Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»



Дата01.07.2016
өлшемі68.01 Kb.
#169539
түріРегламент




Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «___»____________

қаулысына

6-Қосымша
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға;

2) уәкілетті орган - облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласында құрылымдық бөлімшесі;

3) Стандарт - «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашасындағы №1392 қаулысы.


2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы, 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдарда көрсетіледі.

Уәкілетті органдардың жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150-баптары, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашасындағы №1392 қаулысы негізінде көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты уәкiлеттi органда алуға болады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен қарастырылған.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар негіз болып табылады.

11. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) Уәкілетті органға Жерге орналастыру жобасын беру туралы тұтынушы Стандарттың 2-қосымшасында берілген нысан бойынша өтінішті ұсынады;

2) уәкілетті органның кеңсесі мемлекеттік қызмет алушыға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

- сұраудың нөмірі және қабылданған күні;

- сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

- қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

- құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

- мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі;

және қолма-қол келген құжаттарды басшылыққа ұсынады;

3) Уәкілетті органның басшылығы құжаттарды қарау үшін органның құрылымдық бөлімшесін анықтайды;

4) Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бастығы құжаттарды қарау үшін бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды.

5) Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, дәлелді бас тарту, мемлекеттiк қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарламаның жобасын немесе Жерге орналастыру жобасына қол қою үшін құжаттарды басшылыққа дайындайды;

6) Уәкілетті органның басшылығы Жерге орналастыру жобасына қол қояды, ал жауапты орындаушы елтаңбалы мөрімен куәландырады және жерге орналастыру жобаларын беру кітабында тіркейді

Немесе уәкілетті органның басшылығы дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарламаға қол қояды.

7) Уәкілетті органның кеңсесі бекiтілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасын мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарламаны жолдайды.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды уәкілетті органда қабылдау үшін тұлғалар саны кемінде 1 қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдiсiндегi iс-қимыл (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
13. Уәкілетті органда құжаттардың қабылдануы жер учаскесінің орналасқан жеріне сәйкес уәкілетті органның жауапты қызметкері арқылы жүзеге асырылады.

Тұтынушы уәкiлеттi органға құжаттарды тапсырғаннан кейiн тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы:

сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;

сұралынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;

мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтiнiш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы;

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіліп, қолхат берiледi.

14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы уәкiлеттi органға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдісiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылған:

1) уәкiлеттi органның кеңсесi;

2) уәкiлеттi органның басшылығы;

3) уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесінiң бастығы;

4) уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы;

16. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн тестiлiк кесте сипатында көрсеткен әкiмшiлiк iс-қимылдары (рәсiмдер) дәйектiлiгiнiң сипаттамасы және өзара iс-қимылы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдісiндегi әкiмшiлiк iс-қимылдардың қисынды сабақтастығы мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн кестелер осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.


5. Мемлекеттiк қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

18. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар).

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттiк қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жауап береді.
3. Жұмыс қағидаттары
19. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) түбегейлі және толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;

6) белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушы алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
7. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы мекенжайлары мен телефондары Стандарттың 1-қосымшасындағы тиісті уәкілетті органмен белгіленген жауапты лауазымды тұлғаға жүгіне алады.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мекенжайлары мен телефондары Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана), ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органының жауапты лауазымды тұлғасына жүгінуі арқылы асырады.

22. Мемлекеттік қызметті әдепсіз көрсеткен жағдайда, шағым мекенжайлары мен телефондары Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген және жергілікті атқарушы органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның аппарат басшысының атына жолданады.

23. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым пошта арқылы электрондық мекенжай арқылы (қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда), немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.

25. Қабылданған шағым жауапты кеңсе қызметкерімен кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні және берілген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері – күнтізбелік 30 күн, ал қосымша ақпарат алуды және зерделеуді талап етпеген жағдайда – күнтізбелік 15 күн.

Шағымды қарау нәтижелері жазбаша түрде пошта арқылы хабардар етіледі.



26. Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет