Резидент кәсіпорын резидент еместен 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға және 180 күннен астам мерзімге кредит алуды жоспарлайды, яғни бұл операция ҚРҰБ тіркелуге жатады



Дата03.07.2016
өлшемі9.56 Kb.
#174062



Резидент кәсіпорын резидент еместен 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға және 180 күннен астам мерзімге кредит алуды жоспарлайды, яғни бұл операция ҚРҰБ тіркелуге жатады. Осы кредитті, шот ашуға хабарлама туралы куәлігі болса, осы резидент кәсіпорынның шетел банкінде ашылған шотына алуға бола ма?

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 1-тармағының 10) тармақшасында резиденттерге осы Заңда белгiленген тәртіппен ашылған шетелдiк банктердегi шоттар арқылы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілген. Валюталық заңнамада резидент еместердің резиденттерге резиденттердің шетелдік банктердегі шоттарына қаржылық заемдарын тіркеу режимінен алып тастау көзделмеген.



Осылайша, резиденттердің резидент еместерден резиденттердің шетелдік банктегі шоттары арқылы қаржылық заем алуы қаржылық заемға арналған тіркеу куәлігі және шетелдік банкте шот ашуға хабарлама туралы куәлігі болған кезде рұқсат етілген.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет