1 – жүргізуші (Мәди):
Құрметті, ұстаздар, оқушылар!
Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлына арналған “Ер есімі ел есінде” атты іс-шарамызқа қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші (Ақерке):
Іс-шарамыздың мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадірлеу. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.
Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941 - 1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ - даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Аты аңызға айналған ұлы тұлға атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші (Мәди)
“Ақ боранда азынаған қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.” – демекші Бауыржан атамыздың өмірінен сыр шерсек.
1-дерек: Бауыржан Момышұлы — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, сөзге шешен, стратег және тактик. Ол 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан.
2-дерек: Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болған.
3-дерек: 1921 жылы бастауыш мектепте Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық еткен.
4-дерек: Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды.
5-дерек: Кез келген салаға бірден бейімделіп, тез үйреніп алатының арқасында бірнеше жерде қызмет атқарған. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. Қаржы жағынан өте сауатты болған. Осы қабілетінің арқасында Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен.
6-дерек: 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
7-дерек: Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты.
8-дерек: Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
9-дерек: Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді.
10-дерек: Соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақ болған. Біріншісі – Бауыржан Момышұлы, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.
11-дерек: Көрнекті жазушының орыс және қазақ тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды.
12-дерек: Бауыржан Момышұлы бірнеше рет шаңырақ көтерген. Бірінші зайыбы Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы бар. Ұлы да жазушылықпен айналысқан. Екінші әйелі Вера Строева Бауыржанның әдебиетке келуіне әсер еткен. Клавдия Коркина атты сыған қызынан Елена есімді қыз дүниеге келген. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге болған.
1-жүргізуші (Мәди): Бауыржан Момышұлының өмір жолымен танысқан болсақ, ендігі кезекте оның естелік аудио жазбасын тыңдайық.
2-жүргізуші (Ақерке):
Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған Бауыржан Момышұлының шығармашылығындағы өлеңдерін еске түсіре кетсек…. (Өлеңдер оқылады)
1-жүргізуші (Мәди):
Алпыс бес жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бес жыл - шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2– жүргізуші (Ақерке):
Алпыс бес жыл - үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Алпыс бес жыл - жауымыздың ажал оғы,
Біздің ел үстіменен ұшпағалы.
1 – жүргізуші (Мәди):
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта орнады.
Соғыста өлгендер тек оралмайды.
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
2-жүргізуші (Ақерке)
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.
Достарыңызбен бөлісу: |