Регламенті Жалпы ережелер > «Пайдаланушы сертификатын беру»



Дата07.07.2016
өлшемі71 Kb.
#182824
түріРегламент


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2014 жылғы «25» сәуірдегі

№ 400 бұйрығына

8-қосымша

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60-бабының 1-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Пайдаланушы сертификатын (сертификат телнұсқасын) (бұдан әрі - сертификат, сертификат телнұсқасы) беру болып табылады.

2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады:

1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кiрiс хаттарды тіркеу журналында тіркейді және қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және оларды қызметті берушінің Ұшуды пайдалану басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жолдайды;

3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, қызметті берушінің басшысы қол қойылған қызметті алушының сертификациялық тексеру жүргізу туралы шешімін қызметті алушына жібереді және сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы қызмет берушінің бұйрық шығаруын қамтамасыз етiледi;

5) қызметті берушінің комиссиясы қызметті алушыға күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде сертификаттық тексеру жүргізеді;

6) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушыға комиссия мүшелері қол қойған сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жіберуді және күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде комиссияның сертификаттық тексеруді аяқтаған сәтінен бастап көрсетілетін сертификатты ресімдеуді және оған қызметті беруші басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді;

7) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.

Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тапсырылады.

7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс - қимылдың) нәтижесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына тапсыру;

2) Басқарма басшысының қарауы үшін қызметті беруші басшының қарары;

3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) қарауы үшін Басқарма басшысының қарары;

4) қызметті берушінің комиссия мүшелері қызметті алушыға сертификаттық тексеру жүргізуі;

5) Басқарма бас сарапшысының (сарапшы) сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдеуі және қызметті берушінің басшысына қол қою үшін тапсыруы;

6) сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) қызметті алушыға тапсыруы;

7) сертификатты алуы және сертификатпен танысуын және қабылдауын растайтын қызметті берушінің қолы.

3. Қызметті берішінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) қызметті берушінің басшысы;

3) Басқарма басшысы;

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы).

5) сертификаттау тексеру жөніндегі комиссияның мүшелері.

9. Қызметті беруші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы:

1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын кiрiс хат хабарларды тіркеу журналында тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын қарастырады және көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма басшысына жолдайды;

3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын қарастырады және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;

4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажет қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, қызметті берушінің басшысы қол қойылған қызметті алушының сертификациялық тексеру жүргізу туралы шешімін қызметті алушыға жібереді және сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы қызмет берушінің бұйрық шығаруын қамтамасыз етiледi;

5) қызметті берушінің комиссиясы қызметті алушыға күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде сертификаттық тексеру жүргізеді;

6) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушыға комиссия мүшелері қол қойған сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жіберуді және күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде комиссияның сертификаттық тексеруді аяқтаған сәтінен бастап көрсетілетін сертификатты ресімдеуді және оған қызметті беруші басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді;

7) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.

10. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) жүйелілігінің сипаттамасы блок-сызбада көрсетілген.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Портал арқылы дәйектілігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметті берушінің өтініші және рәсімдер (іс-қимыл) дәйектілігінің тәртібі:

порталда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен тіркелген қызметті алушы мәліметтерінің растылығын талдау;

пайдаланушының мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сауал үлгісін экранға шығару және сауал үлгісіне қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызметті алушының үлгіні толтыруы (деректерді енгізуі);

мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректердің) қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);

электрондық құжатты (қызметті алушының сұрау салуды) тіркеу және сұрау сауалды порталда өңдеу;

қызметті алушының өтінішін қызметті берушінің тексеруі;

порталмен құрылған қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (сертификат, сертификаттың телнұсқасы) алуы. Электрондық құжат қызметті берушінің көрсетушінің басшысымен ЭЦҚ пайдалану арқылы құрылады.

Қызметті алушы портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын порталда тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады.

12. Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Пайдаланушы сертификатын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет

регламентіне

1-қосымша



Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілік сипаттамасының Блок-схемасы




Қызметті берушінің кеңсесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеу, 30 минут






Қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастыруы және Басқарма басшысына жолдауы,

күнтізбелік 1 күн









Басқарма басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастыруы және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдауы, күнтізбелік 1 күн






Басқарма бас сарапшысының (сарапшысының) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызмет алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптар сәйкестігіне қарауы, қызметті берушінің басшысы қол қойған сертификаттық тексеру жүргізу

туралы шешімді қызметті алушыға жолдауы





Күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде қызметті алушыға Сертификаттық тексеру жүргізу

Басқарма бас сарапшысының (сарапшы) сертификатты (сертификат телнұсқасын) ресімдеуі, оған қызметті беруші басшының сертификаттық тексеру аяқталған сәттен бастап

күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде қол қоюы





Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде, куәліктің телнұсқасын алу үшін қажетті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде қызметті алушыға сертификатты (сертификат телнұсқасын) беруі,

15 минут



«Пайдаланушы сертификатын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет

регламентіне

2-қосымша



Мемлекеттік көрсетілетін қызметке іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Порталда тіркелу немесе логин және пароль арқылы кіру







Тіркелген қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру






Қызметті алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, нысанды толтыруы (деректерді енгізу), электрондық түрдегі қажетті құжаттарды сұрау сауал нысанына бекітуі







Қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау сауалына куәлендіру (қол қою)








Электрондық құжатты (қызметті алушының сұрау сауалына) тіркеу және сұрау сауалына порталда өңдеу









Қызметті алушының өтінішін қызметті берушінің тексеруі







Мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижесін (куәлік (сертификат (сертификат телнұсқасы) алуы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет