2013 жылғы 14 ақпандағы №23
аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.
2. «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган).
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде ауылдық округтің әкімі мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Сырым ауданының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету түрi: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің, орталықтың стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/1, электрондық пошта: syrym_rozisp@mail.ru, телефоны: 8(71134) 31347.
Ауылдық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Орталықтың мекен-жайы: Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы Қазақстан көшесі, 11/2. телефоны: 8(71134)31447.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
уәкілетті органда – он жұмыс күн ішінде;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – отыз күнтізбелік күннен аспайды;
орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта және ауылдық округтің әкімінде 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда 15 минуттан аспайды, орталықта және ауылдық округтің әкімінде – 30 минут.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет:
тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында;
залда анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, үй-жай режимі – еркін.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.
13. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:
1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;
2) орталықта:
өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) ауылдық округінің әкімі;
2) орталық инспекторы;
3) уәкілетті органның қызметкері;
4). уәкілетті органның басшысы.
16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3-қосымшада берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
18.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға
мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентінің
1-қосымшасы
Ауылдық округтер әкімі аппараттарының мекен-жайлары
Р/с №
|
Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары
|
Орналасқан мекен - жайы
|
Байланыс деректерi
|
1.
|
«Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 12
|
871134-31-218
871134-31-308
|
2.
|
«Бұлан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090903, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы, Школьная көшесі, 1
|
871134-31-221
871134-21-997
|
3.
|
«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090901, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы Советская көшесі, 19
|
871134-99-127
871134-99-135
|
4.
|
«Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090912, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тоғанас ауылы Коммунистическая көшесі, 1
|
871134-97-236
871134-97-221
|
5.
|
«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090902, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы Абай көшесі, 1
|
871134-31-215
871134-95-148
|
6.
|
«Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090910, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылы Коктобе көшесі, 5
|
871134-52-157
871134-52-158
|
7.
|
«Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090911, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы Сырым Дат Ұлы көшесі, 1
|
871134-52-236
871134-52-237
|
8.
|
«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090907, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы, Қособа көшесі 279
|
871134-31-220
871134-93-337
|
9.
|
«Сарой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090908, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Шағырлой ауылы Советская көшесі, 5
|
871134-92-178
871134-92-123
|
10.
|
«Жосалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090909, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қоңыр ауылы Жумагалиева көшесі, 1
|
871134-91-117
871134-91-112
|
11.
|
«Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090906, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қосарал ауылы Комсомольская көшесі, 1
|
871134-90-413
871134-90-465
|
12
|
«Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 090904, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Бұлдырты ауылы Маметов көшесі, 1
|
871134-92-329
871134-92-350
|
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға
мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
№ іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)
|
ҚФБ-1
Ауыл округінің әкімі
|
ҚФБ-2
Орталық инспекторы
|
ҚФБ -3
Уәкілетті органның қызметкері
|
ҚФБ -3
Уәкілетті органның басшысы
|
№1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды
тексереді, тіркейді және талон береді.
|
№1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды
тексереді, тіркейді және қолхат береді.
|
№1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.
|
№1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу
|
№2 іс-әрекет
Құжаттарды уәкілетті
органға жібереді
|
№2 іс-әрекет
Құжаттарды уәкілетті
органға жібереді
|
№2 іс-әрекет
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау
|
№3 іс-әрекет
Тұтынушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді
|
№3 іс-әрекет
Тұтынушыға уәкілетті органнан АӘК тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді
|
№3 іс-әрекет
Тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру
|
Орындау мерзім:
уәкілетті органда – он жұмыс күн ішінде;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімі – отыз күнтізбелік күн ішінде;
орталықта – он жұмыс күні ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді);
|
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға
мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Уәкілетті орган мен ауылдық округ әкіміне жолыққанда
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға
мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Орталыққа жолыққанда
Достарыңызбен бөлісу: |