Регламенті Жалпы ережелер «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»



Дата23.02.2016
өлшемі93 Kb.
#5440
түріРегламент


Павлодар облысы әкімдігінің

2013 жылғы ___________

№ _____ қаулысымен

бекітілді




«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – элек-трондық мемлекеттік қызмет) «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

Рәсімделген құжаттарды қабылдау және беру әкімдікпен немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (бұдан әрі - Орталық) сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы көрсетіледі.

Шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті ұтқыр Орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицен-зияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регла-ментінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);

2) алушы – жеке және заңды тұлға;

3) бизнес сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

4) Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – нотариустардың тиімді жұмысын және олардың республикалық және аумақтық нотариалдық палаталармен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ халықты сапалы құқықтық нотариалдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін құрылған бағдарламалық- аппараттық кешен (бұдан әрі - БНАЖ);

5) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

6) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіп-керлік түрінде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптасты-рылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталық-тарының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ тиісті министрліктермен және ведомстволармен қызметтер ұсыну үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);

8) алушы (тұтынушы) – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурс-тарды алу үшін ақпараттық жүйеге кіретін және оларды пайдаланатын субъекті;

9) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

10) электрондық құжат – онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен куәландырыл-ған құжат;

11) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасымалдағыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;

12) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

13) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда, барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа және Электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ҮЭП);

14) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлға-лардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);

15) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

17) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Респуб-ликасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Респуб- ликасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтан-дырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);

18) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Респуб-ликасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автомат-тандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нө-мірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);



19) құрылымдық-функционалдық бірліктер – белгілі кезеңде электрон-дық қызмет көрсетуге қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері және т.б. (бұдан әрі – ҚФБ);
2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметінің тәртібі
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған элек-трондық мемлекеттік қызметті көрсетуі кезіндегі қадамдық әрекеттері мен шешімдері (функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1) алушы ЭҮП-те тіркелуді алушы компьютерінің интернет-браузеріне сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-үдеріс – алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін алушының ЭҮП-ке парольді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт– логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;

4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-тің авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-те көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін ақы төлеу фактісін тексеру;

8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төленген ақының болмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарла-маны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);

13) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;

14) 4-шарт – алушының біліктілік талаптарына және электрондық мем-лекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;

15) 10-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемле-кеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;


      16) 11-үдеріс – алушының ЭҮП қалыптастырған электрондық мемле- кеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрон-дық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалып-тастырылады.

7. Қызмет беруші арқылы көрсетілетін ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық әрекеттер мен шешімдер (функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы қыз-мет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұқалығын тексеру;

3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылық-тардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабар-ламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ның қалыптастыруы;

4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің алушының деректерін енгізуі;

5) 4-үдеріс –ЭҮШ арқылы алушының деректері туралы сұрау салуды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ)»/ «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) жолдауы;

6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің болуын тексеру;

7) 5-үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің болмауына бай-ланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-үдеріс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

9) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е- лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;

10) 3-шарт – алушының біліктілік талаптарына және электрондық мем-лекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;

11) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемле-кеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицен- зияны) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

8. Орталық арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемле-кеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық әрекеттер мен шешiмдер (функ-ционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) осы Регламенттiң 2-қосым-шасында келтірілген:

1) 1-үдерiс – Орталық операторының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ның автоматтандырылған жұмыс ор-нында (бұдан әрі – АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

2) 2-үдеріс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген элек-трондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Орталық операто-рының алушының деректерін, сонымен қатар алушы өкілі сенімхатының деректерін енгізу (нотариаттық куәландырылған сенімхат болғанда, басқа куәландырылған сенімхат болғанда – сенімхат деректері толтырылмайды);

3) 3-үдеріс - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға ЭҮШ арқылы алушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-ға алушы өкілі сенімхатының деректері туралы сұрау салуды жолдауы;

4) 1-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;

5) 4-үдеріс - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс – Орталық операторының сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыруы және алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына тіркеуі және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;

7) 6-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға ЭҮШ арқылы Орталық операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) жолдауы;

8) 7-үдеріс - электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу;

9) 2-шарт – қызмет берушінің Стандартта көрсетілген алушының қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

10) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптас-тыру;
      11) 9-үдеріс - алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицен-зияны) Орталық операторы арқылы алуы.

9. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу және жауап беру нысандарын толтыру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында, сондай-ақ қызмет берушінің және Орталықтың интернет-ресурсында келтірілген.

10. Алушының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сұрау салудың орындалу дәрежесін тексеру тәсілі: ЭҮП-те «Қызметті алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге және Орталыққа жүгіну кезінде.

11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақ-паратты және кеңесті call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға болады.


3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде өзара әрекеттесу тәртібінің сипатамасы
12. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын АЖ, ҚФБ:

1) ЭҮП;


2) ЭҮШ;

3) ЭҮТШ;


4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

5) ЗТ МДБ;

6) ЖТ МДБ;

7) БНАЖ;


8) Орталық;

9) Басқарма.

13. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылдарының (рәсімдерінің, функцияларының, операцияларының) дәйек-тілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

14. Іс-қимылдардың логикалық дәйектілігінің арасындағы (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі) өзара байланысты олардың сипатта-маларына сәйкес көрсететін диаграмма осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген

15. Осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында бланкілердің нысандары, үлгілері ұсынылған, оларға сәйкес хабарлама нысандарын қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (шығыс құжаты) ұсынылуы тиіс.

16. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіш-терімен өлшенеді.

17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарты:

1) Интернетке шығу;

2) электрондық мемлекеттік лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН-нің болуы;
      3) авторизациялау;

4) пайдаланушыда ЭЦҚ-ның болуы;



5) банк карточкасының немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет