Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат агенттігі
төрағасының
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 676 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру Агенттіктің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестатын (бұдан әрі – аттестат) беру.
2. Агенттік және Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Агенттіктің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттама тізбесін (бұдан әрі-өтініш) алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша үдерісті (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір процедураның (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Агенттік кеңсесінің қызметкері өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде өтінішті қабылдауды, ашуды және тіркеуді жүргізеді, оны Агенттіктің басшысына қарау үшін жібереді;
2) Агенттіктің басшысы құжаттар кеңседен келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінішті қарайды және Байланыс және ақпарат саласындағы бақылау департаментінің (бұдан әрі- Агенттіктің Департаменті) директорына оны қарауды тапсырады;
3) Агенттік Департаментінің директоры өтініш Агенттіктің басшысынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінішті қарайды және Агенттік Департаменті басқармасының (бұдан әрі-басқарма) басшысына оны оны қарауды тапсырады;
4) Басқарманың басшысы құжаттар Агенттік Департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінішті қарайды және басқарманың бас сарапшысына оны қарауды тапсырады;
5) Басқарманың бас сарапшысы өтініш басқарманың басшысынан келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың Стандарттың 9-тармағында белгіленген нысан мен жиынтылыққа қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Өтініш және өтінішке қоса берілген құжаттар Стандарттың 9-тармағында белгіленген нысан мен жиынтылыққа қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтініш пен қоса берілген құжаттар Кәсіпорынға жолдау үшін Агенттіктің кеңсесі бөліміне жіберіледі, ал құжаттар Стандарттың
9-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ұсынылмаған құжаттарды немесе Стандартпен белгіленген нысанға сәйкес құжаттарды Агенттікке жіберуге тиіс;
6) Агенттік кеңсесінің қызметкері бір сағаттың ішінде өтініш қоса берілген ілеспе хатты шығыс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркейді және Кәсіпорынға жібереді;
7) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері өтініш қоса берілген ілеспе хат Агенттіктен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде өтініш қоса берілген ілеспе хатты қабылдауды, ашуды және кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді және оны Кәсіпорын басшысына қарау үшін жібереді;
8) Кәсіпорынның басшысы өтініш кеңседен келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінішті қарайды және Кәсіпорынның Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің директорына (бұдан әрі–Кәсіпорынның Департаменті) оны қарауды тапсырады;
9) Кәсіпорын Департаментінің директоры өтініш Кәсіпорын басшысынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде өтінішті қарайды және Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасарына оны қарауды тапсырады;
10) Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасары өтініш Кәсіпорын Департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде өтінішті қарайды және Аттестаттау қызметінің (бұдан әрі-Қызмет) бастығына оны қарауды тапсырады;
11) Қызметтің бастығы өтініш Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасарынан келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде өтінішті қарайды және Қызметтің жетекші немесе бас маманына (бұдан әрі- Қызметтің маманы) оны қарауды тапсырады;
12) Қызметтің маманы өтініш Қызмет бастығынан келіп түскен сәттен бастап үш сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушымен шарт жасасу үшін
Кәсіпорынның Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаментінің директорына (бұдан әрі- ӘҚЖ департаменті) қызметтік жазба жібереді;
13) ӘҚЖ департаментінің директоры қызметтік жазба Қызметтен келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде қызметтік жазбаны қарайды және Шарттар және заң сараптамасы бөлімінің (бұдан әрі-Бөлім) бастығына оны қарауды тапсырады;
14) Бөлімнің бастығы қызметтік жазба ӘҚЖ департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде қызметтік жазбаны қарайды және Бөлімнің бас немесе жетекші маманына (бұдан әрі-Бөлім маманы) оны қарауды тапсырады;
15) Бөлім маманы қызметтік жазба Бөлімнің бастығынан келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттық тексеру бойынша қызметтерді көрсету шартының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары болса немесе қажет болған жағдайда – бірлескен құпия жұмыстарын орындау шартының (бұдан әрі- Шарттар) жобасын қалыптастырады және оларды ілеспе хатпен Кәсіпорын кеңсесінің бөліміне жібереді;
16) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері Шарттардың жобасы ілеспе хатпен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оларды шығыс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
17) көрсетілетін қызметті алушы үш жұмыс күні ішінде оларды келіседі және қол қойылған шарттарды Кәсіпорынға қайтарады;
18) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері қол қойылған Шарттар келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді және оларды қарау үшін Кәсіпорын басшысына жібереді;
19) Кәсіпорынның басшысы Шарттар Кәсіпорын кеңсесінен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде қарайды және ӘҚЖ департаментінің директорына оларды қарауды тапсырады;
20) ӘҚЖ департаментінің директоры Шарт Кәсіпорын басшысынан келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде Шарттарды қарайды және Бөлімнің бастығына оларды қарауды тапсырады;
21) Бөлімнің бастығы Шарттар ӘҚЖ департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде Шарттарды қарайды және Бөлімнің маманына оларды қарауды тапсырады;
22) Бөлім маманы Шарттар Бөлімнің бастығынан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде Шарттарды қарайды, оларды тіркейді және шарттар жасалғаны туралы Қызметті хабарландырады;
23) Қызмет алушымен шарттарды жасалған сәттен бастап Қызмет ақпараттық жүйені аттестаттық тексеруді жүргізеді. Аттестаттық тексеру аттестатталатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесімен бекітілеген Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
24) аттестаттық тексеруді жүргізудің нәтижелері бойынша Қызмет аттестаттық тексерудің актісін бес данада қалыптастырады және күнтізбелік бір күннің ішінде Кәсіпорын басшылығымен келіседі;
25) аттестаттық тексерістің актілерін Кәсіпорын басшылығымен келіскеннен кейін Қызмет бір сағаттың ішінде оларды ілеспе хатпен Кәсіпорын кеңсесіне жібереді;
26) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері аттестаттық тексеру актілерімен ілеспе хат келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде аттестаттық тексеру актілерімен ілеспе хатты шығыс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркейді және Агенттікке жолдайды;
27) Агенттік кеңсесінің қызметкері аттестаттық тексеру актілері ілеспе хатпен Кәсіпорыннан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде аттестаттық тексеру актілерімен ілеспе хатты қабылдауды, ашуды және кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді де құжаттарды Агенттіктің басшысына қарау үшін жібереді;
28) Агенттіктің басшысы құжаттар кеңседен келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде аттестаттық тексеру актілерін қарайды және Агенттік Департаментінің директорына оларды қарауды тапсырады;
29) Агенттік Департаментінің директоры аттестаттық тексеру актілері Агенттіктің басшысынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде оларды қарайды және басқарма бастығына оларды қарауды тапсырады;
30) басқарма бастығы аттестаттық тексеру актілері Агенттік Департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде оларды қарайды және басқарманың бас сарапшысына оларды қарауды, аттестаттау комиссиясын шақыруды ұйымдастыруды тапсырады;
31) басқарманың сарапшысы аттестаттық тексеру актілері басқарма бастығынан келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде аттестаттау комиссиясын шақыруды ұйымдастырады;
32) аттестаттау Комиссиясы аттестаттық тексеру актісінің негізінде осы Регламенттің 5-тармағының 31) тармақшасында белгіленген мерзімде Хаттама түрінде ресімделетін сәйкес ұсынымдарды әзірлеп шығарады;
33) аттестаттау Комиссиясының ұсынымдары мен аттестаттық тексеру актісінің негізінде Агенттік негізінде күнтізбелік бір күннің ішінде келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
аттестатты беру туралы;
көрсетілетін қызметті алушының айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы (бұл шешім ақпараттық жүйені аттестаттау жүргізу өтінішіне бір реттен артық қабылданбайды);
34) аттестатты беру туралы шешім қабылданған жағдайда, басқарманың бас сарапшысы сәйкестік аттестатын басып шығарады, аттестаттар тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізеді және осы Регламенттің 5-тармағының 33) тармақшасында белгіленген мерзімде сәйкестік аттестатын, аттестаттау комиссиясының хаттамасы мен аттестаттық тексерудің актісін ілеспе хатпен Агенттіктің кеңсесі бөліміне жібереді;
35) Агенттік кеңсенің қазметкері құжаттар ілеспе хатпен Департаменттен осы Регламенттің 5-тармағының 34) тармақшасына сәйкес келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оны шығыс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
36) өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқарманың бас сарапшысы аттестаттық тексеру актісі мен хаттаманы ілеспе хатпен Агенттіктің кеңсесі бөліміне жібереді;
37) Агенттік кеңсесінің қазметкері ілеспе хат басқармадан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оны шығыс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
38) көрсетілетін қызметті алушы аттестаттық тексеру актісі Агенттіктен келіп түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестаттық тексеріс кезінде айқындалған сәйкессіздіктерді жояды және Агенттікті олардың жойылғаны туралы хабардар етеді;
39) Агенттік кеңсесінің қазметкері хат көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оны тіркейді және Агенттіктің басшысына қарау үшін жібереді;
40) Агенттік басшысы құжат кеңседен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде хатты қарайды және Агенттік Департаментінің директорына оны қарауды тапсырады;
41) Агенттік Департаментінің директоры хат Агенттік басшысынан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде хатты қарайды және басқарма басшысына оны қарауды тапсырады;
42) басқарма басшысы хат Агенттік Департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хатты қарайды және басқарманың
бас сарапшысына оны қарауды тапсырады;
43) басқарманың бас сарапшысы хат басқарма басшысынан келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қосымша аттестаттық тексеріс жүргізу қажеттігі туралы хат дайындайды және оны Агенттіктің кеңсесіне жібереді;
44) Агенттік кеңсесінің қызметкері хат Агенттіктің Департаментінен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде оны шығыс корреспонденция журналында тіркейді және Кәсіпорынға жолдайды;
45) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері хат Агенттіктен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде хатты қабылдауды, ашуды және кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді де хатты Кәсіпорын басшысына қарау үшін жібереді;
46) Кәсіпорынның басшысы хат кеңседен келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде хатты қарайды және оны Кәсіпорын Департаментінің директорына қарау үшін жібереді;
47) Кәсіпорын Департаментінің директоры хат Кәсіпорын Департаментінің басшысынан келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде оны қарайды және Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасарына жібереді;
48) Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасары хат Кәсіпорын Департаментінің директорынан келіп түскен сәттен бастап бір сағаттың ішінде хатты қарайды және оны Қызметтің бастығына жібереді;
49) Қызметтің бастығы хат Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасарынан келіп түскен сәттен бастап он бес минуттың ішінде хатты қарайды және оны Қызметтің бас маманына жібереді;
50) Қызмет маманы хат Қызметтің бастығынан келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қосымша аттестаттық тексеруді жүргізеді;
51) қосымша аттестаттық тексеру жүргізілгеннен кейін осы Регламенттің 5-тармағының 24) -33) тармақшаларына сәйкес іс-әрекеттер жүзеге асырылады.
6. Келесі процедураны (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураның (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) кіріс нөмірімен корреспонденцияны тіркеу;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті және қоса берілген құжаттарды тексеру;
3) өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды ілеспе хатпен Кәсіпорынға жіберу;
4) Кәсіпорын кеңсесі қызметкерінің корреспонденцияны тіркеуі;
5) шарт жасасу;
6) аттестаттық тексерісті жүргізу;
7) Кәсіпорын басшысы қол қойған аттестаттық тексерістің актісін Агенттікке жіберу;
8) аттестаттау комиссиясын шақыру және отырысы;
9) аттестатты беру немесе көрсетілетін қызметті алушының айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылдау.
3. Агенттіктің және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Агенттіктің және Кәсіпорынның мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) Агенттік кеңсесінің қызметкері;
2) Агенттік басшысы;
3) Агенттік Департаментінің директоры;
4) Агенттік Департаменті басқармасының бастығы;
5) басқарманың бас сарапшысы;
6) Агенттік кеңсесінің қызметкері;
7) Кәсіпорын басшысы;
8) Кәсіпорын Департаментінің директоры;
9) Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасары;
10) Қызмет бастығы;
11) Қызметтің маманы;
12) ӘҚЖ департаментінің директоры;
13) Бөлім бастығы;
14) Бөлім маманы;
15) аттестаттау Комиссиясы.
8. Агенттік пен Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы процедуралар (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) Агенттік кеңсесінің қызметкері өтініш берілген ілеспе хатты қабылдауды, ашуды және тіркеуді жүргізеді;
2) Агенттік басшысының жауапты Департаментті таңдауы (резолюциясы);
3) Агенттік Департаменті директорының басқарма бастығына қарау үшін жазылған резолюциясы;
4) басқарма бастығының басқарманың бас сарапшысына қарау үшін жазылған резолюциясы;
5) басқарманың бас сарапшысы өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген нысан мен жиынтылыққа қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
6) Кәсіпорын кеңсесінің қызметкері өтініш қоса берілген ілеспе хатты қабылдауды, ашуды және кіріс корреспонденцияны кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді;
7) Кәсіпорын басшысының жауапты Департаментті таңдауы (резолюциясы);
8) Кәсіпорын Департаменті директорының Кәсіпорын Департаменті директорының орынбасарына қарау үшін жазылған резолюциясы;
9) Департамент директоры орынбасарының Қызмет бастығына қарау үшін жазылған резолюциясы;
10) Қызмет бастығының Қызметтің маманына қарау үшін жазылған резолюциясы;
11) Қызметтің маманы шартты жасасақан сәттен бастап ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық тексеруді жүргізеді.
9. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау» мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін блок-схема осы Регламентке сәйкес 1-қосымшада беріледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі процедуралардың (іс-әрекеттердің), Агенттіктің және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамасы «электрондық үкіметтің» веб-порталында және Агенттіктің www.aci.gov.kz интернет-ресурсының «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |