Регламентін бекіту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі218.85 Kb.
#174134
түріРегламент


ЖОБА

«Облыстық және аудандық

маңызы бар жалпы пайдаланымдағы,

сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль

жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы

(көрнекі) жарнама орналастыруға

рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Нұрмұқанқызы Күсеноваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Н.Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы « __» __________

№____ қаулысымен бекітілген



«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы,

сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру
»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес әзірленген.

2. Осы Регламентте келесі түсініктер қолданылады:

1) Регламент - мемлекеттік қызмет стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету талаптарын белгілейтін және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомотвоға бағынысты ұйымдарының, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрекетінің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) тұтынушы - мемлекеттік қызметке жүгінген жеке және заңды тұлғалар;

3) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

3. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан

әрі - мемлекеттік қызмет) «Теміртау қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі, балама негізде осы Регламенттің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы, «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Жарнама туралы» Заңының 11-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың -өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қаулысымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінің 5-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121  «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысы, Стандарт негізінде жүзеге асырылады..................................................................................


7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 5-қосымшаға сәйкес елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.................................................................................

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Орталықтан немесе жұмыс істеу кестесі мен мекенжайы осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органнан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

тұтынушы уәкілетті органға өтініш берген жағдайда:

1) өтініш берілген сәттен бастап - бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;..............................................
2) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген, өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;................
3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;.............................................................................................

тұтынушы Орталыққа жүгінген кезде:......................................................


1) паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;


3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға мемлекеттiк қызметті алушы мынадай құжаттарды:

1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті; . 222222..............
      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектілердің эскиздерін ұсынады;
Елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
      1) мыналарды көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтінішті:
жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);.......................................
      заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы (телефоны, факсы – болған жағдайда), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес - сәйкестендіру нөмірін (БСН);...

сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлерін;

өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орнын негіздеу арқылы оның болжамды орналасқан жерінің мекенжайын;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары немесе өтініш берушінің өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен) бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;............................................................
      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнеленуін құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерін ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету сатылары:

1) тұтынушы өтінішті Орталыққа немесе уәкілетті органға тапсырады;

2) Орталық өтінішті тіркейді, тұтынушыға құжаттарды қабылдағаны жөнінде тіркеу талонын береді және құжаттарды уәкілетті органға тапсырады;

3) уәкілетті орган Орталықтан немесе тікелей уәкілетті органға өтініш берген жағдайда тұтынушыдан түскен өтінішті қоса берілген құжаттарымен бірге тіркейді, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, тұтынушыға рұқсат немесе паспорт ресімдейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жібереді немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;

4) Орталық тұтынушыға дайын құжат – рұқсат немесе паспорт береді.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш уәкілетті орган немесе Орталыққа еркін нысанда ұсынылады.

13. Осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда немесе Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;.2).....................................
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;.................................................

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;....................................


4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының немесе Орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру уәкілетті органда және Орталықта қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, өзі келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.

15. Осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (ары қарай-ҚФБ) тартылған:...........................................

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның кеңсесі;

4) уәкілетті органның басшылары;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі барысында көрсетілетін әкімшілік әрекеттердің реттілігі мен өзара әрекеттесу және ҚФБ сипаттамасы, ол осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

18. Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен өзара байланысын көрсететін схемалар осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.



5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың

жауапкершілігі
19. Уәкілетті органның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі -лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеген мерзімде мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне және қызмет көрсету сапасына жауапты.

«Облыстық және аудандық маңызы

бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақбөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның

мекенжайы мен жұмыс кестесі


Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

«Теміртау қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

Демалыс күндері:сенбі және жексенбі



8-7213-98-01-88

8-7213-98-51-92


«Облыстық және аудандық маңызы

бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақбөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен жұмыс кестесі


Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефондары

«Теміртау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 23

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, үзіліссіз.

Демалыс күні: жексенбі



8-7213-98-69-93



«Теміртау қаласының №2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 128

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, үзіліссіз.

Демалыс күні: жексенбі



8-7213-99-79-98

«Облыстық және аудандық маңызы

бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақбөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша



Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) өзара байланысы мен

реттілігінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы


Негізгі үрдіс әрекеті (жұмыс ағымы, барысы)

Әрекет №

(жұмыс ағымы, барысы)



1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Жинактау бөлімінің инспекторы

Жинактау бөлімінің инспекторы

Әрекеттер (үрдістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Журналға қол қояды және құжаттарды жинайды

Тізім дайындайды және құжаттарды жібереді

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Журналға тіркеп, қолхат беру

Құжаттарды жинақтау бөліміне жинау

Құжаттарды уәкілетті органға жіберу

Орындау мерзімі

20 минут

1 жұмыс күнінде 3 рет

1 жұмыс күнінде 1 реттен кем емес

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі үрдіс әрекеті (жұмыс ағымы, барысы)

Әрекет №

(жұмыс ағымы, барысы)



4

5

6

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшысы

Құрылымдық бөлімшенің бастығы

Әрекеттер (үрдістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Құжатпен танысу, орындайтын құрылымдық бөлімшені анықтау

Құжатпен танысу, орындайтын жауапты орындаушыны анықтау

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Құжатты бұрыштама қою үшін басшыға жіберу

Бұрыштама қою, құжатты құрылымдық бөлімшенің бастығына жіберу

Бұрыштама қою, құжатты жауапты орындаушыға беру

Орындау мерзімі

1 сағат

1 сағат

1 сағат

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7




Әрекет №

(жұмыс ағымы, барысы)



7

8

ҚФБ атауы

Жауапты орындаушы

Құрылымдық бөлімшенің бастығы

Әрекеттер (үрдістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығына тексеру жүргізу

Рұқсат не паспорт немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа бұрыштама қояды

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Рұқсатты не паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Рұқсатты немесе бас тартуды уәкілетті органның басшысына қол қоюға беру, паспортты жол полициясы бөлімшесіне келісуге жолдау

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні

Келесі әрекеттің нөмірі

8

9




Әрекет №

(жұмыс ағымы, барысы)



9

10

11

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

Жол полициясы бөлімшесінің кеңсесі

Әрекеттер (үрдістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттармен танысу

Рұсат беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу кітабында тіркеу

Уәкілетті органның сұрауын тіркеу, паспортты басшыға келісуге жіберу

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Рұқсатқа, паспортқа немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және кеңсеге жіберу

Рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру не Орталыққа жолдау

Келісілген паспортқа қол қою немесе бас тарту туралы дәлелді жауап


Орындау мерзімі

2 сағат

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде


Келесі әрекеттің нөмірі

10

11

12



Әрекет №

(жұмыс ағымы, барысы



12

13

14

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

Орталықтың инспекторы

Әрекеттер (үрдістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Паспорт немесе бас тару туралы дәлелді жауаппен танысу

Паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу кітабында тіркеу

Мемлекеттік қызметті тұтынушыға рұқсатты не паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Паспортқа қол қою

Паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру не Орталыққа жолдау

Тұтынушыға рұқсаттың не паспорттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауаптың берілуі қолхат

Орындау мерзімі

1 сағат

1 сағат

2 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

13

14

Қызмет көрсетудің жалпы мерзімі- 5 жұмыс күні


2-кесте. Пайдалану варианттары. Негізгі үрдіс.


1-топ

ҚФБ


Орталық инспекторы

2-топ

Уәкілетті органның кеңсесі



3-топ

ҚФБ


Жауапты орындаушы

4-топ

ҚФБ


Уәкілетті орган басшысы

5-топ

ҚФБ


Тұрғын үй комиссиясы

№1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға жіберу



№2 әрекет

Орталықтан немесе тұтынушының өзінен түскен өтінішті қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына жіберу






№3 әрекет

Бұрыштама қою және орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау












№4 әрекет

Өтінішті қоса берілген құжаттармен қарау















№ 5 әрекет

Жол полициясы бөлімшесіне паспортты келісуге жіберу, рұқсатты не паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау






№6 әрекет

Паспортты келісу немесе бас тарту туралы дәлел23ді жауап беру, уәкілетті органға жолдау












№7 әрекет

Рұқсатқа немесе паспортқа не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою









№8 әрекет Рұқсатты немесе паспортты не бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру немесе Орталыққа жолдау











№9 әрекет

Рұқсатты немесе паспортты не бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға Орталықта беру














«Облыстық және аудандық маңызы

бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақбөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

4-қосымша




Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен өзара

байланасын көрсететін сұлба

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі (жұмыс ағымы, барысы)

ҚФБ тобы- 1

ҚФБ тобы- 2

ҚФБ тобы- 3


Құрылымдық бөлімше құжаттардың

толықтығына тексеру жүргізеді, бас тарту туралы дәлелді жауап немесе рұқсат дайындайды немесе паспортты жол полициясы бөлімшесіне келісуге жолдайды



Басшы құжаттарды қарайтын

құрылымдық бөлімшені анықтайды













Құрылымдық бөлімше құжатқа мөр қояды және рұқсат немесе паспорт беру кітабына тіркейді



Ә

Уәкілетті органның кеңсесі тұтынушыға дайын құжатты береді немесе Орталыққа жолдайды


«Облыстық және аудандық маңызы

бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақбөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

5-қосымша



Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін 
               орналастыруға арналған рұқсат 
  №__________ 

20__жылғы "____"________берілді 


                             20__жылғы "____"_______дейін жарамды

____________________________________________________________________ 


               (жергілікті атқарушы органның атауы)

ұсынылған құжаттардың негізінде_____________________________________ 


____________________________________________________________________ 
  (өтініш берушінің атауы, оның заңды мекен-жайы,ЖСН (БСН) 
_______________________________________________________________санын 
     (сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі және алаңы) 
____________________________________________________________________ 
      (сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасу объектісі) 
_________________________________________________________________ (орналасатын орны)

орналастыруға рұқсат етеді.

Төлемнің ай сайынғы мөлшері _____________________________________теңге.

Ескертпе : Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Басшы ____________________________

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет