Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050»



бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі422.67 Kb.
#1456
1   2   3

«Аймақтарды дамыту» Бағдарламасы шеңберінде мақсатты трансферт есебінде республикалық бюджеттен 3млн.749мың теңге сомасына Көксу, Юбилеуное, Құлайғыр ауылдарында балалар ойнайтын алаңдар құрылды. Алаңдар темірбетонды қоршаумен қоршалды, әткеншектер, сатысы бар сырғанақ, орындықтар, швед стенкасы орнатылды. 2013 жылғы бағдарлама арқылы 10 ауылдық елді мекендірде балалар алаңы жасалады, 3 елді мекенде көше жарықтандыруы жөнге келтіріледі – Құрма ауылында 16 жарықтандыру тірегі, Юбилейное ауылында 10 жарықтандыру тірегі, Самарка ауылында 15 жарықтандыру тірегі. Бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 21 млн.теңге бөлінді.

Аудан бюджетінен Агрогородок ауылының көшелерін жарықтандыруын жөнге келтіруіне 2013 жылы 30 жарықтандыру тірегін орнату үшін 5 млн. 278 мың теңге бөлінді.
2013 жылы Южный кентінің көлік жүретін жолдарын жөндеу үшін 41 млн. 790 мың теңге бөлінді.

2011-2012ж.ж. арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абай қ. Аппарат әкімдігінің қызметкерлерімен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, ПИК өкілдерімен көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен осы Бағдарламаның жұмыс механизмы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, жалпы мүлікті толық жөндеу жүргізуге қайтару қаражатын қолдана отыра кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін жөндеу жүргізу туралы шешімі қабылданды. Абай қаласында толық жөндеу және жаңғырту 2 механизм бойынша 47 млн.422 мың теңгеге 6 көппәтерлі тұрғын үйлерге жасалды.

Қазіргі таңда жылу беру жүйесінің толық жөнделуі орындалды (2 шығын ауд. 2үй, 3 шағын ауд. 10,15үйлер). Жылу беру жүйесінің қызметі тұрақты. Подъездердің (3 шағын ауд. 15, 10 үйлер) толық жөндеуі аяқталды.

Шатыр бойынша жұмыстар, жұмсақ шатырды бөлшектеп профилированный листтан скатной шатыр жасауды қарастырады. 2012жылы Абай қ. 6 тұрғын үйлерінің шатырлары жөндеуден өтті.

2013 жылы ТҰКШ жаңғырту Бағдарламасы шеңберінде 33 млн. 872 мың теңге сомасына 4 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бюджеттік тапсырыс жіберілді.

Жолда апат жағдайын болдырмау және жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында Абай қаласының 4 көшесіндегі 5км.созылған автокөлік жолдарына 82млн.теңге сомасына ағымды жөндеу жүргізілді. ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және Абай көшелерінде «Futurit» маркалы жарықдиодты бағдаршам объектілері орнатылды, жұмыстың құны 6млн.теңге. Абай қаласында автокөлік жолдарын жазда және қыста сақтау үшін аудан бюджетінен 18 млн. 093 мың теңге жұмсалды.

Жолда қауіпсіз жүру жол қозғалысын реттеу мақсатында 863 мың теңге сомасына 26 жаңа жол белгілері орнатылды. Облыстық бюджет қаражатына Топар кенті 2,1 км.созылған көлік жолдарының орташа жөндеуіне 50 млн.теңге сомасы жұмсалды.

«Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасы шеңберінде төртінші бағыт бойынша Көксу аулының 2,07км. созылған көлік жолдарының орташа жөндеуіне 25497 мың теңге сомасы жұмсалды.

Аудандық маңызы бар жөлдарды қыста сақтауға 4 млн.180мың теңге бөлінді.

Шағын аудандарды дамытудың Республикалық Бағдарламасына сәйкес 2012-2015ж.ж. Абай қаласын дамыту бойынша Кешенді жоспары әзірленді. Абай қаласын дамытудын Кешенді жоспарын дайндамас бұрын қаланың экономикалық әлеуетінің деталды талдауы жүргізілді, оң және осал жақтары меңгерілді, қаланың орнықты даму жағдайлары мен қатері анықталды. Кешенді жоспардың мақсаты орта және көпмерзімді уақытқа Абай қаласының әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуы болып табылады. Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін жалпы 3 млрд. 873 млн. 422 мың теңге сомасындағы қаржылық қаражатын құрайды, оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:

Республикалық бюджет – 3 427 млн. 106 мың теңге;

Жергілікті бюджет – 446 млн. 316 мың теңге.

Қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен келесі жұмыстарға қаражат бөлінді:



  • кварталдағы жылу жүйелерін жаңғырту – 150,0 млн.теңге;

  • автокөлік жолдарын жаңғырту – 100,0 млн.теңге;

  • Вольный к.электр желілерін жаңғырту – 60,0 млн.теңге;

  • Вольный к. көшелерін жарықтандыруын қайта жөндеу – 10,0 млн.теңге.

Одан басқа кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатына қаражат бөлінді:

  • кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға – 115 млн.теңге;

  • кокурстық негізде грант тағайындауға -8 млн.теңге;

  • өзі жұмыс істейтіндерді микронесиелеуге – 62 млн.216 мың теңге;

  • кәсіпкерлерді оқытуға – 760 мың теңге.

2013 жылы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Абай қ.орналасқан білім беру щбъектілерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі - бұл №1 орта мектептің, №10 мектеп-гимназияның, №12 орта мектептің, №14 мектеп-лицейінің, «Таңшолпан» мектеп балабақша кешенінің ағымдағы жөндеуі, 3 бала бақшада жөндеу жұмыстары жүргізіледі – «Бөбек», «Золушка», «Солнышко». Білім беру объектілерінің жөндеуіне ағымдағы жылда 70млн.теңге бөлінді.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 20млн 300мың теңге мәдениет Үйі мен «Юбилейное» концерт залын жөндейге бөлінді.

2013 жылы Абай қ. көппәтерлі апатты үйлерді, иелері жоқ үйлерді қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ағымдағы жылы 16 бес қабатты үйлер жөнделді.

Қазақстан қалаларының қазіргі заманға сай жағдайда тиімді дамуы әлеуметтік маңызды облыста 3 бағытта бағдарланған: тұрғын-үймен қамтамасыз ету және адам кпиталының сапалы өсуі (білім беру мен денсаулық сақтау). Елбасы сөздеріне сүйенсек, мұның барлығы қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Еліміздегі экономикалық реформалар табысқа ие болу үшін көбінесе олардың аймақтарда жүзеге асырылуынан тәуелді болады. Ол ішін олардың үйлесімсіздік құлдырауын азайту керек, бірақ аймақ көшбасшыларының деңгейін төмендету есебінде емес, ал, керісінше, қалып бара жатқандардың әлеуметтік-экономикалық өрлеуі негізінде.

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев басқарудың бір орталықтан жүргізілмеуі бойынша міндетті қояды. Оның мәні орталық және аймақтар арасындағы жауапкершілік пен өкілеттікті ажыратуында, жергілікті атқару органдарының рөлін күшейтуінде жатыр. Жергілікті өзін-өзі басқарудың бекітілген даму Тұжырымдамасы ауыл басқармасының сапасын көтеруге, жергілікті маңызы бар мәселелерге азаматтардың қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ауыл әкімдеріне қосымша өкілеттік бөлінеді, бұл ауыл жағдайларына олардың ықпал етуінің күшеюіне мүмкіндік береді. Сондықтан жергілікті деңгейде мәселелерді шешу жүйесін өзгерту, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту үшін Көксуа., Құлайғыр а. әкімдігінің ғимараттарының толық жөндеулуі өткізіледі. Қарабас к. мәдениет Үйінің жөнделуі жоспарлануда, осы жерде кент әкімдігі орналасады.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында қылмысытылықпен күреске қатысты біртұтас мәселелер блогын баяндады. Бүгінгі күнде бұл зұлымдықпен күрес идеологиясының өзгеруін талап етіледі. Елбасы: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді».

Негізінен ауданда кримининогендік жағдай тұрақты болып отыр, ол жалпы аймақтың дамуы мен ішкі қауіпсіздігіне оң нәтижесін береді. Ертеде қадылданған құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қылмыстылықпен күрестің жыл сайынғы Бағдарламаларының жүзеге асырылуы оң әсерін тигізлді. Кейінгі ағымдағы жылдарда кәмелеттіке толмаған жастар арасында ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар санының төмендеу беталысы сақталуда. Қоғамдық жерлер мен көшелерде қылмыстың азаюы белгіленді. Маскүнемдік жағдайда жасалған қылмыстардың өсуіне жол берілмеген. Жыл сайынғы талдау негізінде полиция қызметкерлерімен криминогендік жағдайды ала отыру есебі бойынша жұмыс істемейтін уақытта полицияның жеке құрамының орнадласуы жүргізіледі.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласы бойынша ауданның ішкі істер Басқармасының негізгі басымдықтарын анықтайтын жедел-қызметтігінің жұмысында мәселелер де бар. Осылайша, адамдарға қарсы қылмыстын өсуі анықталды. Тұрмыс қылмысы, маскүнемдіктің алдын алу шаралары жеткіліксіз. Осыған байланысты осы бағыттағы жұмысты күшейту керек, бұқаралық ақпарат құралдарында маскүнемдік пен нашақорлықтың зияны туралы мәселелерді үнемі көрсетіп отыру керек. Бұл жұмысты ауданның білім беру мекемелерінде, ұйымдар мен кәсіпорындарда жалғастыру керек.

Жасөспірімдер қылмысы азайғанымен, бұл саланың криминалдық әлеуеті маңызды болып қала бермек. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында тұрақты түрде алдын алу рейдтері жүргізіледі, білім беру мекемелерімен тиімді қарым-қатынас орнықты, қолайсыз отбасылар үстінен бақылау күшейтілді.

Атқарушы органдары қызметінің маңызды бөлігі азаматтардың өтінішімен жұмыс болып тадылады. Абай ауданы әкімінің аппаратына 2012 жылы 712 азаматтар өтініштері келіп түсті: оның ішінде 322 ауызша, 390 жазбаша, оның ішіндегі 292 жеке тұлғалардың өтініштері, 98 заңды тұлғалар өтініші. 2011 жылмен салыстырғанда жазбаша өтініштер саны 41-ге өсті.

Аудан әкімімен 128 азамат, аудан әкімі орынбасарларымен 194 азамат қабылданды.

Есепті кезең ішінде жоғары тұрған органдардан 56 өтініш келіп түсті, оның ішінде облыс әкімі аппаратынан 48, облыс мәслихаты аппаратынан – 4, Тәртіптік Кеңестен – 1, Парламент Сенатынан 2, «Нұр Отан» ХДП 1.

Жазбаша түрде түскен азаматтардың 292 өтініштері:


  • оң шешім тапқан – 73;

  • түсіндірме берліді – 201;

  • орындалу үстінде – 11.

Азаматтардың өтініштері бойынша коммуналдық шаруашылық (390-нан 73) және тұрғын-үй (390-нан 85) мәселелері маңызды пайзды алуда.

Алдағы уақытта да азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайды, олардың әрқайсысына тиісті шаралар қолданылады.



Аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі барысында келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді орындау туралы бірер сөз. Барлығы 5 ұсыныс келіп түсті және барлығы қазіргі уақытқа дейін орындалды. Осылайша, Южный к. жылу трассасының телімдерін жөндеу мен ауыстыру жұмыстары жүргізілді, осы мақсатта бюджеттен 19млн.теңге бөлінді. Самарка мен Юбилейное ауылдарының мектеп алдына балаларды жеткізуді ұйымдастыру үшін 2 автобус сатып алынды, Есенгелді ауыл мектебінің алдына балаларды жеткізуді ұйымдастыру үшін ГАЗЕЛЬ автокөлігі сатып алынды, бұған 9,1млн.теңге сомасын құрайтын аудан бюджетінен қаражат бөлінді. Топар к., Көксу а. көркейту жұмыстары жүргізілді. Осындай жағдайлар үлгісін айта беруге болады.

Сөз соңында, айта кетерім, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған міндеттері бойынша жүзеге асыру барысында қол жеткізген табыстар - ол аудан әкімдігінің күнделікті жұмысының нәтижесі және аймақ тұрғындарының еңбек қорытындысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет