‘
’’
’’
’’
’’
’’’’’’
’’
“Еңбек түбі - ……”
’’’’’
’’’’’
Романтизм -( роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай ой- қиялмен ұштастырып суреттеу)- әдебиеттегі көркем өнердегі өмірдің жарқын жағымды жақтарын көбірек алып көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Сондай-ақ осындай әдісті қолданған қалыптастырған әдеби ағым әдеби бағыт деген мағынада айтылады. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Соңғы мағынасында романтизм белгілі бір дәуірмен сол кездегі әдеби процеспен нақтылы ақын- жазушылардың творчествосымен байланысты алып қаралады.
Романтизм әдісі негізінен алғанда жазба әдебиетінде 19 ғасырда пайда болды. Европа халықтарының әдебиетінде орыс әдебиетінде романтизм нақтылы қоғамдық өмір шындығына романтикалық арман-мұратты қарама-қарсы қояды. Мұның өзін бір жағынан қиялшылдық, күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрған жарқын өмірді аңсау, алға ұмтылу десек, екінші жағынан өз ортасын олқы көріп өз кезіндегі қоғамдық тәртіпті қабылдамау оған наразылық білдіру десек болады.
Романтизмнің ерекшелігі
Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет.
- 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс;
- 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропа мен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды.
- 3) 18 ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер, Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзияереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды.
Романтизм әдебиетте
Достарыңызбен бөлісу: |