Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі131.44 Kb.
#17836
Саратовка ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында, Ұлан ауданында 2005 жылдың 6 сәуірінен бастап жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдердің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы, сонымен қатар, біздің Саратовка ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі жайында ақпараттануын жоғарылатуға бағытталған.

2012 жылдың 1 ақпанында Саратовка ауылдық округі әкімінің есептік кездесу кезінде келесі сұрақтар қойылған:




  1. «Өскемен – Отрадное» бағытына жүретін рейстік автобустың тұрақты жүруін қамтамасыз ету:

Көтерілген сұрақ «Көлік тасымалдау және автомобиль жолдары» ММ бірлесіп шешімін тапқан. Өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта «Газель» автокөлігі тасымалдаумен айналысқан. Тендерді жеке кәсіпкер Чулоков.М. ұтып алған. Осы бағыттағы қозғалу маршруты тұрақталған, бірақ 2012 жылдың желтоқсан айында күннің аяздығына байланысты 2 апта бағытқа шықпады. Бірақ 4 қаңтардан бастап жұмысын жалғастырды. Жүру уақытында өзгерістер бар. Ол жөнінде хабарландырулардан оқып немесе әкімшілікке хабарласып білуге болады.


  1. Бос жүрген иттерді жою:

Ауданның ауылшаруашылық бөлімінің жанындағы «Ұлан малдәрігері» КГП қаңғыбас иттерді ату мәселесімен айналысады. 2012 жылы 90000 теңгеге 30 иттің (1 басқа – 3000 теңге) көзі жойылды.
Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.

Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.


Ауыл шаруашылығы
Саратовка ауылдық округінің аумағы 19817 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 9885,2 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 4080,3 га, шабындық жер – 385 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 5419,9 га құрайды. Округ аумағында 23 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. Шаруа қожалықтарының 10 өсімдік шаруашылығымен, 3 шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуда. Қалған 11 шаруа қожалығы шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 123 адам. «Солтанбек», және «АгроБАМ» шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады. 2013 жылдың 1 қаңтарына ірі қара малдың саны 838 басты құрайды, оның ішінде сиырлар - 413 бас, ұсақ малдар – 615 бас, жылқылар – 243 бас. 2012 жылмен салыстырғанда ірі қара мал - 109 басқа көбейді, ұсақ мал – 664 басқа азайды, жылқылар саны – 17 басқа көбейді.

Дәңді – дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 7 центнер болғанда 6946.1 тоннаны құрады. Қыс мезгіліне 1929 тонна шөп дайындалды.

Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына электрші, дәнекерлеуші, токарьлар қажет.

Округ бойынша 527 аула бар. Оның ішінде 332 аула - қосалқы шаруашылық иелері.

2013 жылдың 1 қаңтарына 775 бас ірі – қара мал, оның ішінде – 404 сиыр; 1766 бас ұсақ мал, 181 бас жылқы, 139 бас шошқа, 3085 бас құс тіркелген.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі – қара мал басы 109 басқа, ұсақ малдың басы – 712 басқа азайды, шошқаның саны – 39 басқа көбейді.

2012 жылы – 2461 центнер ет, 18828 центнер сүт, 290 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Округте «АгроБАМ» және «Солтанбек» шаруа қожалықтарында мал бордақылау алаңдары ұйымдастырылған. «АгроБАМ» шаруа қожалығында сыйымдылығы - 500 бас, «Солтанбек» шаруа қожалығында сыйымдылығы - 50 бас. Отрадное ауылындағы «АгроБАМ» шаруа қожалығында мал сою пункті, ал Саратовка ауылында мал қорымы жұмыс істеуде. 2012 жылы ауданның агрокәсіптік кешенін дамыту мақсатымен ауыл шаруашылығы бойынша «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды ірі – қара мал өсіру шаруашылығы ашылды. 2012 жылы Саратовка және Ново – Одесское ауылдарында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пунктері ашылды. Саратовка ауылында ұрықтандырушы Ефимова Ж.М., Ново-Одесское ауылында – Каирбекова З.В. Барлығы жыл көлемінде 53 бас мал ұрықтандырылды. Қазіргі уақытта Ново-Одесское ауылының тұрғындары Егошина К., Зияданова Д., Каирбекова З., және тағы басқа тұрғындардың ұрықтандырылған малдары төлдеді. Отрадное ауылы тұрғындарының малдары табиғи түрмен «АгроБАМ» шаруа қожалығының асыл тұқымды бұқаларымен ұрықтандырылды.

Ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатымен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрғындарға үкімет тарапынан несиелер берілуде. Мал өсірумен айналысу үшін округ тұрғындары Мукашева Алия, Егошина Кульбаршин, Ордабаев Еркен 1 млн теңге көлемінде несие алды. Алған несиеге мал сатып алынып, қазіргі уақытта төлдеуде. Ауыл шаруашылығының дамытудағы тағы бір перспективтік саласы – омарта шаруашылығын жандандыру мақсатымен, Ново – Одесское ауылының тұрғыны Кусаинов Болат несие алды. Берілген несиеге өз ісін ұлғайту үшін бал арасының ұяларын және қажетті жабдықтар сатып алды.

Былтырғы жылы жеке кәсіпкер Виталий Александрович Рузановтың омартасының негізінде халықаралық омарташылар семинары өткізілді. Виталий Александрович «Карпатский» атты асыл тұқымды бал араларын өсірумен айналысады. Өз іс тәжірибесімен халықаралық деңгейде бөлісті.


Кәсіпкерлік
Округте 8 дүкен, 1 дәмхана, 1 жармалау цехы жұмыс атқаруда. Жалпы жұмысшылардың саны 24 адам.

Округ аумағына нан және нан өнімдерін Белоусовка ауылынан - жеткізуші «ПКФ – Шахан – ата» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, Өскемен қаласынан - жеткізуші «Балхаш» жеке кәсіпкерлігі мен «Устун» жеке кәсіпкерлігі және Донское ауылынан жеткізуші «Назаренко» жеке кәсіпкерлігі тасымалдайды. Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпаратындырады. 2013 жылы жеке кәсіпкер Алтаева Асия Кенжебаевна Ново-Одесское ауылында шаруашылық тауарларын сататын дүкен ашуды жоспарлауда.

2012 жылы 50767 теңге – мүлік салығы, 94900 теңге жер салығы жиналды.
Бюджет
2012 жылы Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 12 млн 783 мың теңге қаржы бөлінді. Округ әкімшілігінің қызметін қамтамасыз ету үшін 8 млн 448 мың теңге қарастырылған. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген. Көшелердегі жарықты қамтамасыз етуге 442,0 мың теңге бөлінген. Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 120000 теңге бөлінген. 2012 жылы Отрадное ауылындағы Центральная көшесінің ағымды жұмыстарын жүргізуге 3 млн. 673 теңге қаржы бөлінген. 300 метр жол жөндеуден өткізілді. Бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілді. 2013 жылға 12 млн 570 мың теңге қарастырылды. Әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін төмендегідей қаржы бөлінді: округте тазалық орнатуға – 117000 теңге, елді – мекендердегі көшелердің жарықтандыруының өтем ақысына – 442 000 теңге, елді – мекендерді көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына 110 000 теңге бөлінді. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Отрадное ауылына жарық орнату үшін 3 млн. 464 теңге қаржы көлемінде қаражат бөлінді. Центральная көшесіне жарық орнату жоспарлануда.
Әлеуметтік қорғау
Округ аумағында зейнеткерлер саны 297 адам, 1,2,3 топ мүгедек адамдар саны 51 адам, мүгедек балалар саны 6 адам, тыл қызметкерлерінің саны – 48 адам, ауған соғысының ардагерлері – 4 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 19 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 17 адам.

2012 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде 17 адам болды. Жыл ішінде 14 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Тұрақты жұмысқа тұрғандардың саны 6 адам. 2013 жылдың 1 қаңтарына халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер жоқ.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2012 жылы 4 отбасына (10 адамға) берілді. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны алуға 19 отбасы (38 бала) өтініш берді. Тұрғын үй жәрдемақысы 2012 жылы 81 отбасына берілді. 2012 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде жүргізілген қайта оқыту курстарында 26 тұрғын білім алды. Оның ішінде, «есепші» мамандығы бойынша 9 адам, «хатшы» мамандығы бойынша – 1 адам , «тракторист-машинист» мамандығы бойынша –16 адам оқып, мамандық алды.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 8 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз етеді. Зейнетақыларын жеткізу, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер дәрігерлік амбулаториясымен тығыз қарым – қатынаста және Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Қамқорлық» тобымен бірге жұмыс істеуде. Құрамына 19 оқушы кірген «Қамқорлық» тобы округтегі зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға қар тазалауға, отын жаруға, аулаларды қоқыстан тазалауға және басқа да жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетуде. Жыл көлемінде Дроздова Зинаида Николаевнаға, Ислямов Арыстан Ислямовқа, Тыныбаева Бақашқа, Клименко Мария Фроловнаға және басқада тұрғындарға көмек көрсетті.


Білім саласы
Өздерініз білетіндей, өткен жыл Ново-Одесское ауылында 130 орындық мектептің салыну мен іске қосу мерекесімен есте қалды. Аталған шара баршамызға үміт беріп, оқушылардың ғана емес, тұрғындардың да көңілін көтеріп, ауыл жанданып, әр-түрлі іс шаралар өткізілуде. Бүгінгі күні орта мектептің оқушылар саны 169 адам, мектепке дейінгі сыныпта – 11 баланы құрайды. 2012 жылы мектепті 15 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орта баллы – 77,6 құрады. 2012 жылы жоғары оқу орындарына 7 түлек, арнаулы орта оқу орындарына 7 түлек оқуға түсті. 9 түлек – ақысыз, ал 5 түлек – ақылы оқу орындарында оқуда. Орта мектепте 38 мұғалім жұмыс атқаруда. Оның ішінде, жоғары біліммен – 35, арнаулы – орта біліммен – 3 мұғалім. Бүгінгі күні кадрларға қажеттілік жоқ.

Ауылдардан мектепке 104 оқушы тасымалданады. Оның ішінде, Отрадное ауылынан 44 оқушы, Саратовка ауылынан – 60 оқушы. Мектептің автобусы күніне 10 рейс жасайды. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 12 компьютермен жабдықталған 1 мультимедиялық кабинет бар. Орта мектептегі барлық компьютерлердің саны – 48. Интернет жүйесіне 1 компьютер қосылған.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мектептің асханасында ұйымдастырылған. Барлығы ыстық тамақпен 74 оқушы қамтылған, оның ішінде – 60 бала – 1-4 сынып оқушылары, 14 бала – 5-11 сынып оқушылары.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, теннистен, еркін күрестен 6 спорттық секция жұмыс атқарады. Домбра үйірмесі ұйымдастырылған. Қатысатындардың саны 73 оқушы. Орта мектептің негізінде қаңтар айының 16-да 20 орындық шағын орталығының ашылуы жоспарлануда.

Шығыс – Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде 258 студент білім алуда.
Медициналық қызмет
Округте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді 9 қызметкер жүргізуде, оның ішінде 3 дәрігер, 6 орта медициналық қызметкер. Округте 3 медициналық мекеме орналасқан: Саратовка ауылында дәрігерлік амбулаториясы, ал Ново – Одесск, Отрадное ауылдарында фельдшерлік пунктер орналасқан. Дәрігерлік амбулатория иелігіне 1 қызметтік көлік бекітілген. 2012 жыл көлемінде медициналық көмек 2519 тұрғынға көрсетілген, 310 ауырған адамға үйінде көмек көрсетілген және жедел жәрдем көмегі – 61 тұрғынға шақырылған.

Өткен жылы дүниеге 15 бала келіп, 21 адам дүниеден өтті. Оның ішінде онкологиялық аурумен ауырғандар саны –3 адам. 2012 жылы нәрестелер өлімі тіркелген жоқ. Амбулаториядағы күндізгі стационарында жыл көлемінде 150 тұрғын емделді. Емдеу сапасына тұрғындар тарапынан арыздар түскен жоқ.

Амбулатория және фельдшерлік пунктерінде көрнекті құралдармен жабдықталған салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар жиналған және жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған.

Ново–Одесск ауылындағы фельдшерлік пункті және Саратовка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы қыс мезгілінде электр қуатымен жылынады, ал Отрадный ауылындағы фельдшерлік пункті «АгроБАМ» шаруа қожалығының иелігінде және көмірмен медициналық бірлестік қамтамасыз етеді.


Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны 431 адамды құрайды, оның ішінде Саратовка ауылында – 188 жанұя, Ново-Одесское ауылында - 107 жанұя, Отрадное ауылында – 136 жанұя.

Ново–Одесск және Отрадное ауылдарының тұрғындары ауыз сумен өз құдықтарынан қамтамасыз етілген, ал Саратовка ауылындағы су құбыры Шығыс–Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің балансында. Қоғамдық құдықтан су алу кісі басына 91 теңге 28 тиын, жер үйлердегі канализациясыз су құбырлары тартылған үйлерде кісі басы – 174 теңге, 96 тиын, ал су құбыры және канализациясы іске қосылған үйлерде кісі басы 273 теңге 86 тиын төлем ақысы белгіленген. Су жүйесіне қызмет көрсету жағынан шешімін таппаған мәселелер бар. Өздеріңізге белгілі, жаз мезгілінде Мелиораторов көшесіне су жетпей қалады, ал қыс мезгілінде, жүйенің ескіргеніне байланысты трубалар жарылып жатады. Әдеттегідей, қаржы тапшылық. Оның үстіне, су пайдалану үшін өтем ақыларын төлемейтін тұрғындар да бар. 2012 жылдың аяғына тұрғындар 259 мың 841 теңге көлемінде қарыздар. Су құбырына қызмет көрсету білім беру мекемесінің үлгілі Ережесіне сәйкес келмейтінін басшылыққа алып, КСК немесе басқа да мекемеге беру жөнінде колледждің әкімшілігі бірнеше рет аудан әкіміне, жергілікті әкімге хаттар жолдаған. Әзірше су құбырының жүйесі әлі де ауыл шаруашылық колледжінің балансында.


Көші – қон жағдайы
2012 жылы округ аумағына 24 адам тіркеліп, 31 адам тіркеуден шықты. Негізгі көші - қон көрсеткіші бойынша: Қазақстан Республикасының басқа аумақтарына – 1 адам, Шығыс – Қазақстан облысының басқа аудандарына 21 адам, ауданның басқа ауылдарына – 9 адам қоныс аударды. Кетулерінің негізгі себептері - оқуға, тұрақты мекен - жайын ауыстыруларына байланысты.
Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Е.Сағиұлының әкімшілік учаскесі Саратовка, Ново – Одесское, Отрадное ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін колледждің жатақхана ғимаратының 1 қабатында қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 38-301. Учаскелік полиция қызметкеріне 2011 жылы бюджеттік қаржыға қызметтік пәтер сатып алынды және қазіргі уақытта ол отбасымен Саратовка ауылында тұрып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуге 1 адам тартылған. Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 64 адам тұр. Оның ішінде, мерзімінен бұрын босатылғандар – 1 адам, әкімшілік қарауындағылар – 5 адам, бұрын сотталғандар – 3 адам, шартты түрде сотталғандар – 2 адам, ішімдік өнімдерін шексіз пайдаланатындар саны – 38 адам, есепте тұрған жасөспірімдер саны – 2 адам. 2012 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексін басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 100 хаттама толтырылды, оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – 7 іс, бұзақылық жасағандары үшін – 13 іс, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – 17 хаттама, жеңіл дене жарақатына әкеліп соқтырғаны үшін – 8 хаттама, қоғамдық орындарда шылым шеккендері үшін –5 хаттама, көріктендіру тәртібін бұзғандары үшін – 8 хаттама, ит ұстау ережесін бұзғандары үшін – 8 хаттама, ұсақ ұрлық жасағаны үшін – 1 хаттама, көші – қон заңын бұзғандары үшін – 17 хаттама. 2012 жылдың 12 айы ішінде 79 тұрғынның арыз - өтініштері қаралды. Атқарылған жұмыстармен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіретін жайлар да бар. Ол қызметтік көліктің ескілігі, 2002 жылы шығарылған. Компьютерлік техникасы, ксерокс және жихаздар ауыстыруды қажет етеді. Тағы бір жұмысқа кедергі келтіретін жай – дәрігерлік амбулаториясында мастық деңгейін тексеру мумкіндігі жоқтығы.
Тұрғындардың өтініштерін қарау
2012 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 10 тұрғыннан және 9 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен екі айлық өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге тазалық орнату үшін келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсаты - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуын іске асыру. Әр аптаның бейсенбісі «Тазалық бейсенбісі» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектеп пен колледж, шаруа қожалықтары, дәрігерлік амбулатория ұжымы түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында Аксакалдар, Әйелдер кеңестерінің мүшелері белсенділік көрсетті. Қоқыс төгетін орындарды жинау жұмыстары жүргізілді. 400 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 150 шаршы – метр гүлзарлар орналастырылды. Ново–Одесское ауылының Образцовая көшесінің тұрғындары Кушеров С., Ашаев О., Сабурбаева К., Каирбекова Р., Сайкенова С., Алтаева С., Серикпаев Ж. және тағы басқалары жаңа қоршау қадаларын сатып алып, сырлап, орнатып, қашаларын жаңартты.

3 кезеңнен тұрған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты республикалық марафон акциясы негізінде гүлзарларды көріктендіру, суару, ағаштарды кесу ақылы жұмыстарына 30 адам қатысты.

Округте барлық мерекелерге және атаулы күндерге арналған мәдени – көпшілік шаралар өткізілуде, мысалы, Наурыз мерекесіне, Жеңіс күні мерекесінің 67 жылдығына, Конституция күні мерекесіне, Қарттар және мүгедектер күні мерекесіне және тағы басқа мерекелерге арналған шаралар. 2012 жылы, өздеріңіз білетіндей, алғашқы рет Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған шара өткізілді. Енді жыл сайын 1 желтоқсанда осы күн аталып өтіледі. Округте өткізілетін мәдени іс – шараларға колледж, орта мектеп ұжымдары және «Ақ әжелер», «Непоседы» топтарының мүшелері белсене қатысуда.

2012 жылдың аяғында болған тағы да бір атап өтетін оқиға – «АгроБАМ» шаруа қожалығының басшысы Касенов Ж.Ж. мемлекеттік коммуналдық меншіктікке Отрадное ауылындағы Мәдениет үйін тапсырды. Осы мәдени ошағы Отрадное ауылдарының тұрғындарының өмірлерін жандандырады деп үміттенеміз. Біріншіден, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, онда тұрғындар жиынынан бастап мәдени шаралардың барлық түрлері өткізіледі, екіншіден, ауыл жеріне маңызды, бірнеше адамды жұмысқа тұрғызу мүмкіндігі пайда болады.

Өткен жылы 31 желтоқсанда 113 жасқа толған Отрадное ауылының тұрғыны қарт анамыз Тандыбаева Күләш апаны құттықтау ұйымдастырылды. 8 наурыз мерекесіне орай, округ әкімі естелік сыйлық табыстап, ал туған күні қарсаңында теледидар тарту етілді. Өкінішке орай, қаңтар айының басында апамыз дүниеден озды.

Биылғы жылы бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі негізінде округтегі шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен меморандумдарға қол қою жұмыстары жалғасын таппақ. Бұл тараптан өткен жылы округтегі әр – түрлі шараларға 500 мың теңге көлемінде демеушілік көмегі көрсетілді. Бұдан басқа да округтегі санитарлық тазалау, көріктендіру жұмыстарын жүргізуге қажетті техникамен қамтамасыз етіп, осы жөнінде меморандумдарға қол қойылған. Өткен жылы округтегі көшелерді грейдермен тегістеп, Саратовка ауылындағы бірнеше көшелерге тас төгілді. Биылғы жылы осы жұмыстар жалғастырылады.

1 қыркүйекте жаңа мектептің ашылуына орай, мектеп ұстаздары 81 мың теңгеге акт залына перделер, орындықтарға тыстар сатып алды. «АгроБАМ» шаруа қожалығының басшысы Касенов Ж.Ж. 50 мың теңгеге аквариумды сыйға тартты. Округ әкімі 38 000 теңгеге безендіруге шарлар және 56000 теңгеге баннер сатып берді. «Ақ әжелер» тобының мүшелері гүлсауытты сыйлады. «Үш биік» шаруа қожалығының басшысы Н.Тастанбек 10000 дық принтерді сыйлады. «Достық» шаруа қожалығының басшысы Г.Т.Оспанова 20000 теңгеге кілем төсемелерін әперді.

Есепті жылдың 1 желтоқсанында жаңа мектеп ғимаратының алдына қаза тапқан ауған соғысының ардагері Базылбек Ахметовқа арналған гранитті тақта мен мүсіні орнатылды. Бұл шара жеке кәсіпкер Мусин қайрат Маратұлының және Базылбек Ахметовтың сыныптастарының көрсеткен 750 000 теңге демеушілігі негізінде мүмкін болды. Аталған шараға байланысты өткізілген спорттық ойындарға жеке кәсіпкер Мусин Қайрат Маратұлы және «Достық» шаруа қожалығының басшысы Оспанова Г.Т. 35000 теңгені жүлдеге тікті.



2013 жылы меморандумдарға қол қою жұмыстары жалғасып, әр ауылда хоккей қорапшаларын салу жөнінде меморандумдар жасалуы жоспарлануда.
Президенттің және Үкіметтің саясаты арқасында жылдан жылға округ тұрғындарының тұрмысы жақсара түсетініне сенеміз және де сіздердің көмектеріңізбен округтегі көп сұрақтар шешіледі деп үміттенемін.
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет