құжаттарының тізімдемелеріне жетілдіру жүргізді. ШҚОММ Зайсан филиалы Зайсан ауданының «Кеңсай», «Қарабұлақ», «Кендірлік» совхоздарының жеке құрам бойынша істері тізімдемелеріне жетілдіру жүргізді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 952 с.б. қарап, 1514 карточка жасады және оларды индекстеп, жүйелік каталогқа қосты. Облыс ЖТҚО Т. Мусиннің жеке бас текті қорын каталогтандыру жалғасуда, 25 с.б., 35 карточкаға каталогтандыру жүргізілді. Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттеріне тақырыптық талдау жасау барысында 100 карточка жасады.
Облыс ЖТҚО басқарма бастығы, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры, тарихшылар, өлкетанушылар, Семей қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысқан «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті. Бұл іс шара туралы жергілікті телеарналардан айтылып өтті.
Облыс мұрағатшылар келесідей 19 ақпараттық құжаттар жасады: ШҚМУ-нің тарих және халықаралық қатынастар институтына Қазақстан мен ТМД тарихы кафедрасының құрылуының 50-жылдығы туралы; Зайсан ауданының орта мектептері мен аудандық кітапханасы үшін көнекөз педагог, ҰОС қатысушы К. Бокажановтың туғанына 85 жыл толуы туралы, Зайсан аудандық кітапханасының құрылуына 110 жыл толуы туралы және Ломоносов атындағы мектептің 130 жылдығы туралы; мүдделі мекемелерге Сугатов селосының негізі қалануына 155 жыл толуы туралы, Зевакино селолық кеңесінің құрулына 85 жыл толуы туралы, Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуы туралы, Семей қаржы-экономика колледжінің құрылуына 70 жыл толуы туралы және жазушы М. Сәрсекееевтің 70 жылдығы туралы, Шемонаиха және Үржар аудандарындағы мерейлі даталар туралы.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттары 14 мақала әзірледі: Киров атындағы саябақ туралы «Өскемендіктер саябақ салуды бастағанда», 100 жылдық мерейтойына орай «Бердус Иван Васильевич», қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 16 жыл толуына байланысты «Сөз алмасы», Лениногор филиалының 40 жылдығына орай «Мұрағатты тек мұрағатшылар емес, оны тарих жасайды», К. Мухамедханов туралы «Талантты ініме...», «Екі портрет» (К. Мухамедханов пен М. Сәрсекеевтің мерейтойлары туралы), «Мұрағат құжаттар сыры шертеді» және т.б.
«Архивы Казахстана» республикалық бюллетеніне ЖТҚО әзірлеген «Жаңа құжаттар жинағы жарыққа шықты» мақаласы жарияланды.
2 радио және 4 телехабар әзірленді: ғалым-абайтанушы, жазушы К. Мухамеджановтың 90 жылдық мерейтойы туралы (қазақ тілінде), Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, жазушы М. Сәрсекеевтің 70 жылдық мерейтойы туралы, «Мәдени мұра» хабарлары.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары 3 фотоқұжатты көрме әзірледі: облыс ЖТҚО-да тұрғылықты және көшпелі стендте қою үшін К. Мухамеджановтьың 90 жылдығына арналған және «Өмір жолы» көрмелері.
ШҚМУ студенттері үшін мұрағат практикасы өткізілді; «Қайнар» колледжінің студенттері үшін облыс ЖТҚО құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы лекция оқылды; мектеп оқушылары үшін жазушы Е.М. Пермитин мен ақын Жамбылдың шығармашылықтары туралы (жазушы, журналист, аудармашы П.Н. Кузнецовтың жеке қоры туралы) сабақтар және мұрағат бойынша шолулық экскурсия өткізілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты өнер мұражайында жазушы Пермитиннің 110 жылдығын мерекелеуге қатысты және «Е.Н. Пермитиннің ата-анасы Н.Н. және И.Т. Пермитиндерге хаты» баяндамасын әзірледі. «Шара» туристік фирмасы қызметкерлеріне Семей қаласы тарихы туралы лекция оқылды. Облыс ЖТҚО қызметкерлері Абай атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткізілген К. Мухамеджановқа арналған кеш-портретіне қатысты және мерейтой иесінің өмірі мен қызметі туралы баяндама жасады.Облыс ЖТҚО-да құжаттары жеке бас текті жаңа қорлардың негізін қалаушы семейлік өлкетанушы В.И. Лушников, В.Н. Кашляк, П, Жуков, ақын және жазушы К. Байгужинов, С. Табариков, оқытушылар Ж.А. Кусанова, Л.Б. Кравченко, С.С. Карандашова қатысқан «Мұрағат достарды жинайды» кездесуі өткізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысты және ол кешке арнап «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері» баяндамасын әзірледі, сонымен қатар, кітапханамен бірлесе отырып, 2007 жылға арналған айтулы және әйгілі даталар күнпарағын» жасады.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне арнап «Тәуелсіздік тарихы» көрмесі үшін құжаттар анықтады.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 61 зерттеуші жұмыс істеді, 291 келу болды. Олар «Шығыс Қазақстандағы күшпен коллективтендірудегі тәркілеу мен саяси қуғын (1925-1933 жж.), «1936-1950 жылдардағы шағын халықтарды департациялау», «Қытайдағы қазақ диаспорасы: құқытық және тарихи аспектілері», «ЖЭС Шығыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция, ХVІІ-ХХІ ғасырлар», «Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық дамуына әсері (1989-2004 жж)», «Семей аймағы бойынша ауру мен өлімді зерттеу» және т.б. тақырыптар бойынша құжаттармен жұмыс істеген өлкетанушылар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер.
2006 жылдың І тоқсанында облыс мемлекеттік мұрағаттарына 1178 әлеуметтік-құқтық сипаттағы сұраныс түсті, оның 9847 орындалды, бұлардың 9282 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 16 өтініш түсіп, барлығы орындалды. 390 тақырыптық сұраныс орындалды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының іс шаралар жүзеге асыру
бойынша 2006 жылдың бірініші жартысында аткарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №171 «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының және Шығыс Қазақстан облысының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру бойынша 2006 жылдың бірінші жартысында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасы үшін тарихи құндылығы бар шет елдердің мұрағатында және ғылыми мекемелердің XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмелерін алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері Ресей Федерациясының Тюмень облыстық мұрағатының Тобольск филиалына іс сапармен барып қайтты.
Тобольск мұрағатында қор құжаттары қаралып, тарихи құндылығы бар 4 бет көшірме әкелінді. Олардың ішінде ғалым, өлкетанушы саяси қуғын көрген Михаэлис Евгений Петрович туралы деректер бар. Ол XIX ғасырдың 60 жылдарында демократ-революционерлер қозғалысының белсенді мүшесі, Абай Құнанбаевтың жолдасы болған адам. Семей мен Көкпекті арасына жол салып, Қара Ертіс пен Зайсан көлін зерттеген, Өскемен, Семей қалаларында еңбек еткен.
2006 жылдың 1 жарты жылдығында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты «Олардың аттарымен көшелер аталады. Жолкөрсеткі» (Өскемен қаласының тарихында із қалдырған адамдар туралы), «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарының жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі» (облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында сақтаулы жеке бас текті қорлардың құрамы мен мазмұнын ашады) (орыс тілінде) басылымдарын шығарды.
2006 жылы мамыр айында мен Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихы құжаттамасының орталығы» қызметкерлерімен бірге Ресей Федерациясының Барнаул қаласындағы Алтай өлкесіндегі мұрағат қорын сақтау орталығында болып қайттым. Қарауға 9 қор іріктеліп, 1-ші жарты жылдықта олардың 7 қор қаралды, оның ішінде 47 іс бет бойынша қаралып, 78 бет көшірме алынды.
Бұл қорларда тіркелген алтын көздерінің орындары, жуылған алтын, кенді балқыту жөніндегі мәліметтер, іздестіру партияларын дайындау туралы, Семей облысы бойынша тау ревизорының жұмысы туралы, Алтай өлкесі туралы мәліметтер бар. Бұл құжаттар негізінде «Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісінің дамуы: алтын, тас көмір, түсті металл кендерін өндіру» тақырыбы бойынша 126 істен тұратын құжаттар тізбесі әзірленді.
Сондай-ақ 2006 жылдың қаңтар айында Семей қаласында 1932-1933 жылдарындағы аштық және оның Шығыс Қазақстанның жергілікті тұрғындары үшін зардабы жайлы 1932-1933 «Қазақ халқының қайғы-қасіретінің тарихынан» атты (орыс тілінде) құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді. Бұл жинаққа Мәскеу қаласы мен Новосібір қаласындағы Федеративтік мұрағаттардан алынған құжаттар енгізілді. Оған Семей, Өскемен қалаларының ғылыми қауымы және жергілікті теле арналар қатысты.
Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихы құжаттамасының орталығы» мұрағатының қызметкерлері шетел мұрағаттарынан табылған деректерді «Семей өңіріндегі XVIII-XX ғасырдағы сауда-саттық байланыстары» атты жинаққа енгізді. Осы жинақтағы құжаттар Семей өңіріндегі ішкі және сыртқы сауда-саттықтың дамуының тарихын және Ресей, Орта Азия, Қытай мемлекеттерімен жақсы көршілес қарым-қатынастың болғанын көрсетеді. Бұл құжаттар Шығыс Қазақстанның ХVІІ-ХХ ғасырлар аралығындағы тарихы, экономикасы, мәдениеті туралы дайындалып жатқан екі бөлімнен тұратын жинаққа кіреді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ақпарат және мұрағат комитетіне 2007-2009 жылдарға Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныстар, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі тарихы» көрмесіне құжаттар тізбесі, «Алаш Орда партиясы» тақырыбы бойынша Семей мұрағатында анықталған құжаттар тізбесі жіберілді.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру жалғаса береді.
2004-2006 жылдар аралығындағы шет елдер мұрағаттарынан іздестіру арқылы табылған құжаттар тізбесі қосымша беріліп отыр:
1 қосымша – Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Ресей Федерациясы мұрағаттарынан анықтаған және алынған құжаттар көшірмелерінің тізбесі, 9 бетте.
2 қосымша - Қазіргі заман тарихы құжаттамасының орталығы Ресей Федерациясы мұрағаттарынан анықтаған және алынған құжаттар көшірмелерінің тізбесі, 2 бетте.
Достарыңызбен бөлісу: |