ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
« М.ХАМРАЕВ АТЫНДАҒЫ №150 ЖАЛПЫ БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕКТЕП»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН КОММУНАЛЬНОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ
ШКОЛА №150 ИМ М.ХАМРАЕВА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ГОРОДА АЛМАТЫ
|
050058 Алматы қаласы, 050058 город Алматы
Биянху көш., 87 ул.Биянху, 87
Тел/факс: 245-59-10 Тел/факс: 245-59-10
БҰЙРЫҚ №
«13» сәуір 2023 жыл
«2022 – 2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 «2022-2023оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығы негізінде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылына қарамастан мектепте оқу сабақтарының аяқталуы - 2023 жылғы 31мамырда аяқталсын.
2. 9 - сыныптың білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізілсін.
3.11- сыныптың білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізілсін.
4. 9-сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімде тапсырады:
ұйғыр тілі пәні бойынша жазбаша емтихан (эссе) – 2023 жылығы 2 маусым;
математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жазбаша емтихан (мәтіемен жұмыс,мәтін бойынша тапсырмалар) – 2023 жылғы 9 маусым;
таңдау пәні биология пәні бойынша жазбаша емтихан 2023 жылғы
13 маусымда өткізілсін.
5.11- сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімде тапсырады:
ұйғыр тілі пәні бойынша жазбаша емтихан (эссе) - 2023 жылғы 5 маусым;
алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусымда;
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан– 2023 жылғы 12 маусымда;
қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусымда;
таңдау пәні биология пәні бойынша жазбаша емтихан 2023 жылғы 19 маусымда өткізілсін.
6. 9 және 11 сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес оқу жылының аяқталуы қамтамасыз етілсін.
7.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары С.Н.Курбановаға жүктелсін.
8.Жалпы бақылауды өз құзырыма қалдырамын.
Мектеп директоры Имашев М.А
Достарыңызбен бөлісу: |