Реферат тақырып: М.Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия


Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы



бет4/4
Дата04.04.2024
өлшемі65.52 Kb.
#497697
түріРеферат
1   2   3   4
Нурмуханова Торгын СРС

Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы
Казак әдебиеттану ғылымында Махамбет творчествосын барынша көп әрі барынша терең зерттеген ака- демик Қажым Жұмалиев былай дейді: «Махамбет - өзіне дейінгі халык әдебиетінің барлық табыстарын то лык менгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын... Махамбет - лирик ақын. Оның өлендерінде өзінің көңіл-күйі мен ел сезімі ұштасып жатады. Сондықтан онын лирикасын, ең алдымен, әлеуметтік сарындағы, саяси лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның топқа бөлінуінін негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі казактын фольклорынан айқын көрінеді. Соған қарағанда, саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр. Демек, Махамбеттің де саяси лирикасының бір тамыры фольклормен байланысты» Қ. Жұмалиев осы енбегінін екінші бір жерінде акында бар өлең түрлерін сөз ете келіп былай дейді: «Махамбет өлеңдерінде... үгіт олендерімен катар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау үлгісіне құрылған.[5;169]
Махамбет поэзиясы өзінің тақырыбы мен идеясы жағынан өзіне дейінгі жырау-ақындар өлеңдерінен барынша бай және нақтылы. Бұрынғы поэзиядағы бір ғана ерлік-батырлық тақырыпқа құрылған өлеңдердің көбі идеясы жағынан жадағай болып келетін, бұл идеялардың жалпы халықтық сипаты солғын, тіпті айқын көріне бермейтін. Көбіне субъективтік-даралық мүдде басым болып жататын. Махамбетке дейінгі батыр акындар Жиембет, Ақтамберді т. б. өлеңдері барынша дарашыл, барынша жеке жортуылшы батыр әрекетіне құрылған- дыктан, бұларда халықтық мүдде, халықтық идея бірін- ші кезекте тұрмайды. Сондықтан да бұларда туған жер, мекен-жай, қоныс, өріс, ел, халық, жұрт, туыс-тума жайы тілге орала бермейді. Бұл ел-жұрт идеялык МӘН алып, категорияға бөлінбейді. Курес, соғыс, ерлік, қимыл-әрекеттер категорияланып дараланбайды. Яғни тар такырып, өріссіз идея, дарашыл мүдде бұл поэзия тілі- нін лексикасын барынша жұтаң және бір сарынды күй- ге түсірген.
Сондықтан да Махамбет поэзиясы тілі күрестің, халықтық мүдде күресінің тілі. Ал бұл тілдің лексикасы күрес идеясын жеткізу құралы ретінде жұмсалысқа түскен лексика. Сондықтан да бұл лексика саяси мән ренкін бойына алған лексика. Сондықтан да Махамбетте сөздер өзінің қарсы, жарыспа мағынасымен қатар кол- данылып отырады. Яғни Махамбетте сөздер екі дай жікке бөлініп отырады.
Махамбет өлеңі толыққанды кемел, азамат ердің баласын бар қасиетімен аша алған, азаматтык поэзиянын үздік үлгісі. «Азамат ердің баласы» дейтін тіркес Махамбеттің азатшыл рухы мен биік азаматтық өресін, ұстанымын айқындай түсер бір оралым.Корыта айтканда, «Махамбеттану» - бүгінде Махамбет ақынды- гынын алуан сапасын жан-жақты зерттеп, зерделеген ғылым. Мұнда Махамбеттің өлең жасау тәсілдері қазақтың байырғы көркем- дік әдістерімен сабақтастықта айқындалды. Ортағасырлык жазба ескерткіштер үлгілерімен тілдік, құрылымдық жақтан салыстыра караудың мәселелері койылды. Махамбет поэзиясынын тілі, онын казактын ауызша әдеби тілін қалыптастырудағы, жазба әдебиет тілін жасаудағы ыкпалы, орны жайлы сөз өрістеді. Махамбеттің сөз айшықтау тәсілдеріндегі дәстүрлі ерекшеліктерге коса өзіндік жаңа улгілері, қазақ сөзінің мағыналык жактан баю, толысу мүмкіндіктеріне коскан үлесі айғақталды. Махамбеттің XIX гасыр казак әдебиетін, жалпы қазақ поэзиясын жанрлык жактан байытуы ашылды. Дара акындык стиль жасаудағы шеберлік алымдары айқындалды. Арғы-бергідегі іргелі ірі зерттеулердің, шағын-талпыныс танымдардын барлығы да Махамбет ақындығының арнасын кентті Махамбеттанудың ендігі міндеттерін багдарлауга негіз салды.
Қолында қаламы, белінде қылышы бар батыр ақынның кез келген өлеңін ерлік жыры деуге болады. Көтерілісте қаруы мен қаламын қатар алып жүріп, "толарсақтан саз кешкен ақын" күреске "қас үлектен туған қатепті қара нар керек екенін", бірақ артынан қару ұстап шығатын ешкім болмағандықтан, өзіне дос саналып жүрген қанды қол Ықылас қолынан мерт болды.
Махамбет халық азаттығын көксеген күрескер. Ұл туса Махамбеттей болсын. Себебі, Махамбеттей жалынды ақын, көзі ашық батыр тұлғалар қазіргі заманға да керек-ті .Ер Махамбет- бір ғасырда бір туар тұлға және қасірет тартқан замандағы қасиеттің ақыны.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы:Санат,2006.-899б
2. Мәдібай.Қ.ХIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Алматы:Қазақ университеті,2015.-257б.
3.3.Тасмағамбетов.З. ХlХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы.-Қостанай:2016.101б
4. Қ.Жұмалиев.Махамбет.-Алматы:Қазақ ССР ғылым академиясы,1948.-112б
5.Өмірәлиев.Қ .ХVғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі.-Алматы:ҚазССР Ғылым,1976.-267б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет