226
соңында, махаббат, байлық, тану арқылы марапатталады.
Авторлық көркем шығармаларда еңбекке деген көзқарас
адамның маңызды қызметі ретінде көрініс табады («Кім болу
керек?»В. Маяковский, «Сенде не бар?» С. Михалков), еңбек
үдерісі көрсетіледі («Сіздің кітапты қалай басып шығарды»С.
Маршак, «Шай жөнінде»,«Мақта қалай бұтада өседі» А. Ивича
және т.б.), адамның еңбекке деген көзқарасын, өз мамандығына
деген сүйіспеншілігін, қайсарлық пен қайырымдылықты
сипаттайды («Олар қандай поляршы» А. Членова, «Боран
арқылы» И. Винокурова).
Энциклопедиялық әдебиеттер де маңызды, олардан балалар
әртүрлі кәсіптердің пайда болуы туралы, сондай-ақ киімдерді,
заттарды жасау үдерісі туралы,
еңбектері адамзаттың ілгері
басуына әсер еткен белгілі адамдар туралы біледі. Көркем
шығармалардың
арқасында
еңбектің
пайдасы,
әртүрлі
мамандықтар иелерінің өзара байланысы мен өзара көмек
көрсетуі туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы,
Ю.Тувимның «Барлығы бәріүшін» өлең жолдары:
Тас қалаушы тұрғын үйлер салғанда,
Ал тігінші тігін тігер оларға.
Тігін тігіп, жұмыс жасау үшін де
Жылы жайсыз жағдайы оның болар
ма?
Қалар еді тас қалаушы киімсіз,
Шебер қолдар киім тігіп бермесе.
Керек-ақ қой жұмыс жасау үшін де
Суық күнде жылы күрте, кеудеше.
Ал наубайшы талап етер етікшіден,
Етік тігіп берші деп мерзімімен.
Етікші аш жүрсе
нан жеместен,
Не пайда дүниенің кеңдігінен.
Ойлап тұрсаң, бәріде керек екен
Атқарған жұмыстары әр адамның.
Сондықтан тату болып, еңбектеніп,
Қызығын бір көргейсің бұл ғаламның.
Балаларға еңбек туралы
көркем әдебиет оқып отырып
227
тәрбиеші бірден бірнеше маңызды үйрететін және тәрбиелейтін
міндеттерді шешеді: балалар әртүрлі мамандықтарды таниды.
Олардың ересек адамның қызметінің тағы бір жағына
қызығушылығы оянады, оған қарым-қатынасы қалыптасады.
Өзін-өзі жасап шығара отырып бала өзі ұмтылатын бейнесін
аздап-аздап қалыптастыра бастайды. Шынына келгенде, бұл тек
тәрбиеші көркем әдебиетті педагогикалық
міндеттерді шешу
құралы ретінде қолданған жағдайда, еңбектің маңыздылығына
және тұлғада еңбекқор адамның қасиеттері болуына сенімді
болған жағдайда, және балаларға өзі осы жағынан үлгі бола алса
және көркем шығармаларды оқуды өзінің еңбек қызметі мен
балалардың қызметін ұйымдастырумен үйлестіре алған
жағдайда ғана пайда болады. Бейнелеу өнері туындылары да
балаларды тәрбиелеу құралы бола алады. Шебер суретшілердің
суреттерін
қарап отырып,балалар тек еңбек процесін
көрмейді,одан да маңыздырақ суреттің көңіл-күйін сезінеді. Бір
жағдайда - бұл қуаныш, эмоциялық көтерілу ("Нан" Т.
Яблонская),
басқасында
-тыныш,
жай
дамылдау
("Тракторшылардың кешкі асы" А. Пластов), өз еңбегінен ләззат
алу ("Шілтер тоқушы" В. Тропинин). Бірақ еңбек әрдайым жеңіл
және оңай емес. Балалар бұны еңбек етуші адамдарға құрметпен,
аяушылықпен қарауды үйрену үшін білу керек. Сондықтан
мектепке дейінгі ересек балалармен Н. Ярошенконың «Пеш
жағушы» немесе К. Савицкийдің «Темір жолдағы жөндеу
жұмыстары» дейтін және т.б. ұлы шеберлердің картиналарын
қарауға болады. Тәрбиеші ата - анаға
балаларымен бірге сурет
галереясына баруға, немесе репродукцияларды үйде көруге
және балаларымен суреттердің мазмұны туралы әңгімелесуіне
ұсыныс беруіне болады.
Еңбек
тәрбиесінің
көркемдік
құралдар
тобына
Достарыңызбен бөлісу: