ТӨМЕНГI САТЫДЫҒЫ ӨСIМДIКТЕР
Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер мен мұхиттар.
Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi , дегенмен кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi : топырақта, ағаш дiңiнде т.б.
Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер бетiне таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде орасан зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi) ретiнде болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен маңызы балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде суға оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер болады. Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл балдырлар да көп.
Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар сабақтары , жапырақтары, гүлдерi , жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады.
Жасыл және қоңыр балдырлар
Жүйелiлiк (систематика) жағынан балдырлар 10 бөлiмге бөлiнедi. Оларды шығу тегi, түр-түсi, жасуша құрылысы бойынша топтастырады. Бiз тек үш бөлiмнiң өкiлдерiмен танысамыз – жасыл балдырлар , қоныр балдырлар және қызыл балдырлар.
Жасыл балдырлар бөлiмi (CHLOROPHYTA).
Жасыл балдырлар әртүрлi құрлықтағы су қоймаларында кең таралған, сондықтан тiрi күйiнде оларды зерттеу қолайлы. Жасыл балдырлар бiр жасушалы, көп жасушылы және колониялы болады. Көп жасушалы балдырлардың денесi сабақ, жапырақ болып бөлiнбегендiктен таллом деп аталады. Жасуша қабықшасы целлюлозалы (жасунықты). Хлорофилi бар пластидтер хроматофор деп аталады. (Гректiң «хромос» – бояу, «форос» -тасыушы деген сөздерiнен). Хроматофорларда крахмал жинақталады. Хроматофорлар әртүрлi формалы. Кейде iрi бiр-бiрден немесе бiрнешеу , кейбiреулерiнде – ұсақ, дән тәрiздi, өте көп. Балдырдың түр-түсi хлорофилден басқа каротин және ксантофиллдерге де байланысты.
Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.
Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.
Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi.. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар.
Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады.
Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады.
Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.
Хломидомонада, және оның жыныссыз көбеюi
Хломидомонаданың жынаста көбеюi
Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi.
Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.
Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр.
Домалақ шар тәрiздi хлорелла жасушасы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және жасушасын жасыл түске бояп тұратын iрi хроматофор бар.
Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi.
Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.
Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi.
Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын , ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда.
Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы жүрiп тұруы керек.
Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар бiздiң планетамыздың 2/3 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын алып жатыр. Оны планктон деп атайды.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар.
Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде , жарларда және су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi ауа ағыны қажет , сондықтан балдыр жағаға жақын өседi.
Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.
Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi. Жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы, хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан. Жасушасында хроматофоры бiреу.
Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира (Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады. Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.
Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып келедi.
Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора (Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi. Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады, әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.
Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы өсiмдiктерде ешқашан болмайды.
Қоңыр және қызыл балдырлар.
Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.
Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.
Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi.
Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң «ризат» – тамыр, «идес» – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.
Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады.
Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.
Қызыл балдырлар (RHODOPHYTA) өте тереңде мекендейдi. Балдырлардың осы типтерiне тән пигмент – қызыл фикоэритрин. Қызыл балдырларда одан басқа хлорофилл, каротин, ксантофилл және фикоциан сияқты пигменттер де бар. Қоңыр балдырлар сияқты бұлардың да осы пигменттер көлемiнiң әр түрлi болуына байланысты түстерi де қара-қоңырдан ашық-қызылға дейiн өзгерiп отырады. Қызыл балдырлардың түсi олар мекендейтiн 100 м тереңдiкке дейiн жететiн күн сәулесiне байланысты.
Қызыл балдырлар көпжасушалы . Олар кейде жiп тәрiздi тармақталған ағзалар, кейде күрделi тармақталған таспа тәрiздi болып сыртқы құрылысы жоғарғы сатыдағы жапырақты өсiмдiктерге ұқсайды.
Хлорофилдерiнiң есебiнен жарықта фотосинтез жүредi. Осы кезде суға оттегi бөлiнiп, судан көмiрқышқыл газы сiңiрiледi. Олардың денесiнде ақуыз, май, қант, крахмал сияқты органикалық заттар түзiледi.
Көк – жасыл балдырлар (CYANOPHYTA). Көк – жасыл балдырлар жасушаларының қарапайым құрылыстылығымен ерекшеленедi. Жасушаларының қабықшасы пектиндi, шырышпен қапталған. Цитоплазмада органоидтары жоқ. Цитоплазма шеттерiнде пигменттер орналасқан, жасуша ортасында ядролық зат бар. Жасуша құрылысының ерекшелiгiне байланысты олардың көбеюi қарапайым бөлiну арқылы жүредi. Көк жасыл балдырлар прокариоттарға жатады(қалыптасқан ядросы жоқ). Бұл балдырлардың әртүрлi пигменттерi болады. Көк-жасыл түс беретiн жасыл хлорофилл және көк пигмент фикоциан . Осы екi пигменттен басқа бiрде аз, бiрде көп мөлшерде қызыл түс беретiн –фикоэритрин және сарғыш түс беретiн каротин де бар.
Көк-жасыл балдырлар әртүрлi экологиялық жағдайларда тiршiлiк етедi: әртүрлi деңгейде ластанған тұщы және тұздылау су қоймаларындағы су қабаттарында, топырақта, ағаштар дiңдерiнiң түбiнде.
Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi , қоректенуi, көбеюi
Балдырларды қолдан өсiру
Балдырлар барлық сулардағы әсiресе теңiз суларындағы негiзгi продуценттер. Балдырлардың түрлерi өте көп, олардың 30 мыңнан аса түрлерi бар. Олардың көбеюi әртүрлi жолмен жүредi. Кейбiреулерiнде , мысалы көк – жасыл балдырларда жаңа ұрпақтары тек вегетативтiк жолмен пайда болады.
Вегетативтiк көбею. Бiржасушалы балдырларда вегетативтi көбею жасушаның бөлiнуiмен жүзеге асады. Колониялы балдырларда-сол колонияның ыдырауымен немесе, аналық дараның iшiнен жаңа колонияның түзiлуiмен болады. Жiп тәрiздес балдырларда вегетативтiк көбею жiпшелерiнiң кездейсоқ үзiлуiмен өтедi.
Жыныссыз көбею балдырларды арнайы жасуша – спора түзу арқылы жүредi. Көпшiлiк балдырлардың споралары қозғала алады. Оларды –зооспоралар дейдi.
Жынысты көбею балдырларда үш түрлi жүредi. Көлемдерi мен құрылыстары бiрдей жыныс жасушаларының (Қозғалмалы гаметалардың) қосылуын –изогамия деп атайды. Қозғала алатын екi гаметаның (аналық гамета iрi) қосылуы –гетерогамия. Оогамия, бұл кезде қозғалмайтын iрi жұмыртқа жасуша (аналық жасуша) қозғалатын аталық гамета-сперматозоидпен ұрықтанады.
Хламидомонаданың көбеюi. Хламидомонада екi түрлi жолмен көбейедi –жынысты және жыныссыз. Жазда, қолайлы жағдай туған кезде хламидомонада жыныссыз көбейедi. Осы кезде ол жүрiсiн тоқтатып, талшығын тастайды. Жасушаның iшiнде 4-ке бөлiнiп, әрқайсысы талшыққа ие болып жеке-жеке қабықшамен қапталады.
Хламидомонаданың жыныссыз көбеюi
Аналық жасушаның қабықшасының iшiнде 4 арнайы жасуша – споралар түзiледi. Олар көбею мен таралу үшiн. Талшықтары бар споралар-зооспоралар деп аталады.
Хламидомонаданың споралары (зооспорлар) талшықтары бар болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сөйтiп, хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүредi. Ол споралар аналық жасушаның қабықшасы ашылғаннан соң кiшкене хламидомонадалар түрiнде суға жүзiп шығады. Суда бiраз уақыт жүзiп жүрген жасушалар аналық жасуша деңгейiне дейiн өсiп, жыныссыз көбеюге кiрiседi.
Жынысты көбею күн суып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз жағдайлар туындаған кезде болады. Осы кезде хламидомонаданың аналық жасушасында қос талшықты гаметалар түзiледi. Олар аналық жасуша қабықшасынан шығып басқа хламидомонада дараларының гаметаларымен жұптасып қосылып, сырты қатты қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.
Хламидомонаданың жынысты көбеюi
Хлорелла тек қана жыныссыз жолмен көбейедi. Хлорококка екi жолмен көбейедi, жыныссыз – зооспораларымен, жынысты – изогамды.
Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр – жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi кезiнде екi жiпше бiр-бiрiне параллель орналасып, шырышпен қапталады. Осыдан соң қарсы жатқан жасушаларда өсiндi пайда болып олар қосылады да саты тәрiздi зат шығады.
«Сатының« әрбiр тармағы басындағы қабықша ерiп әрбiр жасушаның iшкi заты араласып зигота түзiледi. Осындай жынысты көбеюден соң жас спирогира пайда болады.
Жыныссыз көбейгенде спирогира жiпшесi бөлек-бөлек болып үзiлiп оның әрқайсысынан жаңа ағза түзiледi.
Кладофора жыныссыз да, жынысты да көбейе алады. Бұлардың спораларымен гаметалары хламидомонаданың споралары мен гаметаларына ұқсас.
Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi, маңызы.
Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.
Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып балдырларымен аты шыққан аймақтар.
Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады. Макроцистис дегенiмiз «iрiжасушалы« дегендi бередi. Шынында осы балдырдың жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып жасушалар.
Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре алады.
Ламинариялар теңiз капустасы деген атпен белгiлi, олар адамдарға үлкен пайда келтiредi. Азия, Еуропа және Американың көптеген елдерiнде ламинарияларды тамаққа, малға азыққа, өндiстiк өңдеуге пайдаланылады. Олардан альгинат, маннат, ламинарин сияқты құнды препараттар алынады. Әсiресе Қытай мен Жапонияда ламинарияны өте ертеден және кеңiнен пайдаланылады. Олардан көкөнiстiк уылдырық, салаттар, консервлер тiптi кәмпиттер жасайды.
Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.
Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.
Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi, ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.
Багрянкалардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi – хондрус. Оны құрғатылған күйiнде тыныс жолдары ауруларын емдеуде дәрi ретiнде пайдаланады. Басқа багрянкалардан таза микроорганизмдер культурасын алу үшiн дүние жүзiнiң барлық зертханаларында пайдаланылатын агар-агар өңдiредi. Осы агар-агар тамақ өндiрiсiнде, және кинофотопленка жасауда да аса қажеттi шикiзат болып табылады. Кондитерлер, нан пiсiрушiлер агар-агарды аздап қамырға қосады, сонда әртүрлi бәлiштер (пирожный), бисквиттер мен нандар ұзақ уақыт қатпай сақталады.
Егер сiздерге теңiздерде пайдалы өсiмдiктердi өсiруге болады десе сенбеген болар едiңiздер, себебi, теңiз бау-бақша немесе алқап емес.
Ал, шын мәнiсiнде теңiз бау-бақшалары бар. Оларда тек қана су өсiмдiктерiн « себу» емес, тiптi жаңа, жетiлдiрiлген iрiктемелерiн шығаруға да болады. Теңiзде өсiмдiктерден жақсы өнiм алу, және осы ерекше шаруашылықты тиiмдi ету, әрине ғалымдардың ерекше тынымсыз зерттеулерiнiң нәтижесi.
Теңiзде, әсiресе оның жағалауларында әртүрлi өсiмдiктердiң аса көп екенi белгiлi. Ал, осылардың тек кейбiреулерi ғана тұқымнан көбейетiн жоғарғы сатыдағы гүлдi өсiмдiктер. Iрi теңiз өсiмдiктерiнiң көпшiлiгi балдырлар, ал олар аса ұсақ бiржасушалары – зооспоралары көмегiмен көбейедi. Олардың бұлай аталу себебi судағы микроскоптық жануарларға ұқсас суда еркiн қозғалатын, талшықтары көмегiмен жылдам жүзедi. Олардың аса ұсақтығы сондай олар тек микроскоптың көмегiмен көрiнедi.
Теңiз капустасының зооспоралары пiсiп жетiлген табақшалары бетiнде ерекше қапшықтар – зооспорангияларда түзiледi. Олардың саны аса көп. Бiр планарияның өзiнде 12 000 000 зооспоралар болады. Осыншама зосопоралар суға шыққанда су мөлдiрлiгiнен айырылып лай су тәрiздi болады.
Бiраз уақыт суда жүзiп жүрiп зооспоралар оның түбiне тұнады. Егер олар тастарға түссе, онда оларға бекiнiп, өседi. Бiрақ, олардан бiрден теңiз капустасы өсiп жетiледi деп ойлауға болмайды. Әуелi зооспоралар жiңiшке, нәзiк, тарамдалған жiпшелер - өскiндерге айналады. Бiр өскiндерден (аталықтар) ұсақ, қозғалмалы сперматозойдтар , басқаларынан (аналықтар) – iрiрек қозғалмайтын жұмыртқа жасуша түзiледi. Сперматозоидтар жұмыртқа жасушаларына жүзiп келiп олармен қосылады. Осыдан соң жұмыртқа жасуша бөлiне бастайды да, одан жас өскiнше жетiлiп бiрте-бiрте ол ересек теңiз капустасы өсiмдiгiне айналады.
Зооспоралар шыққан соң бiр – екi айдан соң ламинария қаусап бiрте-бiрте өле бастайды. Солтүстiк суық теңiздерде теңiз капустасы екi-үш жыл тiршiлiк етедi, ал оңтүстiк жылырақ суларда барлық дамуы бiр вегетациялық кезеңде өтедi.
Теңiз капустасын қолдан өсiру үшiн ең әуелi себетiн материал жинау қажет. Жазда теңiз капустасы жақсы өсетiн жерлерден пiсiп жетiлген зооспарангилерi бар iрi балдырларды жағалауға алып шығып, аздап кептiредi. Осылай етудiң себебi зооспоралардың тақташалардан суға шығуын бiр мезгiлде болу үшiн.
Зооспоралардың өнуi + 10 С. температурада жақсы жүредi. Мысалы, жылы сулы Қытай және Жапония жағалауларында қолдан төменгi температуралы бассейндер жасайды. Көбiнесе осындай бассейн қызметiн ескi корабльдер қойнаулары атқарады. Бұл қолдан әдейi төменгi температураны ұстап тұру үшiн жасалған ерекше «теңiз жылыжайлары«, осыларда «көшеттер» арнайы өсiрiледi. Осы бассейндерге тастар, жiптер, бамбук таяқтарын, және пiсiп жетiлген теңiз капустасының кептiрiлген кесектерiн салады. Осыдан суға түскен бетте көптеген зооспоралар шығады. Бассейндердегi су аса көп емес, толқын жоқ, сондықтан зооспоралар осында тасталған заттарға жақсы бекiнедi де осыларда теңiз капустасының барлық даму кезеңдерi өтедi, тiптi жас өскiншесi өсiп жетiледi. Сонымен бекiп өскен «көшет» дайын. Ендi оны тек күзде теңiзге шығару қажет, мiне сонда плантация, «бау-бақша» болады.
Егер теңiз капустасын теңiздiң ашық жерлерiнде өсiрсе, онда ол жерде толқын болғандықтан тасқа өсiрiлген өскiндердi пайдаланады. Бұл жағдайда сүңгуiрлер жұмыс iстейдi. Олар теңiз түбiне тастарды орналастырады және жас капустаның қалай дамып келе жатқанын тексерiп, бақылайды. Бұл күрделi де қымбат жұмыс. Қолайлысы «бау-бақшаны» суы толқымайтын, қорғалған шығанақтарда, тыныш жерлерде өсiрген. Осындай жерлерде теңiз капустасы өскiндерi бар тастар емес жiптер мен бамбук таяқтарын пайдаланады. Таяқтарды саты тәрiздi етiп байлап якорьларға бекiтедi, сонда олар шығанақта теңiз бетiнде қалқып жүредi. Осы әдiс бойынша теңiз капустасын күту, баптау және жинау оңай.
Қала мағындағы шығанақтар мен тыныш жерлерде, ағын сулар келiп қосылып тұратын маңайларда капуста жақсы өсетiнi байқалған. Осыдан ғалымдар жас теңiз капустасын тыңайтқыштармен үстеп қоректендiру мүмкiндiктерiн қарастырды. Теңiздi қалай тыңайтуға болады? Теңiз «бау-бақшаларына» қанша тыңайтқыш себу керек?
Шынымен теңiз суын тыңайтуға болатыны анықталды. Онда азоттық, фосфорлық қосылыстар аз. Бiрақ тыңайтқыштар толқындармен, ағынмен ағып, шайылып кетiп теңiз капустасы оны пайдалана алмауы мүмкiн. Фаянстан жасалған ұзынша келген цилиндр ыдысқа суда ерiген минералды тұздар бар ерiтiндiнi құяды. Ыдысты мықты тығынмен жауып ерекше корзиналарға салып жүзiп жүрген бамбук таяқтарына 1 м тереңдiкте iлiп қояды. Тұздар ерiтiндiлерi ұзақ уақыт бойы ыдыс қабырғасындағы ұсақ тесiктер (поралар) арқылы бiрте-бiрте суға сiңiп (өтiп) теңiз капустасы оны сiңiрiп отырады.
Теңiз капустасының түсiмiн балдырларды кептiрiп олардың құрғақ массасы бойынша анықтайды. Теңiз «бау-бақшаның» әрбiр гектарынан 10 т дейiн кептiрiлген капуста алынады. Ал егер өсiру техникасын жетiлдiрiп, қолдан жасалған тыңайтқыштарды көбiрек пайдаланса, онда 30 т дейiн мол түсiм алуға болады.
Су түбiнде өсетiн iрi балдырлардын басқа теңiздер мен мұхиттардағы су қабатында микроскоптық балдырлар өте көп. Олар суда жүзiп, қалқып жүредi, оны фитопланктон (грек сөзi «фитон» - өсiмдiк және планктос – кезген) деп атайды. Тiптi арктикалық теңiздердiң жоғарғы қабатындағы суда осындай балдырлардың 20-30 млн.дараларын бақылауға болады. Осыдан, олардың ұсақ теңiз жануарларының қоректенуiне, ал ол жануарлардың кәсiптiк балықтар қорегi болуына қандай маңызды екенiн бiлуге болады. Көпшiлiк көк-жасыл балдырлар фитопланктон құрамына кiредi, олардың өте көп мөлшерде дамуы «судың гүлдеуi» деген атпен белгiлi, себебi су жасыл түске боялғандай болады.
Бентос (грек сөзi «benthos»-терең) – су түбiнде шөккен, судың астынғы қабатында мекендейтiн жануарлар, өсiмдiктер және бактериялар жиынтығы. Көбiнесе бентосты фитобентос және зообентос деп екiге бөледi. Фитобентостың теңiздердегi көпшiлiк бөлiгiн жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар құрайды. Тұщы су фитобентосының құрамына жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсiмдiктер кiредi.
Қыналар, олардың құрылыстары, қоректенуi, көбеюi
Қыналар тiрi ағзалардың ерекше тобын құрайды. Қарағайлы орманның құмдақ топырағының бетi көбiнесе аяқпен басқанда күтiрлеп үгiлетiн кепкен сұрғылт өсiмдiктермен жобылған. Бұл өсiмдiктер қыналар. Олар тамырсыз, жапырақсыз, және гүлсiз тармақталған бұта тәрiздi болады. Тундраның шексiз-шетсiз жерлерiн осы өсiмдiктер басып жатыр. Олардың 26 000 түрлерi бар деп есептеледi Қиыр Шығыста осылармен бұғылар қоректенедi, сондықтан оларды «бұғы мүгi» деп атап кеткен. Шындығында ол ешқандай да мүк емес , қына. Ағаштардың дiңдерi осы қынамен жабылғанда олар қоңыр, сары және басқа түстi болып құбылып тұрады. Ескi қоршаулардың (ағаш шарбақтар), ағаш дiңдерiнiң күн түсетiн беттерiнен қынаның сары алтын тәрiздi түрлерiн кездестiруге болады, олар қабырғалық қыналар.
Сендердiң көпшiлiктерiң мүмкiн қараңғы шыршалы ормандарда төмен салбыраған ақшыл боз түстi «сақалдарды» көрген шығарсыңдар. Бұл сақалды қына немесе iлiнгiш қына. Бұлар әсiресе таулы ормандарда немесе өндiрiстi орталықтардан қашық таза ауалы жерлерде өседi. «Бұғы мүгi», сақалды қына, бұталы қыналарға жатады, себебi олар сырттай бұталарға ұқсас. Қабырғалық қыналар қабыршақты қыналарға жатады.
Қыналардың келесi тобы – қаспақты қыналар (қоңыр- сұр қаспаққа ұқсас). Олар жалаңаш тасы көп жартасты тауларда жиi кездеседi, тастар мен жартастар бетiн тұтас жауын жатады. Бұлар сұр, қара және ақшыл түстi болады. Бұндай қыналарды қолмен жинау өте қиын, себебi олар тастарға қатты жабысып өседi. Оларды тек пышақпен тастан қырып алуға болады.
Қыналардың iшкi құрылысы.
Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады.
Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.
Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi.
Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Сонымен 10 см бiр түп бұғы мүгi 30 жыл өседi. Қыналар күн көзiнде ашық түстi болып келедi.
Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.
Қыналардың көбеюi.
Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.
Бұдан басқа, саңырауқұлақтар мен балдырлар әрқайсысы өзiнiң көбею әдiстерiн де сақтаған. Саңырауқұлақтар өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк жолмен көбейедi.
Қыналардың маңызы.
Қыналардың өте көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады.
Қыналар қалың тұманды ұнатады. Бiрақ ыстықта да, суықта да, олар таза ауасыз тiршiлiк ете алмайды. Тек атмосфера ластанса болды, қыналар өле бастайды. Осы аса төзiмдi өсiмдiктер ауа тазалығының көрсеткiшi (индикатор) болып табылады. Қына бөлшектерi, қабаттамалары шаң тұтады (ұстайды).
Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.
Эстония жағалауларында бiр кiшкене арал бар, ол картада бiр қара нүктедей ғана, аты-Ворман – көк толқындарда орналасқан. Онда 1982 жылы қыналарды қорғайтын заказник орналасқан.
Көне аңыз бойынша бiр топ адам шөл далада сырғымалы құмды кешiп келе жатады. Барлық азық қоры таусылған. Адамдар аштықтан қалжырап, қажып жүруге шамалары келмей ыстық құмға құлай бастайды.
Таңертең күн құмды ендi қыздыра бастағанда, аяқ астынан жел тұрады. Осы сәтте алыстан құм бетiмен желден домалап келе жатқан сұр түстi кесектердi көрiп, саяхатшылар таң қалады. Жел оларды биiкке көтерiп тап бiр аспаннан жауғандай еттi.
Ұнтақ, ұнтақ. Аспаннан ұнтақ жауды, жарма жауды. Барлығы жүгiрiп осы «жарманы» жинай бастады. Осы кесектердi құрғақтай жедi, ботқа етiп пiсiрдi, таба нан етiп пiсiрдi.
Аңызда аспаннан «жарма», ұнтақ жауды деп айтады. Көпшiлiк бұл «жарманы», ұнтақты – ұнтақ жарма деп ойлайды. Ол ұсақталған қатты бидайдан алынады. Ал, бұл «жарма» 1772 жылы орыс ботанигi Паллас дәлелдегендей –қына, Африка мен Кiшi Азия шөлдерiнде желмен домалап ұшып жүрген. Бұл қына-лихэн эскулентус –жеуге жарамды қына. Осы қыналар қазiрде Қырғыз, түркмен далаларында кездеседi.
Жеуге жарамды қына шөл далада С – қа дейiн қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп қалады, ауадан ылғал сорып, қайта тiрiледi.
Төменгi сатыдағы өсiмдiктердiң экожүйелердегi рөлi, олардың биотехнологиядағы, медицинадағы қолданылуы
Төменгi сатыдағы өсiмдiктерге бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және қыналар жатады. Барлық тән белгiлерiне қарап бактериялар мен саңырауқұлақтарды тiрi ағзалардың ерекше тобына жатқызады. Бактериялар аса ұсақ тiршiлiк өкiлдерi. Бактериялар жасушаларының құрылысы көк-жасыл балдырлар жасушасы құрылысына ұқсас.
Бактериялар тiршiлiгi, коректенуi, көбеюi ерекше белсендiлiкпен жүредi. Бактерияның бiр жасушасы сөткесiне өз салмағынан 30 есе көп тамақ сiңiредi. Бұл деген 35-40 кг салмақты мектеп оқушысы күнiне 1 тоннадан аса тамақ iшкенмен бiрдей!
Шын мәнiнде бактериялар Жерде аса көп мөлшерде кезесiп, барлық жерде (ауада, суда, топырақта, ағзалар денесiнде т.б) таралғандықтан табиғаттағы жүретiн барлық үрдiстерге қатысып, соған ықпал етедi. Күзде ағаштар мен бұталар, шөптесiн өсiмдiктердiң жер бетiндегi бөлiктерi, жапырақтары қурап түседi, ескi бұталар құлайды, ағаштар қартайып құлайды. Осылардың барлығы бiрте-бiрте қарашiрiкке айналады. Бұл саңырауқұлақтар , көптеген топырақ жануарлары және топырақ бактериялары қатысатын күрделi де ұзақ үрдiс. Бактериялардың рөлi осы үрдiстiң соңғы сатыларында аса үлкен. Сапрофиттiк шiрiту бактерияларының әрекетiнiң арқасында қарашiрiк түзiледi. Осыдан соң сапротрофты топырақ бактериялары өз әрекеттерiн бастайды. Осылардың әрекеттерi жасыл өсiмдiктер тамырларымен жақсы сiңiрiлетiн минералдық тұздардың түзiлуiне әкелiп соқтырады. Сонымен, бактериялар табиғаттағы зат айналымға белсендi қатысады.
Атмосфералық азотты сiңiретiн бактериялардың әрекеттерi аса маңызды. Мысалы, беде, жоңышқа, бөрi бұршақ т.б. өсiмдiктердiң жанама тамырлары ерекше болып өзгерген. Олардың жас жанама тамырларында бактериялар мекендейдi. Ол бактериялар топырақ ауасындағы газ тәрiздi азоттың сiңiрiнуiне әсерiн тигiзедi. Осындай бактериялар орналасқан тамырлар түйнектер тәрiздi болып буылтықтанады, сондықтан бактериялар да түйнек бактериялары деп аталады. Осы бактериялардың арқасында бұл өсiмдiктер азоты аз топырақтарда тiршiлiк етiп (өсiп), сол жердi құнарлы етедi. Атмосфералық азотты сiңiре алатын еркiн тiршiлiк ететiн бактериялар да бар. Топырақта 1 га жерде 10 т азот болады, ал ауада 1 га жер бетiнде 80 000 т азот бар, ал оларды жасыл өсiмдiктерге сiңiрiп пайдалану бактерияларсыз мүмкiн емес.
Өсiмдiктер тамырларында көбiрек белсендi түйнек бактериялары орналасу үшiн не iстеу керек? Мүмкiн, оларды топыраққа қосып тыңайту керек шығар. Ол үшiн бактериялы тыңайтқыш нитригин қолданылады. Оны дайындау үшiн зауыттарда белсендi түйнек бактерияларын арнайы дайындалған топырақпен көбейтiп жабық ыдыстарға сақтайды. Нитрагиндi тұқыммен бiрге себедi. Осындай әдiс топырақта азоттың жиналуына себеп болып өсiмдiктердiң жақсы өсiп дамуына жеткiзедi.
Бұршақ тұқымдас емес өсiмдiктер үшiн бактериялық басқа тыңайтқыш –азотобактерин бар. Оны азотобактерлер деген бактериялардан алады. Азотбактерлер де ауадан азотты сiңiредi, бiрақ олар тамырларда емес, тамыр маңайындағы топырақтарда тiршiлiк етедi.
Әдетте топырақта фосфор әжептәуiр көп. Бiрақ өсiмдiктер оларды пайдалана алмайды, себебi олар органикалық заттармен қосылыстағы күйiнде, немесе фосфор қышқылының ерiмейтiн тұздары түрiнде болады. Өсiмдiктерге қалай фосфорды алу мүмкiндiгiн тудыра керек? Оған тағы бiр бактериялық тыңайтқыш –фосфоробактерин көмектеседi.
Қыста солтүстiк топырақтағы бактериялардың бiраз бөлiгi өледi, ал қалғаны көктемгi салқан ауа-райында баяу көбейедi. Осындай жағдайда бiрнеше бактериялар тобынан тұратын, топырақты құнарландыратын (комплекстi) кешендi, топты бактериялық тыңайтқыш пайдаланылады.
Ғалымдар бактериялардың пайдалы қасиеттерiн зерттеудi жалғастыруда. Олар осы бiр кiшкене тiршiлiк иелерiн топырақта көбiрек көректiк заттар жинақтауға келетiн жаңа бактериялық тыңайтқыштар шығару үшiн жұмыс iстеуде.
Саңырауқұлақтар әлемi қызықты да сан алуан. Осы ағзаларда өсiмдiктердiң де, жануарлардың да белгiлерi шоғырланған. Өсiмдiктер белгiлерi – бiр орыннан қозғалмауы, үнемi өсу, ерiген заттармен коректену, жасуша қабырғасының болуы.
Пеницилл саңырауқұлағы (пенициллиум) топырақта мол кездесуi, олар топырақтың микробиологиялық үрдiстерiне қатысады. Пенициллиум ылғалды жерлерде көкшiл-жасыл зең түзiп, тамақтардың бүлiнуiне әкеп соқтырады. Пеницилл жасыл зең түзедi. Мукордан айырмашылығы пеницилдiң мицелиi көлденең талшықтармен жасушаларға бөлiнген. Микроскоппен қарағанда жекеленген жiпшелерi жоғары көтерiлiп ұштары шөтке тәрiздi тарамдалып тұрады. Осы тарамдарда споралар тiзбектерi дамып желмен таралады.
Пеницил саңырауқұлағы
Пеницилл түрлерi қоршаған ортаға антибиотиктер жасап шығарады (антиботиктер бактерияларға зиянды әсер етедi). Бұл – пенициллин, ол ағзалардың айналасына бактерияларға жағымсыз қорғаныш заттар болып әсер етедi.
Пеницилдан қазiр аса белгiлi болып таралып кеткен дәрi – пенициллин жасап шығару игерiлген. Iрiңдi жараларды жасыл зеңнiң (пеницилл) спораларымен емдеп жазу жолдарын орыс ғалымдары В.А.Манассеин және А.Г.Полотебнев 1870 жылдары сипаттаған. Бiрақ, тек 1941 жылы ғана биохимиктерге пенициллиндi өңдеу мен алу әдiстерiн жасап шығару мүмкiн болды. Осы жылдың өзiнде ақ пенициллин алғаш рет қабынған iрiңдi аурудың ауыр түрiне қолданылып тәжiрибеден сәттi өттi.
Қазiр шамалап қарасақ бұрын пенициллин және соған ұқсас препараттар жоқ кезде қалай болғанын елестету қиын. Өткенi пенициллин және сол тектес дәрiлер инфекцияға қарсы, ашық жараларға қарсы бiрден-бiр ем болып өлiмнен аман алып қалады.
Пенициллин өкпе ауруларына , менингитте және басқа емдiк препараттардың шамасы келмеген басқа да жағдайларда адам өмiрiн сақтап қалуда кең қолданылады.
Пенициллин штаммалары (бiр спорадан алынған ұрпақтар) олардың жабайы туыстарынан он шақты есе көп. Пенициллиннiң бiр бiрлiк продуцентiнен алынған өнiм бастапқымен салыстырғанда 1 000 есе өстi.
Ашытқы да саңырауқұлақтарға жатады. Дүкендерде сатылатын қораптардағы ашытқы тiрi ағзалар екенiн әркiм бiле бермейдi.
Бiр кiшкене иненiң ұшымен аз ашытқы алып бiр тамшы суға ерiтiп микроскоппен қараса онда көптеген сопақша, ұзынша келген жасушаларды көруге болады. Жасуша iшiнде вакуолдер мен май тамшылары (ашытқылар майға аса бай) көрiнедi. Жасушалар не бөлек – бөлек, не тiзбекке топтасқан, көбiнесе тармақталған. Тiзбектер жасушалардың көбеюi – бүршiктену нәтижесiнде түзiледi. Бүршiктенiп көбею былай жүредi: әуелi жасушада томпақ пайда болады. Ол бiрте-бiрте үлкейедi. Аналық жасушаның ядросы бөлiнедi де жас ядроның бiреуi пайда болып келе жатқан томпаққа өтедi. Осылай жаңа жасуша пайда болып, ол аналық жасушамен бiрге байланысын үзбей қалып қояды. Кейде жас жасуша бөлiнiп кетедi.
Адам өте ертеден ашытқыны өсiрген және пайдаланған. Бiр қызығы, ашытқы саңырауқұлағы қазiр жабайы табиғатта белгiсiз. Ашытқының дұрыс тiршiлiгiне құрамында қанты бар сұйықтық қажет. Ашытқы саңырауқұлағы қантты спиртпен көмiр қышқыл газына ыдырата отырып «ашиды».
Қамырдағы (шикi нан) пайда болған көмiр қышқыл газы көпiршiктерi нанды көтередi сол кезде нан жеңiл болып жақсы пiседi. Осыдан ашытқының тамақ өндiрiнде, мысалы нан жасаудағы үлкен маңызын көремiз.
Достарыңызбен бөлісу: |