Облыстық және аудандық маңызы



Дата20.06.2016
өлшемі16.21 Kb.
#148715
Облыстық және аудандық маңызы жоба бар қалалардағы, облыстық кенттік және ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілген жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР жер Кодексінің 10 бабы 1 тармағына 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 13,1 тармақтары, 27 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 6890 жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы Қаулысының 3-1 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық маслихаты ШЕШІМ шығарады және Шығыс Қазақстан облыстық Әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:

1. Осы шешім мен қаулының қосымшасына сәйкес, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы, облыстық кенттік және ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілген жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары бекітілсін.

2. «Облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы, облыстық кенттік және ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілген жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 35/412 – IV шешімінің және Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 302 қаулысының (нормативтік құқық актілерін мемлекеттік тіркеу реестірінде № 2566 тіркелген, 2012 жылғы 31 қаңтардағы «Рудный Алтай» газетінің № 12 санында, 2012 жылғы 1 ақпандағы «Дидар» газетінің № 12 жарық көрген) күші жойылған деп танылсын.



3. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарық көргеннен бастап он жұмыс күні өткеннен соң күшіне енеді.

Сессия төрағасы А. Уразов Облыс Әкімі Д.Ахметов

Шығыс Қазақстан

облыстық маслихатының

хатшысы Г. Пинчук

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет