Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру»



Дата07.07.2016
өлшемі89.5 Kb.
#182923
түріРегламент

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат

министрінің

2011 жылғы «___»_____

№ _____ бұйрығымен

бекітілген

«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының

мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметтер регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;

2) орындаушы – міндетіне сараптама жүргізу мен Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытындыны беру туралы қорытынды беру жататын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің лауазымды тұлғасы;

3) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

4) сараптамалық комиссия – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен құрылған бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйелерінің техникалық талаптарға сәйкестігін сараптау жөніндегі комиссия.

2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, сондай-ақ, «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді.

3. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.

6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 31 шілдеде № 5732 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 330 бұйрығымен бекітілген Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес (Регламенттің 1 қосымшасы) компьютер жүйені бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытындыны, не болмаса бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі болып табылады және тұтынушыға пошта бойынша жіберіледі немесе тұтынушының қолына беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жылдамдатылған қызмет көрсету режімі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе


8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  1. мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

  2. құжаттарды тапсырғанға дейін барынша рұқсат етілген күту уақыты – 15 минут;

  3. мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут.

10. Осы Регламентте көзделген құжаттарда қателердің анықталуы, көрсетілген құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі және құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы және (немесе) компьютер жүйесінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе бас тарту үшін болып табылады.

11. Компьютер жүйенің бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) 1 кезең – Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтініші мен қосымшаларын тіркеу;

2) 2 кезең – Министрлік басшысының сараптаманы өткізетін орындаушыны, орынды және уақытты белгілеу;

3) 3 кезең – орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен қосымшаларды жіберуді жүзеге асыруы;

4) 4 кезең – Ережеде белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін айқындау мақсатында тұтынушының компьютер жүйесі мен құжаттар пакетін сараптауды сараптамалық комиссияның жүзеге асыруы;

5) 5 кезең – орындаушының қорытындыларды Министрліктің мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасын тұтынушыға беруді жүзеге асыруы.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды Министрліктің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
13. Тұтынушы өтінішінде көрсетілген тізім бойынша Министрліктің ҚҚҚ қызметкерімен қабылданылатын мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін құжаттар мен қосымшалар пакетін Министрлікке ұсынады. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртабанында, нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ рәсімделеді және тіркеледі. Тұтынушы Министрліктің ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады. Құжаттарды пошта бойынша берген жағдайда тұтынушы Министрліктің ҚҚҚ қарауға құжаттар пакетін қабылдау туралы мына телефон бойынша біле алады: 8 (7172) 74-10-03.

14. Тұтынушы Министрлікке мынадай құжаттар пакеті мен қосымшаларды береді:



  1. Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;

  2. компьютер жүйенің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының толық сипатын және еркін нысанда «Салық инспекторының жұмыс орны» режімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

  3. компьютер жүйенің функционалдық көшірмесін қамтитын компакт дискіні;

  4. компьютер жүйесін орнату және қосу жөніндегі нұсқаулықты;

  5. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  6. салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

  7. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;

  8. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
    11 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (өтініш беруші лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда ұсынылады);

  9. компьютер жүйесінің құрамына кіретін және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес сәйкестігін растайтын жататын техникалық және бағдарламалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

16. Тіркелген тиісті түрде рәсімделген құжаттар мен қосымшалар пакеті Министрлік басшысы, кейінен олар атқарушыға беріледі. Оларды алғаннан кейін атқарушы құжаттар мен қосымшалар пакетін сараптамалық комиссиясына сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.

Сараптама өткізу орны мен уақыты Министрлік басшылығымен белгіленеді.

Сараптамалық комиссия сараптамасының нәтижелері бойынша компьютер жүйелері Ережемен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жағдайда әрбір сараптамалық комиссия төрағасымен және мүшелерімен қол қойылатын екі данадағы қорытынды рәсімделеді. Рәсімделген қорытынды электрондық тасығышпен бірге атқарушыға беріледі.

Орындаушы қорытынды мен электрондық тасығышты алғаннан соң басқарманың мөрімен қорытындыны бекітіп, оның бір данасын электрондық тасығышпен тұтынушыға қоса береді.

Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті сараптамалық комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.

Қорытынды мен электрондық тасығыштың тұтынушыға беріліу берілген қорытындылар журналында тіркеледі.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар болған жағдайда Министрліктің уәкілеттік лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы толық ақпаратты Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс мекенжайында алуға болады, телефондары: 8 (7172) 74-03-24, факс: 8 (7172) 74-03-24.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы байланыс және ақпараттың жетекші вице-министрінің атына беріледі. Вице-министрдің азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпаратты 8 (7172) 74-01-23 телефоны бойынша немесе Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым арыз берушімен мына мекенжайда орналасқан орындаушыға беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй,14-кіреберіс.

Арыздарды қабылдаушы орындаушының жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.

Тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен сотқа шағымдануына құқылы.

Шағымдану рәсімі шағым жасау үшін ресми құжаттардың болуын көздемейді.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

Қабылданған арыз Министрліктің ҚҚҚ тіркеледі және арыз түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш беруші берілген шағымға жауапты өзі көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы алады.


«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Нысан
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің

бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы 

Астана қаласы                            20__ж. «___»____________


1. Өтініш беруші ______________________________________________

2. Өтініш берушінің орналасқан жері:

__________________ облысы ___________________________ қаласы

________________ ауданы ______________________ көшесі _____ үй

телефоны _________________ факсы ___________________________

3. ___________________________________________________________


                             (КЖ атауы)
__________________________________________________________________,

нұсқасы __________________, жасалған күні

Әзірлеуші ___________________________________________________

Әзірлеушінің орналасқан жері:

______________елі ________________ облысы ____________ қаласы

_____________ ауданы ____________ көшесі _________________ үй

телефоны _______________факсы ______________________________

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында көзделген техникалық талаптарға сәйкес.

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрі                  _________________
                                      (қолы)

М.О.

_______________________
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

1 кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы






Негізгі үдерістің әрекеттері (жүрісі, жұмыс ағыны)

1

Әрекеттің № (жүрісі,жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Орталық атқарушы органның қызметкері

Орталық атқарушы органның қызметкері

Орталық атқарушы органның қызметкері

Сараптама комиссиясы

Орталық атқарушы органның басшысы

3

Әрекеттің (үдерістің, операцияның, рәсімнің)атауы және олардың сипаттамасы

Сараптама өткізу үшін КЖ иелері құжаттарын қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру және КЖ-ге сараптама жүргізуді белгілеу немесе бас тарту бойынша шешімін бекіту

КЖ сараптамасын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Сәйкестік актіні құрастыру және қорытындыны дайындау. Ереженің талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсету арқылы хабарлайды

Қорытындыны беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Орталық атқарушы органға сәйкесінше шешімді бекіту үшін ұсыну

КЖ сараптама жүргізуді белгілеу немесе бас тарту туралы шешім

КЖ сараптау

Сәйкестік актіні құрастыру және қорытындыны дайындау

Қорытындыға қол қою

5

Орындалу мерзімі

15 минут

3 күнтізбелік күн

25 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

1күнтізбелік күн


«Компьютер жүйелерін бақылау-касса

машиналарының мемлекеттік тізіліміне

енгізу үшін қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша
Қорытынды беру бойынша үдеріс

3. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

Сәйкестік туралы актілер құрастыру







    
















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет