Регламенті Жалпы ережелер Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»



Дата03.07.2016
өлшемі118.77 Kb.
#175459
түріРегламент


Аудан әкімдігінің

2013 жылғы 1 наурыздағы № 65

қаулысымен бекітілген


«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының  9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган). Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде селолық округтің әкімі мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091100, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 16, asp_terekta @mail.kz, телефон 8(71132) 23256.

Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламентке 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама (бұдаен әрі - анықтама), не қызметтен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) селолық округ әкімі;

2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес берілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы

әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет


көрсету регламентіне 1-қосымша


Селолық округтер әкімі аппараттарының тiзбесі


№ р/с

Атауы

Заңды мекен - жайы

Байланыс телефоны

1

«Аксуат селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091103

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақсуат ауылы

Центральная көшесі, 20


8(71132)31336

2

«Богдановка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091107

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Богдановка ауылы

Советская көшесі, 1


8(71132)33134

3

«Долин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091108

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Долин ауылы

Ауэзов көшесі, 43


8(71132)34198

4

«Новопавловка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091113

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Новопавловка ауылы

60-лет октябрь көшесі,40


8(71132)31149

5

«Покатиловка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091117

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Покатиловка ауылы

Ленин көшесі, 42


8(71132)33571

6

«Подстепное селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091115

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Советская көшесі, 1а


8(71132)36461

7

«Приречное селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091119

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Приречное ауылы

Набережный көшесі, 10


8(71132)35510

8

«Придорожный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091118

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Придорожный ауылы,

Ленин көшесі, 20


8(71132)22766

9

«Төңкеріс селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс091123

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Төңкеріс ауылы

Центральная көшесі, 9


8(71132)33347

10

«Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091124

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ұзынкөл ауылы

Школьный көшесі, 4


8(71132)35316

11

«Шаған селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091112

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Жаңа Өмір ауылы

Парковая көшесі


8(71132)32546

12

«Федоровка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091100

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Ленин көшесі, 110


8(71132)23299

13

«Ақжайық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091101

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақжайық ауылы

Ленина көшесі, 4


8(71132)91416

14

«Аңқаты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091105

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Аңқаты ауылы

Целинная көшесі, 1


8(71132)93224

15

«Ақсоғым селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091102

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақсоғым ауылы

Қазақстан көшесі, 48


8(71132)95526

16

«Шалқар селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091120

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Сарыөмір ауылы

Ленин көшесі, 40


8(71132)94171

17

«Шағатай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091126

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шағатай ауылы

Т.Ишмакова көшесі, 23


8(71132)94316

18

«Көнеккеткен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 091111

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Көнеккеткен ауылы

О.Исаева көшесі, 15


8(71132)92333



«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы

әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара

әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Селолық округ әкімі




ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу



2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қою немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауап

2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қоюға немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


Орындау мерзімі 15 минуттан аспайды





«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы

әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін



растайтын анықтама беру» мемлекеттік

қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет