ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-18-23-1.09/01-2013ж. узнать
|
« Балық, ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы.
| Басылым № __
«__»_____2014ж.
|
« БАЛЫҚ, АРА ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ»
пәнінің 5В120100 -«Ветеринарлық медицина» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей 2014
Алғы сөз
1 .ҚҰРАСТЫРҒАН
Құрастырған.________ «___»____ 2014 ж., Серикова А.Т., в.ғ.к., профессор м.а.
қолы күні
«Ветеринарлық санитария» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Ветеринарлық санитария» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама «_____» __________2014 жыл, №____
Кафедра меңгерушісі ____________E.Омарбеков
2.2 Аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде
Хаттама «_____»__________ 2014 жыл, №_____
Төрайымы ___________________ А.Тлеубаева
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама «____» ____________2014 ж., №_____
ОӘК төрағасы___________________Г.Искакова
4. АЛҒАШРЕТ ЕНГІЗІЛДІ.
Тақырыбы № 1 Балықтың жас екендігін (балаусалығын) анықтау үшін сынама алу және органолептикалық зерттеу
Уақыты : 1сағ.
Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі балықтардың санитарлық сапасына үлгілер
Кесте: Балықтың химиялық құрамы.
Қолданылған әдебиеттер.
1. В.А.Макаров «Практиум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с.200-202;
2. Ш.Турсынкулов «Ветсанэкспертиза животноводства» Астана -2001г.с.127-134;
3.Г.В.Колоболотский «Лабораторные и практические занятия по ветсанэкспертизе» Сельхозгиз-1960г. с. 185-188
Сабақтың мақсаты: Студенттерді балықтың жас екендігіне (балаусалығын) органолептикалық зерттеу әдістерімен таныстыру және обьектілерде әдістемелік нұсқауды меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1. Зерттеуге сынама алу
2. Тірі балықты органолептикалық зерттеу және санитарлық баға беру.
3.Мұздатылған, тұздалған, суытылған,қақталған ысталған балықтарды органолептикалық зерттеу және санитарлық баға беру
4. Консервіленген балықтың органолептикалық көрсеткіштері
3-ші 4-ші сұрақтар бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне конспект жазу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Балық тұрақсыз өнім, сақтау шарттары ескерілмеген жағдайда жылдам бұзыла бастайды. Бұған балық бұлшықет ұлпасының болбыр құрылымы мен ылғалдылығының жоғары болуы, гликоген деңгейінің төмен болуы, қанықпаған май қышқылдары мөлшерінің жоғары болуы, балық сыртының шырыштанып тұруы, ферменттер белсенділігінің басым болуы қолайлы жағдай туғызады. Балықтың санитарлық зерттеуін сорты мен сапалылығын анықтау мақсатында жүргізеді. Балық зерттеуге тірідей, салқындатылған, мұздатылған, тұздалған, қақталған және ысталған күйінде түсуі мүмкін.
Балықтың партиясы деп атауы бір, өңдеу тәсілі мен сорты бір, бір өндіріс орынынан бес күн аралығында шығарылған және сапасын куәландыратын бір құжатпен рәсімделген өнімнің белгілі-бір мөлшерін айтады. Сондай-ақ, тірі балық партиясы балықтың бір түрінен ғана құралуы тиіс,ал көлік құралының бір бірлігіне салынатын теңіз балығының партиясы ұзындығы мен салмағы бірдей бір-екі балық түрінен құралуы мүмкін.Облыс, аймақ шегінен тыс жерлерге шығарылатын тірі балық партиясына малдәрігерлік куәлік жазылады. Әрбір партия зерттелуі тиіс.
Сынама алу
Өнімнің сапасын анықтау үшін зақымдалмаған тасымалдау ыдысындағы партияның әр жерінің кез-келген тұсынан таңдама алынады.
Партиядағы ішінде өнімі бар
тасмалдау ыдысының саны,
дана
|
Таңдама (тексеруге алынатын ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысы) мөлшері, дана
|
2-25
26-90
91-150
151-280
281-500
501-1200
1201-3200
3201-10000
10001-35000
35001-150000
|
2
3
5
8
13
20
32
50
80
125
|
Тірі балықтың сапасын бақылау үшін партияның әр жерінен сорттамай-ақ салмаққа шаққанда 3% дейін балық алынады. Бір ғана сапа көрсеткіші (органолептикалық, физикалық немесе химиялық) бойынша қанағаттанарлықсыз зерттеу нәтижесі алынғанның өзінде, алғашқы таңдама мөлшеріндей өнімді қайтадан зерттейді.
Өнім сапасына органолептикалық баға беру үшін жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес алынған тасымалдау ыдысынан 3-5кг өнімді немесе 3-5 бірлік тұтыну ыдысын, ал блок түрінде мұздатылған өнімдерден 1-2 блокты алып қарайды.
Бір дана балықтың салмағы 2 кг жоғары болса, тексеруге 3 данадан көп емес балықты алады.
Тұтыну ыдысының орамы мен өнім сапасының бүтіндігін сақтау (кеспей, тілмей, теспей, т.б.) шарты қойылған жағдайда, кесте бойынша алынған тасымалдау ыдысындағы барлық өнімге органолептикалық баға беріледі.
Зертханалық тексерулерге кесте бойынша алынып,беті ашылған ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысынан нүктелік сынамалар алады. Нүктелік сынама алу үшін органолептикалық зерттеуге қолданылған өнімді алуға рұқсат етіледі.
Әрбір беті ашылған, ішінде өнімі бар тасымалдау ыдысының әр жерінен үш-үштен нүктелік сынама (бір дана немесе, блок балықтың бөлігі, өте ұсақ балықтың бірнеше данасы немесе үштен бір бөлігі) алып, бір-біріне қосады да, салмағы 3,0 кг аспайтын біріктірілген сынама құрайды.
Біріктірілген сынаманы мұқият қарап, одан салмағы 3,0 кг аспайтын орташа сынама бөліп алады.
Балықтың орташа сынамасының салмағы төмендегідей болуы керек:
Балық данасының салмағы, кг
|
Орташа сынама салмағы
|
0,1 және одан да аз
0,-0,5
0,5-1,0
1 кг жоғары
|
0,3-0,5 кг
6 балық
3 балық
3 балықтың басына жақын жерден, орта тұсынан және құйрық жағынан денесінің жартысына дейінгі тереңдікте бұлшық еттің 3 көлденең кесіндісін (1,0 кг көп емес) алады
|
Блок түрінде мұздатылған өнімдердің орташа сынамасының жалпы салмағы 0,6 кг аспауы керек.
2. Органолептикалық зерттеу.
Сыртқы түрі мен түсін анықтау.
Өнімнің түсін, сыртқы түрі мен тері жабынының жағдайын визуальды жолмен анықтайды.
Өнімнің түсін жаңа кесілген көлденең тілікте анықтайды, тілікті еті мол жерден жүргізеді. Мұздатылған өнімді алдын-ала жібітіп алады. Тері асты ұлпасының сарғаю деңгейін анықтау үшін балықтың терісін сыпырады: салмағы 0,5 және одан төмен балықтардың терісін бүкіл денесінен , салмағы 0,5 кг жоғары балықтардың сарғаюы мүмкін болатын жерінен сыпырады.
Консистенциясын анықтау
Жаңа ауланған балықтың консистенциясын визуальды немесе өнімді саусақпен ептеп қысу арқылы анықтайды.
Мұздатылған балықтың консистенциясын балықтың немесе өнім блогының терең қабатында температура 0-ден +5ºС-қа дейін жібітілгеннен соң барып анықтайды. Өнімнің температурасын балықтың ең қалың жерінің орта тұсынан өлшейді, ол үшін ойық жасап, оған металл жиекті термометр орналастырылады.
Тұздалған, маринадталған, қақталған, ысталған, кептірілген балық өнімдерінің консистенциясын төмендегі жолдармен анықтайды:
-
өнімнің ең етті деген жерлерін саусақпен басып көру арқылы;
-
өнімнің ең қалың жеріндегі көлденең кесіндінің шетін басып көру арқылы;
-
шайнап көру арқылы (дәмі бірге анықталады);
Өнімнің иісін анықтау
Балықтың иісі (тірісінен басқа) балықтың денесіне арқа қанаты мен басы аралығына, аналь тесігіне жақын жерден омыртқаға бағытталып енгізілген, ішкі мүшелеріне аналь
тесігінен, жаралар мен механикалық зақым тиген жерлерден немесе еті ең қалың жерінен, блоктың терең қабатына енгізілген пышақ немесе шпилька бетін, сондай-ақ желбезек бетін иіскеу арқылы анықталады.
Мұздатылған балықтың иісі өнімді жібітпей, қыздырылған пышақ немесе шпильканы сұғу арқылы анықталады.
Ұсақ балықтың иісін бетіндегі шырыш иісі бойынша анықтауға рұқсат етіледі.
Тірі балықтың иісін сыртынан және желбезегінен анықтайды.
Байқау (сынама) қайнатпасы. Өнімнің иісін анықтау барысында күмән туған жағдайда қолданылады. Мұздатылған балықты алдын-ала жібітіп алады. Балықты кәдімгі кулинарлық өңдеу кезіндегідей мүшелеп, қақпағы сәл таза ашық ыдыста, бөтен иіс-қоңысы жоқ, тұздалмаған суда піскенге дейін қайнатады. Өнім мен судың ара қатынасы 1:2 болу қажет. Қайнату сынамасы кезінде және одан кейін будың, сорпаның және піскен өнімнің иісін анықтайды. Сорпа мен өнімнің иісін екінші қайталап дәмді ажырату кезінде бағалайды.
Балықтан жасалған тағамдардың дәмін анықтау
Кулинарлық өңдеусіз тұтынуға арналған балық пен балық өнімдерінің дәмін шайнау арқылы анықтайды
Ішкі мүшелердің күйін анықтау
Бұл үшін балықты қайшымен жарып ашады. Екі тілік жасайды: біреуі ақ сызық бойымен аналь тесігінен бастап желбезек доғаларына дейін, екіншісі сол жерден бастап бүйір сызығы бойымен басқа дейін.
Құрсақ қабырғасының сол жақ жартысын алып тастап, ішекті, бауырды, ұйқы безін, талақ пен бүйректерді қарайды.
Студенттер балаусалық дәрежесі жайлы қорытынды жасап, санитарлық баға береді. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазып, артынан оқытушының жетекшілігімен орындалған жұмыстың сапасын сараптап, талқылайды. Жұмыс дәптерін сынақ тапсырғанда көрсетеді.
Өздік жұмыс: АКР орындау
Тірі, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, кептірілген, суық және ыстық қақталған балықтың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
Кезекші студент 1 данадан әртүрлі балықтарды таратады және келесі көрсеткіштерді зерттейді: сыртқы түрін, консистенциясын, иісін, дәмін және балықты жарып ары қарай тексеру жүргізеді.
Студенттер органолептикалық зерттеу нәтижелері бойынша балықтың жас екендігіне қорытынды жасайды.
Тақырыбы № 2 Балықтың жас екендігін зертханалық зерттеу әдісі.
Уақыты : 1сағ.
Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: 50, 100, 200 мл, флакондар; термостат, микраскоп әр студенке; 0,56% аптекалық теңіз тұзының ертіндісі, бақылау флакондары,
Кесте: Грам әдісімен бояу. Михаэлис Компараторы рН анықтау үшін, Перакцидазаға реакция.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Г.В.Колоболотский «Лабораторные и практические занятия по ветсанэкспертизе» Сельхозгиз-1960г. с. 185-188
2. Б.С.Сенченко «Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения» Ростов-на-Дону- 2001г.с.490-492
Сабақтың мақсаты: Балықты лабораториялық зерттеу және санитарлық сапасын анықтау.
Негізгі сұрақтар:
1. Сыртқы және терең қабаттарының бұлшық еттерінен жұғын-таңба жасап бактериоскопиялық зерттеу.
2. рН анықтау
3. Редуктаза үлгісі
4. Желбезекті қайнату арқылы пероксидазаға сынама қою.
5. Күкіртті сутегінің асқын тотығын анықтау.
6. Несслер реакциясы
7. Балықтың токсико-биологиялық бағасы. Балықтың улылығын және т.б. гидробиоттарды анықтау әдісі.
7-ші сұрақ бойынша конспект жазу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Кезекшіні тағайындау. Өткен практикалық сабақты қорытындылау, өтетін тақырыпты талқылау және конспектілерді тексеру. Балықты лабораториялық зерттеу әдістерін жазу. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.
Бактериоскопия
Балықты сақтау шарттары бұзылған жағдайда микробтар тері бетінен бұлшықеттің терең қабатына ене бастайды.
Екі жұғынды таңба жасайды, теріні сыпырғаннан кейін бұлшықеттің беткі және терең қабаттарынан. Грам бойынша бояп, микроскоппен қарап бағалайды.
Көрсеткіштер
|
Балауса
|
Балаусалығы күманды
|
Балауса емес
|
Микробтар саны
Боялу сипаты
Жұғындының сипаты
|
Микробтар жоқ немесе беткі қабатта бірен-саран коккалар мен таяқшалар;
Нашар;
Ұлпа қалдықтары байқалмайды;
|
Бетінде 30-60 диплококк немесе диплобактерия, тереңде 20-30 микроорганизм;
Қанағаттанарлық;
Ыдыраған ұлпа қалдықтары байқалады ;
|
Бетінде 60-тан астам ,басым
көпшілігі таяқшалар, тереңде 30-дан астам;
Жақсы;
ыдыраған ұлпа қалдықтары өте көп;
|
РН анықтау
Етке қарағанда балықтың бұлшықеттерінде рН-тың қышқыл ортаға қарай жылжуы байқалмайды. Бұл балық етінде гликогеннің аз болуына байланысты.
Әдістеме. 10г бұлшық ет ұлпасын алып, ұсақтап турап, үстіне 10 есе көп мөлшерде дистильденген су құйып, 15 минут тұндырады (экстрагирлейді). Сосын сүзеді. Пробиркаға 6 мл фильтрат құйып, 1 мл паранитрофенол индикаторын қосып, мұқият араластырады. Басқа бір пробиркаға 3-4 мл алынған қоспаны құйып, Михаэлис компараторының алдыңғы қатарының (артқы қатары жарық фильтрі жағынан) ортаңғы ұясына орналастырады.
Алдыңғы қатардың шеткі ұяларына Рн көрсеткіштері бар эталондар орналастырылады. Қоспа мен эталон түсі сәйкес келгенше эталондарды ауыстыра береді. Сәйкестік іздеп отырған рН мәні болып табылады.
Бағалау:
Рн 6,5-6,8 – балық балауса;
Рн 6,9-7,0 – балаусалығы күмәнды;
Рн 7,1 және одан да жоғары – балауса емес;
Редуктаза сынамасы
Бұл сынама балық бұлшықеттерінің бактериалдық ластануын анықтауға қолданылады. Микробтар, әсіресе шіріткіш микробтар бұлшықетке түсіп, көбею барысында ферменттер, көбінесе редуктазаны бөліп шығарады. Редуктаза қалпына келетін фермент, сондықтан индикаторды түссіздендіреді. Сынаманы қою кезінде индикатор ретінде метилен көгі қолданылады. Метилен көгі ерітіндісінің жылдам түссізденуі редуктаза белсендірек және бұлшықетте шіріткіш микроорганизмдер де көбірек дегенді білдіреді.
Әдістеме: 5г балық фаршын пробикаға салып, үстіне дистильденген су құяды, шайқап, 30 минут тұндырады. Сосын 1 мл метилен көгінің 0,1%-дық судағы ерітіндісін қосып, фарш біркелкі боялуы үшін пробирканы жақсылап шайқайды. Экстракт үстіне 1 см қалыңдықта вазелин майын құяды. Пробирканы термостатқа қойып бояудың түссіздену уақытын бақылайды және де вазелин майы астындағы көк түсті сақинаны есепке алмайды.
Бағалау:
-
2,5 сағаттан көп – балық балауса;
-
40 минуттан 2,5 сағатқа дейін – балықтың балаусалығы күманды;
-
20 минуттан 40 минутқа дейін – балық балауса емес;
Пероксидаза реакциясы
Пероксидаза тотыққыш фермент болып табылады, балауса балықтың бұлшықетінде ол белсенді, өнім сапасы төмендеген жағдайда оның белсенділігі төмендейді.
Реакция мәні. Бұлшықет құрамындағы пероксидаза сутегі асқын тотығын оттегі түзе отырып ыдыратады. Түзілген оттегі бензидинді тотықтырады да, парахинондиимид қосындысы түзіледі. Ол өз кезегінде тотықпай қалған бензидинмен әрекеттесіп, біртіндеп қоңырға айналатын көк түс береді.
Әдістеме: Реакцияны желбезектен алынған фильтратқа қояды, себебі қан айналымы жоғары, тотығу-тотықсыздану үрдістері белсенді жүреді және онда фермент бар. 5г желбезек кесіп алып ұсақтайды, үстіне 50 мл дистильденген су құйып, экстрагирлейді және сүзеді. 2 мл фильтрат алып, оған 5 тамшы бензидиннің 0,2%-дық спирттік ерітіндісін және 2 тамшы 1%-дық сутегі асқын тотығын тамызады.
Бағалау:
-
прбиркада қоңырға айналатын көкжасыл түс – балық жас;
-
пробирка түсі өзгермейді–балықтың жас екендігіне күманды немесе жас емес;
Фаршты қыздыру арқылы күкіртсутекті анықтау
Күкіртсутек бұлшықет ұлпасының ақуыздарының, әсіресе аминқышқылдарының ыдырауы арқасында жиналады, және де шіру үрдісінің бастапқы сатысы болып табылады.
Әдістеме. Кең пробиркаға 15-20г балық фаршын бос қылып (тығыздамай) салады. Содан кейін сүзгіш қағаздың жіңішке тілігіне диаметрі 4-5 мм үлкен болмайтындай етіп 10% сілтілік сіркеқышқылды қорғасын тамшысын тамызады. Тілікті пробиркаға салып, пробирканың орта тұсына дейін тұратындай етіп тығынмен бекітеді. Пробирканы су моншасына (50-55ºС) орналастырып, 15 минут ұстайды да қағазды алып шығып, реакцияны оқиды.
Бағалау:
-
тамшы боялмаған немесе әлсіз қоңыр түсті – балық балауса;
-
тамшы қоңыр-қызылсары түсті – балықтың балаусалығы күманды;
-
тамшы қара-қоңыр түсті – балық балауса емес;
Аммиакты Несслер реактивімен анықтау
Аммиак бұлшықет ұлпасының ақуыздарының, көбіне құрамында күкірті бар аминқышқылдарының ыдырауы салдарынан жиналады және шіру үрдісінің басталу сатысын білдіреді.
Әдістеме: 10г балық фаршын өлшеп алып, үстіне 100 мл дистильденген су құяды және 15 минут бойы экстрагирлейді. Сүзіп, пробиркаға 2 мл фильтрат өлшеп алып, 10 тамшы Несслер реактивін тамызады. Шайқап араластырып, түсі мен мөлдірлігінің өзгеруін бақылайды.
Бағалау:
-
пробика ішіндегі сұйықтың түсі жасыл-сары, мөлдір немесе сәл лайлы – жас балауса;
-
қанық сары түсті, лайлы – балықтың жас екендігіне күманды;
-
сары-қызылсары немесе қызылсары түсті, тез пайда болып тұнбаға түсетін үлпектер кездеседі– балық жас емес;
Өздік жұмыс: АКР орындау
Студенттер балықтың токсико-биологиялық бағалау әдісінің мәнін айтады. Балықтың улылығын анықтайды. Кезекші студент 4 данадан балықты таратып, балықтың улылығын анықтауда түрінің өзгеруін, өлген инфузориялардың кездесуін,
Студенттер улылығының нәтижесі бойынша балыққа санитарлық баға береді. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазып, жұмысты орындау сапасын талқылайды.
Тақырыбы № 3 Балықтың балаусалығын (жастығын) зертханалық зерттеу
Уақыты : 1сағ.
Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: Әртүрлі санитариялық сападағыбалықтар үлгілері, пинцеттер (қысқыштар), қайшылар, электроплитка, су моншасы, кептіргіш шкаф, электронды және технохимиялық таразылар, рН –ты анықтауға арналған колориметрлі жинақ, Петри табақшалары, целиндрлер, конус колбалар, түбі тегіс колба тығынымен (балық етінің сүзіндісін араластыру үшін), фильтрлеуге арналған воронкалар, форфор тостағаншалар, пробиркаларға арналған штативтер, карандаштар 100 мл өлшегіш колбалар, өлшегіш пипеткалар, фильтрлер, химиялық пробиркалар, шыны таяқшалар, заттық шынылар, Грамм бойынша бояуға арналған реактивтер, Эбер бойынша аммиакты анықтауға арналған реактивтер мен пробиркалар, рН –ты анықтауға арналған паранитрафенол индикаторы, дистильденген су, 10% сірке қышқылды қорғасын ертіндісі, 0,1% метилен көгінің судағы ертіндісі, вазелин, 0,2% бензидиннің спирттік ертіндісі, 1% асқын су тотығының ертіндісі, концентрленген күкірт қышқылы бар эксикатор.
Кесте: Грамм бойынша бояу, рН–ты анықтауға арналған Михаэлис комператоры, Пероксидазаға реакция, Cu SO4 реакциясы.
Қолданылған әдебиеттер.
В.А.Макаров « Практиум по ветсанэкспертизе»М.-1987г.с.198-199, 202-205;
Б.С.Сенченко «Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения». Растов-на-Дону 2001г. с.494-497, 502
Г.И.Касьянов и др. «Технология переработки рыбы и морепродуктов». М., Ростов-на-Дону., 2001 г. с. 329-334
З.П.Матюхина, Э.П.Королькова «Товароведение пищевых продуктов». М., 2000г. с. 135-138
Сабақтың мақсаты: Зертханалық әдістер көмегімен балықтың санитариялық сапасын анықтау.
Негізгі сұрақтар:
1. Зертханалық зерттеуге балық сынамасын дайындау.
2. Бактериологиялық зерттеу.
3. рН анықтау
4. Редуктаза сынамасын қою.
5. Пероксидазаға раекция қою.
6. Фаршты қыздырған кезде күкірт сутегін анықтау.
7. Несслер бойынша аммиакты анықтау
8. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау
9. Уылдырықты сапасына органолептикалық зерттеу.
1,2,3,4,5,6,7 қайталау, 8,9 сұрақтарға зертханалық сабақтарға арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жауап беру.
Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың теориялық материалын бекіту, ағымдағы тақырып бойынша сұрау, конспектілерді тексеру, Грамм бойынша бояудың, Михаэлис комператорында рН –ты анықтаудың, пероксидаза реакциясының техниасын көрсету. Әр студент балық сынамасын алып, жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша зерттейді. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау және уылдырықтың сапасына оргнолептикалық баға беру бойынша аудиториялық бақылау жұмысын жүргізу.
Өздік жұмыс: АБЖ орындау жолдары
1-ші тапсырма. Балық етіндегі ылғалдылықты анықтау.
Анықтау әдістемесі: 5г сынама өлшеп алып, құрғақ Петри табақшаларына салып, кептіргіш шкафқа қояды (өлшеуді 2 тәулік ішінде 3-4 рет жүргізеді). Өлшеудің алдында сынамасы бар табақшаны концентрленген күкірт қышқылы бар эксикаторларда суытады. Ылғалдылықты кептіргенге дейінгі және одан кейінгі ет сынамасы бар табақшалардың салмағының айырмашылығын есептеу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін бақылау ретінде тұщы су балықтарының етіндегі ылғалдылықтың орташа мәліметтері (78-79%) қолданылады. Балық етіндегі ылғалдылықтың жалпы мөлшері жоғары болған сайын, оның сапасы төмен болады. Бұндай балық тез шіри бастайды.
2-ші тапсырма. Балық уылдырығына органолептикалық баға беру және оның сапасын анықтау.
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша балықтың санитариялық бағасы туралы қорытынды жасау. Нәтижелерді жұмыс дәптеріне жазу. Жасалған жұмыстың сапасын (дұрыстығын) талқылау.
Тақырыбы № 4 Балықты гельменттермен (құрттар) және олардың балаң құрттарымен зақымдалуын тексеру.
Уақыты : 1сағ.
Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру:описторхоз личинкалары бар балық үлгісі, әр студентке микроскоп, люминсцентті микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, компрессориум, пипеткалар, скальпельдер және иілген қайшылыр.
Кесте :
Қолданылған әдебиеттер.
В.А.Макаров «Практиум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с.209-213;
Б.С.Сенченко «Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения». Растов-на-Дону 2001г. с.479, 497
Г.В.Колоболотский «Лабораторные и практические занятия по ветсанэкспертизе» Сельхозгиз-1960г. с. 204, 206
В.А.Макаров «Ветсанэкспертиза с основами технологии т стандартизации продуктов животноводства» М.-1991г.с.396-397
Сабақтың мақсаты: Адамдарға және т.б. қауіпті описторхозбен, дифиллоботриозбен және метаганимозбен зақымдалған балықтарды тексеру әдісін оқу. Балықтардың люменсцентті-спектральды анализн меңгеру. Балықтардың зиянкестеріне және улы балықтарға сипаттама беру.