Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы «___» ________
№ _____ қаулысына
4-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы «27» шілдеде
№ 277 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) көрсетілетін қызметті беруші және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 39 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес өтініш беру мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
-
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе әкімге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
-
әкім құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, журналға тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтінішті қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
-
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
-
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, сондай-ақ, Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «АХАЖ» АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді немесе әкімге береді. Нәтижесі – куәлікті береді.
8) әкім дайын куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
-
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
-
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
-
әкім.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) реттiлiгiн сипаттау:
-
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе әкімге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
-
әкім құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, журналға тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтінішті қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісімен өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды;
-
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
-
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, сондай-ақ, Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін «АХАЖ» АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді немесе әкімге береді;
8) әкім дайын куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлік береді.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, қолхатта көрсетіледі:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда, өтінішті қабылдап алудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
3) Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтаушы секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1(бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, сондай-ақ, Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін «АХАЖ» АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьеріне береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және береді;
10) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарды беру секторына 1 (бір) күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
11) Мемлекеттік корпорацияның дайын құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, журналға тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтінішті қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды.
келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды.
ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, сондай-ақ, Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін «АХАЖ» АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды.
куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді.
дайын куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді немесе әкімге береді.
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік; көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-әрекеттері;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекеттің) және (немесе) ҚФБ
атауы;
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |