12
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы
«_____» ____________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электронды мемлекеттік қызметінің регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электронды мемлекеттік қызмет"і «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-қызмет көрсетуші) «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталында www.elicense.kz, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы ұсынылады.
2. Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электронды мемлекеттік қызметі (бұдан әрі -электронды мемлекеттік қызмет) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйекте №1173 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негізінде ұсынылады.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшысына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылынық) сипаттамасын да белгілейді.
3. Электронды мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялы.
5. Осы электронды мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі-Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру мен ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі-АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – барлық жинақталған үкіметтік ақпаратқа, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаға және электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірыңғай терезе түріндегі ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
4) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - нотариалдық қызметтің автоматтандырылуы және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара әрекеттесуі үшін арналған ақпаратты-бағдарламалық кешен (бұдан әрі-БНАЖ);
5) «электрондық үкіметтің» шлюзі -электронды қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкіметтің» ақпараттық жүйелерінің кірігуі үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан
әрі – ЭҮТШ);
7) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – ақпаратты автоматтандырылған түрде жинауға, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдары мен басқа да субъектілерге, олардың өкілеттіктері шегінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар туралы өзекті әрі шынайы мәлімет ұсыну мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
8) «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
9) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ, тиісті министрліктер мен ведомстволармен халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (одан әрі – ХҚКО АЖ);
10) пайдаланушы- электронды мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;
11) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, соның ішінде дербес кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын әмбебап нөмір (бұдан әрі - ЖСН);
12) бизнес сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
13) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну қызметі;
14) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, тиістілігі мен мазмұнының өзгеріссіздігін растайтын электронды цифрлық белгілер жиынтығы (бұдан әрі-ЭЦҚ);
15) электрондық құжат – ақпарат электронды цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚТ арқылы куәландырылған құжат;
16) электронды мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
17) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;
18) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ ) – бұл қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелер тізбесі;
19) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны.
-
Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметінің тәртібі
6. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің №1 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) пайдаланушы интернет-браузерінде сақталатын, өзінің ЭҮП тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-на тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – пайдаланушының компьютеріндегі интернет-браузерге ЭҮП тіркеу куәлігін тіркеу, қызметті алуы үшін пайдаланушының паролін
ЭҮП-ге енгізу үдерісі (авторлау үдерісі);
3) 1-талап – тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы ЭҮП-де тексеру;
4) 2-үдеріс – пайдаланушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-де қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті сканерленген құжаттарды қоса беруі;
6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;
7) 2-талап – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;
8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – пайдаланушының сұрау салуды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-талап – пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-де тексеру;
11) 7-үдеріс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс – электрондық құжатты (пайдаланушының өтінімін) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өтінімін өңдеу;
14) 4-талап – Электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкестігін және лицензия алуға негіздемесін тексеру;
15) 10-үдеріс – пайдаланушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11-үдеріс-пайдаланушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған электронды мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
7. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің №2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) 1-үдеріс – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерінің қызмет алу үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізу;
2) 1-талап – электронды мемлекеттік қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген электронды мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет көрсетуші қызметкерінің алушы деректерін, алушының өкілі сенімхатының деректерін (нотариалдық куәландырылған сенімхат кезінде, сенімхат өзге куәландырылған кезде сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі;
5) 4-үдеріс – ЭҮП арқылы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-на пайдаланушының деректері, сондай-ақ БНАЖ-ға пайдаланушы өкілінің сенімхаты туралы сұрау жолдау;
6) 2-талап – пайдаланушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да деректерінің, БНАЖ-да пайдаланушы сенімхаты туралы деректердің болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – пайдаланушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің, БНАЖ-да пайдаланушы сенімхаты туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
9) 7-үдеріс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3-талап – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуші пайдаланушының біліктілік талаптарына сәйкестігін және лицензия алуға негіздемесін тексеру;
11) 8-үдеріс – пайдаланушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да бұзушылықтар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – ЭҮП-де қалыптастырылған электронды мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
8. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетушінің ХҚКО арқылы жүргізілетін қадамдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету барысында функционалдық әрекеттесу №3 диаграммада), осы Регламентке 2- қосымшада келтірілген:
1) 1-үдеріс- электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін Орталық операторының ХҚКО АЖ АЖО-нда логин мен парольді енгізуі (авторлау үдерісі);
2) 2-үдеріс – Орталық операторының, осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару мен пайдаланушының деректерін енгізу;
3) 3-үдеріс - ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ- на тұтынушының деректері туралы сұраныс жіберу;
4) 1-шарт -ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да пайдаланушы туралы деректердің болуын тексеру;
5) 4-үдеріс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да пайдаланушы туралы деректердің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама құру;
6) 5-үдеріс - Орталық операторының сұраныс нысанын, құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгіге қатысты бөлігінде толтыру және пайдаланушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеу, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
7) 6-үдеріс - Орталық операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжатты (пайдаланушының сұранысын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-на жіберу;
8) 7-үдеріс - электронды құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да тіркеу;
9) 2-шарт – электронды мемлекеттік қызмет көрсетушінің Стандартта көрсетілген, пайдаланушы тіркеген құжаттардың және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру;
10) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да пайдаланушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;
11) 9-үдеріс - пайдаланушының Орталық операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды лицензия) алуы.
9. Электронды мемлекеттік қызметке сұрау салу мен жауабын алу нысаны «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.
10. Сұранысты өңдеуден кейін пайдаланушы өңдеудің нәтижесімен келесі тәртіппен танысу мүмкіндігін алады:
«ашу» батырмасын басқаннан кейін дисплей экранына сұрау нәтижесі шығады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі пайдаланушы көрсеткен магнитті тасымалдауышта Adobe Acrobat пішімінде сақталады.
10. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call-орталық үнсандығы бойынша: (1414) алуға болады.
2. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету барысында өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасы
12. қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) пайдаланушы;
2) ЭҮП;
3) ЭҮШ;
4) ЭҮТШ;
5) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
6) ЖТ МДБ/ЗТ МДБ;
7) ХҚКО;
8) қызмет көрсетуші.
13. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
14. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
15. Пайдаланушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке
3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.
16. Пайдаланушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);
2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);
3) қол жетімдік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).
17. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің технологиялық шарты:
1) Интернетке шығу;
2) оған электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;
3) ЭҮП-мен авторлау;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |