Рудный қаласының білім беру



Дата22.04.2024
өлшемі314.01 Kb.
#499529
ХАТ




19.04.2024 ж. № 874
Рудный қаласының білім беру
ұйымдарының басшыларына

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ, Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2024 жылғы 17.04. №673 шығ. хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен Рудный қаласында 2024 жылғы 20-23 мамыр аралығында Қазтест жүйесі бойынша міндетті диагностикалық тестілеу өтетінін хабарлайды.


Тестілеудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік сала қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ақылы негізде сертификаттық тестілеу Қостанай қаласында өтеді. Сертификаттың құны 8 263 теңге.
Осыған байланысты, диагностикалық және сертификаттық тестілеуге әр мектептен 3 мұғалімнен міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.
Жоғарыда айтылғанның негізінде диагностикалық және сертификаттық тестілеуге қатысушылар туралы ақпаратты №1,№2 қосымшаларға сәйкес ағымдағы жылдың 22 сәуіріне дейін Rmetodist@yandex.kz электронды поштасына жолдау керек.
Қосымша: 1 бетте.
Басшы (Қолы мен мөрі бар) Т. Жайлибаев

Аккужина Г.Ш.


8/71431/48218
Rmetodist@yandex.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет