«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз тасымалдағыштағы бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
4. Өтініш және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) бала асырап алуды тіркеу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш және қажетті құжаттар келіп түскен соң көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін «Азаматтық хал актісінің жазбасы" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады – 1 жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті қалыптастырғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 минут ішінде;
2) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш және қажетті құжаттар келіп түскен соң көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, бақылауға қояды және көрсетілетін қызметт берушінің басшысына қарауға береді – 20 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін «Азаматтық хал актісінің жазбасы» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады – 14 күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті қалыптастырғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 минут ішінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа
қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимылдардың тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
|
«Бала асырап алуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
| «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Достарыңызбен бөлісу: |