Регламенті Жалпы ережелер «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»



Дата21.06.2016
өлшемі43.38 Kb.
#151436
түріРегламент


Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 мамыр

№ 160/5 қаулысымен

бекітілді




«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты тіркеумен дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің, бас дәрігердің орынбасарының қолы қойылған, ұйымның мөрімен және бұрыштама мөртабанымен расталған «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша қағаз түрінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

дәрігер клиникалық тексеріс жүргізеді және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын толтырады (15 минуттан аспайды);

еңбекке жарамсыздығының ұзақтығына байланысты бөлімше меңгерушісі немесе бас дәрігердің орынбасары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тексереді және оған қол қояды (10 минуттан аспайды);

сырқат парақтарын беру кабинетінің медициналық қызметкері еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркейді, ұйымның мөрімен және бұрышты мөртабанымен растайды және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі (5 минуттан аспайды).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты тіркеумен дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің, бас дәрігердің орынбасарының қолы қойылған, ұйымның мөрімен және бұрыштама мөртабанымен расталған «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша қағаз түрінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы.




3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

дәрігер;


бөлімше меңгерушісі;

бас дәрігердің орынбасары;

сырқат парақтарын беру кабинетінің медициналық қызметкері.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 2- қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті

берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.





«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша




«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің

анықтамалығы




Шартты белгілер:


- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;



скругленный прямоугольник 55

- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің (іс-қимылдың) атауы;

- келесі процедураға (іс-қимылға) көшу.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет