Регламенті Жалпы ережелер 1



Дата13.06.2016
өлшемі168.43 Kb.
#131240
түріРегламент


Жамбыл облысы әкімдігінің

20 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызметінің

регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Қызмет) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін Жамбыл облысының медициналық ұйымдары көрсетеді, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) www.egov.kz арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «12» қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.



3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған дәрежесі: автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерүшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

2) алушы - электрондық мемелкеттік қызмет алатын жеке немесе заңды тұлға;

3) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны пайдаланумен ақпаратпен өзара алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстардың пайдаланушыларына ұсыну бойынша қызмет;

4) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);

5) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭҮШ);

6) электрондық сандық қолтаңба – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың нақтылығын, оның тиістілігін және мағынасының өзгермегенін растайтын электрондық сандық белгілердің жинағы (бұдан әрі – ЭСҚ);

7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-сандық нысанда ұсынылған және электрондық сандық қолтаңба арқылы расталған құжат;

8) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

9) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, тапсыруға және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

10) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры – ақпаратты автоматты түрде жинастыруға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдарына және басқа субъектілерге өкілеттілігінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты мәлімет ұсыну мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құрастыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

11) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект (алушы, қызмет беруші);

12) құрылымдылық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) –мемлекеттік органдардың, мекемелердің және өзге ұйымдардың тізілімі, олардың қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер;

13) автоматтандырылған жұмыс орны – АЖО.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет ұсынушы әрекетінің тәртібі

6. Қызмет берушiнiң ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi (Қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттенудің № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1) тұтынушы ЖСН және пароль көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-та тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-үдеріс – тұтынушының қызмет алу үшін ЭҮП-та ЖСН мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-та тексеру;

4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-тың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс - тұтынушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанын толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ тұтынушының сұрау салуды растау (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт - ЭҮП-та ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭСҚ тіркеу куәлігіндегі ЖСН/БСН арасында);

7) 4-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды тұтынушының ЭЦҚ арқылы растау және электрондық құжатты (сұрау салуды) қызмет берушінің өндеуі үшін ЭҮШ арқылы АЖО-на жіберу;

9) 6-үдеріс – электрондық құжатты қызмет берушінің АЖО-да тіркеу;

10) 3-шарт - қызмет берушінің электрондық құжаттың (сұраудың) қызмет көрсету үшін негіздерінің сәйкестіктерін тексеруі (өңдеуі);

11) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-үдеріс – тұтынушының АЖО-мен қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат түрінде тіркеу туралы анықтама(талон) беру) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптастырылады.

7. Қызмет берушiнiң қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттенудің № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ЖСН және парольді (авторизациялау үдерісі) АЖО-ға енгізуі;

2) 2-үдеріс - қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау салудың нысанын шығару және қызмет беруші қызметкерінің тұтынушының деректерін енгізуі;

3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы МДБ «ЖТ» тұтынушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

4) 1-шарт - МДБ «ЖТ» тұтынушы деректерінің болуын тексеру;

5) 4-үдеріс - МДБ «ЖТ» тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс - қызмет беруші қызметкерінің сұрау салудың нысанын толтыруы және ЭСҚ арқылы қызмет көрсету үшін толтырылған сұрау нысанын (енгiзiлген деректерді) куәландыру;

7) 6-үдеріс – электрондық құжатты қызмет берушінің АЖО-да тіркеу;

8) 2-шарт – қызмет берушінің электрондық құжаттың (сұраудың) қызмет көрсету үшін негіздерінің сәйкестіктерін тексеруі (өңдеуі);

9) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

10) 8-үдеріс – тұтынушының қағаз түрінде (еркін үлгісінде) тіркеу туралы қызмет нәтижесін (анықтама (талон) беру) алуы.

8. Қызмет көрсету үшін сұрау салу үлгісін толтырудың іс-әрекеттерінің сипаттамасы:

1) тұтынушының ЖСН, логин мен парольді ЭҮП кіру үшін енгізуі;

2) осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдап алу;

3) «on-line қызметіне тапсырыс» кнопка көмегімен қызметке тасырыс беру;

4) электрондық түрде сұрау толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу:

ЭҮП тұтынушының тіркелуі нәтижесі бойынша ЖСН автоматты түрде таңдалады;

тұтынушы «сұрауды жіберу» кнопка көмегімен сұрауды куәландыруға (қол қоюға) көшуді жүзеге асырады;

5) тұтынушының ЭСҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6) ЭСҚ бойынша сұраудың куәландыруын «қол қою» кнопка көмегімен тұтынушы сұрауды куәландырады (қол қояды), содан соң сұрау қызмет берушінің АЖО өңдеуге жіберіледі;

7) қызмет берушінің АЖО сұрау өңделеді;

8) тұтынушының дисплей экранында келесі ақпарат шығарылады:

ЖСН, сұрау нөмірі, қызмет түрі, сұрау мәртебесі, қызмет көрсету мерзімі;

«Статусты жаңарту» кнопка көмегімен тұтынушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін көріп шығуға мүмкіндік беріледі;

ЭҮП жауап алғаннан кейн «нәтижені көріп шығу» кнопкасы пайда болады.

9. Сұрауды өңдеуден кейін тұтынушыға келесі тәсілмен сұрауды өңдеу нәтижелерін көріп шығуға мүмкіндік беріледі:

«ашу» кнопканы басудан кейін сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады.

10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қажетті ақпарат пен кеңесті ЭҮП call-орталығының телефоны бойынша алуға болады: (1414).
3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
11. Қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:

Қызмет беруші;

ЭҮП;

ЭҮШ;


Қызмет берушінің АЖО-сы;

МДБ «ЖТ»;

12. Әр іс-қимылдың орындау мерзімі көрсетілген ҚФБ қисындық реттілік іс-әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы (рәсімдер, функциялар, операциялар) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

13. Іс-әрекеттердің қисындық реттілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін диаграммалар олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

14. Осы Регламенттің 3-қосымшасында хабарлама үлгісін қоса электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болатынына сәйкес өтініштер бланкілердің үлгілері және қалыптары көрсетіледі.

15. Алушы тарапынан электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) жасырын (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) бүтіндік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);

3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

1) интернетке кіру;

2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;

3) ЭҮП авторизациялау;

4) тұтынушының ЭСҚ болуы.

«Медициналық-санитариялық алғашқы

көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

электрондық мемлекеттік қызметі регламентінің

1-қосымшасы


1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы


1

Iс-қимыл № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Алушы

ЭҮП

Алушы

ЭҮП

Алушы

Қызмет берушінің АЖО

Қызмет берушінің АЖО

Қызмет берушінің АЖО

3

Iс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН және пароль бойынша ЭҮП авторизациялау

Алушының деректеріндегі бұзушылықтарына байланысты бас тарту туралы хабарлама жасайды

Алушының ЭСҚ таңдау сұрауы бойынша қызметті қалыптастырып таңдайды

Алушының ЭСҚ деректерінде бұзушылықтарына байланысты бас тарту туралы хабарлама жасайды

Алушының ЭСҚ арқылы куәландыру (қол қою) және сұрауды қызмет берушінің АЖО жіберу

Құжатты тіркеу

Алушының деректеріндегі бұзушылықтарына байланысты бас тарту туралы хабарлама жасайды

Алушының қызмет нәтижесін алуы (электрондық құжат түрінде тіркеу туралы анықтама (талон) беріледі)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық шешiмi)

Сұраудың ойдағыдай қалыптасуы туралы хабарламаны беру

Сұрау салған электрондық мемелекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау

Сұрауды бағыттау

Сұрау салған электрондық мемелекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама жасау

Сұрауды бағыттау

Өтінішке нөмір берумен, сұрауды тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатты көрсету

5

Орындау мерзiмi

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 минут

1,5 минут

30 сек – 1 минут

1 минут

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2-егер алушының деректерінде бұзушылық болған жағдайда;

3-авторизация ойдағыдай өтті



-

4-алушының деректерінде бұзушылық болған жағдайда;

5-бұзушылық болмаған жағдайда



-

-

7-алушының деректерінде бұзушылық болған жағдайда;

8-бұзушылық болмаған жағдайда



-

-


2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы


1

Iс-қимыл № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

Қызмет беруші

Қызмет беруші

МДБ ЖТ/МДБ ЗТ

Қызмет беруші

Қызмет берушінің АЖО

Қызмет берушінің АЖО

Қызмет берушінің АЖО

3

Iс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН және пароль арқылы қызмет берушінің АЖО авторизациялау

Қызмет берушінің қызметкерінің қызметті таңдауы

МДБ ЖТ/МДБ ЗТ алушының деректері туралы сұрау жіберу

МДБ ЖТ/МДБ ЗТ деректердің жоқ болуы туралы хабарлама жасайды

Сканерленген құжаттарды тіркеумен сұрау үлгісін толтыру және ЭСҚ куәландыру

Құжатты тіркеу

Алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама жасайды

Алушының қызмет нәтижесін алуы (еркін үлгіде қағаз түрінде тіркеу туралы анықтама (талон) беріледі)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық шешiмi)

Өтінішке нөмір берумен жүйеде сұрауды тіркеу

Сұраудың ойдағыдай қалыптасқаны туралы хабарлама көрсетіледі

Сұрауды бағыттау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Сұрауды бағыттау

Өтінішке нөмір берумен жүйеде сұрауды тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесін қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

10-15 сек

10 сек

1,5 минут

10-15 сек

10-15 сек

1,5 минут

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

-

-

4-алушының деректерінде бұзушылық болған жағдайда;

5-бұзушылық болмаған жағдайда



-

6

7-алушының деректерінде бұзушылық болған жағдайда;

8-бұзушылық болмаған жағдайда



-

-

«Медициналық-санитариялық алғашқы

көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

электрондық мемлекеттік қызметі регламентінің

2-қосымшасы
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық іс-қимылдарының №1 диаграммасы

Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық іс-қимылдарының №1 диаграммасы



Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиғалар



Қате



Ақпараттық жүйе


Үдеріс


Үдеріс



Шарт






Басқару ағыны




Хабарламалар ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Медициналық-санитариялық алғашқы

көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

электрондық мемлекеттік қызметі регламентінің

3-қосымшасы
«Сапа» және «қолжетімділік» электрондық мемлекеттік қызметтің көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу электрондық мемлекеттік қызметі

 

1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің үдеріс сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?



1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

 

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі жөніндегі ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?



1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

_____________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет