Руханилықтың мөлдір бұлағы



Дата03.04.2023
өлшемі13.89 Kb.
#471626
Эссе


Руханилықтың мөлдір бұлағы
(Эссе)
Рухани байлық – адам баласының дүниетанымының кеңдігін, ой – санысының ашықтығын және өзгелерге деген мейірімділігі мен ізгі ниеттілігінің негізгі бастаулары.Адамның рухани дамуы – қоғаммен қарым – қатынасының, адамгершілік құндылықтарының жоғарылығы мен зиялылығын көрсетеді.Шынында, әділеттілік, татулық,достық,қайырымдылық қасиеттер руханилықтың әлемі деуге болады.Рухани даму – әрбір адамзат баласының мінез – құлқын, кескін – кейіпін ғана емес, халықтың сана-сезімінен, ұлттық болмысынан көрініс беретін ең басты белгі.Сондықтан әдет – ғұрыпты, тіл мен дінді, ұлтты ұлт ретінде сақтау үшін рухани құндылықтарды қадірлей білу маңызды деп ойлаймын.
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін ата – бабамыздың ежелден – ақ, салт – дәстүрді жете бағалап, өз ұрпақтарын салауаттылыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеуді бірінші міндетке қойғанынан байқауға болады.Яғни, ұлттық руханият бүгінгі күнге дейін ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ананың ақ сүтімен бірге сіңіп отырған.Руханиятқа білім, ғылым, әдебиет, өнер, мәдени құндылықтарды, салт – дәстүр, әдет – ғұрыпты жатқызуға болады.Қазақ халқында бейбітшілік пен мейірімділік,татулық үлкен қазына болып саналады.Адамгершілік асыл қасиеттерді, парызды орындау міндеттерін түсіндіруге ұмтылдыру мақсатында,руханилықтың адамның жан тазалығымен,ізеттілікпен байланысын айта отырып,Сара Алпысқызы: «Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп түйіндеген болатын.Рухани байлық – адам бойындағы ең жоғарғы құндылықтардың бірі.Ол жақсылыққа, сананың ашықтығына жетелейтін, өшпейтін, өлмейтін мәңгілік қасиеттердің бірегейі деп ойлаймын.
Қазақ халқының руханиятының үлкен дәрежеде екендігін, жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді» сияқты қағидалардан білуге болады.Осы айтылған нақыл сөздер қазақ халқының сөздік қорының , даналығының , мақал – мәтелдерінің мағынасы руханилыққа жетелейтінін байқалтады.Қазақ халқы әйел баласын қонақтай қадірлеп, үнемі қамқорлық жасаған.Оны «қонақ», «болашақ ана», «шаңырақтың басты тұтқасы» деп құрметпен қарау – ата дәстүрдің көрнекті тұсы деп білуге болады.Сонымен қатар кішілердің үлкенге құрмет көрсетуі,үлкендердің кішілерге кішіпейілділік танытуы мәдениеттілікті,бір – біріне деген сыпайылықты көрсетеді.Халқымыздың отбасында мейірім, әдептілік,тәрбиелілікті дәріптей отырып,сыйластық пен қонақжайлылықты да ұмытпаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ нақылында айтылғандай,отбасы – руханилықты дамытудың бастапқы баспалдағы екенін аңғаруға болады.
Қорыта келе, адамзаттың алдында тұратын ұлы мұраттардың бірі – рухани құндылығымызды жоғалтпай,болашақ ұрпақты білімділікке, ізгілікке бейдімдеу.Руханияттың байлығы – адамгершілік қасиеттер, отбасы, қоғам болып саналады.Ал,рухани даму білім,ғылым және саналы түрде ойналана білу болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет