Регламенті Жалпы ережелер «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»



Дата07.07.2016
өлшемі93.06 Kb.
#182992
түріРегламент


Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 сәуірдегі

№ А-4/130 қаулысымен бекітілді

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) аудандардың және облыс маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

3) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тағайындау туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 20 минут. Нәтижесі –көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округтің әкімі құжаттармен танысады – 20 минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны белгілеу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – құжаттарды учаскелік комиссияның қарауына жіберу;

4) учаскелік комиссия көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) материалдық жағдайын тексереді - 1 жұмыс күні. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісі және көрсетілетін қызметті алушыға атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды).

5) ауылдық округ әкімі тексеру актісімен және қорытындысымен танысады – 9 жұмыс күні. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге тексеру актісін және қорытындыны жіберу;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тексеру актісімен және қорытындысымен танысады – 6 жұмыс күні. Нәтижесі – мемелекеттік қызмет тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау;

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттармен танысады – 20 минут. Нәтижесі - мемелекеттік қызмет тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаға қол қою;

8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетік қызметті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді немесе ауылдық округтің әкіміне жолдайды – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы;

9) ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 20 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қояды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкелерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) ауылдық округ әкімі;

2) уәкілетті органның басшылығы;

3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

4) учаскелік комиссия.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды - 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды - 1 жұмыс күні;

4) учаскелік комиссия тексеру актісін ауылдық округ әкіміне немесе көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 2 жұмыс күні;

5) ауылдық округ әкімі тексеру актісін уәкілетті органға жолдайды - 9 жұмыс күні;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 15 минут;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілген мемлекетік қызметтің нәтижесін береді немесе ауылдық округ әкіміне мемлекеттік қызметті тағайындау туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді - 15 минут.

8. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электронды-цифрлық қол қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі:

төмендегілерді көрсету арқылы, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:

өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;

сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса ұсылынған құжаттардың саны мен атауы;

құжаттың берілген мерзімі, уақыты мен орны; құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефондары.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында, көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жіберіледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру (немесе бермеу туралы хабарлама) «терезе» арқылы жеке өзі орталыққа өтініш білдірген жағдайда іске асырылады.

13. Егер де, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алу үшін орталыққа уақытында өтініш білдірмеген болса, онда орталық құжаттардың сақтауын 1 ай қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсету арқылы қолхат береді.

14. Бас тартылған жағдайда, Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 күн ішінде хабарлайды және мемлекеттік мекеменің бас тарту туралы жазбаша негіздемесін береді.

15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден:

балалар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болған кезде бас тартылады. 


      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуі 2-қосымшада келтірілген.



«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне 1-қосымша

Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы




Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы, жұмыс легі)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы


көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 20 минут

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды - 1 жұмыс күні

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды - 20 минут



ауылдық округ әкімі тексеру актісін уәкілетті органға жолдайды - 15 жұмыс күні




көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілген мемлекетік қызметтің нәтижесін береді немесе ауылдық округ әкіміне мемлекеттік қызметті тағайындау туралы хабарламаны жібереді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді - 15 минут




Ескерту: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік



«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне 2-қосымша

Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы




Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы, жұмыс легі)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы


көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды - 1 жұмыс күні

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 20 минут

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қол қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды - 20 минут

Орталық қызметкері құжаттардың түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды

Жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін тағайындау жайында хабарлама жасайды немесе қызметті мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды-5 жұмыс күні




көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 20 минут

ауылдық округ әкімі қарау актісін уәкілетті органға жолдайды - 9 жұмыс күн





Орталық көрсетілетін қызметті алушыға тағайындау хабарламасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.


көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі орталыққа тағайындау хабарламасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.




Ескерту: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет