Бекітемін жшс «Ақәлем 2» «Болашақ» балабақшасы Меңгерушісі: А. Б. Қосақ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ас үй қызметкеріне арналған



Дата10.03.2024
өлшемі14.48 Kb.
#494853
нұсқаулық аспазшы


БЕКІТЕМІН

ЖШС «Ақәлем 2» «Болашақ» балабақшасы

Меңгерушісі: А.Б. Қосақ ________

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша
ас үй қызметкеріне арналған
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жұмыс басталардың алдында арнаулы киімді кию, жұмысқа қажетті заттардың, жабдықтардың, құбыршүмектердің, желдету құралдарының ақаусыздығын тексеру.


2. Жуу үй-жайының еденіне ағаш торлардың орнатылуын талап ету.
3. Жұмыс киімінде түйреуіштерді, инелерді, шыны және де басқа сынатын заттарды ұстамау.
4. Жұмыс орнына жұмысқа пайдаланбайтын заттарды үймеу.
5. Ыдыстағы тамақ қалдықтарын ағаш күрекшемен, қылшықтық немесе шөптік қылшақпен тазалау.
6. Ыдыстағы тамақ қалдықтарын қақпағы бар банкаға жинау.
7. Жуған кезде ыдыстың қабырғаларына күш түсірмеу. Стакандарды жеке жуу.
8. Ыдысты сода, ізбес, қыша және де басқа химикаттардың қоспасы бар ерітінділермен жуған кезде қылшықтық қылшақты пайдалану.
9. Химикаттардың қоспасы бар ерітінділерден қолдың шамалы ғана күйгені сезілген кезде жұмысты дереу тоқтату және дәрігерден жәрдем сұрау.
10. Ыдыстарды ыстық сумен шаю үшін металл себеттер мен торларды қолдану.
11. Шанышқыларды, пышақтарды, қасықтарды және де басқа түскі ас заттарын, приборларды тазалау кезінде қылаулардан сақ болу.
12. Түскі ас приборларын қажау қайрағының көмегімен тазаламау.
13. Төгілген майды, тамақ қалдықтарын, ыдыстың сынықтарын және т. б. еденнен дереу жинап алу.
14. Салмағы 20 кг-нан артық, екеулеген кезде – 50 кг-нан артық заттарды көтермеу.
15. Жұмыс аяқталғаннан кейін жуылған ыдыстарды, приборлар мен бұйымдарды өз орындарына жинастыру.
16. Басқа жұмысқа (тіпті уақытша болса да) ауыстырған кезде бұл жұмыстың қауіпсіз әдістерін оқып-үйрену.
17. Жұмысқа байланысты жазатайым оқиға кезінде бұл туралы балабақша әкімшілігіне дереу хабарлау.
КЕЛІСІЛГЕН
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым


___________________________________ / ____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет