Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015жылғы « 11 » тамыздағы
№ 205 қаулысымен
бекітілген
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретінұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтіберуші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2015 жылғы14сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі -Стандарт) 1-қосымшаға сәйкестехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішінің (еркін нысанда) және құжаттарының болуы негіздемеболып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы мен тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға беруі.Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.
8.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің(іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы мен тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға беруі.Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |