Экологиялық дискурсты талдау алгоритмі және аудармада берілу жолдары. Экологиялық дискурстың объектісі – кез-келген қоршаған орта тақырыбындағы мағыналы айтылым бола алады. Бұл мәтіндер жазбаша, ауызша (пікірталас, талқылау және т.б.) және аралас (жазбаша және ауызша) түрде кездеседі. Дискурс мәтіннің көлеміне тәуелсіз, яғни бір жай сөйлем немесе бір сөз, тіпті бір әріптің өзі дискурс түзіп, оған дискурс объектісі ретінде талдау жасалынып, адресант пен адресаттың коммуникация түзу ерекшеліктері мен қасиеттері зерделенеді. Сол себепті дискурс объектіге қатысты терминдер, метафоралар, атаулардың коммуникацияда көрініс табу жолдарының жиынтығы.
Дискурсты талдаудың әдіс-тәсілдері осы күнге дейін толық нақтыланбаған, себебі дискурс белгілі бір процесті білдіреді және сол процестің кез-келген бөлігін талдап, статикалық түрде суреттеуге болады. Дискурсты талдап, жан-жақты зерттеуге алгоритм сай келеді. Алгоритм – белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы [7]. Біздің тұжырымдауымызша, экологиялық дискурстарды (монолог, диалог, полилог) талдау алгоритмі үш негізгі бағыттын тұрады: 1) дискурстық талдау өрісі; 2) дискурстық талдауға әсер етуші факторлар; 3) дискурстық талдау жолдары.
Американдық лингвист Д. Шифрин «Approaches to discourse» еңбегінде дискурстық талдаудың алты негізгі жолдарын көрсетеді:
1) дискурсты сөйлеу актісі тұрғысында талдау;
2) дискурсты интеракционалды әлеуметтік лингвистика тұрғысында талдау;
3) дискурсты коммуникация этнографиясы тұрғысында талдау;
4) дискурсты прагматика тұрғысында талдау;
5) дискурсты екіжақты әңгімелесу/ диалогтық талдау тұрғысында;
6) дискурсты вариациялық немесе құрылымдық-өзгермелілік тұрғысында талдау [8].
Дискурсты талдау жолдарының жалпы сипаттамасы
Дискурсты зерттеу жолдары
|
Дискурсты зерттеу бағыты
|
Дискурсты зерттеу сұрағы
|
Құрылымдық
|
Екіжақты/диалогтық талдау
|
Сөйленім/айтылым реттілігі
|
Неге бұл жайт дәл сол уақытта айтылды?
|
Құрылымдық-өзгермелілік
|
Мәтіндегі құрылымдық категориялар
|
Осы құрылымның қолданылу себебі?
|
Функционалдық
|
Сөйлеу актісі
|
Коммуникация актілері
|
Қалай әрекеттер сөз/сөйлеу арқылы іске асады?
|
Коммуникация этнографиясы
|
Коммуникация мәдени мінез-құлық ретінде
|
Дискурстың түзілуіне мәдениеттің ықпалы қандай?
|
Интеракционалды әлеуметтік лингвистика
|
Коммуникацияның әлеуметтік және лингвистикалық мағыналылығы
|
Қандай қызмет атқарылады?
|
Прагматика
|
Өзара әрекеттесудің мәні, маңыздылығы
|
Сөйлеушінің ниеті, мақсаты не?
|
«The Aral Sea problem» (Арал теңізі проблемасы) тақырыбындағы ғылыми функционалдық стиль жанрындағы экологиялық дискурстың жазбаша мәтіні және қазақ тіліндегі аудармасы.
The Aral Sea problem
There are two magor environmental disasters in the recent history of the former Soviet Union: Chernobyl and the Aral Sea (1-әсер етуші фактор). In 1960 the land-locked Aral Sea was the world’s fourth largest lake, but now, due to increased irrigation demands on its two main inflowing rivers, it is now half the size, 16 meters lower and three times as salty. The effect on the 3 mln. people who needed the lake for its water, fish and transport has been slowly devastating. Sadly, the huge hydrogeological changes which engineers have unwittingly triggered will take decades to reverse. This paper investigates the nature, causes and consequences of the Aral Sea problem and discusses proposed solutions.
Environmental, economic and human consequences
The environmental, economic and human degradation from the Aral Sea’s desiccation have been wide-ranging and severe. Commercial fishing ceased in the early 1980’s as native species, unable to adopt to rapidly changing conditions, disappeared.
…A region around the sea with a population in 1991 of nearly 4 mln has also suffered great damage and is considered an “ecological disaster zone”.
…The population of the area adjacent to the Aral Sea suffers a variety of health problems. Some of these are directly linked to the Sea’s recession e.g. resparatory and digestive afflictions, possibly even cancer, from inhalation and ingestion of blowing salt and dust, whereas others are results of environmental pollution associated with irrigation and “Third World” medical, health and hygienic condition (5-әсер етуші фактор).
Rehabilitation efforts
Since 1986 the Aral Sea problem has become a magor public issue in the former USSR. Under conciderable public pressure, the former Central Government of the Soviet Union issued a decree on the Aral Sea in September 1988.
... The break-up of the USSR at the end of 1991 altered the approach to the Aral Sea problem. The five newly independent states of the Aral Sea basin have taken full control of natural resources located on their territories.
… In May 1992, the five republics, along with other members of CIS, sighed a ten year agreement on cooperative efforts to improve the region’s situation (3-әсер етуші фактор).
…The Aral Sea Basin states have asked international organizations to provide aid for alliviating their problem.The World Bank has become involved, it sent an evaluation team to the region in September 1992...
The future of the Aral Sea
With a concerted and cooperative effort among the Aral Sea Basin states and real help from Russia and the international community, there is hope to alleviate, at least partially, the most critical problems that beset the Aral sea region. The key issues of health and medical improvement should be started immediately and could show magor results within a decade. Reconstruction of irrigation systems to save water is also a priority, but will take decades to implement fully. …To restore the entire Aral Sea to its size would be a daunting task.
Conclusion
…What lesson can be learnt from the Aral Sea Experience?
1) Once a large hydrological system such as the Aral Sea Basin is in the throes of radical change, it is very difficult, costly and requires a lengthy period to reverse the process.
2) Simplistic and, at first glance, appealing proposals to correct complex water management problems in Aral Sea basin quikly should be approached with caution as they may so disrupt the economy as to cause its collapce (2-әсер етуші фактор).
|
Арал теңізі проблемасы
Бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихында болған бұрын-соңды аса едәуір экологиялық апаттар: Чернобыль және Арал теңізі проблемалары болып есептеледі. 1960 жылдары жағалауы құрлықпен шектескен Арал теңізі дүние жүзіндегі көлемі жағынан төртінші орындағы көл болып саналатын, бірақ қазіргі таңда көлге құятын екі басты өзендерге егістікті суару қажеттіліктерінің өсуі салдарынан, Арал теңізінің көлемі екі есе азайып, су деңгейі 16 метрге тартылып, тұздылық көрсеткіші үш есеге артты. Аталмыш оқиға осы көлдің суын, балығын пайдаланып және су жолы арқылы қарым-қатынас жасап отырған 3 млн. Адамның тіршілік-әрекетіне балта шапты. Өкініштісі, инжинерлердің гидрогеологиялық өзгерістер жасауда жіберген қателіктері бірнеше онжылдықтарда қалпына келмейтіні анық. Бұл зерттеу жұмысы Арал теңізі мәселесінің жалпы табиғатын ашып, себеп-салдарларын зерттейді және ұсынылатын шешімдерді талқылайды.
Арал теңізі экологиясының қоршаған ортаға, экономикаға және адам өміріне зардабы
Арал теңізі тартылуының қоршаған ортаға, экономика және адам өміріне тигізетін зияны зор және аса қауіпті. 1980 жылдары сауда көзіне айналған жергілікті балық түрлері кенеттен болған өзгеріске үйренісе алмай жойылып кетті.
... Арал ауданындағы 1991 жылы 4 млн. ға жуық болған жергілікті халық жапа шегіп, бұл өңір «экологиялық апатты аймақ» атанды.
... Арал теңізі маңындағы жергілікті халықтың денсаулығы нашарлап, түрлі ауру кеселдеріне тап болды. Бұл аурулардың кейбірі теңіздің тартылуына тікелей байланысты. Мәселен: тыныс алу және ас қорыту жүйесі аурулары, тіпті қатерлі ісік ауаға ұшқан тұз бен шаң-тозаңмен демалу оны жұту арқылы пайда болады. Ал, өзге аурулар суару (ирригация) жүйесінің қателіктері салдарынан болған қоршаған ортаның ластануы және «Дүние жүзілік үшінші» медициналық, денсаулық және гигиеналық жағдайларға байланысты тарады.
Қалпына келтіру іс-шаралары
1986 жылдан бастап бұрынғы СССР-де Арал теңізі проблемасы едәуір мәселеге айналды. Халықтың табандылық қысым көрсету нәтижесінде, 1988 жылы бұрынғы Кеңес өкіметінің Орталық басқармасы Арал теңізі мәселесіне байланысты декрет қабылдады.
... СССР ыдырағаннан кейін, 1991 жылы Арал теңізі мәселесін қайта қарастыру іске асты. Өз тәуелсіздіктерін жақында алған теңіз жағалауында орналасқан5 мемлекет өз территорияларындағы табиғат ресурстарын толығымен бақылауға алды.
1992 жылдың мамыр айында аталған 5 мемлекеттер өзге де ТМД елдерімен аймақтың жағдайын жақсарту үшін бірігіп күш салуға негізделген 10 жылдық келісім шартқа қол қойды.
... Арал теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттер халықаралық ұйымдарды өздерінің ортақ мәселесін жеңілдетуге көмек сұрады. Бұл іске Дүние жүзі Банкі араласып, Арал аймағына 1992 жылдың қыркүйегінде бағалаушы-сарапшы топты жіберді...
Арал теңізінің келешегі
Арал теңізі бойында орналасқан мемлекеттердің, Ресейдің және халықаралық қоғамдастықтың келісілген және бірігіп ұйымдасқан күшімен Арал теңізі аймағының аса сыни мәселелерін ең болмаса жартылай жеңілдетеді деген үміт бар. Денсаулық сақтау және медицинаның негізгі мәселелері осы кезден басталу керек және бұл әрекет нәтижесі он дыл ішінде байқалмақ. Суды үнемдеу үшін суару жүйесінің қайта құрылуы да басты басымдық болып табылады. Дегенмен, суару жүйесін қайта құру үдерісіне бірнеше онжылдықтар қажет.
... Арал теңізін толығымен өз деңгейіне қайта жеткізу болашағы бұлыңғыр, қорқынышты тапсырма болмақ.
Қорытынды
... Біз Арал теңізі тәжірибесінен қандай сабақ алдық?
1) Арал теңізі бассейні секілді үлкен гидрологиялық жүйенің радикалды өзгеріске ұшырау қалпында оның су деңгейін қалпына келтіруөте қиынға соқтырады және қомақты қаражат пен ұзақ уақытты талап етеді.
2) Бір қарағанда жай және қызықтырарлық күрделі су басқармасы мәселелерін оңалту ұсыныстары ерекше көңіл бөлу арқылы қабылдану керек. Себебі, олар ел экономикасына нұқсан келтіріп, оның құлдырауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
|
[Surviving Together, P.P. Micklin, Ph.D.]
Ғылыми экологиялық дискурстың талдау өрісі. Дискурстың пәнаралық байланысы: экология, экономика, ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар, медицина және гидрология. Аталмыш экологиялық дискурс жағдаяты – 2000 жылы «Surviving Together» арнайы экологиялық баспасында орын алды, адресант/автор – экология ғылымдарының докторы, зерттеуші; адресат/қабылдаушылар – бұқара, жас эколог мамандары, экология ғылымының ізденушілірі; қабылдаушы жасына шектеу жоқ, дегенмен дискурс ғылыми стильде жазылғандықтан арнайы білімі жоқ оқырмандарға терминдер түсініксіз болуы мүмкін; әлеуметтік статусы – кез-келген қоғам мүшесі, көбінесе экология саласының орта және жоғары білімді мамандары. Экологиялық дискурстың негізгі әсер етуші факторлары: лингвистикалық емес ғылым салалары, яғни бұл дискурстың түзілуіне: 1-ден экологиялық: «ecological disaster zone» (экологиялық апатты аймақ) мәселесі, яғни есепсіз суару жүйесін жүргізі салдарынан Арал теңізінің су деңгейінің тартылып, оның флора және фауна түрлерінің жоғалып кетуі, теңіз түбіндегі тұздың ауаға ұшып тек Қазақстан өңіріне емес , сондай-ақ бүкіл дүние жүзі атмосферасының экологиялық ластану мәселесі;
2-ден экономикалық: Арал теңізі жағалауында орналасқан елдер арасындағы су жолы байланысының, зат және тауар алмасудың, егіншілік, мал және балық шаруашылығының күрт тоқтап қалуы еліміздің экономикасына ды өз әсерін тигізді;
3-ден халықаралық қатынастар: Арал теңізінің жағалауында орналасқан бес тәуелсіз мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қызғызстан, Түркменстан, және Тәжікстан елдерінің бірігіп көлді бұрынғы қалпына келтіруге іс-шаралар жүргізіп, сонымен қатар ТМД елдерінің барынша өз үлестерін қосты;
4-ден ауыл шаруашылығы: су тапшылығына байланысты егіншілік және мал шаруашылығы дамуының тоқтауы ауыл шаруашылығына зиянын тигізді. Қазіргі таңда, Арал өңірінде көбінесе шөлге төзімді түйе малын өсіредеб ал астық дақылдары егісі жоқтың қасы;
5-ден медицина: ауыз судың таза болмауынан, атмосферадағы тұз деңгеінің жоғары болуы, құрғақшылықтан Арал теңізі маңындағы халық денсаулығына едәуір нұқсан келді. Мәселен, гепатит, дезинтерия, туберкулез немесе өкпе қабынуы және ең қауіпті рак аурулары Қызылорда облысында басқа өңірлерге қарағанда жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңірде бала өлімі және ересектердің 50-60 жас аралығында дүние салуы артты;
6-ден гидрология: 1960 жылдардағы суару жүйесінің келеңсіздіктеріне байланысты Арал теңізіне су құятын негізгі екі өзендер: Амудария және Сырдария суларының шөлдітерритория құмына сіңіп, судың орынсыз жұмсалуы өңірде суға тапшылық тудырды, теңіз деңгейінің 16 метрге төмендеуіне себеп болды. .
Дискурсты талдау жолдары:
1) сөйлеу актісінде автор басты идеяны қабылдаушыға тура (Under conciderable public pressure…; To restore the entire Aral Sea to its size would be a daunting task.)жеткізген, сондай-ақ барлық мәліметтер нақты фактілерге негізделген, мәселен: «In february 1991, the State Commission on the Aral Sea released a concept for coping with the crisis, developed by an “expert working group”. It proposed a program which was to be implemented in 3 stages: 1991-1995, 1996-2000, 2001-2010. Total cost was estimated as nearly 60 billion (1990) rubles» автор Арал теңізі дағдарысына арнайы Коммиссияның құрылу уақытын, жаңа бағдарлама кезеңдерін және жұмсалынған қаражат сомасын нақты деректерге сүйеніп көрсеткен;
2) коммуникацияның қабылдаушылардың әлеуметтік, тілдік ерекшеліктеріне байланысты жалпы ғылыми (ecosystem, environmental disaster zone, flora, fauna, water evaporation, water salinity, natural resources) және арнайы салалық (environmental degradation, irrigation system, natural vegitation, pesticide) лексика терминдері қолданыс тапқан және экологиялық апат өңіріне қатысты топонимдер қолданыс тапқан (Aral, Amudarya, Syrdarya, Chernobyl, Ust-Yurt);
3) коммуникация этнографиясына келетін болсақ, дискурс өзге ұлт өкілі арқылы құрылған, яғни экологиялық апатты, жүргізілген жұмыстардың нәтижесіздігін анық баяндап, антропогендік факторлардан туған экологиялық дағдарыстан қандай сабақ алдық деген ой-толғау тастайды;
4) прагматика тұрғысында: В.И. Карасик бойынша: 1) автордың негізгі мақсаты: а)Арал теңізі проблемасының ауқымдылығын, планетамыздың экологиялық жағдайына нұқсан келтіру қаупін баяндау, ә)Арал теңізінің тартылуының тек экологиялық емес экономикалық, ауыл шаруашылық, гидрология салаларына елеулі әсерін нақтылау, б) келешекте адам әрекеті арқылы болатын экологиялық апаттардың орын алмауы үшін жаңа ұрпаққа ой тастау, в) экология салдарларынан адам өлімінің болмауы үшін жүргізілуге тиісті шараларды көрсету;
2) автордың стратегиялары: а) Арал теңізінің проблемалық жағдаятына анықтама беру және зерттеу пәнін көрсету(The Aral Sea problem); ә) Арал теңізінің экологиялық апатты өңірге айналуы тарихын баяндау(The Aral sea and its water balance); б) Арал экологиясының коршаған ортаға, қоғамға тигізген нұқсаны(Environmental, economic and human consequences); в) Арал теңізін қалпана келтіру іс-шаралары, қолданылған әдіс-тәсілдерді айқандап көрсету (Rehabilitation); г) алынған нәтижелерді бағалай отырып қорытындылау (Conclusion);
3) экологиялық дискурстың құндылықтары: оның негізгі концептілеріне бағытталған: Арал теңізі экологиясы, Арал өңірінің табиғаты, қоршаған ортаның ластануы.
5) мәтіннің құрылымдық категориялары: дискурс мәтіні 5 тақырыпшалардан тұрады. Әрбір тақырып өз атына сәйкес ойды толық ашып, қорытындылайды. (“The Aral Sea problem” – The Aral Sea and its water balance – Environmental, economic and human consequences – Rehabilitation efforts – The future of the Aral Sea – Conclusion)
Жүргізілген зерттеу жұмысымыз бойынша ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстарда көрініс табатын экологиялық терминдер қазақ тіліне негізінен транслитерация, транскрипция, калькалау немесе сөзбе сөз аудару, экспликация немесе сипаттама тәсілдері арқылы аударылады.
1) Ағылшын тіліндегі экологиялық терминдерді транскрипциялау арқылы аудару тәсілі қазақ тілінде терминнің сәйкесінше нақты баламасы болмаған жағдайда терминді айтылуы бойынша, ешбір артық таңба көмегінсіз тілдің таза табиғи шеңберінде қолданыс табады. Мысалы: hurricane(харрикейн, дауыл), phytoplankton(фитопланктон-су өсімдіктері), photosynthesis(фотосинтез), typhoon(тайфун) және т.б..
2) Транслитерация ағылшын тіліндегі терминдерді жазылуы яғни, әріпке әріп қағидасы арқылы көшіру болып табылады. Мысалы: gas(газ), metal(метал), climate(климат), tornado(торнадо), industry(индустрия, өнеркәсіп), organism (организм), flora (флора, өсімдіктер әлемі), fauna (фауна, жануарлар әлемі), bacteria (бактерия), virus (вирус), smog (смог т.б..
3) Ағылшын тіліндегі экологиялық терминдердің дерлігі калькалау немесе сөзбе сөз аудару тәсілі арқылы қазақ тілінде көрініс табады. Мысалы: толық калькалау – land-use(жерді игеру), pesticide resistance(пестицидтерге қарсы тұру), oil slick(мұнай дағы), oil film(мұнай көлкімесі), radiation sickness(радиация/сәуле ауруы), water pollution(судың ластануы), water distillation(суды залалсыздандыру), soil fertilization(топыраққа тыңайтқыш енгізу), және т.б..
4) Жалпы ғылыми және арнайы салалық экологиялық терминдерді транслитерациялау, транскрипциялау немесе калькалау арқылы аударылғанымен олар адресант немесе қабылдаушы/оқырманға түсініксіз болуы мүмкін, себебі кейбір терминдердің мағынасы контекст барысында да адресантқа беймәлім күйінде қалады. Осы жағдайларды болдырмау үшін ағылшын тіліндегі экологиялық терминдерді экспликация немесе сипаттау/түсіндірме беру тәсілі қолдана отырып қазақшаға аудару қажет. Мысалы: aquaculture(су ағзаларын жасанды жүйеде өсіру), recultivation(жерді қайта өңдеу), irrigation(егістік алқаптарын суару), reforestation(орманды қалпына келтіру), channelization(канал салу арқылы суару), dam(тоған, бөгет), desalinization (топырақтың сорын шаю), desertification(жердің шөлге, құрғақшылыққа айналуы), cosmetic spraying(дақылдың тек сыртқы бетін зақымдайтын зиянкестерге пестицид шашу/бүрку), және т.б..
Қорытынды
Қоршаған орта жағдайы, мәселелері мен табиғи апаттарды халыққа хабарлап жариялайтын және талқылайтын экологиялық дискурстар адам өркениетінің даму деңгейіне, ғылым мен техниканың жетістіктеріне қарамастан қоғамда әрдайым орын алып отырады. Өркениеттің жасанды жүйесі қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізеді.
Адам мен қоғамның тіршілік ортасының тілдік саласын және адамның қоршаған әлеммен өзара әтекеттесуі мен өзара қарым-қатынасын зерттеумен айналысатын лингвистиканың заманауи бағыты – эколингвистика деп аталады. Эколингвистика экология мен тілдің дамуына ортақ заңдар, қағидалар және ережелерді анықтау үшін көрсетуде қызмет етеді. Сондай-ақ, қоршаған орта мәселелерін шешу үдерісіндегі тілдің алатын орнын зерттейді. Эколингвистика адамдардың қоғамдық және табиғи ортада саналы әрекет етуге шақырып, экологиялық дискурстарды зерттеу арқылы адам мен тірі және өлі табиғаттың өзара қарым-қатынасының қағидаларын бекітуде өз үлесін қосады. Эколингвистиканың негізгі бағыттарының бірі – кологиялық дискурсты зерттеу болып табылады. Экологиялық дискурс түрлі функционалдық стильдермен жанрлардағы ауызша және жазбаша мәтіндерін тілде көрініс табатын экологиялық тақырыптар мен мәселелердің жиынтығы болып табылады. Қызмет ету бағытына байланысты экологиялық дискурстың ғылыми, ақпараттық, көркем-әдеби және діни-уағыздаушылық секілді түрлері айқындалады. Экологиялық дискурстың түп негізі ғылыми дискурс жанры, яғни мақсаты, аталмыш дискурс құндылықтары және әлеуметтік қызметіне сәйкес ғылыми экологиялық дискурс болып табылады. Экологиялық дискурстың жақын перифериясына- ақпараттық ал, алыс перифериясына- көркем-әдеби, діни-уағыздаушылық және тұрмыстық дискурс жанрлары жатады.
Экологиялық терминдер жүйесінің орнығып, қолданысқа енуі экология ғылымының тарихи қалыптасу кезеңдерімен қатар орын алады. Жалпы экологиялық терминдер жүйесінің мағыналық, құрылымдық, семантикалық тұрғыда өзгеріп, толықтырылып, жаңа заман талабына сай терминдер қорының кеңеюі негізгі үш тарихи кезеңдерден өтті. Бірінші кезең VII – ХІХ ғасырдың бірінші жартысын, екінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысын және ХХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, ал үшінші кезең ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жалғасады.
Экологиялық дискурс лексикасы қолданысына байланысты: жалпы қолданыстағыэколексика, жалпы ғылыми эколексика және арнайы салалық эколексика болып үшке жіктеледі. Терминдерді сұрыптау нәтижесінде ағылшын тіліндегі ғылыми, ғылыми-көпшілік және ақпараттық экологиялық дискурста қолданыс табатын экологиялық терминдердің ең көп бөлігін жалпы ғылыми қолданыстағы эколексика құрайды. Екіншіден, ақпараттық қарапайым экологиялық дискурс лексикасы жалпы қолданыстағы экологиялық терминдер көрсеткіші орын алады. Ал, арнайы салалық лексика көбінесе ғылыми зерттеу жұмыстарында, кейде ғылыми-көпшілік басылымдарда қолданылады. Дегенмен көп жағдайда қабылдаушыға арнайы салалық терминдер үшін қосымша түсіндірме беріледі.
Ағылшын тіліндегі экологиялық терминдердің құрылымдық-семантикалық модельдерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде, оларды топтастырудың төрт жолы анықталды.
Экологиялық терминдердің құрылымдық-семантикалық жіктелуі.
Ағылшын тіліндегі экологиялық терминдер жүйесі негізінен синонимделу, терминделу және метафоралану секілді семантикалық түрлену жолдары арқылы қалыптасқан. Сондай-ақ, жалпы қолданыстағы экологиялық терминдер фразеологиялық тіркестерде жиі көрініс табады. Бұл адам баласының қоршаған орта, табиғат және табиғи құбылыстарды адам әрекетінің, түр сипатының, мінез-құлқының барлық ерекшеліктерін сипаттауда ұштастыра өзара байланысын, ортақ қасиеттерін кеңінен қолдануы «адам – қоршаған орта немесе табиғат – қоғам» үштігі бірлігінің беріктігіне дәлел болады.
Ағылшын тіліндегі ғылыми, ғылыми-көпшілік және ақпараттық экологиялық дискурстарға Д. Шифрин ұсынған дискурстық талдау алгоритмі бойынша зерттеу жүргізіліп, төмендегідей тұжырымдарға қол жеткізілді: 1) Ғылыми және ақпараттық экологиялық дискурстың талдау өрісі: адресат – эколог маманы немесе тілші, яғни эколог маманымен сұхбаттасу; адресант - бұқара, оның жасы, жынысы, білімі, әлеуметтік статусына шектеу қойылмайды, кез-келген қоғам мүшесі өзін қоршаған орта және табиғат жағдайы, мәселелері жайында ақпараттануға, хабардар болуға толық құқылы, сондай-ақ бұл мәселеге барлығы қызығушылық танытады; жағдаяттың уақытына да шектеу жоқ, себебі талдау жүргізілген экологиялық мәселелер Қазақстан аумағындағы өткен ғасырда орын алған экологиялық апаттар, дағдарыстар төңірегінде орын алғанымен дискурстардың түзілген уақыты соңғы 2-3 жылдарды, тіпті бүгінгі күнді де қамтиды. 2) Дискурстық талдауға әсер етуші факторлар: экологиялық дискурстардың түзілуіне негізінен адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізетін, жалпы халық болашағына нұқсан келтіретін экологиялық, әлеуметтік, экономика, ауыл шаруашылығы, саясат, медицина, мұнай-газ өндірісі салаларында орын алатын жағдаяттар, мәселелер түрткі болады. 3) Дискурстық талдау жолдары. Экологиялық дискурстардың құрылымдық қасиеті: ғылыми және ақпараттық экологиялық дискурстар көп жағдайда монолог және диалог немесе сұхбаттасу түрінде, кейде полилог ретінде де кездеседі. Ал, функционалдық қасиеті адресат немесе автордың мәлімет, ақпаратты жеткізу тактикасына байланысты айрықшаланады. Экологиялық дискурстардың дерлігінде адресат не автордың негізгі мақсаты: а) экологиялық жағдаятты хабарлау, мәселені сипаттау; ә) экологиялық мәселенінің адам денсаулығына, қоғам өміріне және жалпы ахуалына тигізетін зардабын, сондай-ақ экономикалық шығындарды баяндау; б) экологиялық мәселемен күресу немесе экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын маман ретінде немесе мамандармен кеңесе отырып ұсыну; в) жоғарғы ұйымдар немесе мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларды және олардың пайдасы мен зиянын талқылау болып табылады. Бұл мақсаттар төмендегідей стратегиялар негізінде жүзеге асады: а) экологиялық жағдаятты баяндай отырып, қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-саяси мәселелерді астарлы шолып өту; ә) қарапайым халықтың арман тілегі мен ел билеушілерінің экономиканы дамыту жолындағы ұстанымдарын қарама-қайшы қою арқылы адресанттың назарын толық аударту. Осыған байланысты экология, экономика және саяси жайттардың, дамудың, тұрақтылықтың әрқашан бір біріне тәуелді болып қана қоймай, бұл салалардың мәселері, дағдарысы да әрқашан қатар орын алатынына толықтай көз жеткізіп отырмыз.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде экологиялық терминдердің қалыптасып, сөздік қордың одан әрі дамуына терминдердің шет тілінен баламалану немесе аударылу тәсілдерін орынды қолдану қажет. Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың қазақ тіліне аудару үдерісінде негізгі аударма бірліктері экологиялық терминдер болып табылады. Ағылшын тіліндегі экологиялық терминдер қазақ тіліне негізінен транскрипция, транслитерация, калькалау және экспликация немесе сипаттау тәсілдері бойынша аударылады.
Біздің зерттеу жұмысымыз бойынша, төл лексикалық бірліктерден жасалған қазақ тілігдегі экологиялық терминдердің басым бөлігі ағылшын тілінен калькалау немесе тікелей аударма арқылы жасалған. Бұл әдіс арқылы терминдерді аудару заттың немесе құбылыстың негізгі, шынайы мазмұнын толық ашады. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық білімдердің қарқынды даму кезеңінде еліміздің дамыған елдермен ақпарат, білім және тәжірибе алмасып, өзара байланысының нәтижесінде көптеген ағылшын тіліндегі экологиялық терминдер қазақ тіліне жазылу тәртібі бойынша, яғни транслитерация тәсілі арқылы аударылып, қазақ тіліндегі кірме сөздер қатарын біршама толықтыруда. Ал, шет елдерде пайда болып, бүгінгі күні жалпы қолданыстағы терминдерге айналған кейбір терминдердің заттық немесе құбылыстық қолданысы елімізде пайдаға асырылып жатқанымен, қазақ тілінде нақты баламасы болмағандықтан экология саласының зат немесе құбылыс атауын экспликация тәсілі арқылы аудару жиі қолданыс тапты.
Экологиялық терминдердің аударылу тәсілдерінің пайыздық көрсеткіші.
Зерттеу нәтижелері бойынша экологиялық терминдер: 5% – транскрипция тәсілі арқылы; 27% – транслитерация тәсілімен; 46% – калькалау немесе сөзбе сөз аудару тәсілі арқылы; 22 % – экспликация немесе сипаттау тәсілі арқылы аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |