Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау


- бөлім. Тау жыныстары массивінің жылжуын бақылау



бет2/3
Дата02.07.2016
өлшемі1.04 Mb.
#173067
1   2   3

3 - бөлім. Тау жыныстары массивінің жылжуын бақылау
43. Жер асты бақылау станцияларын кеуленген тау жыныстарының орнықтылығын, тау жыныстарының кеуленген қатқабатында әр түрлі ығысу және деформациялану облыстарының дамуын және қалыптасуын бақылау үшін орнатады. Станцияларды тау жыныстарының қатқабатында да, жер бетінде де орналасқан, қорғалатын объектілерді дайындау кезінде орнатады. Станцияларда бақылау нәтижелерін кен орнындағы тау жыныстарының жылжу сипатын анықтау, кеуленетін объектілер ауданында тау жыныстарының және жер бетінің жылжулары мен деформацияларының шамаларын болжау, қажет жағдайларда оларды дайындаудың қауіпті салдарын ескерту бойынша шараларды дер кезінде қабылдау үшін пайдаланады.

Тау қысымының алуан түрлі мәселелерін зерделеу және шешу үшін (қазу жүйелерінің оңтайлы параметрлерін таңдау, қазбаларды ұтымды орналастыру және бекіту, тау соққыларымен күресу шаралары) арнайы жер асты бақылау станцияларын орнатады. Мұндай станцияларда бақылаулар жүргізуді, бақылаулар нәтижелерін өңдеу мен пайдалануды орнату тәсілдері арнайы әдебиеттерде берілген және берілген Нұсқауда қарастырылмайды.

44. Жер асты бақылау станциясының қада белгілерін осы мақсатта қазбаларда арнайы өткізілген, қазылатын және жоғарыда жатқан горизонттарда, сондай-ақ жер асты кен қазбаларынан немесе жер бетінен бұрғыланған ұңғымаларда қолданылып жүрген күрделі және дайындау кен қазбаларында орнатады.

Қорғауға тиесілі объектілерді дайындау кезінде, оларға қада белгілер орнататын қазбалар мен ұңғымаларды, кеуленетін объект арқылы немесе одан тікелей жақындықта өтетін, олар үшін ортақ мүмкіндігінше бір немесе бірнеше вертикаль жазықтықтарда орналастырады. Егер жер асты станциясын орнатқан кезде бір мезгілде жер бетінде де (кешенді бақылау станциясы) кескінді сызықты орнатса, онда соңғысы оларға жер асты станциясын орнататын, қазбалармен бір вертикаль жазықтықта орналастырылады.

45. Жер асты бақылау станциясының құрамына кен қазбаларында орнатылған, жұмыстық, тірек қада белгілер және ұңғымаларда орнатылған тереңдік қада белгілері кіреді.

Жұмыстық қада белгілерді 10-15 м интервалмен орнатады; олар мүмкіндігінше, түзу кескінді сызықтар құралады. Қада белгілерді жиілету қажет болғанда олардың арасындағы интервалды 3-5 м дейін азайтады.

Тірек қада белгілерді берілген горизонтта жылжу облысының шекарасынан тыс кескінді сызықтардың ұштарында (екіден кем емес) орнатады. Оларды алғашқы қада белгілерге байланыстырады, ол үшін кен қазбалары әсер етуінің жалпы аймағынан тыс орналасқан, жер асты маркшейдерлік тірек торабының қада белгілерін пайдаланады (1-қосымша). Егер тірек қада белгілерді орнатуға болмаса, барлық өлшеулерді және оларды кейіннен өңдеуді тазарту жұмыстарынан аса қашықтатылған, жұмыстық қада белгіге қатысты жүргізеді. Бастапқы және қайта бақылауларда, осы қада белгінің пландық және биіктіктік орнын тікелей алғашқы қада белгілерден анықтайды.

Жұмыстық және тірек қада белгілерді олардың аса ұзақ сақталғандығы, орнату және бақылау ыңғайлылығы мүмкіндігіне байланысты топырақта, төбеде немесе қазба қапталдарында орнатады.

46. Тікелей бақылау үшін қолайсыз учаскелерде тау жыныстары қатқабаттарының жылжуын және деформацияларын бақылауды қолданылып жүрген немесе кен қазбаларынан немесе жер бетінен арнайы өткізілген ұңғымаларда орнатылған, тереңдік қада белгілерінің көмегімен жүргізеді. Тау жыныстары қатқабаттарының жылжуын тереңдік қада белгілерінің көмегімен бақылау әдістері туралы негізгі мәліметтер 7-қосымшада берілген.

47. Қада белгілер конструкциясын және оларды жер асты бақылау станцияларында орнату тәсілдерін, мына жағдайлардан алғанда таңдайды: қада белгілерді жасаудың және тау қазбасында орнатудың қарапайымдылығы; жарылыс жұмыстарының және қазба контурында тау жыныстарының жергілік-ті қабаттануының әсерін болдырмайтын, тау жыныстарының массивімен берік байланыс; ұзақ сақталушылық; бақылаулар жүргізу ыңғайлылығы. Қада белгілердің ұсынылатын конструкциялары және оларды орнату тәсілдері 2-қосымшада берілген.

48. Егер бақылау станциясының жобасына сәйкес кен қазбаларындағы немесе ұңғымалардағы қада белгілердің бір бөлігін опырылудың күтілетін аймағының учаскесінде орнатса, жобада берілген учаскеде бақылаудың қашықтық әдістеріне дер кезінде өту көзделеді. Ол үшін қада белгілерде және ұңғымалар кондукторларында арақашықтықта нивелирлеу жүргізуге мүмкіндік беретін, тұрақты нивелирлік рейкаларды орнатады. Ұңғымаларды тереңдік қада белгілерінің жылжуларын қашықтан тіркеу аспаптарымен жабдықтайды немесе олардың сымды ұштарын опырылудың күтілетін аймағының шегінен тыс шығарады.

49. Кен қазбаларында қада белгілерді орнатудың алдында жер жағдайына рекогносцировка жасау болады, оның барысында нивелирлік рейканы қада белгіде орнату (асып қою) және олардың арасындағы интервалдарды тікелей өлшеу ыңғайлылығынан алғанда, орнату орындарын түпкілікті таңдайды және белгілейді; бір мезгілде алғашқы қада белгілерді іздейді және қарайды.

50. Жер асты бақылау станциясын орнатқан соң оның тірек қада белгілерін маркшейдерлік тірек торабы пункттеріне байланыстырады. Ерекше жағдайларда, маркшейдерлік торапқа байланыстыру қиынға соққанда, координаталар мен белгілердің шартты жүйесінде кескінді сызықтарда өлшеулерді өңдеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда станцияның кескінді сызықтары бірнеше горизонттарда орналасқанда, әр түрлі горизонттардағы қада белгілердің координаталары мен белгілерін бір жүйеге үйлестіру міндетті болады.

51. Биіктіктік белгілерді маркшейдерлік торап пункттерінен тірек қада белгілерге беруді горизонталь қазбаларда-4 класты нивелирлік жүрістердің әдістемесі мен нормалары бойынша геометриялық нивелирлеумен, еңіс қазбаларда-тригонометриялық нивелирлеумен; пландық координаталарды тірек қада белгілерге-1-разрядты жер асты теодолиттік жүрістердің әдістемесі мен нормалары бойынша жүргізеді.

52. Жұмыстық қада белгілердің пландық орнын бақылау арақашықтықтарын қазба планының жақындағы маркшейдерлік, түсіру немесе контурлық нүктелеріне (түйіндесулерге, қуыстарына) дейінгі интервалдардың есептелген ұзындықтары бойынша анықтайды.

53. Жер асты қазбаларында қада белгілердің алғашқы орнын анықтау үшін қада белгілерді нивелирлеудің екі тәуелсіз сериясынан және олардың арасындағы ұзындықтар өлшемдерінен тұратын, бастапқы бақылауларды жүргізеді. Онда қада белгілердің қазба осіне перпендикуляр бағытта ығысуы болжанатын қазбаларда ординаталарды өлшеуді жүргізеді.

54. Бақылаудың әрбір сериясында жұмыстық қада белгілерді нивелирлеуді 32-34-тармақтардың талаптарын сақтап орындайды. Металл сызғыштарды, бір жақты және лавсан төсемі бар аспалы рейкаларды (3-қосымша), сондай-ақ екі-үш метрлік бүгілмелі нивелирлік рейкаларды (нивелирлеуді аспаптың екі горизонты кезінде жүргізген жағдайда) пайдалануға рұқсат етіледі.

55. Әрбір серияда қада белгілер арасындағы арақашықтықтарды өлшеуді 35-37 тармақтарға сәйкес тура және кері бағыттарда жүргізеді.

Қазбаның қапталдарында орнатылған қада белгілерде, өлшеулерді қада белгілердің бастиектерінде тікелей центрлері бойынша, егер бұзылуды болдырмау үшін, қада белгілер қазба қабырғасына «біркелкі» орнатылған болса, бақылау уақытында қада белгілерде бекітілетін, алмалы-салмалы ұштықтардың центрлері бойынша жүргізеді (2-қосымша).

Қазбаның топырағына немесе төбесіне орнатылған қада белгілердің центрлерін қатты және шнурлы тіктеуіштердің немесе оптикалық центрлеуіштердің көмегімен шығарады. Сонымен бірге қада белгі центрінен биік айырым үшін түзету енгізу үшін рулетканы қою орнына дейінгі арақашықтықты белгілейді. Қатты тіктеуіштерді пайдаланғанда, рулетканы қою нүктелерінің биік айырымы үшін түзетулерді қатты тіктеуіштер бойынша өлшеулерден өлшеудің басқа тәсіліне (қада белгілердің бастиектері бойынша тікелей, шнурлы тіктеуіштердің көмегімен) ауысу кезінде ғана енгізеді.

56. Қажет болғанда ординаталарды өлшеуді (39-тармақ) 3-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

57. Еңіс бұрыштары 15-20° артық қазбаларда қада белгілердің горизонталь және вертикаль жазықтықтарда жылжуын 6-қосымшада келтірілген, тригонометриялық нивелирлеу бойынша анықтайды.

58. Тереңдік қада белгілердің жылжуын бақылаулар қада белгілердің ұңғыма осінің бойында оның сағасына (ұңғыма кондукторына, жинақтау рамасына) қатысты ығысуын өлшеуден, ұңғыма сағасының вертикаль және горизонталь жазықтықтарда бақылау станциясының тірек немесе жақындағы жұмыстық қада белгісіне қатысты абсолют жылжуын анықтаудан тұрады. Қада белгілердің, қада белгілер конструкциясының және тіркеуші құрылғылардың ығысуларын анықтау әдістері 7-қосымшада берілген.

59. Қайта бақылаулар жүргізуді бастауды бақылау станциясының учаскесіндегі тау жыныстары жылжуының басталуымен ұштастырады. Тау жыныстары жылжуының басталуын анықтау үшін күзеттік бақылаулар-тазарту жұмыстарының жанында орналасқан қада белгілерді нивелирлеуді жүргізеді.

61. Қайта бақылаулардың кезеңділігін бақылаулар нәтижелерінің негізінде шешуге тиесілі қойылған міндеттерге және берілген учаскеде рудалы денелерді қазудың кен-техникалық жағдайларына байланысты анықтайды.

Тау жыныстарының кеуленген қатқабатының уақытта жылжу процесін зерделеу кезінде қайта бақылау мерзімдерін үстіңгі бетте тазарту жұмыстарын және бақылауларды жүргізуге аса тән кезеңдермен ұштастырады.

62. Аспаптық бақылаулармен бір мезгілде тазарту және дайындау қазбаларында көзбен бақылауларды орындайды, тау жыныстарының барлық айқындалған деформацияларын, бекітпелерді және деформациялау учаскелерінің өлшемдері көрсетілген қазбалардың үйінділерін, белгіленген деформациялардың параметрлерін, олардың пайда болу уақытын және деформацияланудың көрінетін белгілерінің дамуын арнайы журналда сипаттайды (9-қосымша). Қазбалардағы деформациялар параметрлерін өлшеу әр түрлі типті маяктарды орнатады (3-қосымша).

63. Аспаптық және көзбен бақылаулардан басқа бақылау станциясындағы жұмыстар кешеніне төмендегілер туралы мәліметтерді жинау кіреді:

қазудың қолданылатын жүйесі, оның нақтылы параметрлері, өлшемдері, пішін үйлесімі және бақылаулар жүргізу сәтіне тазарту кеңістігінің қалпы;

сыйыстырушы тау жыныстарының, рудалы денелердің жарықшақтығы және жарықшақтардың әр түрлі жүйелерінің тау жыныстарының жылжуына әсері туралы; мұндай мәліметтер жоқ болғанда, 4-қосымшада сипатталған әдістеме бойынша тау жыныстарының жарықшақтығын зерделеуді жүргізеді;

бақылау станциясының ауданындағы тектоникалық бұзылыстар және олардың жылжу процесінің дамуына әсер етуі;

бақылау станциясының ауданындағы руданың және сыйыстырушы тау жыныстарының беріктіктік қасиеттері; мұндай мәліметтер жоқ болғанда, 5-қосымшада берілген әдістеме бойынша тау жыныстарының үлгілерін іріктейді және сынауға жібереді. «б», «в» және «г» тармақтарын кәсіпорынның геологиялық қызметімен бірлесіп орындайды.



4 - бөлім. Кеуленетін ғимараттарды,

кен қазбаларын және басқа объектілерді бақылау
64. (1) жұмысқа сәйкес қорғауға тиесілі объектілерді дайындау кезінде, қабылданған қорғау шараларының тиімділігін анықтау және ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды объектілерде деформациялардың пайда болуы туралы ескерту үшін, соңғыларды арнайы бақылау станцияларында жүйелі бақылайды.

Дайындалатын объектілердің орналасуына, қабылданған қорғау шараларына және бақылау нәтижелерінің негізінде шешуге тиесілі мәселелерге байланысты, арнайы бақылау станцияларын тек бұл объектілерде ғана емес, сонымен бірге жер бетінде және тау жыныстарының қатқабатында орнатады.




1 - параграф. Жер бетіндегі арнайы бақылау станциялары
65. Жер бетіндегі арнайы бақылау станцияларын негізінде мына объектілерді дайындау кезінде орнатады:

азаматтық тұрғын және қоғамдық ғимараттарды (үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, әкімшілік ғимараттарын, дүкендерді, мәдениет үйлерін және өзге объектілерді);

өнеркәсіптік үймереттерді (завод цехтарын, байыту фабрикаларын, кеніш шеберханаларын, шахта үстіндегі ғимараттарды және көтергіш машиналар ғимараттарын);

темір жол желілерін және көлік ғимараттарын (көпірлерді, жол өткелдерін, виадуктарды);

инженерлік ғимараттарды (арынды су мұнараларын, түтін құбырларын, шахта коперлерін, шанақтарды, электр қосалқы станцияларын, электр берілістері желілерінің тіреулерін);

технологиялық жабдықтарды (шахталық көтергіш машиналарды, желдеткіштерді, байыту фабрикаларының жабдықтарын және орнату кешендерін, қазандықтарды, ұзындығы 6 м артық металл өңдеу станоктарын, кран астындағы жолдарды және басқа жабдықтарды);

санитарлы-техникалық тораптарды (су құбырларын, жылу құбырларын, канализациялық тораптарды);

су объектілерін (өзендерді, каналдарды, су қоймаларын, қалдық қоймаларын және шлам тұндырғыштарды);

қолданылатын карьерлерді, оларда жылжымалар пайда болуы мүмкін, тау беткейлерін;

басқа объектілерді.

66. Арнайы бақылау станцияларында кеуленетін объектілердің де, жер бетінің де жылжулары мен деформацияларының шамаларын анықтайды. Осы мақсатта кеуленетін объектілерде қабырғалық қада белгілерді, маяктарды, өлшеу маркаларын, датчиктерді немесе басқа өлшеу құрылғыларын, ал жер бетінде кеуленетін объектілердің жанында грунттық қада белгілерді орнатады.

Тірек және жұмыстық грунттық қада белгілердің конструкциялары жер бетінің жылжу процесінің параметрлерін анықтауға арналған бақылау станцияларындағы сияқты болады. Қабырғалық қада белгілердің, маяктардың, өлшеу маркаларының конструкциялары 2-қосымшада берілген.

67. Бақылау станциясының қада белгілерін тірек маркшейдерлік торапқа пландық және биіктіктік байланыстыруды, сондай-ақ арнайы бақылау станцияларында грунттық және қабырғалық қада белгілердің вертикаль және горизонталь жазықтықтарда жылжуын бақылауды, бақылау станцияларында жер бетінің жылжу процесінің параметрлерін анықтау үшін қолданатын, сол тәсілдермен және әдістермен орындайды. Маяктар, өлшеу маркалары және басқа өлшеу құрылғылары бойынша бақылау әдістемесі 3-қосымшада баяндалған.

68. Азаматтық тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік ғимараттарын дайындау кезінде қабырғалық қада белгілерді іргетастарда немесе тұғырларда 4 м -10 м дейінгі тең интервалдар арқылы ғимараттың барлық периметрі бойынша гидрооқшаулау қабатынан төмен орнатады. Ғимараттың әрбір жағында кем дегенде үш қабырғалық қада белгі болады. Қаңқалы ғимараттардағы қада белгілер арасындағы арақашықтықтар негізгі бағаналардың (бағандардың) қадамына сәйкес келеді. Қабырғалық қада белгілерді тікелей сыртқы бағаналарда немесе олардың іргетастарында (базаларында) орнатады. Жеке жағдайларда қада белгілерді ішкі бағаналарда да, сондай-ақ ара жабындар арқалықтарында орнатады.

Грунттық қада белгілерді іргетастан 1,5-2,0 м кем емес арақашықтықта қабырғалық қада белгілерге қарсы, бірақ отмосткадан 0,5 м жақын емес арақашықтықта орнатады (2-қосымша).

Ғимаратты дайындаудың алдында жер бетінің күтілетін деформацияларын нақтылау талап етілгенде, ғимарат пен оған жақындайтын тау-кен жұмыстары арасындағы учаскеде грунттық қада белгілердің қосымша сызықтарын орнатады.

69. Ғимараттарды дайындау кезінде станциядағы бақылаулар қабырғалық және грунттық қада белгілерді нивелирлеуден, олардың арасындағы горизонталь арақашықтықтарды өлшеуден және көзбен қарау жолымен ғимараттардың деформацияларын бақылаудан тұрады. Сонымен бірге көтергіш конструкциялардың қалпына (жарықшақтардың, бастапқы күйінен ауытқулар-дың, ойыстардың бар болуы) ерекше назар аударылады.

Үймереттер мен ғимараттарды датчиктер, аспаптар мен құрылғылар кешенін орнатады, олардың көмегімен үймереттер конструкцияларындағы кернеулер мен деформацияларды бақылайды. Мұндай жағдайларда бақылауларды әдетте мамандандырылған ұйымдарды жұмылдыру арқылы орындайды.

70. Кеуленетін үймереттер мен өнеркәсіптік ғимараттардың қабырғаларында, бағаналарында және басқа бөліктерінде жарықшақтар пайда болғанда жарықшақтардың өлшемдерінің өзгерісін бақылау үшін маяктарды орнатады. Жарықшақтардың ені мен ұзындығын, сондай-ақ өлшеу күнін журналға жазады. Жарықшақтардың ашылу енін тікелей өлшеу үшін: өлшеуіш сынаны, оған әр түрлі қалыңдықты сызықтар түсірілген трафаретті, болат сызғышты қолданады. Қол жетпейтін орындарда жарықшақтарды өлшеу үшін жақын учаскедегі тікелей өлшенген жарықшақтармен салыстырғанда жарықшақтың енін көз мөлшерімен бақылауды, сондай-ақ белгіленген арақашықтықтары бар оптикалық аспаптардың қашықтық өлшеуіш шкала бойынша өлшеуді қолданады.

Үймереттердің сыртқы қабырғаларының деформацияларын бақылауды сондай-ақ арнайы әдебиеттерде берілген, фотофиксация әдісімен немесе фотограмметрия әдісімен жүзеге асыруға болады.

71. Үймереттер деформациясының бірінші белгілері пайда болғанда (қабырғаларда бірінші жарықшақтар пайда болғанда, конструкциялық қорғау шаралары бар үймереттерде шөгінді жіктердің ашылуы кезінде) бақылау станциясының қада белгілері бойынша қосымша бақылаулар жүргізу және бақылаулардың бұрын белгіленген бағдарламасына байланыссыз, үймереттер барлық айқын көрінетін деформацияларын белгілейді.

72. Жауапты агрегаттары, мысалы көпірлік крандары, күрделі станоктары, механизмдері және басқа жабдықтары бар, өнеркәсіптік үймереттер мен ғимараттарды дайындау кезінде, олардың орнының планда және биіктігі бойынша өзгеруін бақылайды.

Көпірлік крандардың кран астындағы жолдарын бақылау кезінде рельстердің бастиектерін нивелирлейді, рельстер жіктерінде табан мен саңылаулардың енін өлшейді. Кран астындағы жолдарды көтеретін бағаналарда, қабырғалық қада белгілерді орнатады, олар бойынша нивелирлеуді және ұзындықтарды бойлық та, көлденең де бағытта өлшеуді жүргізеді.

Станоктардың және басқа жабдықтардың ірге тастарында кем дегенде төрт қада белгіні орнатады және іргетастардың кез келген бағыттағы еңістерін анықтауға мүмкіндік беретін нивелирлеуді орындайды. Іргетастарда жарықшақтар пайда болғанда маяктар орнатады, жарықшақтар өлшемдерінің өзгерісін бақылауды жүргізеді.

73. Оқпан албарлық сақтандырғыш кентіректерді жартылай немесе толық алу және кентіректі тазарту жұмыстарымен контурлау кезінде бақылаулармен қатар тау жыныстарының қатқабаттарында көтергіш кешен ғимараттарының (шахта үстіндегі ғимараттың және көтергіш машина ғимаратының) қалпын аспаптық бақылауды, сондай-ақ қорғалатын ғимараттар ауданында жер бетінің жылжуын бақылауды жүргізеді. Бақылауларға жұмыстардың мына түрлері кіреді: шахта үстіндегі ғимаратта және көтергіш машина ғимаратында орнатылған, қабырғалық қада белгілерді нивелирлеу; осьтік және қолайлы пункттерін нивелирлеу; станок тіреулерінде және копердің укосиналарында, сондай-ақ көтергіш машинаның іргетасында (қада белгілер ретінде анкерлі болттар пайдаланылуы мүмкін) орнатылған, қабырғалық қада белгілерді немесе маркаларды нивелирлеу; көтергіш машинаның копері мен білігінің еңісін бақылау; клетьтің жоғарыда орналасуы кезінде көтергіш арқандардың девиация бұрыштарын бақылап өлшеу (қабылдау алаңында); жер бетінде орнатылған кескінді сызықтардағы қада белгілер арасындағы арақашықтықтарды өлшеу және қада белгілерді нивелирлеу.

Қорғалатын объектілер бағытында жер бетіндегі жылжулардың және деформациялардың дамуы туралы деректер алу үшін, кескінді сызықтарды мүмкіндігінше кентіректегі тазарту қазбаларын жылжыту шебіне қарай перпендикуляр және қорғалатын объектілердің орталары арқылы орнатады.

74. Кеулейтін тазарту қазбалары үстінде темір жолдарды дайындау кезінде бақылау станцияларын орнатады, олар мыналардан тұрады:

жер бетінің жылжу процесінің параметрлерін анықтау және темір жол төсемінің астындағы жер бетінің жылжулары мен деформацияларының есептік шамаларын (дайындау жобасында қабылданған) түзету үшін жылжу мульдасының бас қималарындағы грунттік қада белгілердің кескінді сызықтарынан;

темір жол төсемінің астындағы жер бетінің жылжулары мен деформацияларының шамаларын алу үшін темір жол төсемі негізінің бойындағы грунттық қада белгілер жолдарынан;

темір жол төсемінің шөгуі, горизонталь жылжулары туралы деректер алу және жөндеу жұмыстарының орындары мен көлемдерін анықтау үшін, төсем қиябетінің ернеуі мен балласттық призма арасындағы жер төсемінің жоғарғы алаңындағы қағылатын қада белгілер жолдарынан.

Станциядағы бақылауларға реперлерді нивелирлеу және олардың арасындағы арақашықтықтарды өлшеу жатады. Темір жол төсемінің рудалы денелердің төсем бойында орнатылған, кескінді сызықтардағы созылымына қатысты диагональ және шетте орналасуы кезінде, төсемнің көлденең жылжуларын анықтау үшін ординаталарды өлшейді.

Қада белгілердің жылжуын бақылаумен бір мезгілде рельстер жіктеріндегі саңылауларды өлшейді және рельстердің бастиектерін нивелирлейді. Сондай-ақ жолдың жоғарғы құрылысына жүргізілген жөндеу туралы мәліметтер жинайды (балласт төгу, түйіс саңылауларын ендеу және басқа ақпарат).

75. Құбырларды дайындау кезінде жер бетінің құбыр аймағында жылжуын, құбырдың кернеулі-деформацияланған және техникалық күйлерін бақылауды жүргізеді. Жер бетінің құбырды дайындау аймағында жылжуын бақылау үшін ордың шетінен 1,5-2,0 м құбырдың бойымен грунттық қада белгілерді орнатады. Қада белгілер арасындағы арақашықтық 10-15 м құрау керек. Аспаптық бақылауларға грунттық қада белгілерді нивелирлеу және жер бетінің жылжуы арасындағы бақылаулар әдістемесі бойынша олардың арасындағы арақашықтықтарды өлшеу жатады.

Жер бетінің күтілетін аса үлкен деформациялары аймағындағы құбырлардың күйін бақылау үшін оларды арнайы құдықтармен, шурфтармен және орлармен ашады, оларды секциялық құбырлар кезінде түйісті қосылыстар жерлерінде орналастырады. Құбырлардың кернеулі-деформацияланған күйін бақылауға олардың тағайындалуына және конструкциясына байланысты мыналар жатады:

жер астындағы және жер үстіндегі арынды болат құбырлар үшін-құбырлардың жеке нүктелердегі деформацияларын өлшеу, жер бетінің есептік деформациялары берілген құбыр үшін рауалыдан артық болған жағдайларда, созушы кернеулерді есептеу және беріктік жағдайларын тексеру (мамандандырылған ұйымдар орындайды);

жер астындағы және жер үстіндегі секциялық құбырлар үшін – түйісті қосылыстар жылжымаларын өлшеу, жіктердің орнын толтыру қабілетін тексеру. Осы мақсатта түйісті қосылыстың екі жағында олардың арасындағы арақашықтықты жүйелі өлшеу үшін тұрақты нүктелер көзделген;

түйісті қосылыстардың күйін және жұмысын бақылаумен қатар өздігінен ағатын құбырлар үшін-науашалар мен құбырлардың түбін нивелирлеу, сондай-ақ өздігінен ағу шарттарын тексеру;

эстакадалық құбырлар үшін-тіректер мен олардың еңістерінің шөгуін және горизонталь орын ауыстыруын, тіректердегі құбырдың бойлық және көлденең орын ауыстыруын аспаптық өлшеу, сондай-ақ тіректердің бұзылуын белгілеу және өлшеу.

Аспаптық бақылаулармен бір мезгілде құбыр трассасын көзбен тексеруді жүргізеді. Сонымен бірге құдықтардың қалпын, тасымалданатын сұйықтықтың ағуын, грунттың (тіректердің) және құбырлардың өзара орналасуын, сондай-ақ құбырды дайындаудың және жер бетінің басқа көрінетін айқындалуын белгілейді.

76. Тірегінің ауданы аз жоғары инженерлік ғимараттарды дайындау кезінде (түтін құбырлары, арынды су мұнаралары, ЛЭП тірек шанаптары, телеарналық және радиорелелік мұнаралар) ғимараттардың іргетастарында қабырғалық қада белгілерді, ал оларға қарсы және негіз периметрі бойынша іргетастан кем дегенде 2-3 м қашықта грунттық қада белгілерді орнатады. Қабырғалық және грунттық қада белгілерді нивелирлеуден басқа рудалы денелердің созылу және құлау бағыттарында ғимараттардың еңістерін бақылауды жүргізеді.

77. Су объектілерін олардан тікелей жақындықта дайындаған кезде, жер бетінің жылжу параметрлерін анықтау үшін бақылау станцияларын орнатады, ал қазбаларда гидрометриялық посттарды жабдықтайды, оларда су объектісін дайындауға дейінгі және дайындау уақытындағы су ағынын анықтайды. Су қоймаларын, қалдық қоймаларын, тоғандарды және бөгеттер, дамбалар, су төгетін құрылғылар, су өткізетін науашалар немесе каналдар түрінде жасанды ғимараттары бар, басқа су объектілерін дайындау кезінде, осы ғимараттардың қалпын аспаптық және көзбен бақылауды орындайды.

Аспаптық бақылауларға қада белгілерді нивелирлеу және жоғарғы адыр бойында және бөгеттер мен дамбалар негізінің жанында орнатылған, қада белгілер арасындағы арақашықтықтарды өлшеу, сондай-ақ су төгетін құрылғыларда және науашалар мен каналдар қаптамасында орнатылған, қада белгілер бойынша ұқсас өлшеулер жатады. Ғимараттардағы және кен қазбаларындағы барлық көрінетін жылжулар мен деформацияларды (жарықшақтарды, шөгуді, судың өтуін және басқа жағымсыз өзгерістерді) көзбен белгілейді.

78. Кен орнын жер асты және ашық тәсілдермен бірлесіп қазу кезінде жер асты қазбаларының әсер ету аймағында кешенді бақылау станцияларын орнатады, олар карьер беткейлерінің кертпештері мен қиябеттеріндегі қада белгілердің кескінді сызықтарынан, ұңғымалардағы тереңдік қада белгілерден және карьердің астында орналасқан қазбалардағы қада белгілерден тұрады.

Карьердің беткейлері мен кертпештерінің деформацияларын зерделеу, қиябеттердің жылжуын және опырылуын ескерту, сондай-ақ опырылу және ойыңқылардың пайда болу аймағынан тыс тау-кен жұмыстарының учаскелерінде дайындалған жер асты қазбаларында қиябеттердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін бақылауларды (2) жұмысқа сәйкес орындайды.

Опырылу аймағында және қуыстар үстінде ойыңқылар кенеттен ықтимал пайда болатын жерлерде қашықтан жүргізеді. Тау жыныстарының қатқабатында-оларды тереңдік қада белгілері бар ұңғымалардың көмегімен немесе геофизикалық әдістермен, үстіңгі бетте (карьерде)-фототеодолитті, цифрланған қада белгілердің-белгіге қоятын ағаштардың көмегімен қашықтан нивелирлеуді, дифференциалдық-графикалық әдіспен орындайды.

Фототеодолит бар болғанда онда түсіру маркаларын алдын ала орнату арқылы опырылу аймағында ойыңқылардың пайда болуын қашықтан стерео-фотограмметриялық бақылаулар жүргізеді. Ойыңқының үстіңгі бетке шыққан орнын және оның даму динамикасын анықтау үшін жиілетілген фототеодолиттік бақылауларды псевдостереоэффектіні пайдалану арқылы қатаң бағдарланған фотокамерамен, бір тұрақты нүктеден жүргізеді (бетондалған үстел).

Фототеодолит жоқ болғанда опырылу аймағында ойыңқылардың пайда болуын бақылауды-қазымдалатын камералардың төбешіктерін уатуға дейін орнатылатын, алаңдық нивелирлеу станцияларында, ал уатқан соң қағылатын түтік-қада белгілерге орнатылатын, цифрленген белгіге қоятын ағаштар бойынша қашықтан орындайды. Мұндай бақылауларды орындаудың алдында ескі қуыстардың үстінде оларды ұңғымалармен, кен қазбаларымен немесе басқа әдістермен барлауды жүзеге асырады.

Карьер беткейлерінің жеке нүктелерінің ығысуын, сондай-ақ таулардың кеуленген еңістерінің қиын қол жеткізілетін учаскелерін бақылау үшін, жеке нүктелер жылжуының толық векторын анықтауға мүмкіндік беретін, горизонталь және вертикаль ығысуларды графикалық анықтау арқылы дифференциалдық әдісті қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет