«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқарған жұмысының есебі



Дата13.06.2016
өлшемі121.94 Kb.
#131352
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқарған жұмысының есебі
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларын іске асыруға, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет ұсыну, сумен қамтамасыз етудің жемісті жұмыстарын, қаланы абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалау кешенді жұмыстарын жүргізді.

Қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық құрылымы тұрақты жұмыс атқарып, белгілі бағыттар бойынша айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізді.



Су және жылумен жабдықтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша бірқатар жұмыстар орындалуда.


  1. 2014-2015, 2015-2016 ж.ж. жылу маусымы.

2014-2015 ж.ж. жылу маусымы тұрақты және үзіліссіз өтті.

Қала әкімінің 2015 жылы 13 сәуірдегі № 50 ө өкіміне сәйкес 2014-2015 ж.ж. жылу маусымы 2015 жылы 13 сәуірде сағат 00:00-де аяқталды.

2015-2016 ж.ж. жылу маусымы 2015 жылдың 15 қазанында сағат 00:00-де басталды.

Приозерск қаласының коммуналдық шаруашылық нысандарының 2015-2016 ж.ж. жылу маусымына дайындығы, өмірді қамтамасыз ету нысандары басшыларының келісімдерімен және өткен жылдың жылу маусымы қорытындысында айтылған ұсыныстарына сәйкес, бекітілген жөндеу жұмысының жоспарымен жүргізілді.




    1. 1 ҚАЗАНДЫҚ

№1 Қазандық - қаланың жылу көзі болып табылады. 5 қазандықтан тұратын №1 Қазандық 1971 жылдан бастап жұмыс істейді. №1 қазандықтың жобалық қуаты 14 Гкал/сағ құрайды. 5 қазандықтың жылу жобалық қуаты 70 Гкал/сағ. құрайды.

ҚР заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес жеңімпаз мердігер «Қарағанды-Котломаш» ЖШС келісімшарт құрылды.

2015-2016 ж.ж. жылу маусымына дайындық барысында, №1 Қазандықта келесідей жұмыстар атқарылды:

- №3 Қазандықта ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізу (қазандық сыртқы қорабын ашып, бөлшектеу қаптау түтік жою), №4 сүзгіге күрделі жөндеу жүргізу және №1,3 желілік сорғыштардың (д300 – 2 дана) ысырмасын ауыстыру, конденсаттық бакты және сорғыны ауыстыру (2дана).
Сонымен қатар №1 Қазандықтың қызметкерлері толықтай аттестациядан өтті.

Анықтама

-Аккумуляторлық бакты тазалау;

-қазандық барабандарын тазалау;

-тұз құдығын тазалау;

-№3 сүзгіге катионит түсіру және себу.

-№4 бойлерді тазалау;

-БСМ учаскесінде фильтрлерді тазалау жүргізілуде;

-№2,№3 қайта айдау сорғыларын бөлшектеу және тазалау;

- НВ8 (2 дана.) маркалы фидерлік насостарды тексеру;

-вентилдерді тексеру (80 %);

-№ 5, № 4, № 2,қазандықтардың вентилдерін, ХВО вентилдерін тексеру(75 %).



Анықтама

1.№3 Қазандықта күрделі жөндеу жүргізу (қазандық сыртқы қорабын ашып, бөлшектеу қаптау түтік жою (85 %);

2.№4 сүзгіге күрделі жөндеу жүргізу;

Келесідей жұмыстар жоспарлануда:

-№1,3 Желілік сорғыштардың (д300 – 2 дана) ысырмасын ауыстыру;

- Конденсаттық бакты және сорғыны ауыстыру (2дана);

- экономайзерден казндыққа дейінгі құбыр(д108) ауыстыру, ұзындығы 97 метр;

-(д159) конденсаттық желіні ауыстыру;

-650А, 150А (4 дана.) контакторлық токты ауыстыру;




    1. КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

2015-2016 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық барысында көп қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қала бойынша көп қабатты тұрғын үйлерге жылу өлшеу құралдары орнатылған.

Достық көшесі №16/3 тұрғын үй 30 пәтеріне ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін, 595 мың теңгеге «СтройПремиум» ЖШС келісім шарт құрылды.




    1. ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ (ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ)



Анықтама:

Жылу желілерінің ұзындығы – 36,4 км.

Оның ішінде 20,2 км магистралдық, 16,2 км кварталдық.

2015-2016 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық барысында магистралдық жылу желілерінің әртүрлі диаметрдегі 89 ысырмаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

2015 -2016 ж.ж. жылу маусымына дайындық барысында қаланың кварталдық жылу желілерінің 1 012 шақырымына «Мырзабеков» ЖК жөндеу жұмыстарымен және изоляциялау жұмыстары жүргізілді. (Балқаш қ.)

Магистралдық жылу желілерінің 410 шақырымына ««Инстройтех» Құрылыс компаниясы» ЖШС жөндеу жұмыстары және изоляциялау жұмыстары жүргізілді.

ТҮҚҚБ тарифтық сметада салынған қаржыға, 220 шақырым жылу құбырлары ауыстырылды.

Жалпы 2015 жылы магистралдық және кварталдық жылу желілерінің 1 642 м жөндеу жұмыстары жүргізілді.



    1. ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР

Қала бойынша барлық 6 білім беру, 2 мәдениет нысандарында толықтай дайындық актісі бар.




    1. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА АЖЖ

2015-2016 ж.ж. жылу маусымына дайындық барысында подпиткалық және желілік сорғыны қайта қарау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құбырларды бояу және № 1, 2 қазандықтың түтін шығару құбырын тазалау жұмыстары жүргізілді.

2015-2016 ж.ж. жылу маусымына жоспарланған көмір көлемі толықтай жеткізілді. (көмір орталығы «Сабурхан» ЖШС 600 тонна).

1.6. СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша, «Приозерск қаласының №2 су қоймасында су тазалау кешенін және сумен қамтамасыз ету желілерін бөлшектеу» жобасын жүзеге асырылды.

Құрылыс-біріктіру жұмыстары. Бас Мердігер- Приозерск қаласы әкімдігі жанындағы «КТҮҚБ» КМК.



Авторлық қадағалауға. Бас жобалаушы- «Гипроводхоз» ЖШС.

Техникалық қадағалауға:

- 2013 жылға - «Аскар ала» ЖШС;

- 2014 жылға - «Стройтехнология» ЖШС.

Мемлекеттік сараптама шешімі №10-0087/12 2012 жылдың 28 ақпанынан берілген.

БВПУ-500 су тазалау құрылысы 500 м3/сағ (12 000 м3/тәулік) өндіріп, қаланы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде. Сумен қамтамасыз ету нысанының қолданатын суы- Балхаш көлінен алынады.

Бүгінгі күні Лесная, Новая, Песчанная, Транспортная, Пушкина, Достық, Ағыбай батыр көшелерінде 6 635 м пластиктік су құбырлары орнатылды.

Қала әкімінің 2014 жылы 21 қарашадағы № 70 ө өкіміне сәйкес, аталған жоба бойынша атқарылған жұмыстарды мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап, аталған нысана пайдалануға берілді.

№2 Су қоймасын қажетті химиялық реагенттермен «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ» бөлімі қамтамасыз етуде.

Жылу беру маусымына дайындық барысында № 2 Су қоймасының № 1 және № 2 көтермеде келесідей жұмыстар атқарылды:

1.Электрқозғалтқышты сорғыштарды бөлшектеп қайта қарау- 9 дана.

2.Құрал-жабдықтарды бояу;

3.Вакуумдық бактарды тазалау;

4. d-400 мм – 11 дана., d-200 мм – 8 дана сырма қайта қарау.

5.Электр құралдарын қайта қарау.
Тазалау станциясында:
1.ф-300 мм сырма ауыстыру – 2 дана.

2.ф-200 мм сырма ауыстыру – 1 дана.

3.ф-150 мм сырма ауыстыру – 6 дана.

4.ф-100 мм сырма ауыстыру – 3 дана.





Анықтама

Су желісінің ұзындығы – 43 771 метр, кәріз желісі – 42 500 метр.

Өрт сөндіру гидрантының саны – 28 дана. ( 15 дана гидрант орнату жоспарлануда..)


1.7.КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ
2014 жылы Ақ бұлақ бағдарламасы бойынша «Приозерск қаласының кәріз ағызу және тазалау ғимаратын қайта құру» жобасын жүзеге асыру басталды.

Бас Мердігер- «Каздорстройтех» ЖШС.



Бас жобалаушы- «Құрылысэкспертпроект» ЖШС.

Техникалық қадағалауға: «Alem Constraction Group» ЖШС.

Мемлекеттік сараптама шешімі №10-0087/12 2012 жылдың 28 ақпанынан берілген.

Аталған жоба бойынша ғимараттарды бөлшектеу жұмыстары, әкімшілік ғимараттар құрылысы (жер қазу және іргетас құру), электржабдықтау құрылысы (жер қазу), сумен жабдықтау құрылысы (Д-160 мм құбыр төсеу) жұмыстары жүргізілді.

2015-2016 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық барысында ЖСАС және АНБ нысандарында келесідей жұмыстар жүргізілді:

ЖСАС:


  1. 2 дана - d-150 сырманы қайта қарау;

  2. 4 дана- d-200 сырма қайта қарау.

  3. 4 дана - электроқозғалтқышты сорғыштарты жөндеп қайта қарау;

  4. 3 дана-вакуумдық бакты жөндеу;

  5. Электрщитін қайта қарау.

АНБ:

  1. 3 дана - d-100 сырмаларды қайта қарау;

  2. 3 дана – вакуумдық бакты жөндеу;

  3. 3 дана - электроқозғалтқышты сорғыштарды жөндеп қайта қарау.

  4. Электрщитін қайта қарау.


1.8 ДАЙЫНДЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде 2015-2016 ж.ж. жылу маусымына «ТҮҚҚБ» КМК және «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КМК дайындығы туралы өтініштерін қарастыру комиссиясының отырысы өтті.

Нәтижесінде дайындық құжаттары берілді.




    1. ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЯ




Анықтама

Электр желісінің ұзындығы – 784,5 км, ТП – 64 дана.

2015 жылы электр қуатын беруші кәсіпорны электр желісін және трансформаторлық станцияларды жөндеу жұмыстарын кесте бойынша атқарды.

Ағымдағы жылы 62 ТП және 630,47 км электр желісін, 27 дана станцияларының жабдықтарына күрделі жұмыстар жүргізілді.
2. ЭНЕРГИЯҮНЕМДЕУ

Энергия үнемдеу бойынша 2015 жылы «Балақай» балабақшасына дейінгі автомобиль жолының бойына күн сәулесінен қуат алатын, 15 энергия үнемдеуші (48 вт) светодиодты шамдар орнатылды. 2015 жылы қала бойынша көше бойындағы 114 дана электр қуатын үнемдейтін шамдар ауыстырылды.

Мердігер - «Инновация Тех» ЖШС.
3.АБАТТАНДЫРУ
3.1.Санитарлық тазалау және көгалдандыру

Приозерск қаласы әкімінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №13-ө өкімімен 2 айлық көктемдік жарияланып, қаланы көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Қаланы 7 бөлікке бөліп және бюджеттік мекемелерден жауапты тұлғалар бекітілді.

2 айлық көктемдік барысында 24 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталып, 183 га жер аумағы тазаланды. 300 жас желкендер отырғызылып, 36 дана гүл орындары жөнделді. Жалпы 2 740 адам, 25 арнайытехника жұмылдырылды. Сенбілік барысында көл жағалаулары да тазаланды. Сенбілік бойынша теледидар мен басылым беттеріне жарияланды. Сенбілікпен қатар апта сайын «Таза бейсенбілік» жүргізілді.

2 айлық көктемдік барысында 2 жалпы облыстық, 4 жалпы қалалық, 8 таза бейсенбілік өткізілді.

Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша Приозерск қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, 2015 жылы 28 қыркүйек пен 24 қазан аралығында күздік айлық және «Таза Бейсенбілік» өткізілді.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Еңбек күніне» сәйкес жалпы облыстық сенбілік өткізілді.

Күздік барысында 20 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталып, 75 га жер аумағы тазаланды. 100 жас желкендер отырғызылды. Жалпы 2 740 адам, 25 спецтехника жұмылдырылды.

3.2. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Ағымдағы жылы қаланың автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында Пушкина көшесіне ұзындығы 315 метр ені 7 метр автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмысы және 3 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Жалпы көлемі - 2 2052 м2 асфальтобетондық қаптама салынды.

Бордюр тасының ұзындығы 700 м.
Анықтама: Қаланың автомобиль жолдарына орта жөндеу жүргізу:

Асфальтобетондық қаптаманың көлемі:

- Пушкин к. (Достық көшесінен Абай көшесіне дейін) – 2 205 м2 немесе 315 м.

- Дружба Народов көшесі – 4 128 м2 немесе 688 м.

Дружба Народов көшесінің автомобиль жолына орта жөндеу жұмысымен қатар 6 жол белгісін орнату жұмыстары жүргізілді. Асфальтобетондық қаптаманың көлемі: – 4 128 м2 немесе 688 м. а


Анықтама:

Ағымдағы жылы жалпы қала бойынша - 6 333 м2 немесе 1 003 м. Асфальтобетондық қаптама төселді.




Жол кауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Достық көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды.

Мердігер – «Кульчуков» ЖК.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысты ашу мақсатында қала бойынша 11 бейне бақылау камералары орнатылды.

Мердігер - «UBR Бизнесстрой» ЖШС.

Қала көшелеріне 61 дана жол қауіпсіздік белгілері орнатылды.

Мердігер –«НАР-ТӘУЕКЕЛ ЖАРНАМА».

Қала жолдарын қамтамасыз ету.
3. ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ
Бүгінгі күні Приозерск қаласында «Полуостров-Дружба Народов» бағытындағы тұрақты маршрут жүруде.

Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау және маршруттағы жүк бойынша «Приозерск қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ мен «Приозерсктік жолаушылар тасымалы» ЖШС 2014 жылы 6 қаңтарда №1 келісім шартқа отырды.




Анықтама

Приозерск қаласындағы «Полуостров-Дружба Народов» бағытындағы тұрақты маршруттың жолаушылары мен рейстерінің көрсеткіші

Тасымалдаушы

Жұмыс күнінің саны

1 күндегі рейстің саны

1 рейстегі жолаушылар саны

14 кұн ішіндегі 1 күндегі жолаушылар саны

336 рейстегі 1 айлық жолаушылар саны

4 032 рейстегі 1 жылдық жолаушылар саны

«Приозерскттік жолаушылар тасымалы» ЖШС

24

14

15

210

5 040

60 480


Әлеуметтік маңызды «Түбек-Дружба Народов» бағыты бойынша жүретін №1 маршрутқа жергілікті бюджеттен 1 300,0 мың теңге бөлінді.


3.4. АБАТТАНДЫРУ
Балалар ауласын абаттандыру және көше жарықтарын қалпына келтіру( 48 кВт энергияүнемдеуші) жұмыстары келесі көшелерде жүргізілді:

- Абай к. 17/3;

- Гвардейская к.10,

Сонымен қатар дератизация және дезинфекция жұмыстары да толықтай атқарылды.

Мердігер - «Био мир» ЖШС.

Рақымжан Қошқарбаев көшесі № 9 тұрғын үйдің сыртқы қасбетін бояу жұмыстары жүргізілді.

Мердігер – «KARAGANDY SAULET - KURYLYS» ЖШС.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Кисунько көшесі № 1, № 1 «А», № 1 «Б» тұрғын үйлердің кіре берістеріне жүргізілді.

Мердігер - «KARAGANDY SAULET - KURYLYS» ЖШС.
4.ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебiне барлығы 436 азамат тіркелген.

2015 жылы Приозерск қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының 30 отырысы өткізіліп, 250 өтініш қаралды. Комиссияның шешімімен 50 келісім-шарт рәсімделді. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы бойынша 38 өтініш қаралды.

2015 жылы 10 жаңадан пайдалануға берілген және 6 босаған пәтерлер бөлінген:

- 4 пәтер- жетім балаларға;

- 4 пәтер - халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына;

-3-мемлекеттік пәтер. қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне;

- 5 пәтер - баспанасы апатты деп табылған азаматтарға;

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының 16 сәуір, 1997 жылғы №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтар есебінен 7 азамат шығарылды.



ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИБ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет