Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 03 қыркүйектегі
№ 338 қаулысымен
бекітілген
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
31 наурыздағы № 183 бұйрығына сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі және жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды ұсынуы болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, Тіркелген тұрғындардың тіркелімінен тексереді, дәрігердің кабинетіне жібереді – 10 (он) минут;
2) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны қабылдайды және уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын және парақтарын беру кабинетіне жібереді – 10 (он) минут;
3) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын және парақтарын беру кабинетінің тіркеушісі парақтың төлқұжат бөлігін толтырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут;
4) дәрігер уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы толтырады және нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті алушыны қабылдау;
3) анықтаманың төлқұжат бөлігін ресімдеу;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
медициналық тіркеуші;
дәрігер;
уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын және парақтарын беру кабинетінің тіркеушісі.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:
1) медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, Тіркелген тұрғындардың тіркелімінен тексереді, дәрігердің кабинетіне жібереді – 10 (он) минут;
2) дәрігер көрсетілетін қызметті алушыны қабылдайды және уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын және парақтарын беру кабинетіне жібереді – 10 (он) минут;
3) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын және парақтарын беру кабинетінің тіркеушісі парақтың төлқұжат бөлігін толтырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут;
4) дәрігер уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы толтырады және нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға береді - 5 (бес) минут.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін
(іс-қимылдарын), өзара іс-қимылдары реттілігін толық сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсететін ұйымдардың тізбесі
Р/с №
|
Ұйымның атауы
|
Ұйымның мекенжайы
|
Жұмыс кестесі
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Петропавл қаласы,
Әуезов көшесі, 130
52-70-13
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Петропавл қаласы, Васильев көшесі, 123
50-27-23
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Петропавл қаласы, Юбилейная көшесі, «7а»
53-76-93
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 64
46-44-63
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
«Денсаулық» коммерциялық емес жеке меншік мекемесі
|
Петропавл қаласы,
Шухов көшесі, 34
51-19-29
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Хайыров көшесі 1
8(71533) 2-29-71
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Ақжар ауданы,
Талшық ауылы,
Әуезов көшесі, 19
8(71546)2-11-32
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Аққайың орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Аққайың ауданы,
Смирново ауылы, Молодежная көшесі, 6
8(71532) 2-16-28
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Есіл ауданы,
Явленка ауылы,
Амангелді Иманов көшесі, 78
8(71543) 2-16-95
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы,
Логовая көшесі, 46
8(71544) 2-11-03
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы,
Мира көшесі, 8
8(71531) 2-05-29
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Пирогов көшесі, 19
8(71538) 2-18-85
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Мамлют орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Мамлют ауданы,
Мамлютка қаласы
Аурухана қалашығы
8(71541) 2-25-23
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы,
Мир көшесі, 1
8(71535) 2-13-30
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тайынша орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Крыжановский көшесі, 72 8(71536) 2-12-57
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы, Горький көшесі, 1
8(71537) 2-05-93
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Уәлиханов орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы, Мәліков көшесі, 100
8(71542) 2-21-97
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
| -
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы,
Гончаров көшесі, 119
8(71534) 7-91-88
|
сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін
сенбі сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін
|
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан
еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің
анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, , тіркелген тұрғындар тіркелімі нен текесереді, статистикалық талон береді және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігердің қабылдауына жібереді (10 минуттан аспайды)
Көрсетілетін қызметті алушыны қабылдайды және уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтамалар мен парақтар беру кабинетіне жібереді
(10 минуттан аспайды)
-
мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
Достарыңызбен бөлісу: |