Region2. htm Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылдың і-жартыжылдығындағы қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі69.5 Kb.
#8178
region2.htm
Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылдың І-жартыжылдығындағы қорытындылары туралы
2010 жылғы 6 айында өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 4095,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,3 пайыз.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1224 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1200 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғам.

2010 жылы І-жартыжылдықтағы мал және құс еті өнімінің көлемі – 10778,8 тонна (4,0 % көбейген), сүт – 23829,7 тонна (100 % құрады), жұмыртқа 8071,0 мың дананы құрады (1,8 % көбейген).

Ауданда 2010 жылдың 1 шілдесіне 51405 бас ірі қара малдары, оның ішінде 17695 бас сиыр, жылқы 15300 бас, қой және ешкі 128488 бас, шошқа 8524 бас және 1008656 бас құс тіркелген.

Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жылқы 809 басқа (5,6%), шошқа 187 басқа (2,2 %) және құс 226112 басқа (28,9%) өскен. Сонымен қатар ірі қара мал басының саны былтырғы жылдың деңгейінде қалды, оның ішінде сиыр 981 басқа (5,3%) және қой мен ешкі 350 басқа (0,3%) төмендеген.

Аудандағы ауыл шаруашылығындағы мал тұқымын көбейту мақсатында жоспарлы, мақсатты түрде малды асыл тұқымдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 20 асыл тұқымды шаруашылығы жұмыс істеуде.

2010 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқару үшін республика бюджетінен бөлінген 29872,2 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттің бірінші жарты жылдықта 16038,0 мың теңге игерілді.

Сарып ауруына шалдыққан мал иелерінің мал қоралары тазаланып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, барлығы 5390 шаршы метр. 42000 бас ірі қара малы туберкулез ауыруна тексерілді, оң нәтиже көрсеткен мал жоқ.

2010 жылың 1 шілдесіне адамдар арасында сарып аруына шалдыққандар саны 9.

Таврия ауылына және Асубұлақ кентіне екі мал қорымының құрлысы басталды.

2010 жылы қаңтар-шілде айларында 4 мал сою алаңы салынып тіркеу нөмірін алды, тағы 5 мал сою алаңының құрлысы салынуда.

2010 жылдың 1 шілдесіне мал өнімдерін өткізу үшін 537,1 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде ет өнімдеріне 505,8 млн. теңге және 31,3 млн. теңге сүт өнімдеріне.

2010 жылы жедел мәліметтер бойынша 96,8 мың гектар жер егілді, былтырғы жылмен салыстырғанды 100 пайызға орындалды.

40,0 мың гектарға астық тұқымдары, кондициялық тұқымдармен себілді, оның ішінде 1-2 класты тұқым 80 пайызды құрайды. 24,8 мың гектарға күнбағыс, 1,0 мың гектарға картоп, 0,251 мың көкөніс, 30,7 мың гектарға мал азықтық дақылдары мен көпжылдық шөптер егілді.

Ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 37 мың гектар жер егілді.

Ұсақ шаруашылықтарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ақылы көмек көрсету үшін ауданда «Уланская МТС» ЖШС, «УланАгроСервис» және «Изумруд» шаруа қожалығының негізінде машина технологиялық станциялары қызмет көрсетеді. Олар алты айында 3,1 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

Ағымдағы жылы «КазАгроФинанс» АҚ-на барлық құны 180,0 млн. теңге тұратын 21 техника алуға тапсырыс берілді. Бүгінгі күні 65,3 млн. теңгеге 4 техника алынды.

2010 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылықтарына қажетті дизель отыны мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 111,94 млн. теңге субсидия бөлінді.

Жер құнарлығының азаю салдарынан жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдалану мақсатында ауыл шаруашылық құрамаларына мемлекет тарапынан минералдық тыңайтқыштарының құнын 50 пайызға дейін арзандатуға субсидия қарастырылды.

2009 жылы 96 тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыштар сатып алынса, 2010 жылы 4 шаруа құрамалары 331,3 тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыштар сатып алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан 7,6 млн. теңге субсидия төленіп, ауданның шаруа құрамалары жалпы 276,6 тонна элиталық тұқымдар сатып алды.

Ұлан ауданының салық комитетінің жедел мәліметі бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша 2163 шағын кәсіпкер субъектісі тіркелген (ШКС), бұл өткен жылмен салыстырғанда 104,0 пайызға артқан.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісінің 111-і заңды тұлғалар (2009 жылмен салыстырғанда 118,1% артық), 1200 шаруа қожалықтары, (2009 жылмен салыстырғанда 100,9 % - ға артты), 852 жеке кәсіпкер.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке барлығы 79140,0 мың теңге салық түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,6 пайызға артық, соның ішінде жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 48426,0 мың теңге салық түсті, өткен жылмен салыстырғанда 23,5 пайызға артты.

2010 жылы ауылдық округтерде барлығы 52 объекттің ашылуы жоспарлануда. 2 тоқсанда шағын және орта бизнес саласында 6 дүкен, 1 кафе, 1 шаштараз, 1 аяқ киім жөндеу пункті, 1 мал сою пункты, 2 мал сою алаңы, 2 мал бордақылау алаңы, 2 сүт тауарлы фермасы, 3 ауылдық тұтыну кооперативтері, 1 жылыжай халыққа қызмет етуде.

Шағын және орта бизнестің дамуына қаржылай көмек көрсету мақсатында Шағын несиелеу ұйымы «Көмек» арқылы 2010 жылдың 2 тоқсанына 89 жеке тұлғаға 17740,0 мың теңге несие бөлінді.

«Айыртау Несие» ЖШС арқылы 2 шаруа қоржалықтарына 18020,0 мың теңгеге несие берілді.

2010 жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,9 пайызға, оның ішінде меншік түсімдер 104,7 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспардағы 235749,0 мың теңгенің орнына 247018,5 мың теңгеге орындалды, 11269,5 мың теңге болжамнан артық түсті.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аудандық бюджеттің шығысы 1274042,9 мың теңгеге орындалды немесе есепті кезеңнің қаржыландыру жоспарынан 98,5 пайызды құрайды.

Аудан бойынша 2010 жылға бюджеттің кірістер бөлігін кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.

2010 жылдың 1 шілдесіне жалпы 9983,5 мың тенге көлемінде қосымша салық түсті.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды игеру көлемі 458,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47 пайызға азайған. Инвестициялардың төмендеуінің себебі, 2009 жылы Молодежный кентінде коммуналдық тұрғын үй және спорттық модуль ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүргізілді. Осы нысандар бойынша 6 айында 206,6 млн. теңге облыстық бюджеттен игерілді. Және де Алмасай ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру жұмыстары бойынша 32,0 млн. теңге республикалық бюджеттен игерілді.

Қазіргі таңда ауданда 41 білім беру мекемелері жұмыс істеуде.

Жалпы білім беру мектептері 35, онда 4631 бала оқиды. Екі мектептен тыс оқу мекемелелері: балалар музыка мектебі және облыстық бюджеттен қаржыланатын балалар спорт мектебі. 4 бала бақша жұмыс істейді, онда 266 бала тәрбиеленуде, 28 шағын орталықта 923 бала тәрбиеленуде.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен 6267,0 мың теңге бөлініп, 2010 жылдың ІІ тоқсанында 6072,3 мың теңге игерілді.

Және де жобалық-сметалық құжат дайындауға жергілікті бюджеттен Бозанбай орта мектебіне 2390,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2010 жылдың қазіргі таңына 1-4 сыныптарды (1771) ыстық тамақпен қамтуға 13651,0 мың бөлінді. 2010 жылдың I тоқсанына жалпы білім беру қорына 6510,0 мың теңге бөлінді.

Ұлттық Біріңғай тестілеуге 11 сыныптың 365 түлегінің 241-ы қатысты. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша орташа балл 80,6 құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 балға жоғары (71,3). Ең жоғары 122 балды Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы алды (Заденова Тансулу Айдосовна) және бір оқушы үздік аттестат алды.

3 маманға 296730 теңге (70 АЕК) көтерме ақы төленді.

Ауданымызда қызмет көрсетіп отырған аудандық медициналық бірлестігінің құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық ауруханасы және 11 дәрігерлік амбулаториялар кіреді.

2010 жылдың 6 айында халықтың 1280 ересек адамдарды тексеруден өткізілді, оның ішінде жатыр мойны ісігі бойынша 665 адам және сүт безі ісігі ауруы бойынша 615 адам қаралды.

2010 жылдың 1 шілдесіне өлгендер саны 232 адам, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 адамға төмендеді. Өлім коэффициенты 1000 адамға 0,1 төмендеді.

Аудан бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне бала саны 6408 баланы құрады, оның ішінде бір жасқа дейін 534. Бірінші жартыжылдықта 240 бала туды, оның ішінде 11 қайтыс болды. Нәрісте өлімінің деңгейі 1000 туғандарға 43,0 өсті.

Нәрісте өлімінің себептері:

0-ден 6 күнге дейін өлгендер саны 8, оның ішінде:

Ауыр дәрежедегі асфиксиядан – 1;

Респираторный дистресс синдромынан – 2;

Внунтриутробная асфиксиядан – 1;

Неонаталды комадан – 1;

Ішкі асқазаның қан қуйылуы – 1;

Биік ішектің өтпеуі – 1.

28-ден 1 жасқа дейін -3, оның ішінде:

Жүрек ақауы – 1;

Тыныс алу жетпеушілігі – 1;

Механикалық асфиксия – 1.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2010 жылдың 1 шілдеге 147 адамды құрайды, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 143 адамға кем.

Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,6 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 450 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған болса, 1 шілдеге 556 адам жұмыспен қамтылды.

Жыл көлемінде 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 306 жұмыс орны ашылды.

70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланған, аудан бойынша 61 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді.

Сондай-ақ осы жылы «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланып отыр. Арнаулы оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді, жұмыспен қамту бөлімі арқылы келісім шарт бойынша мамандықтарына сәйкес жұмысқа жіберіледі. Биылғы жылы 9 адам жіберілді, тұрақты жұмысқа 3 адам орналасты.

15 әлеуметтік жұмыс орны жоспарланып отыр, бүгінгі күні 15 жұмыссыз тұлға жұмысқа жіберілді, тұрақты жұмысқа 1 адам орналасты.

Нақтылы жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу ұсынылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адамды қатыстыру көзделген, бүгінгі күні 390 жұмыссыз тұлға жіберілді.

Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлауға 150 адам жоспарланған, бүгінгі күнге Саратовка ауыл шаруашылық колледжі мен «Ұлан» кәсіптік лицейге: «Тракторист», «Газбендәнекерлеуші», «Сылақшы», Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері» және «Есепші» мамандықтары бойынша 157 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді. 80 адам оқуын аяқтады, тұрақты жұмысқа орналасқандар 60 адам.

2010 жылдың 3 наурызында Саратовка ауылында ШҚ ауыл шаруашылық колледжінің түлектерімен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Аудан бойынша 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 38 жоба негізінде, 353 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобалрдың жалпы сомасы 311,4 млн. теңге, оның ішінде 203,9 млн. теңге республикалық бюджеттен және 107,5 млн. теңге жергілікті бюджеттен.

Жергілікті бюджеттен 32 жоба 331 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланған, 1.07.2010 жылы 252 адам жөндеу жұмыстарына жіберілді,оның ішінде жұмыссыздар 154 адам, оның ішінде:

- Білім беру бөлімінде 19 жобаға 181 адам, 1.07.2010 жылы 119 адам жөндеу жұмыстарына жіберілді, оның ішінде 61 жұмыссыз тұлға;

- Жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу 5 жоба 28 адам, 1.07.2010 жылы 17 адам жіберілді, оның ішінде 12 жұмыссыз тұлға;

- Тұрғын үй коммуналдық жүйесін қайта құру және жөндеу жұмыстарына 5 жоба бойынша 55 адам, 1.07.2010 жылы 40 адам жіберілді, оның ішінде 24 жұмыссыз тұлға;

- Әлеуметтік жобаға 3 нысанда 67 жұмыс орындары ашылады, 1.07.2010 жылы 65 адам жіберіліді, оның ішінде 53 жұмыссыз тұлға.

Облыстық бюджеттен - 6 жоба 22 жаңа жұмыс орындары жоспарланды:

- Денсаулық сақтау бөліміне 4 жоба 11 жұмыс орындары, жөндеу жұмыстарына 11 адам жіберілді; оның ішінде 4 жұмыссыз тұлға;

- Саратовка ауыл шаруашылық колледжіне 2 жоба 11 жұмыс орындары.

«Әлеуметтік жұмыс орындарына» нысаналы топтан 25 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күні 28 жұмыссыз тұлғалар жіберілді.

«Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 15 адам жоспарланып, бүгінгі күнге 11 адам жіберілді. 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2010 жылы 6 айында аумағы 1292 шаршы метр құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға артты.

«Ауыз су» аумақтық бағдарламасы бойынша 2010 жылы «Сумен қамту жүйесін» дамытуға республикалық бюджеттен 115522,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Аталған бағдарламаны орындау мақсатында «Таврия ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалау (II кезек)» бойынша ашық конкурс өткізіліп, конкурстың жеңімпазы болып, Өскемен қаласының «Мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған 410 бағана» ЖШС танылды, конкурстық өтінімнің бағасы 109691,0 мың теңге. Сондай-ақ «Шығыс Инжиниринг» ЖШС мен инжиниринг қызметін жүргізу үшін сомасы 124,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды және «Шығысагропромпроек» ЖШС мен сомасы 208,7 мың теңгеге авторлық қадағалауға келісім шарты жасалды. Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес үнемделген қаражы 5498,254 мың теңгені құрады.

Есеп беру мерзімінің жоспарында сумен қамту жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 49600,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Инженерлік-коммунакациялық инфроқұрылымның дамуы, реттеуі немесе сатып алуы» бағдарламасы бойынша 2010 жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттың сомасы 26102,0 мың теңгені құрады.

2010 жылы 12 мамырда «(1 және 2 кезектегі құрылыс) Электрмен қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі инженерлік инфроқұрылым салу» бюджеттік бағдарламасының аумақтың орындалу шеңберінде ашық конкурс өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша, конкурстың жеңімпазы ЖШС «Энергостройсервис» болып танылды, конкурстық өтінімнің бағасы 25923,73 мың теңге.

2010 жылдың 6 айында аудан аумағында 143 жалпы қылмыстық істер тіркелген, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,2 пайызға өсті (2009 жылы - 131). Істердің ашылуы 85,7 пайызды құрады (2009 жылы – 83,7 пайыз), орташа облыстық көрсеткіш 67,7 пайыз (2009 жылы – 67,4 пайыз).

Аудандық клуб мекемелерінің жүйесіне 3 мәдениет үйі, 18 ауылдық клубтар және 9 кітапхана кіреді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға 2010 жылы аудан бюджетінен 1180,0 теңге қаражат бөлінді.

2010 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша 533 мәдени шара өткізіліп, 18851 адамды қамтыды. Олар: кездесу кештері, халықтық мерекелер, тақырыптық кештер, жастарға арналған демалыс кештері, балаларға арналған мәдени шаралар.

Ауданның мәдени-көпшілік шараларын дамытуға аудандық мәдениет үйінің «Бескөл» фольклорлық ансамблі, Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Көктау», Донское ауылдық клубының «Перезвон» ансамбльдері және Таврия ауылдық мәдениет үйінің халықтық хор ұжымы үлкен үлес қосуда.

Аудан бойынша спортпен айналысуға тұрғындар үшін 40 спорт зал, 36 баскетбол, волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабы, 25 футбол алаңы қызмет көрсетуде.

Аудан көлемінде 53 спорттық жарыстар жоспарланған, кәзіргі уақытта 35 спорттық жарыстар өткізілді, оның ішінде 20 спортық жарыс аудандық XIV халықтық ойындарының бағдарламасы бойынша өткізілді. Осы жарыстарға жергілікті бюджеттен көпшілік спортты дамытуға 6290,0 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша 7010 адам спортпен айналысады, бұл көрсеткіш аудан тұрғындармен салыстырғанда 16,9 пайызды құрайды.



Облыс әкімінің жүлдесіне арналған XIV облыстық халықтық спорт ойындарында ауданның құрама командасы 2010 жылы жалпы есепте жүлделі төртінші орынға ие болды.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы Е. Турганов





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет