Зырян қаласының әкімі Л.А. Гречушникованың қаланың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2013 жылға міндеттер туралы
есеп беру баяндамасы
ҚҰРМЕТТІ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!
ҚҰРМЕТТІ ЗЫРЯНДЫҚТАР!
Қазақстан 20 жылдан астам уақыт бойында тәуелсіздігі мен саяси тұрақтылығын дамыту үшін еңбек еткен. Бүгінде біз- өзіндік бейнесі, өзіне тән ерекшеліктері мен бағыты бар біршама жетістіктерге қол жеткізген мемлекетпіз. Тұңғыш Президент- Ұлт үздігі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты Тәуелсіз Қазақстанды орталық Азия өңірінде және ТМД елдерінің арасынан алғашқы орындарға алып шықты және халықаралық деңгейде танымал қылды.
Соңғы 2-3 жылдың бойында Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада біздің спортшылар 205 ұлттық құраманың арасынан 12-ші орынға ие болды.
Елбасымен жүргізіліп жатқан сараланған ішкі және сыртқы саясат әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті. Мемлекет азаматтардың үйлесімді және жан-жақты дамуы, құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтаралық келісімнің сақталуы мен азаматтық қоғамның құрылуы үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасады.
Өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділдігі, тұрғындардың экономикалық тұрақтылығы бар тәуелсіз, гүлденген және саясаты тұрақты Қазақстанды құруға бағытталған мемлекет Президентімен қойылған міндеттерді орындай келе біз алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде қаланың экономикалық дамуы үшін таңдалған бағыттардың дұрыс екендігіне көз жеткіздік.
Зырян қаласы тұрақты экономикасымен, дамыған өнеркәсібімен, өркендеп келе жатқан шағын бизнесімен және әлеуметтік саласымен сипатталады.
Зырян қаласы тұрғындарының саны 37861 адамды құрайды, жеке тұрғын үйлердің саны 5449, көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны 457, жалпы ауданы 666 шаршы метр болатын 6 жеке тұрғын үй пайдалануға қосылды.
Қаланың тұрақты тіршілік қарекетін мына нысандар қамтамасыз етеді: «Су Арнасы» МК, «Жылу орталығы» МК, «ШҚ ӨЭК» АҚ Зырян филиалы, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, Зырян ауданы әкімдігінің КМКШК, телефон байланысын 2012 жылы 14025 абонентті қамтыған, 2011 жылмен салыстырғанда 213 абонентке артқан «Қазақтелеком» АҚ қалалық телекоммуникация торабы қамтамасыз етеді. 2013 жылы «Қазателеком» АҚ келесі ауқымды қызметтерді көрсетуді жоспарлап отыр: Мегалайн, ID-TV, ADSL, ID Phone. Талшықтық кабелді қайта қосу бойынша жұмыстар аяқталды, құрылғылар орнатылды.
ӨНЕРКӘСІП
Зырян қаласында 8 өнеркәсіптік кәсіпорын, бір кен өндіру, 4 құрылыс кәсіпорны жұмыс істейді. Атқаратын жұмыстарының ерекшеліктері бойынша қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындары технологиялық құрал-жабдықтарды жөндеу мен түзету, құрылыс-монтаждық технологиялық жұмыстарды жүргізу, құрылыс-материалдық, темірбетон конструкцияларын өндіру, тасымал жасау, жолдарды қысқы кезеңде жөндеу және қызмет көрсету, ағаш өңдеу бойынша жұмыс түрлерін жасайды. Алайда өнеркәсіптің басты саласы «Қазмырыш» ЖШС Зырян кен байыту кешенімен ұсынылған кен өндірісі болып қалып отыр және қала экономикасының негізгі және стратегиялық маңызды саласы болып табылады. «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК түсті металлдар кенін табады және байытады, тау кенінің базасын дамыту бағытында геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізеді және Зырян қаласында көшбасшы орнына ие болып отыр.
Өткен жылдарда «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК өндіріс қуатын және барлық бағыттар бойынша өнім санын арттырды, сондай-ақ кен-байыту және металлургия салаларында, электр қуаты мен көлік құрылысы өндірісінде жұмыс орындарын беріп отырған компания дамуын жалғастырып келеді.
2012 жылы барлық бағыттар бойынша өсім қарқыны сақталды және нығайтылды, 2012 жылы Зырян қаласы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд. теңгені құрады. Қала экономикасына жалпы соммасы 8 млрд. теңгені құраған инвестициялық қаражат тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5 % артты.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Экономика дамуының негізгі бағыты және қарқынды дамып келе жатқан сала шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Зырян қаласының аумағында жұмыс атқарып жатқан шағын кәсіпорындар субъектілерінің саны 2538 бірлікті құрады.
Бірқатар жылдың бойында шағын және орта бизнес әлеуетінің дамуы сауда және қызмет көрсету объектілерінің артуынан байқалады. Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде өндірістік және технологиялық құрал-жабдықпен жабдықталған шағын кәсіпорындар басым бағытқа ие. Жергілікті қайта өңдеушілер саудаға ұн, арпа, 20-дан артық сүт және сүт өнімдерінің түрлерін, ірімшік, май, 40-қа жуық шұжық өнімдерін ұсынады, нан-тоқаш өнімдерімен, күнбағыс майымен, кондитерлік және аспаздық өнімдермен қамтамасыз етеді.
Қаладағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында 5 әлеуметтік дүкен, 2 муниципалдық дүкен және нарық бағаларынан төмен бағалармен азық-түлік өнімдерін сататын 9 бөлім, 2 көшпелі трейлер жұмыс істейді.
Бочарников көшесінің бойында саяжайларда, Зырян қаласындағы бақшаларда өсірілген бақша өнімдері сатылатын әлеуметтік шағын-базар жұмыс атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін, негізгі азық-түлік өнімдерін төмен бағалармен сату және зыряндықтарда елеулі көмек көрсету мақсатында Зырян орталық базарының аумағында аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерімен демалыс күндерінің жәрмеңкелері өткізіледі.
2012 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 191,8 млн.теңге сомасына 6 несие алынды, қосымша 110 жұмыс орны құрылды.
-
ЖК И.А. Коптеваның жобасы қаржыландырылды (жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін автокөлік сатып алу) «Демеуқаржы» компоненті бойынша 7,1 млн.теңге және 6,2 млн.теңге сомасына 2 несие алынды.
Такси, дөңгелек жөндеу шеберханасы, техникалық қызмет көрсету стансасы, автожуу ашылды және жұмыс істеп тұр. 2011-2012 жылдары шығарылған 9 «Daewoo Nexia» автокөліктері сатып алынды, жаңа 22 жұмыс орны құрылды, жұмыс орындарын 30-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
-
«Кепілдендіру» және «Демеуқаржы» компоненті бойынша 19,0 млн.теңге соммасына ЖК С.Л. Бушневаның «Жартылай дайындалған өнімді өндіру бойынша цехті ашу үшін ғимарат сатып алу» атты жобасы қаржыландырылды, қазіргі уақытта цехті пайдалануға қосу үшін құжаттар ресімделіп жатыр, қосымша 6 жұмыс орны құрылатын болады;
-
Автомектеп көрсететін қызмет түрлерінің көлемін арттыру үшін автокөлік сатып алу мақсатында «Демеуқаржы» компоненті бойынша 2,6 млн.теңге соммасына «Лада ТС» ЖШС жобасы қаржыландырылды.
-
Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту үшін 10 млн.теңге сомасына несие алған 4 азаматқа несие алуға көмек көрсетілді, 22 ірі мүйізді мал, 160 ұсақ мүйізді мал сатып алынды, бұл 6 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында қала аумағында күнбағыс дәндерін қайта өңдеу бойынша цех өнімділігінің артуын, 1 санаттағы бөтелкеге құйылған майдың өндірілуін, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цехтің қайта жабдықталуы және жаңғыртылуын, еттен жасалған жартылай өнімдер мен шұжық өнімдерін өндіретін цехтің ұйымдастырылуын, малды соятын және ет сақтайтын цехтің ашылуын, жылыжай кешенінің ашылуын көздейтін 5 жобаны іске асыру көзгелген, бұл 100-ден артық жұмыс орын құруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік серіктестік жөнінде жасалған келісімшарттардың шеңберінде қаламыздың И.Н. Дроздова («Колор» ЖШС), В.А. Переверзев («Энви» ЖШС), В.Н. Дериглазов («Кундыз» ЖШС), Б.К. Имамбаев («Диас-сауда» ЖШС), С.И. Смирнов («Плюс» ЖШС), М.Я. Керцман («Зыряновские колбасы» ЖШС), ЖК А.Н. Запонкин, ЖК Герингер сияқты және басқа кәсіпкерлері қаланың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге белсенді қатысады, жалпықалалық ісшарадарды өткізуге және жалпықалалық міндеттерді шешуге өтеусіз көмек көрсетеді, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсетеді, жыл сайынғы «Туған жерге тағзым» марафонына қатысады.
«Қазмырыш» ЖШС ЗКБК есебінен (В.Ю. Фильшин) бірнеше жылдың бойында ата-анасының қарауынсыз қалған туғаннан 7 жасқа дейінгі балалар үйі ұсталып келеді. Кәсіпорын қаржысының есебінен ғимарат сатып алынды, күрделі жөндеу жүргізілді, жабдықталды және балалар үйі күтіп ұсталады.
«Қазмырыш» ЖШС Зырян қаласының хоккей корттарында және шаңғы жолдарында жылыту пунктерін ұйымдастыру үшін өтеусіз негізде 4 контейнер бөліп берді. Қала кәсіпкерлері жалпықалалық және аудандық ісшараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бабында Елбасы барлық жұмыстың мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың тығыз қатынасының негізінде құрылу қажеттігін атап өткен. Қалада Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан Кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылған және жұмысын жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлермен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сонымен қатар такси қызметін реттейтін «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін» түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылдың басынан бастап 54 келісімшарт, барлығы 107 келісімшарт жасалды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен «Бизнес-Кеңесші» жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың жеке дамуы үшін ақпараттық-кеңестік, оқыту-әдістемелік, психологиялық, ресурстық және басқаша қолдау түрлерін көрсету арқылы тұрғындарды шағын және орта бизнеске жаппай тарту. 2012 жылы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша семинар-тренингтер өткізілді, оларға 78 адам қатысты.
Шағын және орта бизнесті дамыту- өндірістік саланың дамуына түрткі болатын, бюджетке елеулі салық түсімдерінің түсуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, зор әлеуметтік рөлді атқаратын, тұрғындардың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін қолдайтын және жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кез-келген өлке экономикасының негізі.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында аталған әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағытының арасынан бастысы қазақстандықтарды жұмыспен қамту болып табылады, соның ішінде оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету.
Қалада тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді саясатын қамтамасыз етуге, кедейшіліктің деңгейін төмендетуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылып жатыр.
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік көмектің келесі түрлерін қарастырады: жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, «жастар саясаты».
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың арқасында Зырян қаласы бойынша 551 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 345 адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам алынды, 226 жаңа жұмыс орны құрылды, 33 жұмыссыз келесі мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау мен қайта даярлау курстарын аяқтады: газ-электрмен пісірушілер - 14 адам, бухгалтерлер – 19 адам.
Өткен жылы 7 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы жұмыссыз ретінде 115 адам тіркелді.
Жастарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан «жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 21 адам қатысты. Жұмыстың осындай бағыты ЖООның, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін мемлекеттік қолдау болып табылады.
2012 жылы «Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «жастар тәжірибесі» бойынша 1 адам жұмыс істеді, соңынан тұрақты жұмыс орнына орналасты. Жұмыссыз азаматтардың есебінен қоғамдық жұмыстарда 6 адам жұмыс істеді, олардың 3-уі келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына орналасты, 1 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұрды.
Қазақстан Республикасындағы тұрғындардың аз қамтылған санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмекке ерекше көңіл бөлінеді, жыл сайын зейнетақы, жалақы, шәкіртақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көтеріледі.
Зырян қаласында республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен 97 отбасы 1672,4 мың теңге сомасында балаларға арналған жәрдемақы алады, 67 отбасы 4038,0 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек алады, 207 отбасы 1958,384 мың теңге сомасында тұрғын үйлік көмек алады.
Зырян қаласында 7828 зейнеткер; 1137 мүгедек; 53 Ұлы Отан соғысының ардагері; 10 Ұлы Отан соғысының мүгедегі; 1613 тыл еңбеккері; 83 саяси репрессия құрбандары тұрады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградалары қарастырылған, 2012 жылы Зырян қаласында барлығы 2 әйел марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт үздігі Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғындардың осал санаттарын әлеуметтік қолдауға бағытталған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Кез-келген мемлекет дамуына жасалған талдау экономикалық амандыққа тікелей байланысты болатын тұрғындардың денсаулығын бағалауды қамтиды.
Әлеуметтік саланың маңыздыларының бірі денсаулық сақтау болып табылады, оның қызметі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға, ана мен баланың денсаулық жағдайын жақсартуға, ауру мен өлім санын азайтуға, қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға бағытталған.
Зырян қаласының тұрғындарына медициналық көмекті төрт мемлекеттік медициналық мекеме көрсетеді. Стационарлық көмекті №1 медициналық бірлестік (хирургия, терапия, педиатрия, травмотология, перзентхана және гинекологиялық бөлімшелер), психоневрологиялық диспансер, туберкулезге қарсы диспансер мен жұқпалы аурулар диспансері көрсетеді. Жедел көмекті №1 медициналық бірлестіктің жедел медициналық көмек бөлімшесі көрсетеді. Амбулаторлық-поликлиникалық көмекті №1 медициналық бірлестіктің поликлиникасы, ТҚД (туберкулезге қарсы диспансер) мен ПНД (психоневрологиялық диспансер) поликлиникалық бөлімшелері көрсетеді.
2012 жылдың бойында материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында қала ауруханаларына глюкоза мен холестиринге тест-жүйе, стерилизатор, ЭКГ аппараты сатып алынды.
№1 медициналық бірлестіктің құрал-жабдықтармен жабдықталуы- 70,8 %, жұқпалы аурулар ауруханасында- 64%, ПНД- 43,9 %, туберкулезге қарсы диспансерде- 49,8 %.
Медициналық дәрігерлер кадрларымен жасақталуы 56,8 %, орта медициналық қызметкерлермен 100 %.
2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен Орталық қалалық аурухана ұйымдастырыла отырып, Жұқпалы аурулар ауруханасы және №1 Медициналық бірлестігінің қосылуы жүргізіледі. Ары қарай Орталық қалалық аурухананың шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік Кәсіпорын статусына ауысуы жоспарлануда.
Алдын алу және емдеу шараларының барлық бағдарламалары 2013 жылы толық көлемде жүзеге асырылады.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақстандағы білім жүйесі толыққанды білім алуға бірдей мүмкіндіктер бере отырып, әлеуметтік саланың басты бағыты болып табылады және ақпараттық, материалдық, қаржылық ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді, ал мемлекет тұрғындардың барлық санаттарына білім алуға және алған білімдеріне қолдау көрсетуге кепілдік береді.
Бастауыш және орта білім беретін нысандар жүйесіне жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес келетін, заманауи денгейде балалар мен жастарға білім беру қызметтерін ұсынатын 2 бастауыш мектеп, 5 жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-лицей, 2 мектеп-интернат кіреді. Зырян қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар саны 3930 адамды құрайды, Аз қамтылған отбасыларынан 584 оқушы оқу жылы барысында тегін ыстық тамақпен камтамасыз етілді.
2012 жылы 6,397 млн. теңге сомасына оқулықтар, қаланың қосымша 4 мектебі 0,745 млн. теңге сомасына өртке қарсы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. 1,300 млн.теңге сомасына шағын орталықтар жабдықталды, 35,646 млн теңге сомасына қаланың 5 мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша қалада орта балл 81,63 –ті құрады. 2 оқушы «Алтын белгімен» аяқтады, 2 оқушы үздік аттестат алды.
Зырян қаласында 1275 баланы қамтитын 4 мектепке дейінгі мекеме бар, сонымен қатар қаланың жалпы білім беру мектептерінің жанында 749 бала баратын 8 шағын орталық жұмыс істейді, онда 5-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындықпен қамтылуы 100 пайызды құрайды.
Еңбек рыногында талап етілетін білікті мамандарды дайындау үшін Зырян қаласында Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің орталығы, №10 кәсіптік лицей, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж филиалы, «Гиппократ» медициналық колледжі, Аграрлық-техникалық колледж, құрылыс және көлік колледжі еңбек, «Зырян технологиялық колледжі» еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша сырттай және күндізгі оқу әдістері бойынша өз қызметін жүзеге асырады.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында қала мектептерінде 2286 оқушы қатысатын, қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған мектеп жанындағы 66 үйірме, 604 оқушы қамтылған 8 балалар мен жастар ұйымы жұмыс атқарады. Балалар музыка мектебі мен жас натуралистер стансасы белсенді жұмыс істейді.
Қаланың білім беру жүйесінде білімді және білікті мамандар жұмыс істейді, сонымен қатар жас мамандарды қала мектептеріне тарту жұмыстарына басты назар аударылады, 2012 жылы қала мектептеріне 5 жас маман жұмысқа орналастырылды.
2013 жылы 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын, Зырян ауданының аумақтарын 2011-2015 жылдары дамыту бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелерін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, білім сапасын, оқушылардың қызметтік сауаттылықтарын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған.
МӘДЕНИЕТ
2012 жылы мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және зыряндықтардың бос уақытын ұйымдастыру үшін жағдай жасауға бағытталған нысаналы жұмыс жалғастырылған.
Мәдениет нысандарына мыналар жатады: «Бос уақыт» КМҚК әдістемелік орталығы, автоклуб, 8 кітапхана, 3 аулалық клуб, Достық Үйі, «Горняк» тарихи-мәдени орталығы, Тілдерді оқыту орталығы.
Кітап қоры жыл сайын мақсатты түрде және сапалы жаңартылып тұрады, 2012 жылы 3 млн. 720 мың теңге сомасына қала кітапханалары үшін жаңа әдебиеттер мен мерзімдік басылымдар сатып алынды.
Зырян қаласының аумағында жыл сайын тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары үшін, ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен 200-ден астам мәдени және спорттық-бұқаралық ісшаралар өткізіледі.
2012 жылы ішкі саясат дамуының басты бағыттарының бірі шағын қалаларды қолдау болып табылады, осыған байланысты қала аумағында облыстың ірі масшабтағы және әлеуметтік бағыттағы ісшарасы болып табылатын және қоғамдық келісімді нығайтуға, шағын қалалардағы мемлекеттік саясатты жандандыру мен іске асыруға септігін тигізетін «Туған ел-алтын бесігім» акциясы өткізілді. Зыряндықтарға Бородулиха, Көкпекті және Зайсан аудандары шығармашылық есептерін көрсетті, төмен бағалармен жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
Есептік кезеңде Зырян қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін мерекелеумен орайластырылған және облысымыздың барлық аудандарының және шетелден келген қонақтардың қатысуымен «Біздің №1» мега-акциясы өтті. Қаламызда және бүкіл Қазақстан бойынша алғашқы рет Мемлекет саясатының аясында қоғамның шоғырлануы болып табылатын және мемлекеттің Тәуелсіздік жылдарында тұрақты дамуының іргетасы болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні атап өтілді.
Зырян қаласының шығармашылық ұжымдары жыл сайын әртүрлі конкурстарға белсенді қатысады, 2012 жылы Мәскеу қаласында өткен «Рожденственские звезды» Халықаралық конкурсына, Би өнері бойынша халықаралық Азия чемпионатына қатысып жүлделі орындарға ие болды, жастардың Ұлттық Дельфий ойындарына қатысты.
2012 жылы бұрынғы «Горняк» мәдениет үйінен тарихи-мәдени орталық жасау бойынша жұмыстар аяқталды, ол жерде қазіргі уақытта: «Зыряночка» би ұжымы, «Брэйк-дэнс» заманауи билер студиясы, шахмат клубы, ардагерлердің қалалық хоры жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондай-ақ мерекелік концерттер, азаматтардың салтанатты неке қию рәсімдері, зыряндықтар үшін кино көрсетілімдері өткізіледі.
Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғрыту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Елбасы мемлекетіміздің басты артықшылығы көп ұлттылық пен көп тілділік болып табылатынын және мемлекеттік тілдің дамуы басқа тілдерге кедергі келтірмейтінін атап өтті. Мемлекеттік тілді оқып үйренгісі келетін мемлекеттік қызметшілер мен барлық ықылас білдіргендерді оқыту мақсатында 2008 жылдан бастап «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс істейді, мемлекеттік тілді оқып жүрген тыңдаушылардың саны 2008 жылдан 2012 жылға дейін 45 % артты. 2012 жылы тыңдаушылар саны 211 адам болды.
2011 жылдан бастап ағылшын тілін оқыту курстары өткізіліп келеді, 2012 жылдан бастап орталықта орыс тілін меңгермеген 17 оралманға орыс тілі оқытылып жатыр.
Мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің арасында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылатын қазақ тілі бойынша облыстық конкурс дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. 2012 жылы Зырян ауданының атынан Зырян қаласы әкімі аппаратынан 2 мемлекеттік қызметші және аудандық тұрғын үй инспекциясынан 1 мемлекеттік қызметші қатысып, конкурста бірінші орын алды.
Қазақ тілін және қазақ халқының мәдениетін оқып үйренушілерге көмек ретінде Орталық қалалық кітапханада қазақ әдебиетінің залы, қазақ халқы мәдениетінің мұражайы құрылды және жұмыс істейді, қала кітапханаларына қазақ тілінде әдебиет келіп түседі.
2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең көлемде қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты болып табылады.
Ұлтаралық келісімді, азаматтардың бірігуін, мәдениеттердің өзара дамуын, тұрақтылық пен халықтар арасындағы достықты нығайту мақсатында екі жылдан артық уақыт бойында құрамына «Ата дәстүр» қазақ мәдени бірлестігі және татар, неміс және славян халықтарының 3 этномәдени бірлестіктері кіретін Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Зырян қаласының достық үйі» өз қызметін атқарып келеді.
Достық үйінің жұмысы өңірдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықтар бірлігін құруға, қазақстандық отан сүйгіштікті тәрбиелеуге бағытталған және қызметі мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің, ақсақалдар мен жастар бірлестіктерінің қатысуымен өткізілетін мәдени, ақпараттық, танымдық-тәрбиелік ісшаралардың өткізілуін қамтиды. Әр түрлі ұлттардың өкілдері шығармашылық есептер, мәдениеттер мен тілдер фестивалі сияқты аудандық маңыздағы ісшараларға қатысады.
Қазақстан Республикасы Прзеидентінің Қазақстан халқына арналған « «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Ұлт үздігі Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтумен қатар Қазақстанда мемлекетте тұратын барлық этностардың тілдерін, мәдениеттері мен дәстүрлердің дамуы үшін барлық жағдайларды жасау бойынша жұмыстың жалғастырылатынын мәлімдеді.
Мәдениет мекемесі жұмысының басты бағыты әртүрлі әлеуметтік және әр түрлі жастағы адамдар топтарының ерекшеліктерін ескере отырып тұрғындарға бос уақытты ұйымдастырудың барлық түрлері мен әдістерін жүйелі түрде үйрету болып табылады. Осы бағытта мәдени-бос уақытты ұйымдастыру қызметінің жаңа инновациялық түрлері мен әдістерін іздестіру бойынша тұрақты бірізді жұмыс жүргізіледі, ұйымдастырушылық, мәдени-ағарту жұмысының сапасы артады.
СПОРТ
Спорттағы жетістіктер біздің мемлекетіміздің беделін арттырады және ұлттық рухтың нығайуына септігін тигізеді. Тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға, салауатты өмір салытының дағдыларына баулу балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, секциялар, аулалық клубтар, әртүрлі спорттық ісшаралар арқылы іске асырылады.
Қалада спорттың 23 түрі өткізіледі: жазғы олимпияда түрлерінен -8, қысқы олимпияда түрлерінен-3, олимпиядалық емес- 12.
Зырян қаласының спорттық инфрақұрылымына 54 спорттық имарат кіреді, соның ішінде Зырян қаласының аумағында 12 спорт залы, 1 стадион, жазғы жүзу бассейні, таушаңғы кешені, 1 ату тирі, 24 имарат пен басқа спорттық кешендер бар. Бүгінгі таңда спорттық имараттардың қамтылуы 100 % құрайды. Зырян қаласында спорттың 5 түрі бойынша ұйымдастырылған секцияларда жаттығатын 194 тәрбиеленушісі бар 1 Шығыс Қазақстан балалар-жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді. Мектепте сабақтар тегін жүргізіледі.
Спорттық саланың дамуына Зырян қаласы жасөспірімдерінің аулалық клубтары елелулі үлес қосады, мысалы «Болашақ» балалардың бос уақытын ұйымдастыру орталығы», олардың аумағында спорттық алаңдар жасалған, спорттық туризм бойынша нұсқаушылар жұмыс істейді, қызығушылықтар бойынша үйірмелер ұйымдастырылған. Аулалық клубтарда бүгінгі таңда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 265 бала қамтылған, олармен 11 спорт бойынша нұсқаушылар мен бос уақытты ұйымдастырушылар жұмыс жүргізеді.
17 үйірме мен спорттық секциялар жүргізіледі. Ағымдағы жылы спорттың келесі түрлері бойынша қосымша 4 секция ашылды: футбол, шашкалар, шахмат пен тоғыз құмалақ.
2012 жылы өткізілетін спорттық-бұқаралық ісшаралардың саны едәуір артты. Егер 2011 жылы 148 ісшара өткізілсе, 2012 жылы 193 ісшара өткізілді, оларға 13500-ден артық адам қатысты.
Соынмен қатар дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатын азаматтардың саны артты. 2011 жылы көрсеткіш 18025 адамды құраса 2012 жылы 18940 адамды құрады.
Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің арасында спортпен айналысатындардың санын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында олимпиядалық резервтің облыстық мектебінің ауыр атлетика залы Зырян ауданының білім беру бөлімінің балансына берілді. Аталған спорт өкілдері облыстық жарыстардың жүлдегерлері болды.
Зырян қаласы тұрғындарының қысқы кезеңде бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында 6 хоккей қорабын және «Металлург» стадионының мұзайдынын құю жұмыстары жүргізілді.
Зырян қаласының спорт өмірінің дамуына балалардың аулалық футбол командаларын біріктірген «Балалар футболының лигасы» қоғамдық бірлестігі үлесін қосып жатыр, сонымен қатар өңірдегі әйелдер футболының дамуына жағымды әсер етеді.
Өлкеміздің дене шынықтыру және спорт өмірінен мүмкіндіктері шектеулі адамдар да қалыс қалмайды. Аудандық спорт бөлімі Мүгедектер қауымдастығы («Оптимист», «Есту және сөйлеу қабілеті нашар», «Соқыр») мен «№2 есту қабілеттері нашар балаларға арналған түзету мектеп интернаты» ММ арасында жыл сайын спорттық ісшаралар өткізеді.
2012 жылы тартылған қаражаттың есебінен қысқы спорт түрлерінің (хоккей, мәдени сырғанау және т.б.) дамуына түрткі болатын хоккей модулінің құрылысы басталды, пайдалануға берілгеннен кейін модуль 200-ге дейін адамды сиғыза алатын болады.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт бөлімімен 5000,0 мың теңге сомасына қосымша бюджеттік өтінім дайындалды. Хоккей киімін сатып алу үшін келешекте шайбалы хоккей бойынша қосымша үйірме ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта № 11 орта мектептің негізінде аталған спорт түрі бойынша үйірме жұмыс істейді.
2013 жылы Зырян ауданының аумағында Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Зырян қаласында 1 футбол алаңын ашу жоспарланып отыр.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚОРҒАУ
Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Төрт жылдың бойында қалада мемлекеттік қызметшілер мен меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындар жұмысшыларының есебінен ерікті халық жасақтарының жұмысы ұйымдастырылды. ЕХЖ жұмысына мемлекеттік қызметшілер және 30-дан астам ұйымдардың жұмысшылары Зырян ҚАІІБ патрульдік қызметінің қызметкерлерімен бірігіп қаланың көшелерін және аулаларын патрульдейді. Осы арқылы азаматтық қоғам институттарын қоғамдық тәртіпті сақтауға қатыстыру бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмау мақсатында қала көшелерінде 9 бейне бақылау камералары орнатылған («Азия» дүкенінің, БТА банкінің, Ленин атындағы алаңның, автобекеттің ауданында, Геологическая көшесінің бойында, «Сувенир» дүкенінің ауданында 2 бейне бақылау камерасы және «Мәдениет орталығы» мекемесінің ауданында). Қосымша 7 бейне бақылау камерасын орнату жоспарланған.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша қызметтің негізгі бағыттарының бірі қаланың барлық мемлекеттік органдарындағы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін анықтаудағы құпиялықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдарда «сенім телефондары» бар, осы телефондар арқылы әр тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады. «Сенім телефондары» туралы ақпарат ақпарат тақталарында орналастырылған, бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімдік басылымдарында, аудан әкімінің сайтында жарияланады. Мемлекеттік органдарда азаматтардың шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын жинауға арналған жәшіктер орнатылған. Мемлекеттік органдардың барлығына қол жетімді жерлерінде Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау тұрақты жүргізіледі, қабылданатын барлық құқықтық актілерге және басқа құжаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасалады, баспа және электронды БАҚта шығатын сыни мақалаларға мониторинг жүргізіледі.
Қала әкімінің кеңесшісімен қосымша кәсіпорындардың және ұйымдардың еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, БАҚта мақалалар жарияланады.
«Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ 2012 жылы Қазақстан Республикасының негізгі бағдарламалық құжаттарын, Президенттің халыққа Жолдауын ақпараттық-насихаттау жұмыстары жалғасуда. Ақпараттық-насихаттау жұмысының негізгі формалары мен әдістері кездесулер, жиындар және азаматтарды жеке қабылдауды өткізу болып табылады.
Зырян қаласы әкімінің жанында Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Кеңес өз жұмысын жалғастыруда, оның басты мақсаттары мен міндеттері- қаланың түйткілді экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шешімді бірігіп қабылдау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясаты қағидаларының іске асырылуын шыңдау үшін шаралар табу, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру. Кеңес жұмысына ұйымдардың, мекемелердің, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіпкеплер, аудандық мәслихат депутаттары қатысады.
Барлық қоғамдық-саяси ісшаралар, акциялар, конкурстар, қайырымдылық ісшаралар азаматтық қоғам институттарымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, діни берлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жастармен бірге өткізіледі және қоғамның бірігуіне, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
2012 жылы қала әкімімен ядросыз қару әлемін насихаттауға бағытталған Халықаралық «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына Зырян қаласының кіруі бойынша жұмыс басталды. Қазақстан өткен жылы Курчатов қаласында өткізілген «Мэрлер бейбітшілік үшін» конференциясын өзінде қабылдаған үшінші мемлекет болды.
Насихаттау жұмысы, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асырудың негізгі және міндетті шарты болып табылады.Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша 2000-ға жуық адам қамтылған 50-ден астам кездесу өткізілді.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бабында қоғамды индустриялды-инновациялық экономика жағдайында өмір сүруге дайындау үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы бойынша бірқатар міндеттерді қойып берді. Маңызды міндеттерді бірі өңірлік даму болып табылады. Өткен жылы бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру басталды, республика бойынша 27 бір салалы қала бар, олардың бірі Зырян қаласы болып табылады.
«Бір салалы қалалар» бағдарламасы бойынша Зырян қаласында республикалық бюджет қаражатының есебінен 2012 жылы 150 126,0 теңге бөлінген.
2012 жылдың мамыр айы мен қазан айының аралығында Зырян қаласының жылыту желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, жөндеу жұмыстарының жалпы құны 70 млн.теңгені құрады.
Жолдар
Зырян қаласы көшелерінің жол жабындылары 50 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Жабындының қызмет ету мерзімі 25-30 жылды құрайды. Пайдалануға берілген кезден бастап жол жабындылары жөнделген жоқ және қазіргі жағдайы қанағаттандырмайды, асфальт жабындыларында үлкен көлемде шұңқырлар, жарықтар бар, көлік жүретін жерлердің жиектері бұзылған, кей жерлерде көмкерме тастар жоқ. «Су Арнасы» МК қаржылық жағдайының ауыр болуына байланысты сумен қамту желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде бұзылған асфальт жабындысы қалпына келтірілген жоқ. Соңғы жылдары автокөлік қозғалысының артуы, төмен ауа температурасы, сондай-ақ кенеттен ауа райының құбылуы, көктемгі кезеңдер қала көшелерінің асфальт жабындысының бұзылуына себеп болады. Ломоносов көшесі мен Ленин көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт бойында жүргізілген жоқ. Совет, Киров, Космонавтов, Солнечная көшелерінің жабындыларында 2009 жылы шұңқырлы жөндеу ғана жасалған. 2012 жылы «Бір салалы қалалар» бағдарламасы бойынша Бурнашов бульварының, Ломоносов, Совет, Киров, Комаров, Космонавтов көшелерінің жол жабындылары мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеуге 55 млн. 126 мың теңге бөлінген.
2012 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша республика бюджетінен және аудан бюджетінен қосымша қаржының бөлінуі арқылы Бажов көшесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 121 млн.теңге бөлінді, жол жабындысының ұзындығы 1,9 км, ені 6 метр, қажетті жол белгілері қойылды, су өткізгіш құбырлары, қоршаулар орнатылды, бөлгіш сызық жүргізілді.
Бөлшектеп жою
Зырян қаласының аумағында бұзылған үйлердің жанында және іргелес аумақтарда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың бұзылуына әкеп соғатын қоқыс үйінділерінің түзулі үрдісі байқалады.
Қалған темірбетон құрылыстары ілініп тұрған жағдайда адамдардың өмірлеріне, өмір сүруді қамтамасыз ететін желілерге қауіп төндіреді. Төтенше жағдайдың алдын алу, экологиялық жағдайды, қаланың эстетикалық бейнесін жақсарту және аумақтарды қалпына келтіру жоспарланған.
2012 жылы Зырян қаласында «Бір салалы қалалар» бағдарламасы бойынша төтенше жағдайдың алдын алу, ғимараттардың құлауын болдырмау және қаланың эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында Пушкин көшесі бойынша орналасқан 16,20 ғимараттарды құлату жүргізілді және Жамбыл көшесі, 6 бойынша орналасқан ғимаратты құлатып алып тастау жүргізіліп жатыр. Келісімшарт бойынша құны- 7 млн.теңгені құрайды.
Көгалдандыру
Қаланың эстетикалық бейнесін жақсарту, қалалық және аудандық мәдени-бұқаралық ісшаралар өткізу және азаматтардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 2011 жылдан бастап аудан бюджеті қаражатының есебінен Зырян қаласында Мәдениет орталығы мекемесінің ауданында «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды. 2012 жылы «Бір салалы қалалар» бағдарламасы бойынша көгалдандыруға, көп жылдық гүлдер егілетін гүлбақтарын, аллеяның бойымен сәндік бұталардан «тірі қоршау» жасауға 3 000,0 теңге бөлінді. Пішіні төрт қанатты киіз үйге келетін, төбесінде шаңырақ орнатылған «Достық шаңырағы» сәулет композициясы орнатылды.
2008 жылдан бастап Зырян ауданының бюджетімен адамдардың өміріне және ортақ пайдаланудағы жерлерде, бюджеттік ұйымдардың аумақтарында орналасқан (мектептер, ауруханалар, интернаттар) үйлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ағаштарды кесу бойынша жұмыстар қаржыландырылады, ерекше жағдайда Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың, тұрғын үйлік көмек алушылардың аула аумақтарында кесіледі. Төрт жылдың бойында қалада 414 терек кесілді, олардың 70-і 2011 жылы, 2012 жылы 130 апаттық ағам кесілді.
Жыл сайынғы санитариялық тазалау мен абаттандыру жұмыстарынан басқа 2012 жылы қалада келесі мекенжайлар бойынша 7 жаяу жүргіншілер көпірлері жөнделді: Тимофеев, Матросов, Бухтарминская, Гастелло, Поздняков, Рудный көшелерінде және Комаров көшесі бойынша 2 көпір. Металл конструкциялары, бетоннан жасалған тротуарлар орнатылды, майлы бояумен сырланды, пісірілген металл сүйеніштері қойылды, пісірілген болат сүйеніштері қайта жөнделді, жаяу жүргіншілер жолдарына қиыршық тастар төгілді.
Жарықтандыру
Зырян қаласындағы жарықтандыру желілері пайдалануға берілген кезден бастап жөнделген жоқ. Металл конструкциялары майысқан және ауыстыруды талап етеді, көптеген тіректердің шамдары жоқ, қалғандары ескіріп пайдалануға жарамсыз жағдайға жетті.
Автобус бағыттары бойынша орналасқан көшелердің, жаяу жүргіншілер жолдарының жартысы, жолаушы тасымалдаушылар тоқтайтын аялдамалар тұрғын үйлерден үйеңкі ағаштарының өсінділерімен бөлінген. Мектеп оқушыларының көбі №7 мектепке осы бағыт бойынша жүреді, түнгі уақтта жарықтандырудың нашар болуына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны артуда. Сонымен қатар бірқатар жылдың бойында қаланың осы бөлігін жарықтандыру мәселесі бойынша азаматтардың өтініштері келіп түсіп жатыр.
2012 жылы криминогенді жағдайды жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, қаланың эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында №2 автобус бағыты бойынша орналасқан қаланың солтүстік бөлігіндегі көшелердің жарықтандыру желілері қалпына келтірілген. «Бір салалы қалалар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Зырян қаласында келесі мекенжайлар бойынша орналасқан көшелерді жарықтандыру үшін 15 000,0 теңге бөлінді: Геологическая, Лермонтов, Шахтостроителей, Жамбыл, У. Громова.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Совет, Киров көшелерінің жарықтандыру желілеріне 45 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Терможаңғырту
2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» бастау алды, механизмдерінің бірі терможаңғырту элементтерімен көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу болып табылады және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қаржы ұйымы ретінде қолданылуын қарастырады. Келісімшартпен белгіленген мерзімнің ішінде пәтер иелері ай сайын төлем жасау арқылы ақшалай қаражатты қайтарулары қажет.
2012 жылы Зырян қаласында аталған Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2012 жылы Ленин көшесі, 75 және Зыряновский тұйық көшесі бойынша орналасқан 2 үй ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысты.
Көптеген үйлердің тұрғындары Бағдарламаға қызығушылық танытады және оның іске асырылуына қатысқылары келеді, алайда басқару органы бар ПИК пен тіркелген кондоминиумдардың жоқ болуына байланысты бұл үйлерді бағдарламаға қосу мүмкіндігі тумай отыр. Зырян қаласында 2 ПИК бар, тұрғын үйлерді басқару ЖК, ЖШС арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Зырян қаласы бойынша 22-ге жуық үй өтініш берген.
Өз үйлерін, жалпыүйлік мүлікті сақтап қалу үшін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына бірігу қажет, яғни басқару органы немесе ПИК бар кондоминиум құру қажет, онсыз ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкін болмайды.
Бүгінде пәтер иелері масылдық пиғылдан арылып үйі мен ауласын басқару міндетін өз қолдарына алу кезінің келгенін түсінулері қажет. Үйді басқаруға қатысып, шешім қабылдаулары қажет.
Сумен қамту желілері
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджет қаражытының есебінен Зырян қаласының сумен қамту желілерін қалпына келтіру бойынша бірқатар жұмыс атқару жоспарланған. Аталған ісшараларды өткізуге ұзындығы 15,5 км негізгі су құбырын, сорғы стансаларын, су жинайтын имараттарды жөндеу үшін қаражат бөлінді және игерілді.
Ақшалай қаражатты игеру
«Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2012 жылы келесі сегіз бағдарламаға 240399,2 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді: «Аудан әкімінің қызметін қалада, аудандық маңызы бар қалада, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»; «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру»; «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету»; «Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туыссыздарды жерлеу»; «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»; «Аудандық маңызы бар қалада, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету»; «Ақпараттық желілерді құру»; «Жергілікті атқарушы органның кезек күттірмейтін шығындар қорының есебінен ісшаралар өткізу». Барлық ақшалай қаражат игерілді.
ЗЫРЯН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
«Зырян қаласы әкімінің аппараты» ММ екі бөлім бар: ұйымдастыру-кадрлық және құжаттамалық жұмыс бөлімі және қаржы-шаруашылық қызмет бөлімі. Екі бөлім де қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері болып табылады. Қала әкімі аппаратының қызметін заңға сәйкес жүргізу қызметін әкімнің кеңесшісі орындайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіреді. Тұрғын үй-коммуналдық саласын реформалау мәселелерімен қала әімінің орынбасары айналысады.
Зырян қаласы әкімінің аппараты тұрғындар үшін ветеринариялық анықтамаларды, ветеринариялық паспорт, жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтамаларды беру бойынша тегін мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2012 жылы ветеринария бойынша бас маманмен жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы 305 анықтама, 530 ветеринариялық анықтама, 430 ветеринариялық паспорт берілді. Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге қатысты шағымдар мен ескертулер болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат қала әкімі аппаратының ғимаратында және аудан әкімінің сайтында орналастырылған.
2013 жылдан бастап жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анақтымалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін болады, сондай-ақ ағымдағы жылы Зырян қаласында жануарларды емдеу бойынша қажетті ісшаралар мен алдын алу шараларын жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық стансаның ашылуы жоспарланған.
АЗАМАТТАРДЫҢ ЕСКЕРТУЛЕРІ, ҰСЫНЫСТАРЫ, ӨТІНІШТЕРІ
Зырян қаласы әкімінің 2012 жылдың ақпан айындағы есеп беру кездесулерінің нәтижелері бойынша азаматтардың ескертулерін, ұсыныстарын іске асыру жоспары жасалды. Зырян қаласының тұрғындары бекітілген Ісшаралар жоспарының орындалуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жыл бойында тоқсан сайын ақпарат алып отырды.
Зырян қаласының тұрғындарымен қойылған сұрақтар мен ұсыныстар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты болды, олар: Бажов көшесінің жол жабындысына күрделі жөндеу жасау, үй құрылыстарының жағдайы нашарлап кеткен қаланың оңтүстік бөлігіндегі су басқан шағын аудан тұрғындарын көшіру, қаланың көшелерін сәндік көшеттермен безендіру, Ломоносов көшесінің асфальт жабындысын жөндеу, Совет және Киров көшелерін жарықтандыру желілерін қалпына келтіру, Бухтарминская, Матросов, Комаров көшелеріндегі жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу. Айтылған ұсыныстар орындалды.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау мақсатында, өтініштерді берумен және қараумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу шеңберінде қала әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен тұрақты жұмыс жүргізіледі. 2012 жылы жеке және заңды тұлғалардан 842 өтініш келіп түсті. Өтініштер көбінде жер телімдерін беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрмыстық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты. Барлық өтініштерге түсіндіру беріледі, шешімдер қабылданады, өтініш берушіге белгілгенген мерзімде жауап жолданады.
2012 жылда атқарылған жұмыстың нәтижелерін шығара келе 2013 жылға келесі міндеттерді анықтап алу қажет:
-
Жалпы құны 17 533,6 теңгеге жылыту желілерін жөндеу;
-
Жалпы құны 34 992,4 теңгеге Пролетарская, Садовая, Бухтарминская, Первомайская көшелерінде, Бульварный тұйық көшесі мен Горький атындағы алаңда орналасқан аула ішілік су құбырларын жөндеу. №1 КНСтан шығатын аула ішілік кәріз құбырын ағымдағы жөндеу;
-
Жалпы құны 53 835,0 теңгеге Поздняков, Солнечная, Стахановская көшелерінің, Ленин көшесі мен жаяу жүргіншілер жолдары бөліктерінің жол жабындысын орташа жөндеу;
-
Жалпы құны 10 000,0 теңгеге Бурнашов бульварын жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеу;
-
Жалпы құны 15 000,0 теңгеге Зырян қаласындағы қираған ғимараттарды бөлшектеп алып тастау.
ҚҰРМЕТТІ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!
Есеп беру баяндамасын қорыта келе 2012 жыл тұрақты көрсеткіштермен аяқталғанын атап айтқым келеді. Бүгінгі таңда қалада өнеркәсіп кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейді, сауда мен қызмет көрсету саласы дамып келеді, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт салаларында жетістіктеріміз бар, қала инфрақұрылымы шыңдалып келеді. Қалада бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасы ойдағыдай іске асырылып жатыр.
Алдағы уақытта « «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру тұр, стратегияның негізгі мақсаты- біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен амандығы болып табылады.
Әлеуметтік көрсеткіштердің, экономикалық өсудің жақсаруына қол жеткізу, қаламыздың, ауданымыз бен облысымыздың алдына қойылған міндеттерді іске асыру мемлекетік билік органдарының, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, қоғамның, тұрғындардың тұрақтылық пен Зырян қаласының дамуына әкелетін бір жолға қойылған, жемісті және бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде ғана мүмкін болады.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |